22
саналады. Баланы бесікке салуды жасы үлкен, ақылды,
балалары көп адамға тапсырған. Бесікке салушы шашуға
әкелген құрт-май, ірімшік, бауырсақ, қант-кәмпит, күміс
ақшаны тойға келгендерге үлестіреді. Баланы бесікке бөлеп,
бесіктің үстіне жеті түрді зат жабады. Бесік жыры айтылады.
Бесікке салу дастарқаны жасалып, ән айтылады, тілек бата
беріледі.
Жазамыз
6-тапсырма. Абзацтарды реттеңіздер. Төменде берілген
тақырыпшалардың екеуі артық.
Бесік киелі зат 1. ______________________
Тілек- бата 2. ______________________
Бесікке бөлеу-ерекше дәстүр 3._______________________
Бесік жыры 4. ______________________
Шашу
Жеті бағалы зат
7-тапсырма. Кестені толықтырыңыз.
№ Сәби, нәрестеге қатысты
өздеріңіз
білетін
сөздерді жазыңыз
Жаңа сөздер мен сөз тіркестерінің
мағынасын түсіндіріңіз
1
Бесік
- жас нәрестеге арналған ағаш
төсек
2
______
- сәбиді ағаш бесікке жатқызу,
баланы бесікке бөлеу
3
_______
- ізгі
тілектер,
бата
беру,
құттықтау сөз
8-тапсырма.Сөздерді сәйкестендіріңіз.
бесік
білдіру
маңызды шақыру
сәбидің беріледі
тілек-бата үлкен
жасы халқы
қазақ шашу
23
шашу киелі зат
мерейтойға қарсы алу
алғыс
дәстүр
қырқынан шығару
қонақтарды алтын ұясы
9-тапсырма. Төмендегі берілген сөздерді пайдаланып бірнеше сұхбат
құрастырыңыз.
Тірек сөздер:а) дүниеге келу, ат қою, бесікке салу, жеті бағалы зат
жабу, тілек айту
ә) үй сатып алу, той жасау, сыйлық әкелу, көрімдік беру, жиһаз сатып
алу
б) мерейтойға шықыру, қонақтарды қарсы алу, сыйлық беру, дастарқан
жасау, гүл сыйлау
Нәрестенің бауы берік болсын
Қоныстой құтты болсын
Мерейтой құтты болсын
Оқылым.
Ұлттық салт-дәстүрлер
Тыңдаймыз. Оқимыз.
24
Сөздік қор
Әдет-ғұрып,
ежелден,қонақасы беру,ауыз тию,бірегей, ерулік
беру,ыстық ықылас, ізгі ниет,зардап шегу,егжей-тегжейлі,олжа,байғазы
беру, сүйінші сұрау,жұмыла көмектесу,саят құру, асату жасау,айып
салу,жарқын көрінісі,шағым айту,бата беру, кездейсоқ жағдай, бас сұғу,
қарым-қатынасты қалыптастыру,бейтаныс жолаушы,су тасқыны.
Ойтүрткі
1. Салт - дәстүр дегеніміз не?
2. Әдет - ғұрып дегеніміз не?
3.
"Үйге қонақ келгенде қалай қарсы аламыз?
4. Түркітілдес халықтардың әдет-ғұрып, салт-саналарының ұқсастығы
неде?
5. Қандай ұлттық салт-дәстүрлерді білесіз?
Оқимыз. Тыңдаймыз.
Көптеген ғасырлардың барысында қазақтардың өзіндік бірегей әдет-
ғұрыптары мен салт-дәстүрлері қалыптасты.
Қазақтардың
әдет-
ғұрыптары мен салт-дәстүрлері үй ішіндегі отбасылық және адамдардың
өзге де топтары арасындагы өзара қарым-қатынастарды қалыптастыруда
үлкен рөл атқарды.
Қазақтарда үйіне келген кез келген адамға міндетті түрде тегін қонақасы
беру, оған жайлы төсек-орын салып, қондырып жіберу әдет-ғұрпы
ежелден орын алды. Егер үй иесі қонаққа ондай құрмет көрсетудің
дәстүрлі әдет-ғұрпынан бас тартса, әлгі бейтаныс жолаушы үй иесінің
үстінен
биге
барып,
шағым
айтуға құқықты болған.
Ал
би
қонақжайлылық әдет-ғұрыпты бұзған үй иесіне ат-тон айып салатын.
Әдетте мұндай келеңсіз оқиға қазақ арасында өте сирек ұшырасқан.
Қазақтарда ежелден келе жатқан әдет-ғұрыптың бірі - дәм ауыз тию.
Үйге бас сұққан кез келген адамды дәмнен ауыз тигізбейінше
жібермейтін — «Қуыс үйден құр шығармайтын».
Қазақтардың және бір жақсы әдет-ғұрпы
- ерулік беру. Басқа жақтан
жаңадан көшіп келгендерді оның туған-туыстары немесе көршілері
арнайы дастарқанға шақырып, ерулік тамақ беретін болған. Бұл арқылы
көшіп келген туыстарына немесе көршілеріне деген ыстық ықыласы мен
ізгі ниетін білдірген. Ал көшіп келгендер жаңа қонысқа тез үйреніп,
оңдағы адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға ықыласты болатын.
Далалық көшпелілердегі кеңінен таралған әдет-ғұрыптардың бірі - қалау.
Үйге келген қонақтың сол үйдегі өзіне ұнаған заттың кез келгенін
қаладым деп айтуына болады, ал үй иесі ол затты міндетті түрде беруі
тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |