2-китап indd



жүктеу 4,98 Mb.
Pdf просмотр
бет34/176
Дата20.05.2018
өлшемі4,98 Mb.
#14827
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   176

95

дейін  өзгермейтіні  мәлім.  Осы  мәселені  тіл  саясаты  арқылы,  бейбіт 

жолмен  шешуге  болатын  сияқты.  Оған  үкімет  те,  қазақ  халқы  да 

және Қазақстандағы барша ұлт өкілдері де саналы түрде атсалысуы 

қажет деп білемін. Қазақстан сияқты ұлттық, зайырлы мемлекет үшін 

мемлекеттік  тілдің  аяқасты  болуы  да  оның  халықаралық  беделіне 

нұқсан келтіруі сөзсіз. Ал бұл мәселені көп созбай шешу ел арасында 

дау-дамай, дүрдараз тудыра қоймайды деп ойлаймын. Өйткені біздің 

елде  тұрақтылық,  тыныштық  орнатқан  ұлттық  саясаттың  шынайы 

түзулігі, құдайға шүкір, достарға да, дұшпандарға да мәлім. 

2. Тіл тағдыры да, тіл саясаты да демография мәселесіне тікелей 

байланысты.  Қазақтың  демографиялық  жағдайы  негізінен  үш 

саладан тұрады. Оның біріншісі – Қазақстанда жасаушы қазақтардың 

жан  санына  байланысты.  Өткен  15  жылдың  ішінде  қалыптасып 

қалған  және  күн  сайын  деформацияға  ұшырап,  мүшкілдене 

бастаған демографиялық жағдаят оң сипатқа ие бола бастады: қазір 

Қазақстандағы  қазақтардың  жалпы  саны  кешегі  37  пайыздан  54-55 

пайызға (цифрды тексеру керек!) өсіп отыр.

Халықаралық    «Қазақ  тілі»  қоғамының  1992  ж.  өткен 

2-құрылтайына  қатысқан  елбасы  Нұрсұлтан  Әбішұлының  төралқа 

басында  отырып,  Қазақстандағы  сол  кездегі  демографиялық 

жағдайды айта келіп, төралқа басында отырған біздерге: «Қазақтың 

саны  Қазақстанда  50  пайызға  жетіп,  51-ге  ауғанда  тіл  саясатында 

менің  ұстанған  көзқарасым  да    өзгере  бастайды»    дегені  бар  еді. 

Құдайға  шүкір,  демографиялық  фактор  да  мемлекеттік  тілдің 

пайдасына  өзгеріп  отыр.  Айтқан  сөзінде  тұратын,  берген  уәдесіне 

берік  елбасының  бұл  мәселе  бойынша  да  нақтылы  іс-шаралар 

белгілеуіне сенеміз.

Демографиялық  фактордың  тілге  қатысты  екінші  саласына 

Қазақстанда  жасайтын  қазақтар  мен  басқа  ұлт  өкілдерінің  сан-сапа 

жағынан  өсіп-өркендеуі  және  ара  салмағының  сәйкестігі  жатады. 

Осыған  орай  қазақстандықтардың  жақын  жылдардың  ішінде  20 

миллионға жетуі де бағдарлануда. Бұл идеяның орындалуы көптеген 

басқа атап айтқанда, тіл, оқу-білім, педагогика, тәрбие, экономикалық, 

әлеуметтік, т.б. проблемаларға байланысты екені белгілі.

Этно-лингво-демографиялық дамудың тағы бір, тарихи мәні зор 

саласына жер бетінде бытырап жүрген қазақ диаспорасының басын 

қосып,  өз  Отанының    құзырына  жинақтау.  Төрт    көзі  түгел    емес 

халықтың тілі де тұтас емес. Ал бүгінгі қазақтардың жалпы санының 



96

3/1 (үштен бірі) Қазақстаннан тыс жерлерде жасайды. Бұл – бірден 

шешілуі қиын, бірақ түбінде бір шешілуге тиісті тарихи маңызы зор 

мәселе. Бірақ оны бүгіннен бастап дұрыс жолға қою қажет.

3. Тарихи бір тағылым. Түркі әлеміндегі ірі мемлекеттердің бірі 

– Түркия. Ол кезінде Осман империясы болып, 7 ғасыр бойы дәуірлеп 

келді. Түркия да көп ұлтты мемлекеттердің біріне жатады. Көп тілдің 

(Рим,  Алмания,  Франция,  Византия  т.б.)  әсері  түрік  тілінің  ұлттық 

қасиетін, нақышын кетіре бастайды.

Міне,  сондықтан  болу  керек,  1277  жылы  Қараман,  Кониа 

уалаяттарының әкімі Қараманоғлу Меһмет бей:

«Бүгіннен  бастап,  үйде  де,  түзде  де  аулада  да,  кеңседе  де, 

мәжілісте  де,  сайранда  да  (жұрт)  түрік  тілінен  басқа  тілді 

қолданбасын!»  деген  жарлық  шығарады  және  бұл  жарлықты 

орындамағандарға қатал жаза қолданылады (дүре соғылады).

Міне,  осындай  қатал  шараның  нәтижесінде  Түрік  елінде  бір 

тұтас  түрік  мемлекеттік  тілі  қалыптасады.  Содан  бері,  700  жылдан 

астам уақыт бойы Қараман, Кониа т.б. қалаларда мемлекеттік түрік 

тіліне  бағышталған  «Діл  бәйрамы»  атты  жалпытүркиялық  мейрам 

өткізіліп  тұрады  (осы  мақаланың  авторы  да  сол  мейрамның  біріне, 

1992 жылдағысына қатысқан еді).

Біз  мұны  айтып,  сол  Түрік  мемлекетінің  тәжірибесін,  іс-

шараларын  қайталайық  деп  отырғанымыз  жоқ.  Бірақ  ол  кімге 

болса да, әсіресе көпұлтты мемлекеттерге тіл проблемасын шешуге 

қажетті көп тәсілдердің біріне жатады және бүгінде ірі-ірі өркениетті 

елдердің  (ҚХР,  АҚШ,  Франция,  Алмания,  Ресей,  Иран  т.б.)  көбісі 

оны толық та жартылай қолданып келеді. Мемлекеттің негізгі халқы 

сөйлеген тілде сөйлемеген бірде-бір адамның бұл елдерде күн көруі, 

өмір сүруі мүмкін емес.

Бұл іс-шараларды тіл саясаты құзырында жүргізудің сатыланып 

орындалуға  тиісті  жоспары,  стратегия  ретінде  жүзеге  асырылуға 

тиісті ерекше бағдарламасы болуы қажет.

Айта кетейік, осы бағыттағы игілікті іс-шаралардың бастамасын 

кезінде  елбасының  өзі  көрсеткені  бізге  жақсы  белгілі.  Бұдан 

бұрынғы өткен (1999) президенттік сайлау қарсаңында бұл мәртебелі 

қызметке (президенттікке) үміткер болған 8 үміткерден мемлекеттік 

тіл  бойынша  емтихан  алған  комиссияның  төрағасы  ретінде  менің 

байқағаным: бүгінгі президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы сол 8 үміткер 

ішіндегі ана тілін ең жетік игерген, оның құдіретті күші мен көркемдік 




97

қасиетін барлық үміткерлерден де артықша сезінетін ерекшелігімен 

көзге түскен болатын. Бұл өнерін ол өмірде де асқан бір шеберлікпен 

көрсетіп келе жатқаны белгілі.

Ертеңгі  сайлауда  сол  президенттікке  мемлекеттік  тілді  білмейтін, 

не  шала-шарпы  білетін  біреу  сайланып  кететін  жағдай  болса,  тілім  деп 

күңіреніп отырған мына қалың жұртшылықтың күрес ашып, күтіп отырған 

үміті асыл арманы қалай орындалмақ?

Мемлекеттік тілді ең алдымен елбасы жетік меңгеруі керек. Өйткені 

оның ең басты қызметтерінің бірі – мемлекетті басқару құралы болу. Ана 

тілін дәл сол деңгейде меңгеру тек ол ана сүтімен бойына дарыған адамның 

қолынан келеді.

Енді  тіл  тағдырына  байланысты  «Мәдени  мұра»бағдарламасына 

қайта  оралайық.  Бұл  бағдарламаның  табысты  орындалуы  тіл 

проблемасының кейбір мәселелеріне қатысты және нақтылы жауап бере 

алады.


Біріншіден,  «Мәдени  мұра»  бағдарлама  бойынша  қайтадан 

жаңғырып, жинақталып, ұлан-ғайыр мол дүние, рухани байлықтарымыз 

қалың жұрттың қолына тимекші. Оның дүниеге келуі қарапайым жұртқа 

игілікті әсерін тигізсе де, «қазақ – надан халы», «қазақ тілі – қойшы-



қолаңның тілі» деп күстаналайтын қағынан жеріген нигилистер мен қазақ 

тілін «өлтіріп», жаназасын шығарып қойғандар (М.Сытник, А.Тажутов, 

Н.Масанов т.б.) үшін күтпеген пәрменді соққы болуы даусыз. Бұл да тіл 

үшін күрестің бір түрі. 

Рас,  қазақ  тілі  қойшы-қолаңның  тілі  болғанын  жасыра  алмаймыз. 

Өйткені  бабаларымыз  өмір-бақи  мал  соңында  жүріп,  көшіп-қонып 

ғұмыр кешті. Көшпенді ел атанды, көшпенділердің өзіне тән мәдениетін 

қалыптастырды,  көшіп  жүріп-ақ  қала-қорғандарын,  кесене-мешіттерін 

дамытты.

Алайда,  сол  бабаларымыз  қойды  ғана  емес,  ойды  да  баққан  екен. 

Атар таңға көз ілмей қой күзеткен малшы аспан әлеміндегі жұлдыздардың 

қозғалысын  бақылаумен  болады,  ол  жайылымдағы  малдың  жүрген 

жүрісін, өрген өрісін, жеген шөбіне дейін қадағалап отырады. Төрт түлік 

малдың  тіршілік-тірлігін,  табиғи  ортаның  тылсым  сырларын  зерттеп, 

зерделеп  зерікпеген.  Сол  бір  зеректіліктің  нәтижесінде  аспан  әлеміне, 

табиғат құбылыстарына, мал жағдайына, қоғамдық қарым-қатынастарға 

байланысты  тіліміз  мыңдаған  көне  де  байырғы  атаулар  мен  бейнелі 

оралым,  мақал-мәтелдермен  толассыз  толығып,  кемелденіп,  көркейіп 

отырады. Кейбір жетесіздердің «қойшы-қолаң» деп, кемсітіп отырғандары 



жүктеу 4,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   176




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау