2-китап indd



жүктеу 4,98 Mb.
Pdf просмотр
бет60/176
Дата20.05.2018
өлшемі4,98 Mb.
#14827
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   176

172

керек. Жас нәресте үшін ана тілі о баста ана аузынан шыққан алғашқы 

асыл сөз, ыстық та етене лебіз іспеттес болғанымен, оның есейе келе ана тілін 

толық  меңгеруі  алдымен  семья  жағдайынан  басталса,  ба ра-бара  ол  туған-

туысқан,  көрші-қолаң,  жолдас-жоралармен  араласу  арқылы,  ауыл-аймақ, 

ел-жұрт  ортасында  өмір  сүруге  байланысты  қалыптасып,  дамып,  жетіліп 

отырады. Сөйтіп, адам өз тілін өмір бойы өзі өмір сүрген ортадан үйренумен 

болады.


Әрбір  адамның  тілі  жас  кезінен  бас тап  осындай  бір  белгілі  ортада 

қалыптасуына байланысты, ол сол ортаның тілдік дәстүрін, кейбір жергілікті 

ерекшеліктерін  бойына  сіңіріп,  көпке  дейін  сақтауы  мүмкін.  Оның  ешбір 

айып-шамы  жоқ,  бұл  барлық  тілдерде  болатын  табиғи  заңдылық.  Ондай 

өлке  тілінің  өзгешеліктері  әдеби  тілді  жетік  меңгеруге  байланысты  өзінен 

өзі-ақ тілдік қолданыстан қалып қойып отырады. Өйткені, жалпыхалықтық 

тілдің негізінде, немесе оның бір аймақтық диалектісі негізінде калыптасқан 

жазу дәстүрі бар, көпшілік қолды әдеби тілімізде та за сөйлеу, сауатты жазу 

әркімнің білім дәрежесіне, мәдени өрісі мен өмір тәжірибесіне байланысты 

жүре пайда болатын тамаша қабілетті әркімнен-ақ талап етеді.

Ана  тілі  арқылы  адам  дүние  таниды,  білім  алады,  өнер  үйренеді, 

ғылымды  игеріп,  творчествоға  құлаш  ұрады.  Coл  ана  тілімізді  біз  жақсы 

білеміз бе, оның нендей сыр-сымбаты бар, оның ұшан-теңіз байлығын қалай 

меңгердік? Ана тілінің табиғаты туралы бұрын-соңды ойланып көрдік пе? 

Ойға орала беретін осы бір сауалдар бәрімізге де ортақ сияқты. Бірақ оларға 

берілетін жауап, меніңше, бірдей бола бермеуі мүмкін.

Қай тіл болмасын, ол адам қоғамы тәрізді ұзақ өмір сүреді, оның өзіндік 

тарихы, басып өткен жолы, даму сатылары болады. Бірақ бірде-бір тілдің 

жасын  тап  басып,  ашып  айту  кімге  бол са  да  қиын.  Өйткені,  бұл  тарихи 

сүрлем – мыңдаған-миллиондаған жылдардың қойнау-қырқаларында жатқан 

сыры мол, ғаламат дүние.

Дегенмен,  кейбір  жазба,  қазба  ескерткіштерге  қарап,  туған  өлкенің 

жер-су  атаулары  мен  сөздік  қорымызда  сақталған  көненің  көзі  іспеттес 

деректерге  сүйене  отыра,  көз  жетпесе  де  ой  жететін  тілдің  тарихи  даму 

белестерін  елестетуге  болатын  сияқты.  Мәселен,  қазақ  тілінің  халық  тілі 

болып  қалыптасу  дәуірін  XIV–XV  ғасырлар  десек,  оны  тарихымыздағы 

белгілі саяси-әлеуметтік жағдайға, бытырап жатқан ру тайпалардың бірлесіп 

бір тұтас халыққа айналуына байланысты айтамыз. Бірақ бұл халқымыздың 

этнолингвистикалық тарихының ұшар басы емес, белгілі бір кезеңі ғана. Ал 

оның көзі әріден басталып, тарихи соқпақ бізді сонау орхон-енисей дәуіріне 

жетелейді.



173

Қазақ  тілінің  басқа  туыстас  түркі  тілдерден  бір  айырмашылығы 

–  оның  тұтастығы.  Ұшы-қиыры  жоқ,  ұлан-ғайыр  қа зақ  даласында 

көшіп-қонып  жүрген    халқымыздың  тілі  академик  В.  В.  Радловты 

таңқалдырған,  өзінің  осы  монолиттей  тұтастығын  калай  сақтаған 

десеңізші?

Жер бетінде бірде-бір таза тіл жоқ. Өйткені, көрші халықтармен ұдайы 

бо лып келген тарихи, мәдени, географиялық, экономикалық т. б. қарым-

қатынастар тілге әсерін тигізбей қоймайды. Сол сияқты біздің ана тілімізде 

де осындай лексикалық ауыс-түйістер аз емес. Оның сөздік құрамында әр 

дәуірдің жемісі болып саналатын санскрит, иран, араб, қытай, орыс және сол 

арқылы енген европа тілдерінің злементтерін көптеп кездестіруге болады. 

Тіл баюының бұл бір арнасы болса, оның негізгі жолдары тілдің ішкі даму 

заңдылығына  және  сыртқы  әлеуметтік  себептерге  байланысты  болып 

келеді. Қай заманда болмасын тіл қатынас құралы ретінде қызметін атқару 

үшін әрдайым өзінің коммуникативтік қабілетін сақтауға тырысады. Бұл 

тілдің ішкі даму заңдылығына сәйкес болса, оның сыртқы даму заңдылығы 

қоғамның тілге деген қамқорлығына байланысты. Мұндай қамқорлықты 

ұлттық  тілдердің  жан-жақты  дамуына,  гүлдене  түсуіне  толық  жағдай 

жасап отырған біздің советтік болмыстан айқын көруге болады.

«Тіл  ұдайы  дамып,  өзгеріп  отырады»  дегеннен  біз  нені  аңғарамыз. 

Тіл  өзінің  түпкі  тұлғасын,  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  құрылымын, 

тұла бойында тұнып тұрған сөз байлығын төкпей-шашпай сақтай отыра, 

жаңа  толқын  жас  буынмен  бірге  ылғи  жасарып,  жаңаланып,  толассыз 

толығып отыратын ерекше бір қасиетке ие. Осы бір объективті себептер ге 

байланысты басқа тілдер сияқты қа зақ тілі де ең бай тілдердің қатарынан 

орын алады. 

Біз  жоғарыда  адам  өле-өлгенше  өз  тілінің  байлығын  меңгерумен, 

үйренумен болады дедік. Шынында солай. Бірақ ешбір жан ана тілінің сөз 

байлығын толық меңгерген де, сарқа пайдаланған да емес. Ұлы Абай өзінің 

артында қалдырған асыл мұрасын жазу үшін қазақ тілінің байлығынан бар 

болғаны 6 мыңдай ғана сөзін қолданған екен. Бұл қазіргі сөз байлығымыздың 

шамамен оннан бірі ғана. «Тілімізде қанша сөз бар?» дегенде дәл жауап бере 

алмаймыз. Оны айту қиын, өйткені тіл байлығы бір орында тұрған тұрақты 

шама емес, ол ұдайы, дамылсыз өзгеріп, жаңаланып отыратын құбылыс. 

Сондықтан да бүгінгі дерек ертең-ақ дәл болмай шығады. Оның үстіне тіл 

байлығы де генде тек сөздің санын ғана есептеуге болмайды. Тіл байлығы 

өзінің мазмұнымен де бағаланады. Бір сөздің бірнеше мағынасы болады, бір 

ұғымды білдіруге болатын бірнеше сөз тілде қатар өмір сүруі мүмкін, сөз 



174

мағынасын көпшілік жағдайда сөз тіркесімен де беруге болады: ал тілдің 

көркемдік  тәсілдері,  әсіресе  теңеу,  салыстыру,  экспрессивті  лексика  мен 

тұрақты сөз тіркестері болса, өз алдына бір төбе.

Ана  тілімізді  қадірлеу  деген  не?  Әрине,  бұдан  тілімізді  реті  келген 

жерде  мақтай  беру,  мадақтай  беру  керек  де ген  ұғым  тумаса  керек.  Мен 

өз басым, ана тілді қадірлеу дегенді ең алдымен оның тамаша табиғатын 

ерекше  зейіндікпен  тани  білу,  оның  алуан  түрлі  сырын,  сиқырлы  күшін 

тап  басып,  қисынды  да  орнымен  колдану  деп  түсінемін.  Тілге  кездейсоқ 

сөздің жиынтығы деп қарамай, атадан балаға мұра боп келе жатқан халық 

даналығының қамұсы (энциклопедиясы), өткен өмір мен бүгінгі тұрмыстың 

айнасы, рухани қазынамыз деп қарағанда ғана оның қадіріне жетеміз, оны 

ардақтай аламыз.

«Қазақстан әйелдері» журналы көтерiп отырған ана тілі проблемасы 

– бәрімізді де қатты ойландыратын, толғандыратын ортақ проблема. Бұл 

мәселені  жан-жақты  талқылауға  қатысып,  қажетті  жерінде  пікір  айтып, 

атсалысуды тіл мамандары да өзінің төл ісі, абзал борышы деп санайды. Ол 

үшін журнал бетінде ана тіліміздің сан алуан «шаруашылығын» ұдайы сөз 

етіп, пікір алысып тұратын арнаулы мүйісі болса екен дейміз.

«Қазақстан әйелдері». 1982. № 2.

Ана тілі – бәріміздің анамыз

– Қазақ елі егемендік алғалы он төрт жылдан асты. Осы жылдарда 



атқарылған  жұмыстарға  және  қазіргі  жағдайға  көңіліңіз  тола  ма? 

Қазақ тілінің болашағы туралы не айтар едіңіз?!

– Еліміз егемендік алған осы он бес жылдың ішінде халқымыз сан 

жағынан, әрі сапа жағынан да өсті, экономика, мәдениет жағынан дамып 

өркендеп келеді, мұндай даму ұлт тұрғысынан алғанда тарихта бұрын-

соңды болған емес. Бұл даму, бұл үрдіс бұдан кейін де жалғаса бермек. 

Халқымыз, еліміз дамудың тың сатысына көтерілді деп есептеймін.

Қоғамдық  өмірде  он  бес  жылда  үй  болудың  өзі  де  тым  оңайға 

соқпаса керек. Ал бір мемлекет деңгейінде айтқанда он бес жыл деген 

тым қысқа мерзім. Осы тұрғыдан қарағанда біз тез уақытта бой көтеріп, 

көптеген мақсатымызға қол жеткіздік.

Бұрын  өзгелер  қазақ  халқын  Ресейдің  қарамағындағы  көптеген 

ұлттардың бірі деп географиялық ұғым ретінде ғана танып келсе, бұл 

күндері  шетелдегі  саясаткерлер  қазақтың  кім  екенін  білуге  барынша 

ынталануда.  Олардың  халқымызға  деген  көзқарасы  кешегіден  мүлде 

басқаша.  Қазақ  елінің  әлемдегі  ең  озық  елдердің  қатарында  тұруға 



жүктеу 4,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   176




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау