28
Қонақасы – Халқымыздың әлеуметтік, тұрмыстық жағдайындағы
ерекше қымбат дәстүрі – қонақжайлылық. Үйіне келген қонақты
құрметпен қарсы алып, мал сойып қонақасы беру-жомарттықтың,
елдіктің үлкен белгісі.
Сыбаға. Құрметті қонаққа немесе өздерінің, жақын-жуығына арнап
сақтаған кәделі ет мүшелері сыбаға деп аталады. Үлкен ақсақалдарға,
құдаларға, жолы үлкен адамдарға сыбаға әдейі сақталады.
Бастаңғы. Үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол
үйге жиналған, жолаушылардың жолда басы ауырмасын «бастаңғы»
жаса дейді. Бастаңғының мәнісі жастардың сол үйде ойын-сауық жасап
бас қосуы.
Ерулік. Басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерде бұрыннан
тұратындар ерулік береді, яғни қонаққа шақырады.
Қалау. Біреудің жақсы малына , затына, мүлкіне көңілі кеткен адам,
сол үйге барып қалау қалайды. Дәстүр бойынша үй иесі қалаушы адамға
қонақасы беріп, қалағанын орындап қайтаруға тиіс. Бұл жомарттық пен
мәрттіктің, сыйластықтың белгісі.
Жеті ата. Әр адам өзінің жеті атасын білуі көрегенділік пен
білімділігін танытады. Білмесе жеті атасын білмеген жетесіз деп сөккен.
Кекіл-жас балалардың шашын тегістеп ұстарамен алып тастайды да
бір шөкім шаш қалдырып, оның жиегін тегістеп қиып қояды. Кекіл
балаларға жарасымды ажар береді.
Сыралғы-олжалы, қанжығасы қанданып келе жатқан аңшыдан
саятшыдан кездескенде сұралатын жол. Мәрт аңшылар мұндайда
сыралғы сұрағанның сөзін жерге тастамайды.
Тоқымқағар-жас жігіт алғаш жолға шыққанда жасалатын дәстүрлі бас
қосу. Мұндайда арнаулы мал сойып немесе сыйлы мүшелер салынып ет
асылып, кең дастархан жасалады. Ойын-сауық, өлең – жыр айтылады.
Тұлым қою-кішкентай кезінде баланың шашын өсірмей екі шекесіне
екі шоқ шаш қояды. Мұны тұлым деп атайды. Тұлым көбінесе қыз балаға
қойылады және ол сәбиге лайықты болады.
Сауын айту. Бір елде ас, үлкен той болатын болса, ол кісі күні
бұрын жан-жаққа хабарлатып сауын айтады. Бұл жәй шақыру емес, әр ел
салт-дәстүрмен, яғни батыр палуанымен, жүйрік атымен, ақын-
29
жыршысымен, сойыс малымен, сабалы қымызымен келсін дегенді
білдіреді.
Кеусен-бұл егіншілікке байланысты айтылатын сөз. Әдетте егін пісіп
мол өнім алғанда егіншілер туған-туысқандары мен ауылдастарына
астық береді. Оны кеусен деп атайды.
Аманат-бір адамның екінші біреуге сақтауға берген заттары.
Аманатты сақтау, оны мезгілінде қайтару зор адамгершілікке жатады.
Аманатқа қиянат жасауға болмайды. Ол өте ауыр күнә деп есептеледі.
Көгентүр – бір-біріне жақын туыс, ілік, жұрағат адамдардың
баласына ескерткіш сый ретінде берілетін мал. Бұл бала үшін сый-
қуаныш болса, оның ата-аналары үшін құрмет көрсетудің белгісі десе де
болады.
Байғазы – балалардың, жастардың жаңа киімі үшін берілетін
ақшалай-заттай сый. Байғазы сұраудың еш артықтығы жоқ.
Бәсіре – қыз ұзатылғанда немесе жиен алғаш келгенде меншіктеп
аталатын, ен салынған мал.
Сәлем беру. Алыс жолдан жолаушы немесе сол елдің адамы ауыл
ақсақалдарына немесе белгілі адамдарға әдейі іздеп келіп сәлем беру-
қалыптасқан дәстүріміз.
Енші. – балалары ержетіп жеке үй болғанда ата-анасы оған дүние
мүлік, мал беріп, отау тігіп жеке шығарады. Бұны енші деп атайды. Ал
қызға берілетін дүние мүлік «жасау» деп аталады.
Сонар-бұл аңшылар үшін өте қызықты сәттердің бірі. Қыстың
тынық күні ұлпа қар жерге түскенде, жүрген аңның ізі тайға таңба
басқандай анық көрініп жатады. Аңшылар бұл күнді асыға күтіп жүреді
де, ізіне түскен аңды құтқармай соғып алады.
3-тақырып. Денсаулық-баға жетпес байлық.
Денсаулық – ол шыныққан,
Барлық денең мүшесі.
Денсаулық ол – тыныққан,
Жүйке тамыр жүйесі
Тыңдаймыз оқимыз
1-тапсырма. Тірек сөздермен жұмыс.
30
ұстаным, басшылыққа алу, жүзеге асыру, салауатты өмір салты, аурудың
алдын алу,дұрыс тамақтану, қоршаған орта, дене тәрбиесі, дені сау
ұрпақ.
Ойтүрткі
1. Салауатты өмір салты және денсаулық туралы ғылымды қалай атайды?
2. Медициналық қызметті жақсарту үшін не істеу керек?
3. «Таза ауа – дертке дауа» деген мақалды қалай түсінесіз?
4. Сіз денсаулығыңызды сақтау үшін не істейсіз?
Мәтінді оқыңыздар
Оқылым №1
Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі. Қазақстан
Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан бастап осы ұстанымды
басшылыққа алып келеді. Қоғамның денсаулығы бәсекеге қабілетті елу
елдің қатарына кіру міндетін жүзеге асыру жолындағы басты тірек.
Салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңыздылығын Республика
Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан - 2030» бағдарламасында
«Қазақстан егеменді еліміздің болашағы жастар олардың денсаулығы
мықты болып, шынығып өскендері жөн. Негізі осы кезден қаланатын
болса, өмірге өскелең ұрпақ келеді..» дейді. «Саулық байлық негізі» деп
айтқандай, әрбір адам салауатты өмір салты мен өмір сүру үшін аурудың
алдын алу және болдырмау. Дұрыс тамақтану, қоршаған ортаны
жақсарту туралы, сонымен дене тәрбиесімен айналасуы керек.
Есірткілерді, темекі мен алкогольды тұтынуды қойып тазалық пен
санитария шараларын сақтау үшін күрес жүргізу. Денсаулық әлеуметтік
байлықтың негізі, сондықтан оны сақтап, нығайтуға барлық жағдайлар
жасалуы қажет.
Сонымен, Елбасының жолдауын Қазақстан азаматтарының денсаулығын
нығайту, салауатты өмір салтын ынталандыру егемендіктің кілтін ұстар
жастардың болашағына апаратын, алтын сүрлеу десе болады.
Салауатты өмір салтын жастардың бойында қалыптастыру
мемлекетіміздің «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің негізі
ретінде көрсетілген. Онда ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым
мен практика жетістіктері негізінде жеке адамдарды қалыптастыруға,
дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті
жағдайлар жасау жолдары белгіленген.
Халқымыздың «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген
қағидасын ұстансақ, болашақта дені сау ұрпақ тәрбиелеп шығамыз.
Дені сау ұрпақ – қоғамның қуаты демекші, қай халықтың болса да
болашағы жастардың денсаулығына тікелей байланысты. Сондықтан дені
Достарыңызбен бөлісу: |