2-китап indd



жүктеу 4,98 Mb.
Pdf просмотр
бет37/176
Дата20.05.2018
өлшемі4,98 Mb.
#14827
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   176

103

мәні мен маңызы олардан мың есе артық болмаса, кем емес феномен – ұлыс 

тілдеріне қоғам тарапынан қол ұшын бермеудің салдары. Әлемдегі 4 мыңдай 

тілдің азайып, 3,5 мыңға түсуі, сайып келгенде, бұл фактордың жержүзілік 

сипат алып, күндердің күнінде адам баласының табиғатпен бірге экологиялық 

апатқа ұшырап, өзін де біржолата жерлеуге беттегені ғой.

Алайда, бәріміз де мойындауға тиіс бір шындық бар: жалпы адам 

баласы, жеке ұлттар мен ұлыстар жер бетінде қанша жасамасын, оның 

тілсіз көрген күні – тұл. Бұл – көп сөз болып жүрген өте кең тақырып. 

Мәселе бұл жерде ұлт пен ұлыстың әйтеуір бір тілде, не бірнеше тілде 

қарым-қатынас жасап, тіршілік етуінде емес, мәселе ұлт пен ұлыстың өзінің 

төл тілінде еркін сөйлеп, өзінің барша ұлттық қасиетін сақтап қалуда болып 

отыр ғой. Өйткені ана тілі – жай қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар 

ол  –  әрбір  адамның  бойына  ана  сүтімен  дарыған  ұлттық  қасиеті,  рухани 

нәрі, өмірлік азық, атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа толассыз ауыса беретін 

«мәңгілігіміздің» (Ғ.Мүсірепов) кепілі.

Бұлардың бәрі – әсіре қызыл сөз емес. Белгілі жағдайларға байланысты 

адамның түрі де, түсі де, әдебі мен әдеті де, мәдениеті де, ішер тамағы мен 

киер киімі де өзгере береді. Оның өзгермейтін ұлттық белгісі біреу-ақ, ол – 

тіл. Демек, ұлтты ұлт етіп тұрған классикалық бес фактордың бірегейі – тіл 

деген сөз. Бұдан туындайтын ұғымдар көп, тіл – халықтың басты белгісі. 

«Ана тілін білмеген адамды мәдениетті деуге болмайды» (М.Әуезов). «Өз 

тілін өгей баласы ғана сыйламайды» (Ғ.Мүсірепов). Тіл – ұлттың жаны, тіл 

білмеу  –  ұлттық  дәстүрден,  ұлттық  қасиеттен  жұрдай  болу  деген  сөз,  т.т. 

Халық даналығының тілге соншама мән беріп, марапаттауының себебі, міне, 

осы себептерге байланысты. Шынында да, әрбір халықтың ой-өрісін, парасат-

парқын, сезім-түйсігін, дүниетанымы мен болмыс-тірлігін танытатын – оның 

тілі. Айта берсек, сөйлеу, ойлау, қатынасу ғана емес, сонымен қатар түс көру, 

сүйсіну,  еркелеу,  алғыс  айту,  мейірлену,  жек  көру,  ашулану,  қарғап-сілеу, 

жылап-сықтау т.б. осы сияқты толып жатқан ұлттық қасиеттердің бәрі басқа 

тілде емес, тек төл тілінде ғана әсерлі де әдемі, ерекше көрініс.

Тілдің  қоғамдық  өмірдегі  атқаратын  қызметі  де  ұшан-теңіз.  Әсіресе, 

тілді жетік білу, шешен сейлеу, ойын ұтымды қорыту, сөз күш-қуатын әсерлі 

де әсем түрде пайдалана білу – бұлардың бәрі адамның адамдық қасиетін 

ғана емес, қоғамдағы орнын да анықтайтын фактор.

Сондықтан  да  болар,  ел  бастаған  көсемдер,  сөз  бастаған  шешендер, 

қол бастаған батырлар көбіне-көп ердің құнын екі ауыз сөзбен тындыратын 

тапқыр  да  ауызы  дуалы  адамдар  болған.  Тіл  –  саясат,  идеология,  айтыс-

тартыс, күрес құралы. Сондықтан ел басқарып, абырой-атаққа ие болу да, 



104

жақсы  ақын-жазушы,  ғұлама  ғалым,  ұлағатты  ұстаз,  мәдениет,  мемлекет 

қайраткері болу да – бәрі-бәрі, сайып келгенде, тілге байланысты. «Аузынан 

сөзі, қойынан безі түскен адамның» басшы болғанын көрмейтініміз содан.

Міне,  дәл  осы  арада  айтылатын  тағы  бір  шындық:  көкжиектен 

көрінер  тіл  болашағын  былай  қойғанда,  тіпті,  бүгінгі  мемлекеттік 

тіліміздің бойына күш-қуат жинап, қоғамдық өмірдегі қызметін дұрыс 

атқаруына ауадай қажетті тілдік орта жасауына басқадан гөрі қаракөз 

өз туыстарымыздың, кейбір зиялы азаматтардың іштей наразылығы 

мен  парықсыз  іс-әрекеттерін  көргенде,  қарның  ашады.  Олар  өз 

халқын,  өз  тілін  сүймейді  дегенге  өз  басым  сенбейді.  Мұндағы  ең 

басты  себеп:  бала  кезінен  жетік  білген  орыс  тілінде  көсіле  сөйлеп, 

көсем  болған,  шешіле  сөйлеп,  шешен  атанған,  абырой-атаққа  да, 

лауызымды  биік  мәнсапқа  да  орыс  тілі  арқылы  жеткен  туыстарым 

ендігі жерде білмейтін, не шала-шарпы білетін қазақ тілінде көсіле 

де,  шешіле  де  сөйлей  алмай  «дүбәра»  атанғысы  келмегендіктен, 

өз  тілінен  жерінуінде.  Бүгінгі  қайнаған  өмірдің  тай  қазанында  бір 

тілмен-ақ балықша еркін жүзу мүмкіншілігін олардың іштей құптауы 

содан болса керек.

«Тіл мәңгілігіне» қарсы заңды да заңсыз әрекеттер тек бұл ғана 

емес.  Ел-жұрт  болып  күресу  нәтижесінде  кеше  ғана  халі  мүшкіл 

қазақ  тілінің  мемлекеттік  мәртебе  алғанына  да,  міне,  5  жыл  толып 

отыр.  Бұл  мәртебені  алу  үшін  болған  күресті  біз  кезінде  ашық 

теңізде апатқа ұшырап, бағдарынан ауытқып, су түбіне кете бастаған 

«жарақатты»  кеменің  «SOS»  дабылын  беріп,  жанұшыра  жәрдем 

сұраған жанайқайына балаған едік. «Қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе 

беру кімге жорық!» деген сыңар езу сыншылар да бұл күрес кезінде 

аз  болған  жоқ.  Алдымен  «Тіл  заңы»  арқылы  қабылданып,  кейіннен 

Конституциямен  бекітілсе  де,  мемлекеттік  тілдің  етегінен  басып, 

шаужайына  жармасушылар  күні  бүгінге  дейін  бар.  Бірақ  ондайлар, 

кім  болса,  ол  болсын  және  қандай  әрекет  істемесін,  мемлекеттік 

қазақ тіліне байланысты мызғымас бір ақиқатты мойындағаны жөн: 

әрдайым  мәңгілікті  қалайтын  халық  пен  тілін  жою  ендігі  жерде 

мүмкін  емес.  Оның  көп  кепілінің  біреуі  –  халық  санасының  қайта 

оянып  («Қайта  қалғып  кетпесе  игі  еді!»  деп  тілейік),  ана  тілінің 

болашағы  –  мыңдаған,  миллиондаған  жас  ұрпақтың  балабақша, 

мектеп,  институт  қабырғасына  сыймай  кетуі.  Бұлар  XXI  ғасырда 

өмір  сүріп  отырған  Қазақстан  Республикасы  деп  аталатын  тәуелсіз 

мемлекеттің  белсенді  де  белді  азаматтары.  Ана  тілімен  ауызданған 



105

бұл ұрпақ, қасаң заманда өмір кешкен өз ата-бабаларынан әлдеқайда 

саналы  болмақшы,  өз  жерінде,  өз  елінде  ана  тілін  енді  аяқ  асты 

қылуға олар көне қоймас деп сенеміз.

Әлеуметтік  негізі  де,  болашағы  да,  бізден  басқа  ешбір  елде 

заңдастырылмаған  статусы  (мәртебесі)  да  жоқ  қостілділік  өзінің 

тарихи инерциясын біраз жалғастыруы сөзсіз. Жаңа Конституцияда 

қабылданған  орыс  тілінің  статусы  –  мемлекет  орындарында  ресми 

түрде колдану – осының айғағы болса керек. Бүгінгі демографиялық 

жағдайда  онсыз  болмайды.  Бірақ  бір  жақты  қостілділік  бір  қанатты  кұс, 

бір  ескекті  қайық  сияқты  (яғни  қазақша-орысша  қостілділік  түрінде),  сол 

қалпында қала бермейтін сияқты. Бүгінгі нарықтық экономикаға байланысты 

қазақ жастары мен іскерлер қауымының өкілдері орыс тілімен қатар жаппай 

шет  тілдерін  үйрене  бастады.  Осыған  байланысты:  егер  қостілділік  күні 

бүгінге  дейін  қазақ  тілінің  және  республикада  жасайтын  басқа  ұлыстар 

тілдерінің  де  еркін  дамуына  мүмкіншілік  бермей,  билеп-төстеп  келген 

болса,  бұдан  кейінгі  жерде  олай  бола  бермейді.  Бұл  объективті  процестің 

түбегейлі шешімі республикамызда дұрыс жүргізіліп отырған ұлт саясатына, 

экономикамыздың  жөнделуіне,  демографиялық  процестін  реттелуіне  және 

халқымыздың  жақын  көршілерімен  ғана  шектелген  томаға-түйықтықтан 

шығып, жер жүзіндегі өркениетті елдермен терезесі тең тұрып еркін қарым-

қатынас жасауына да байланысты.

Алайда,  мемлекеттік  тіл  –  қабырғасына  іліп  қойып,  қызыға  қарап 

отыратын әсем киім емес. Ол – тек мемлекеттік рәміздердің (жалау, әнұран, 

елтаңба т.б.) бірі ғана емес, ұлттың, мемлекеттің бірегей негізі де. Бірақ ол 

өзінің сонау бір мәртебе атағын сол мемлекетке толыққанды қызмет еткенде 

ғана  ақтай  алады.  Бүгінге  дейінгі  тәжірибемізден  байқалғандай,  мемлекет 

өзінше, мемлекеттік тіл өзінше болуы бұдан кейін де жалғаса беретін болса, 

бұл  тілдің  болашағы  туралы  біздің  жоғарыдағы  оптимистік  (эйфориялық) 

пікіріміз сол қалпында қалуы да мүмкін.

Оны болдыру, болдырмау – бәрі де мемлекет пен коғамның өз қолында. 

Екінші  рет  қабылданған  Тіл  заңына  өз  басым  көп  үміт  артамын,  өйткені 

оларда көп мәселелер жаңаша шешімін тауып отыр. Әсіресе, құжаттарда 

көрсетілген  мемлекеттік  шаралардың  мемлекет  қамқорлығына  алынуы, 

оларға  идеологиялық  тұғыр  белгіленуі  және  қаржы  қарастырылуы  бұл 

үмітімізді арттыра түседі.

Мемлекеттік  тіліміздің  көп  айтыла  бермейтін  бір  игі  міндеті  бар.  Ол 

–  республикадағы  ұлт  тілдеріне  өктемдік  жасамай,  олардың  емін-еркін 

дамуына  толық  жағдай  туғыза  білу.  Бірақ  мемлекеттік  тілдің  өзі  береке 




жүктеу 4,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   176




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау