Испандиярова А. Т., Мукашева Р. А



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет6/38
Дата20.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#14746
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38

 
18 
 
Отбасы құратын жастардың шыққан орталары бірдей болу керек. 
Отбасы  құру  үшін  болашақ  өмірдегі  серігінің  қандай  отбасынан 
шыққанын жақсы білу міндетті.  
Қазіргі  аналар  отбасы  тәрбиесінен  гөрі  әлеуметтік,  материалдық 
қажеттіліктерге  мән береді. 
Отбасы құрып, оларды асырағанша жеке жүргенім жақсы. 
Бала тәрбиелеуге  балабақша бар ғой. 
Әлеуметтік желі Интернет арқылы отбасы құруға болады.  
Әке  мен  баланың  байланысы  тек  экономикалық  және  эмоционалдық 
көмектесумен сезіледі.  
Әке баламен анасы арқылы байланысады.  
Отбасы үшін жауапкершілік әкеге жүктелуі тиіс.   
 
 
Эссе және кіріспе мен қорытынды жазу 
Эссенің жоспарлары 
Өз пікірін қосу және салыстыру 
Негізгі және қосалқы идеялардың арасын ажырату  
           Не үйренгеніңізді тексеріңіз.  
 
Жазыңыз 
1.Мен білетін туыстық атаулар: 
- ата..., 
2.Еркін шығарма жазамыз. 
 
 
« ..... Ана, анашым, мен сізді сағынып отырмын .......» 
(немесе өзіңіз таңдаған тақырып бойынша жазыңыз) 
 
 
 
 
 
2-тақырып.  Ұлттық  салт-дәстүрлер.  Қазақстандағы  некеге  тұру 
жүйесіндегі ұлттық салт-дәстүрлер. 
 


 
19 
 
Тыңдаймыз оқимыз 
1-тапсырма. Тірек сөздермен жұмыс. 
 Құда, үйлену, келін, күйеу жігіт, ұйытқы болу, ұрпақ, жасау беру, салт-
дәстүр, жеті ата, қалыңмал, қалыңдық, той, ырым, адамгершілік, өнегелі 
отбасы, құдағи, қыз алысу. 
 
Ойтүрткі. 
Үйлену деген не? 
Үйленуге байланысты қандай салт-дәстүрлерді білесіз? 
Құда түсу деген не? 
Қазіргі таңда құда түсу салты орындала ма? 
Қалыңмал деген не? 
Қазір қалыңмал төлене ме? 
Жасау туралы не білесіз? 
 
 
 
 
Оқылым. 
Қазақ  халқы  қыз  бен  жігіттің  бас  қосып  үйленуін  о  бастан-ақ  ата-
ана,  жақын-жуық,  ел  мүддесімен,  өмірімен  өзектес  деп  қараған. 
Сондықтан,  әр  ата-ана  балаларын  уақытында  үйлендіріп,  жақсы  келін 
түсіруді мұрат тұтып, бұған тікелей басшы болған. Өйткені болашақ жас 
келін  бір  үйлі  жанның,  тіпті  бір  ауылдың  тіршілігіне  ұйытқы  болған. 
Бүгінгі жас келін – ертеңгі өмірді жалғастырушы, ұрпақ әкелуші ана. 
Үйлену  және  үй  болуға  байланысты  халқымыздың  құда  түсу, 
жаушы  жіберу,  құдаларды  қарсы  алу,  есік-төр  көрсету,  ұрын  келу, 
жасау беру, т.б.салт-дәстүрлері бар. 
Құда түсу – ерте дәуірден күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан 
жақсы,  жарасымды  дәстүр.  Жігіттің  әкесі  немесе  жақын  туыстары  қызы 
бар  үйге  құда  түседі.  Әке-шешесі  ажар-көркіне  ғана  емес, 
адамгершілігіне,  көргенді,  өнегелі  отбасынан  шыққандығына  үлкен  мән 
береді. 


 
20 
 
Қыз  әкесі  келісім  берген  соң,  құдалықтың  жол-жоралғысы 
жасалады. Олар өте көп: құда аттанар, құда тарту, ат байлар, құйрық-
бауыр жеу,т.б. Екі жақтың әкелері, шешелері бір-біріне «бауыздар құда, 
құдағилар» болады. 
 
Ертеде  екі  достың  әйелдері  бір  кезде  ұл,  қыз  туса  құда  болып, 
«бесік құда» болу дәстүрі де бар. 
 
Егер  тұрмысы  нашар,  төлейтін  қалың  малы  болмаса,  қызын  жігіт 
жақтың  біреуіне  беріп,  «қарсы  құда»  да  болған.  Халқымыз  жеті  атаға 
дейін қыз алыспаған. Бұл дәрігерлер тұрғысынан  қан тазарту мәселесіне 
өте сай келеді деп дәлелденіп отыр. 
 
Жаушы  жіберу  –  қыз  айттыруға  баратын  өкілді  жіберу.  Ол  жөн-
жосықты жақсы білетін, сөзге шешен, әзіл-қалжыңға жүйрік адам болуы 
керек. 
 
Құдаларды  қарсы  алу  –  құда  түскеннен  кейін  қыз  әкесінің 
шақыруы  бойынша  жігіттің  әкесі  бастаған  он  шақты  сөзшең,  әңгімешіл, 
домбырашы,  әнші-жыршы  адамдардың  келуі.  Осы  жолы  той  жабдығы, 
қалыңмал мәселесі шешіледі. 
 
Ұрын  келу  –  күйеудің  қымбат,  бағалы  сыйлықтар  алып,  жанына 
әнші, күйші, сері жігіттер ертіп қалыңдықтың ауылына келуі. 
Қалыңмал – қыз алатын жақтың қыз беретін жаққа төлейтін малы. 
Қалыңмалдың  тұрақты  мөлшері  болмаған.  Бұл  әл-ауқатқа  байланысты 
47,37,27,17  мал  тұяғымен  есептелген.  Кедей  адамдар  5-6  малмен-ақ 
тынған. Осылармен бірге ілу, өлі-тірі, тоймалы  деген ырымдар да бар. 
 
Жасау  –  ұзатылған  қызға  берілетін  дүние-мүлік.  Бұл  кейде 
қалыңмалға берілген дүниеден көп болуы да мүмкін. Екі  жақта болатын 
той-томалақ өз алдына әңгіме. 
 
Сөйлесім. Мәтін бойынша ой алмасу. 
1. Мәтінге  сұрақ  қойыңыз. 
2. «Құйрық-бауыр жеу» дегенді түсіндіріңіз. 
3. «Бесік құда» болу дәстүрі туралы не білесіз? 
4. Қазіргі таңда ұрын келу дәстүрі сақталған ба? 
5. Құдаларды қарсы алу деген не? 
6.  Үйлену,  үй  болу,    құдалық  туралы  мақал-мәтелдер  келтіріңіз. 
Мағыналарын ашып, түсіндіріңіз. 
 
 
Жазылым. 
2-тапсырма. Берілген сөздердің антонимдерін тауып жазыңыз. 
Кедей –  
Ата –  
Қымбат –  


 
21 
Жақын –  
Жуық –  
Жас – 
Ана –  
Дос –  
 
3-тапсырма. Берілген сөздердің синонимдерін табыңыз. 
Қыз, ажар, жігіт, тым, бас қосу, өмір, халық. 
 
4-тапсырма. Берілген сөздер мен сөзтіркестерін қатыстырып сөйлем 
құрастырыңыздар. 
 
Неке, неке қию, жас нәресте, ер бала, болашақ келін, жас келін, атастыру 
рәсімі, құйрық-бауыр, құда түсу, қалыңмал, кит, тыйым. 
 
Сөйлейміз 
5-тапсырма. 
Сөйлеу 
әдебін 
қатыстырып, 
шағын 
сұхбат 
құрастырыңыз. 
 
Сіздің  отбасыңызда  өткізілген  тойлар:  дәстүрлі  тойлар,  салтанатты 
тойлар. 
 
Бүгін үйлену тойым болады 
Қазақ-қаз балам, қаз балам.... 
Қадамың құтты болсын! 
Тұсаукесер тойына шақырды 
Құттықтаймын! 
Міне, 
менің 
байғазым. 
1-қыркүйек – Білім күні. 
Құтты болсын! 
Оқу білім бұлағы, 
Білім-өмір шырағы. 
Сізді 
әкемнің 
50 
жылдық 
мерейтойына шақырамын. 
Құттықтаймын!  
Бақытты болыңдар! 
Мен  «Болашақ»  грантын  жеңіп 
алдым. 
Білім күнімен құттықтаймын! 
Міне, менің дипломым. 
Шақырғаның 
үшін 
алғысымды 
білдіремін! Міндетті түрде келемін. 
 
 
Оқылым 
                                                      Бесікке салу дәстүрі 
    Бала қырқынан шыққаннан кейін атасы мен әжесі немесе әке-
шешесі туыстарын жинап, баланы бесікке салу тойын жасайды. 
Халқымызда  бесік-киелі  зат.  Ол  сәбидің  алтын  ұясы  болып 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау