115
аянатын не бар, дей келіп, сөз басындағы Абай өлеңін бүгінгі әңгімемізге
жақындатыңқырап оқысақ әруағы кешірер дананың. Ендеше:
Талай сөз бұдан бұрын көп айтқанбыз,
Түбін ойлап, уайым жеп айтқанбыз.
Ақылдылар арланып ұялған соң,
Ойланып, түзеле ме деп айтқанбыз.
«Егемен Қазақстан», 2000.22 қыркүйек. (Ө. Айтбайұлымен бірге)
Тілді осылай «тірілтіп» едік...
– Тіл үшін күрес кеше, не бүгін басталған жоқ, және ертең біте қояды
деп те айта алмаймыз. Алдыңғы ұрпақ өкілдері өз ана тілі үшін, өз елінің
азаттығы үшін жазалы болғаны бәрімізге белгілі десек, әңгімені өзіңіз куә
болған тіл саясатынан бастасақ дейміз.
– Қазақ тілінің мәселесі бүгін ғана көтеріліп отырған жоқ. Бұл мәселе
бұдан 50-60 жыл бұрын қозғалған болатын. Ахмет Байтұрсынов, Сәкен
Сейфуллин тіл үшін түн баласы ұйқы көрмей, болашағы үшін күрескен.
Біз бүгін біліп отырмыз, Сәкен Сейфуллин тіл мәселесін қаузап 50 мақала
жазыпты. Сондағы көтеретіні – тілдің шұбарлануы, мемлекетгік дәрежеде
туған тіліміздің колданыс аясының кеңеймеуі сияқты соқталы мәселелер.
Қайтсек, тілімізді таза сақтап, мәртебесін көтереміз деп күресіп өтті ғой ол
бабалар да.
Кезінде Қазақстан көп ұлтты республикалардың қатарында болып
келді. Көпұлттарды бір елде тоғыстырған зертхана жасап, оны дабылдата
мақтаумен бізді түрлі саяси сынақтың астына алып келді. Қазақ елі орыс тілін
жақсы меңгерді. Шынында да грузиндерге қарағанда қазақтар орыс тілін
озық білді. Грузин де орыс тілінде сөйлейді, бірақ өзіндік акцентпен бұзып
сөйлейді. Ал қазақ сөйлегенде аузы аузына жұқпай кетті. Олжас Сүлейменов
бүкіл Ресейге Останкино телекешені арқылы 2 сағат орыс тілінде сөйлеп, өз
өлеңдерін орысша оқығанда орыстар таң-тамаша қалысты. Сонда олар «бұл
қазақ деген халық керемет кабілетті екен, бұлармен дос болу керек» десіп,
«Достық деген ұғымның орталығы – Қазақстан!» деп біздің астымызға
көпшік қойып, өз пайдасы үшін марапат көрсетті. Сол «көпшік» бізді орыс
тіліне қарай икемдеді. Ғалымдарымыз да ғылыми еңбегін орыс тілінде
жазатын болды. Сөйтіп, біз орыс тілінде алдыңғы қатарға шықтық.
– Иә, сөз саптауда кез келгеннің қатесін түзейтіндей шамада тілді
жетік меңгерген қазақтарды көзіміз көрді, әлі де байқап қалып жүрміз.
Алайда қызыл өкіметтің пәрмені жүріп тұрғанда туған тілдің тағдырын
ашық айтқандар болған шығар.
116
– Ұлт болып қалу жолында бұл мәселе сол кездің өзінде әр-әр жерде
қозғала бастады. Әсіресе, 1986 жылғы жастардың көтерілісінен кейін тіл
мәселесі қатты көтерілді. Желтоқсан көтерілісінен кейін, 18 желтоқсан
күні Мәскеуден Соломенцев бастаған бір топ комиссия Алматыға ұшып
келді. Сосын Ұлттық академияның залына барлық академиктерді жиып,
жиналыс өткізді. Сонда Колбин «Мен өзім өзге тілді үйреніп машықтанған
адаммын. Грузияда қызмет еттім, сол елдің тілін бір жылда оңай меңгеріп
алдым. Сондықтан, бір жылдан кейін мен қазақ тілінде де сөйлеп кетемін,
керек болса қазақ тілін өздеріңе түсіндіретін боламын» деген болатын.
Одан әрі ол жастардың қарсылығы туралы «Мен кабинетімде отыр едім,
бір топ қазақтың жастары келіп алаңда айғайлап тұрып алды. Сосын мен
көмекшімді шақырып сұрасам, ол маған жастардың «тіл мәселесімен»
келіп тұрғанын айтты. Сосын мен оларды кабинетіме шақырттым.
Алдыма келген оншақты қыз-жігіттен «басшыларың кім?» деп сұрап
ем, бір жігіт суырылып шығып «менмін» деді. Аты-жөнін сұрасам
Тимур екен, одан «неге топталып жүрсіңдер, не проблемаларың бар?»
деп сұрасам, ол «бізде орыс тілінің басымдығы сонша, біз отбасымызда
отырып ата-анамызбен орыс тілінде сөйлесетін халге жеттік. Сонда қазақ
деген халық ұлт па, ұлт емес пе?!» деді. Сосын мен жастарға «Маған
бір жыл уақыт беріңдер. Бір жылдан кейін ел алдында баяндаманы қазақ
тілінде жасайтын боламын» дедім. Жастар тарқап кетті» деп өзін ақтауға
тырысты. Алайда, ол берген уәдесінде тұрмады.
– Және қазақ халқын ұзағырақ басқарып отыра да алмады ғой.
Сонымен «Қазақ тілі» қоғамын құру жолында алғашқы қадам қалай
жасалды?
– Тіл туралы өзгеріс болмады, баяғыша бәріміз орысша шүлдірлеп
жүре бердік. Ал қазақтың бір топ зиялысы әр жиналыс сайын тіл туралы
мәселені көтере беретін болды. Мен ол кезде институт директоры едім.
Қазаққа қозғау салмаса, тіл мәселесі қатқан орнынан қозғалмасына
көзім әбден жетті. Сосын осы институтта жиналыс ашып, зиялы қауым
алдына мәселе қойдым. Қазаққа тілді қорғап қалатын, тіл мәселесін
қозғап отыратын бір қоғам керек, соны біз басқарып тұра аламыз ба,
жұмысын жүргіземіз бе деп сұрақ қойғанда, аты-жөндерін айтпай-
ақ қояйын, кейбір кісілердің беттерін шымшып, бізді келеке еткенін
қайтерсің. Сол кезде көпшіліктің арасынан Өмірзақ Айтбаев суырылып
шығып, менің ұсынысымды қолдады. Сол кезде Өзбекәлі Жәнібеков
Орталық комитетте хатшы болып істейтін. Соған барып құрайын деп
жатқан қоғам туралы айттық. Ол әрине, біздің сөзімізді қуаттап шықты.
117
Сосын іскер жігіттердің көмегімен халыққа арнап хат жаздық, осындай
қоғам құрып, тілімізге араша түссек, бізді қолдайсыңдар ма деген ауанда.
Сол-ақ екен халық бізді қолдамақ түгіл, төбесіне тік көтеріп әкетті. Елдің
әр түкпірінен хат қарша борады. Өзбекәлі бізге «бұл хаттар тек оқылып
бір жерде қалып қоймасын, сендер оны тіркеп, жинаңдар» деді. Сосын ол
Орталық комитетте өзімен бірге жұмыс істейтін Мырзатай Жолдасбеков,
Сейіт Қасқабасовқа тапсырма беріпті «мына хаттар туралы қорытынды
жазыңдар, біз оны Колбинге табыс етейік» деп. Аз ғана уақыттың ішінде
елден түскен бір қап хат халықтың өз тілінің мүшкіл халіне қатты алаңдап
отырғанын көрсетті. Сол хаттарды тізімдеп Колбинге апардық. Алайда,
Колбиннің ұстанған саясаты қайткенде де Қазақстанда екі тіл болуы керек
деген бағытта ғана болды. Екі тіл қатар жүріп, екеуін тең қолдану керек
деген пікірді күн сайын айтып отырды.
– Қазақтың үштен бірі сыртта десек, аса қателеспейміз. Сіздер сол
шеттегі қандастарымыздан да қолдау таптыңыздар ғой.
– Иә, әрине! Қанша жерден артқа тартулар болса да, біз тіресіп жүріп
«Қазақ тілі» қоғамын құрдық. Жан-жаққа хат жолдадық, бүкіл ел ішінде
қозғалыс пайда болды. Енді халықтың басын құрап бір жиналыс өткізуді
ойладық. Жәнібеков бізге драма театрының залын алып берді. Халық
жиылар ма екен, жиылмас па екен деп біз бекерге күдіктеніппіз, жұрт залға
сыймастай болып толып кетгі. Сол жиналысқа қатысқандардың арасында
шетте жүрген қаракөздеріміз де болды. Олар тысқары қалмасын деп
«халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» деп атадық. Қоғамның жарғысына
сай жыл сайын құрылтай өткізіп тұрдық, жер-жерде өз өкілдіктеріміз
ашылып жатгы. Елдің ішінен есті жігіттер келіп, өз ұсыныстары бойынша
өкілдіктер аша бастады. Ол аз болса, Түркия, Ресей, Польша, Моңғолияда
тұратын қандастарымыз бірге қолдау білдіріп, сол жерлерде қоғамның
өкілдіктерін ашты.
– «Мемлекеттік тіл» мәртебесі де оңайшылықпен келмеген болар?
– Тілдің тағдырын заңды түрде қорғап қалу үшін біз қазақ тілінің
мемлекеттік тіл болуын талап еттік. Егер оған мемлекеттік мәртебе
беріп, қолдау көрсетпесе, өзіміз білетіндей кей ұлттардың тілі секілді
елеусіз қалып, түбі оны ешкім керек қылмайтын болады. Сондықтан
оған мемлекеттік мәртебе берілуі үшін күрестік. Күрес оңай болмады.
Нағыз айтыс осы арада басталды. Кейбір қазақ зиялыларының өздері
қарсы шықты. Сол қарсы шығушыларды қолдаған Колбин болды. Сол
кезде мен «Мемлекеттік тіл» деген мақала жаздым. Оны ешбір газет
Колбиннің рұқсаты керек деп баспай қойды. Құдай қолдап, Мәскеуде
Достарыңызбен бөлісу: |