Ерте жастағы және күштеп қиылатын некелердің алдын алу



жүктеу 0,99 Mb.
Pdf просмотр
бет13/37
Дата18.05.2018
өлшемі0,99 Mb.
#14254
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37

31

Әдістемелік құрал 



Есте сақтаңыз: Асығыс-үсігіс шешім қабыл-

дамаңыз  және  түсік  жасату  қауіпсіз  деп 

есептейтіндерге  сенбеңіз.  Ол  денсаулыққа 

да, өміріңізге де өте қауіпті

Жыныстық жолдар арқылы берілетін инфекциялар 

(ЖЖАБИ)

Бұл  ауруларды  вирус  жұқтырған  серіктесі  сексуалдық  байланыс 

кезінде екінші біреуге жұқтырады. Жыныстық жолдарымен берілетін 

кем дегенде 25 ауру бар. Көбінесе гонорея, сифилис, хламидиоз, три-

хомониаз, В гепатиті сияқты аурулар жиі кездеседі. ЖЖАБИ арасында 

СПИД ерекше орын алады. ЖЖАБИ ішінде ортақ сипаттағы ауру бел-

гілері  мыналар:  қышу,  жыныс  мүшелерінен  әдеттен тыс  не  ағыл-те-

гіл  бөлінетін  заттар,  жыныс  мүшелері  маңындағы  түрлі  бөртпелер, 

несептің жиі және ауыртып шығуы. ЖЖАБИ-дің кейбір белгілері емде-

усіз-ақ  жоғалып  кетеді,  бірақ  бұл  аурулардың  өтіп  кеткенін  білдір-

мейді.

Біршама  уақыттан  кейін  ауру  қайта  бұрқ  ете  қалуы  мүмкін.  СПИД-



тен басқа барлық ЖЖАБИ аурулары егер диагноз дұрыс қойылса, ал 

емдеу шаралары өз уақытында және соңына дейін жүргізілсе, емде-

луге  болады.  ЖЖАБИ-ді  анықтау  және  емдеу  мақсатында  тексерілу 

үшін  аудандық  тері-венерологиялық  диспансерлерге,  ауруханалар-

дың  мамандандырылған  бөлімдеріне,  клиникаларға,  институттарға, 

жастар орталығына баруға болады. Кейбір мекемелердегі тексерулер 

жасырын жүргізілуі де мүмкін.

Есіңде болсын: Ешқа-

шан өз-өзіңді емдеумен 

айналыспа. Тек қана маман 

дәрігерлерге қаралған 

дұрыс!

Ең дұрысы, өзіңді және өз денсау-

лығыңды қорғау үшін – «Жоқ!» деп 

айта біл!

Жыныстық  қатынасқа  түспес  бұрын  ойлан!  Егер 

сенде  шамалы  болса  да  күдік  болса,  «жоқ»  деп 

айта  білу  қажет  және  олай  айтудан  қорқуға  бол-

майды.  Ерте  жастағы  жыныстық  өмірге  «жоқ»  деп 

айту арқылы Сіз қажетсіз жүктілікті, жыныстық жол-

мен берілетін ауруларды, жан азабы мен тән азабы 

мәселелерін шешесіз.

«Жоқ» деген  сөз  бұл  мүмкін  болатын  про-

блемалардан жүз пайызға қорғануға кепіл-

дік беретін ең жақсы әдіс.

ӘДІС

ТЕМЕЛІК


 АҚПАР

АТ



32

ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ КҮШТЕП ҚИЫЛАТЫН НЕКЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ

Бұл  Сізді  қажетсіз  салдардан  ғана  сақтамайды,  сонымен  бірге 

Сіздің  сезіміңіздің  қаншалықты  шынайы  екендігін,  таңдауды  дұрыс 

жасадыңыз  ба  немесе  қарым-қатынасыңыз  тек  қысқа  мерзімді 

жасөспірімдік қызығушылық па екендігін анықтауға мүмкіндік береді.

Жас өсе келе құндылықтар мен қызығушылықтар өзгеруі мүмкін, ал 

жасөспірімдік ұшқарылық келеңсіз жағдайларға ұрындыруы мүмкін. 

Бүгін  «Жоқ»  деп  батыл  айта  білу  бұл  жыныстық  өмірден 

біржолата бас тарту деген сөз емес, алайда оны лайықты, өз 

уақытында және қауіпсіз бастауға мүмкіндік береді.

 Жыныс-


тық қатынаста байыптылық пен абайлағыштық және серіктесін таңдай 

білу есейе келе пайда болады, сондықтан да асығудың еш қажеті жоқ. 

Сонымен бір мезгілде табанды түрде «Жоқ» деп айта білу Сіздің сек-

суалдық дамуыңызды шектемейтіндігін, керісінше қарым-қатынастың 

баламалы  түрлерінен  тәжірибеңізді  байыта  түсетіндігін,  денсаулық 

пен қауіпсіз болашаққа кепіл болатын маңызды шешімдерді саналы 

түрде  қабылдауға  әзірлейтіндігін  атап  өту  маңызды. 

Тағы да  жет-

кіншек  жастағы  ұстамдылық –  бұл  қалыпты  жағдай  және 

денсаулық үшін зиянды емес екендігін қайталап айтқымыз 

келеді.

Егер  де  жыныстық  қарым-қатынас  басталған  болса,  онда  мына  бір 



нәрсені  түсіну  керек  –

  контрацепциясыз  секс  қауіпті  болуы 

мүмкін!

  Контрацепцияларды  пайдалану  адамның  жауапкершілігін 



білдіреді, оның кемелденіп толысуының белгісі болып табылады. Сон-

дықтан да дұрыс таңдау жасау қажет.



Қорғануды таңдау

Мүшеқап (презерватив)

Бойға бала бітіртпейтін ең танымал заттардың бірі – мүшеқап. Мүшеқап 

шә  уеттің қынапқа еніп кетуіне кедергі келтіреді, осылайша жүктілік-

тің алдын алады. Мүшеқаптың маңызды артықшылығы – ол қажетсіз 

жүктіліктен сақтап қана қоймай, сонымен бірге жыныстық жолдармен 

берілетін  аурулардан,  оның  ішінде  СПИД-тен  (ЖИТС -  жұқтырылған 

иммун тапшылығының синдромы), ВИЧ–тен (АИТВ), адамның иммун 

тапшылығы вирусын жұқтырудан қорғайды.

Мүшеқаптарды егер дұрыс пайдалана алса, өте тиімді (олар-

дың тиімділігі шамамен 95%-98%-ды құрайды). Ол ешқан-

дай қосалқы жанама әсерлер бермейді.

Бойға бала бітірмейтін дәрілер

Бойға бала бітірмейтін дәрілер әйелдердің организмі жасап шығара-

тын сол жыныстық гормондардан тұрады. Бұл гормондар овуляцияға 

кедергі келтіріп, жүктілікті болдырмайды.




33

Әдістемелік құрал 

Дәрілер  бүгінде  ең  тиімді  бойға  бала  бітірмейтін  құрал-

дардың бірі 

(дұрыс  пайдаланған  жағдайда  тиімділігі  99%–ға  жақындайды). 

Қазіргі  бойға  бала  бітірмейтін  дәрілер  бұрынғы  шығарылған  дәрі- 

дәрмектерге  қарағанда  жыныстық  гормондардың  болуы  анағұрлым 

аз.  Есіңізде  болсын:  дәрілер  СПИД/ВИЧ-тен  қорғамайды.  Егер  де 

жұқтыру қаупі болса – мүшеқапты пайдалану қажет.

Бойға бала бітірмеу үшін инемен жіберілетін дәрілер

Олар  әйел  организмдері  жасап  шығаратын  жыныстық  гормондар-

дан  тұрады.  Бұлар  овуляцияға  кедергі  келтіріп,  жүктілікті  ескертеді. 

Бойға  бала  бітірмеу  үшін  инемен  жіберілетін  инъекциялар  міндетті 

түрде  медициналық  қызметкерлер  тарапынан  бұлшық  етке  салы-

нады.  Бойға  бала  бітірмеу  үшін  салынатын  уколды  дұрыс  қолданса 

өте сенімді болмақ (олардың тиімділігі 99%-ды құрайды). 

Бір инъек-

ция дәрінің түріне қарай әрбір 1 немесе 3 айда жасалады

Егер  де  сіз  бойға  бала  бітірмеу  үшін  инъекция  жасатқыңыз  келсе, 



дәрігердің  кеңесіне  жүгініңіз. 

Жадыңызда  ұстаңыз:  инъекция 

ЖЖАБИ/ВИЧ-тен қорғамайды. Егер де жұқтыру қаупі болса 

– мүшеқапты пайдаланған абзал.

Спермицидтер

Бұл  аталық  ұрықты  жатырға  жеткізбей  жоятын  заттар.  Олар  жақпа 

май,  свеча, таблетка,  көбікті  аэрозоль түрінде  болады  және  жыныс-

тық қатынасқа түскенге дейін қынапқа енгізіледі. Олардың тиімділігі 

қазіргі заманда бойға бала бітірмейтін өзге құралдарға қарағанда өте 

жоғары емес (50-70%). Спермицидтерді кедергі келтіретін әдістермен 

(мәселен, мүшеқаппен) пайдалану анағұрлым тиімді. Кейбір сперми-

цидтер  жыныстық  жолмен  берілетін  ауруларды  жұқтыру  деңгейін 

төмендетеді.

Жатырішілік құралдар (ЖІҚ)

Есіңізде болсын: Жатырішілік құралдар жеткіншек қыздарға 

емес, тек бала тапқан әйелдерге қолдану ұсынылады.

Спираль  жыныс  мүшелері  арқылы  берілетін  жұқпалы  аурулардың 

ағысын  күшейтуі  мүмкін.  Сондықтан  да,  ол  бірнеше  серіктесі  бар-

ларға ұсынылмайды. Спираль ЖЖАБИ/ВИЧ-тен қорғамайды. Егер де 

жұқтыру қаупі болса – мүшеқапты пайдаланған дұрыс.

Қажетсіз жүктілікті ескертудің басқа да әдістері

Жедел


  («күйіп  тұрған»)  контрацепциялар  тек  шұғыл  жағдайларда 

пайдаланылады, мәселен егер мүшеқап жыртылып қалса немесе зор-

лап кеткен жағдайда. Мұндай кезде жоғары гормондары бар арнау-  

лы  дәрілер  қабылдаған  дұрыс. 

Мұны  қорғансыз  жыныс тық 

ӘДІС


ТЕМЕЛІК

 АҚПАР


АТ


жүктеу 0,99 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау