44
Есте сақтаңыз
Ас мәзірімен қатар тамақтану мәдениетінің 10 ережесін біле жүруіміз
керек, олар:
1. Әрбір адам тағамнан 1 тәулікте жұмсайтын энергиясына сай қуат алуға
тиіс.
2. Әрбір адам үшін күніне 4 не 5 рет тамақтану тиімді.
3. Тамақты күн сайын бір мезгілде қабылдау керек.
4. Ыстық тағам температурасы 50 - 60С, салқын тағам 10С — тан төмен
болмау керек.
5. Ақырғы тамақтану ұйқыға дейін 2 сағат бұрын болу керек.
6. Тамақтың түрін (рационын) өзгертіп тұру керек
7. Қайнатылған, буға, парға піскен тағам пайдалы.
8. Тамақты асықпай шайнап жеу керек
9. Сұйық тағамдарды көкөніс, жемісті көп қолдану керек
10. Сүт, суттен жасалған қышқылтым тағамды жеу керек
7
– тақырып. Халақаралық мемлекеттік атаулы күн, мерекелер.
Тыңдаймыз. Оқимыз.
Сөздік қор : Мемлекеттік мейрам «Наурыз» , Жеңіс күні , Астана күні ,
Тәуелсіздік күні.Отан қорғаушылар күні.
Ойтүрткі
- «Наурыз» мейрамы несімен ерекшеленеді?
- Қандай тағам түрі даярланады ?
- «Наурыз» мейрамы жайлы сіз не ойлайсыз ?
- Жеңіс күніне қанша жыл толды ?
- Ұлы Отан соғысы жайлы не білесіз ?
- Астана атауы қай жылы берілді ?
- Тәуелсіздік күні қай жылы қабылданды ?
Оқылым .
Халақаралық мемлекеттік атаулы күн, мерекелер.
Мерекелер — мемлекеттік не халықаралық органдар белгілеген, үздік
оқиғаларға, дәстүрлі даталарға, белгілі бір мамандық қызметкерлеріне
құрмет көрсетуге, жүртшылықты қандай да бір мақсатқа жетуге
жұмылдыруға арналған күндер.
Заңға сәйкес Қазақстан Республикасында
ұлттық мерекелер, мемлекеттік мерекелер, кәсiби және өзге де
мерекелер атап өтiледi.
Ұлттық мерекелер — Қазақстан мемлекеттiлiгiнiң дамуына елеулi
ықпал еткен, ерекше тарихи маңызы бар оқиғалардың құрметiне
Қазақстан Республикасында белгiленген мерекелер. Ұлттық мерекелердi
мейрамдау кезiнде орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдарда
ресми iс-шаралар өткiзiледi.
45
Мемлекеттiк мерекелер — қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғаларға
арналған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары дәстүрлi
түрде атап өтетiн мерекелер. Мемлекеттiк мерекелердi мейрамдау кезiнде
ресми iс-шаралар өткiзiлуi мүмкiн.
Кәсiби және өзге де мерекелер — ұлттық және мемлекеттiк мерекелер
мәртебесi берiлмеген, азаматтардың жекелеген санаттары атап өтетiн
мерекелер.Мерекелiк даталар тiзбесiн Қазақстан республикасының
Президенті белгiлейдi.
ҚазақстанРеспубликасыресмимейрамдарыныңтізімі:
күн-айыатауы
Қаңтардың 1—2 Жаңажыл (мемлекеттікмейрам)
Қаңтардың 7 ИсаМәсіхтуғанайты (демалыскүн)
Зу-л-хидж 10 Құрбанайт (демалыскүн)
Наурыздың 8 Әйелдердіңхалықаралықкүні (мемлекеттікмейрам)
Наурыздың 22 Наурызмейрамы (мемлекеттікмейрам)
Мамырдың 1 Қазақстанхалықбірлігімейрамы (мемлекеттікмейрам)
Мамырдың 7 Отанқорғаушыкүні
Мамырдың 9 Жеңіскүні (мемлекеттікмейрам)
Мамырдың 31 Саясиқуғын-сүргінқұрбандарынескеалукүні
Маусымның 4 ҚазақстанРеспубликасымемлекеттікрәміздерініңкүні
Шілденің 6 Елордакүні (мемлекеттікмейрам)
Тамыздың 30 ҚазақстанРеспубликасыКонституциясыкүні
(мемлекеттікмейрам)
Қыркүйектің 3-ші
жексенбісіҚазақстанРеспубликасыхалықтарыныңтілдерікүні
Қыркүйектің 28 ҚазақстанРеспубликасы атом саласықызметкерлерікүні
Желтоқсанның 16—17 Тәуелсіздіккүні (ұлттықмейрам)
Желтоқсанның 3-ші жексенбісіҚуатшыкүні
Қазақстан Республикасының маңызды мерекелері :
Наурыз мейрамы.
Мемлекеттік мейрам «Наурыз» сөзі парсының «ноу» - жаңа, «руз» - күн
деген сөздерінен қалыптасып, жылдың бірінші күнін білдірген. Бұл
мереке бірнеше мың жылдан бері аталып келеді. Қазақстан Наурызды
мемлекеттік мереке ретінде 1999 жылдан бастап атап өтіп келді. 2008
жылдың 25 маусымындағы «Қазақстан Республикасындағы мереке
күндері туралы» Заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізілуіне
байланысты, 2009 жылдан бастап 3 күн бойы атап өтіледі. Қазіргі кездегі
Наурыз көне дәуірдегі дәстүрлер сабақтастығын сақтап қалған - ұлттық
мәдениетті қалпына келтіруде бұл «уақыт байланысының», Қазақстан
тарихы мен қазіргі кезеңінің аса маңызды жалғастырушы буыны.
Жеңіс күні.
Жеңіс күні Кеңестер Одағы халқының 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан
соғысындағы Жеңіс күні. Ұлы Отан соғысы жеңісінің 65 жылдық
46
мерейтойы Қазақстан мен ТМД-да ғана емес, сонымен қатар одан
тысқары жерлерде де кеңінен атап өтілді. Бұл жыл сайынғы аталып
өтетін мейрамның ерекше және құрметтi орыны бар. Біздің
болашағымыз үшін құрбан болған миллиондаған адамдарды еске түсіру
үшін, әрбір қазақстандық бұл мерекені Отанға деген сүйіспеншілігінің
нышаны ретінде атап өтеді.
Астана күні
Қазақстанның Елордасы - Астана күні 1994 жылы ҚР Парламенті
отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан
Назарбаев Қазақстанның астанасын Алматыдан Ақмолаға (бұрынғы
Целиноград) көшіру туралы ұсыныс жасады. 1997 жылы қазанның 20-
ында астананы ауыстыру туралы Жарлыққа қол қойылды. 1998 жылы
мамырдың 6-ында Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгертілді.
1998 жылы маусымның 10-ында жаңа елорданың халықаралық
тұсаукесер рәсімі өтті, бұл күн 2006 жылға дейін астананың туған күні
ретінде атап өтіліп келді.
Тәуелсіздік күні
Қазақстан Республикасында Ұлттық мейрам - Тәуелсіздік күні 16-17
желтоқсанда аталып өтеді. Тәуелсіздік күні 2011 жыл Қазақстанда
тәуелсіздіктің 20-жылдығы шеңберінде өтеді. Бұл туралы Қазақстан
халқы ассамблеясының XVI сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев
мәлімдеді. 1991 жылғы желтоқсанның 16-сында Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев қол қойған «Қазақстан
Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» және 25.06.2008 ж.
және 22.04.2009 жылғы Заңдарымен өзгертулер енгізілген 2001 жылғы
желтоқсанның 13-де «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы»
Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес атап өтіледі. Республика өз
бетінше ішкі-сыртқы саясатты жүргізетін, өз аумағында билікті толық
иеленген тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет мәртебесіне
ие болды. Демократиялану жолындағы бағыт Қазақстанды егемен,
тәуелсіз мемлекет ретінде, бүркеусіз интернационализммен
ерекшеленген қазақ халқы ұлттық тілін, мәдениетін, дәстүрін сақтап, өз
бастамалары мен ерекшеліктерін жаңғырта алатындығын жария етуге
мүмкіндік берді.
Отан қорғаушы күні
1992 жылғы мамырдың 7-інде Мемлекеттік қорғаныс комитеті Қазақстан
Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. Нақ осы
жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың
Жарлығымен үш жүйелі - жаяу әскерлер, әуе қорғанысы күштері мен
әскери-теңіз күштері бас штабтары бекітіліп, Қазақстан
Республикасының Қарулы Күштері қайта құрылды. Аэроұтқыр күштерге
Жоғарғы Бас қолбасшының резерві құзыры берілді. 2001 жылдан
Қазақстан 4 әскери - Орталық, Оңтүстік, Батыс және Шығыс округке
Достарыңызбен бөлісу: |