Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті



жүктеу 1,01 Mb.
Pdf просмотр
бет22/35
Дата16.05.2018
өлшемі1,01 Mb.
#14165
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35

51 

 

аталатын  тұңғыш  республикалық  конкурс  бастау  алды.  Конкурсқа  6  мыңнан 



астам адам қатысты. 

 

 



 

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 

қатысты мемлекет саясаты  

БҰҰ-ның  «балалар»  саласындағы  халықаралық-құқықтық  құжаттарының 

аса  маңызды  қағидаттарының  бірі  балаларды  отбасыда  тәрбиелеудің 

артықшылығы  қағидаты  болып  табылады.  Баланың  құқықтары  туралы 

конвенцияның  кіріспесінде  «баланың  жеке  тұлғасының  толыққанды  және 

үйлесімді дамуы үшін оның отбасы ортасында, бақыт құшағында ӛсуі қажет» деп 

кӛрсетілген. 

Әрбір баланың отбасында ӛмір сүріп, тәрбиелену құқығын қамтамасыз ету – 

біздің мемлекетіміз саясатының басым бағыттарының бірі. 

Жетімдік,  әлеуметтік  жетімдік,  қолайсыз  орта,  балалар  мен  отбасыларға 

педагогикалық, психологиялық және ӛзге де кӛмектің айтарлықтай тапшы болуы 

сияқты  әртүрлі  объективті  және  субъективті  себептерге  орай  мыңдаған  балалар 

мен жастар қоғам мен мемлекеттің қолдауына мұқтаж.  

Бүгінде республикада 33 682 (2012 ж. – 34785) жетім бала мен ата-анасының 

қамқорлығынсыз  қалған  бала  ӛмір  сүріп  жатыр.  23  803  бала  отбасыларда 

қорғаншылықта  және  қамқоршылықта,  патронаттық  тәрибеленуде,  9 879  бала 

білім, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің жетім балалар 

мен  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған  балаларға  арналған  188  ұйымында 

тәрбиеленуде. Слайд 

Отбасына  жетім  баланы  тәрбиелеуге  алған  азаматтарды  материалдық 

қолдау  мақсатында  қолданыстағы  заңнамаға  сәйкес  патронаттық  тәрбиешіге  1 

947  балаға  ай  сайын  10  АЕК  (17 310  мың  теңге)  мӛлшерінде  жетім  балаларды 

күтіп-бағуға арналған ақшалай қаражат пен 32 мың 500 теңгеден 60 мың теңгеге 

дейінгі аралықта (жұмыс ӛтіліне, біліктілік санатына қарай) жалақы тӛленеді.  

2011  жылдан  бері  қорғаншылар  мен  қамқоршыларға  жетім  баланы 

күтіп-бағу  үшін  10  АЕК  мӛлшерінде  жәрдемақы  тӛленеді.  Қазіргі  уақытта 

жәрдемақы қамқоршылықтағы және қорғаншылықтағы 19 742 балаға (2012 жылы 

– 19 905 бала) тӛленеді. 

Бұдан басқа, Мемлекет басшысының бала асырап алушыларды кӛтермелеу 

бойынша шаралар әзірлеу туралы тапсырмасына сәйкес 2015 жылдан бастап бала 

асырап алуға байланысты 75 АЕК мӛлшерінде біржолғы мемлекеттік жәрдемақы 

тӛленбек.  




52 

 

Жетім  балалар  мен  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған  балалардың 



отбасында  ӛмір  үруп,  тәрбие  алу  құқығын  іске  асыру  отбасылық  жағдайларға 

жақындатылған жағдайларда неғұрлым ӛнімді қамтамасыз етілмек.  

Республикада  отбасылық  үлгідегі  8  балалар  деревнясы,  3  «SOS  Қазақстан 

балалар деревнясы», отбасылық үлгідегі 16 балалар үйі бар. 

Бүгінде  отбасы  үлгісінде  жұмыс  істейтін  балалар  үйінде  балалар  8-10 

адамдық топтарда тұрады, ағайындылар мен апалы-сіңлілер, олардың достары бір 

отбасыға бӛлінеді, отбасыға жеке тұрғын блоктары бӛлінеді және т.б. 

Баланың  толыққанды  күтім  алатыны,  қамқорлыққа  бӛленетіні,  отбасында 

ӛмір  сүру  тәжірибесін  алатыны  жетім  балалардың  орналастырудың  осындай 

нысанының басты артықшылығы болып табылады. 

 

Бұдан  басқа,  балалар  үйлерінде  балалардың  жеке  ерекшеліктерін  ескере 



отырып тәрбиелеу бағдарламалары енгізілген. 

Қазақстан 

Республикасының 

Үкіметі 


«SOS 

Қазақстан 

балалар 

деревняларындағы»  балалар  мен  жастарды  күтіп-бағуға  жыл  сайын  жергілікті 

бюджеттерден мемлекеттік субсидиялар бӛледі. 

Барлық  ұйымдарда  оқыту  мен  тәрбиелеу  үшін  жағдайлар  жасалған, 

лингафондық және мультимедиалық кабинеттер бар, 145 ұйым Интернет желісіне 

қосылған. 

Мемлекеттік  органдар  жергілікті  атқарушы  органдармен  бірлесіп, 

азаматтық қоғамның, ҮЕҰ қолдауымен балалар үйлерін деинституционалдандыру 

және әлеуметтік жетімдіктің алдын алу жӛнінде шаралар кешенін жүзеге асыруда.  

Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу жӛніндегі іс-шараларды іске асыру үшін 

білім  беру  ұйымдарында  3,6  мың  әлеуметтік  педагог,  7,8  мың  психолог, 

қорғаншылық  және  қамқоршылық  жӛніндегі  функцияларды  орындайтын  317 

маман жұмыс істейді. 

Мамандар  балалардың  және  отбасының  жағдайы  нашарлағанын  ерте 

анықтап,  отбасыларға  уақтылы  кӛмек  кӛрсетуге  бағытталған  іс-шараларды 

орындайды.  Барлық  органдардың  қызметіндегі  басымдық  –  баланың  туған 

отбасын сақтап қалу. 

Республикада  Қамқоршылар  одағы,  Жетім  балалар  мен  ата-анасының 

қамқорлығынсыз  қалған  балаларға  арналған  ұйымдар  директорларының 

республикалық  кеңесі,    ҮЕҰ  консультативтік-кеңес  беру  кеңесі  құрылған, 

олардың  бағыттарының  бірі  әлеуметтік  жетімдіктің  алдын  алу  жӛніндегі 

жұмыстар болып табылады.  

Ӛгей  ата-аналардың  117  мектебі  және  69  Отбасыны  қолдау  қызметі  бар, 

2012 жылы – 87 және 58 болған еді. 

 2013  жылы  Мектептер  мен  Қызметтер  1  348  әртүрлі  іс-шаралар  ӛткізді, 

оның ішінде 416 тұрақты тыңдаушы қамтылған 164 сабақ, 2 972 адам қамтылған 

426 оқыту семинары және 6092 консультация (23 000 адам) ӛткізілді. 

2013  жыл  бойы  Ӛгей  ата-аналардың  мектептері  мен  Отбасыны  қолдау 

қызметтері  6921  қамқоршыға,  қорғаншыға,  патронаттық  тәрбиешіге  және  бала 



53 

 

асырап  алғысы  келетін  азаматтарға  заңдық,  психологиялық  және  педагогикалық 



кӛмек кӛрсетті. 

Жетім  балалар  мен  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған  балаларды 

орналастырудың  отбасылық  нысандары  белсенді  түрде  дамып  келеді.  2004 

жылдан бері Патронаттық тәрбиеші институты енгізілді. 

2012  жылдың  маусым  айында  «Милосердие»  еріктілер  қоғамы»  ҚҚ-мен 

бірге  «Қазақстанда  бала  асырап  алу»  бірыңғай  ақпараттық  интернет-порталы 

құрылды,  оған  отбасыларға  орналастырылатын  балалар  туралы  ақпарат 

орналастырылады.  124  бала  қазақстандық  азаматтардың  отбасыларына 

орналастырылды. 

Республикада  жыл  сайын  отбасына  бала  алғысы  келетін  азаматтарды 

қолдауға  және  тартуға  бағытталған  «Ризашылық  -  Доброта  во  благо  детям...!», 

«Қуан, сәби», «Қамқоршы күні» қайырымдылық мерекелері ӛткізіледі. 

Айталық, «Қуан, сәби» акциясының қорытындысы бойынша жетім балалар 

мен  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған  балалар  ұйымдарының  1002 

тәрбиеленушісі  қазақстандық  азаматтардың  қонақжай  отбасыларында  болып 

қайтты. 


 «Балаларға  жылу  сыйла»  республикалық  акциясының  шеңберінде  жетім 

балалар  мен  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған  балаларды  қамқоршылыққа 

алған  азаматтар  үшін  «Қамқоршы  күні»  мерекесі  ӛткізілді.  Мерекелік  іс-

шараларға 12 мыңға жуық қамқоршы қатысты. 

Мерекелік  іс-шараларға  патронаттық  тәрбиешілер,  қамқоршылар,  ата-

аналар  қауымы,  бизнес-құрылымдардың,  әйелдер  ісі  және  отбасылық-

демографиялық  саясат  жӛніндегі  ӛңірлік  комиссиялардың,  үкіметтік  емес 

ұйымдардың, «Нұр Отан» партиясы филиалдарының ӛкілдері, білім басқармалары 

мен  балалардың  құқықтарын  қорғау  басқармаларының  қызметкерлері,  БАҚ 

шақырылды. 

БАҚ-та  «Біздің  балалар»,  «Үйге  апарар  жол»,  «Әр  балаға  –  отбасы», 

«Әлемге  мен  керекпін,  маған  отбасы  керек»  және  басқа  арнайы  айдарлар  мен 



бағдарламалар, әлеуметтік бейнероликтер ұйымдастырылды. 

Елде жетім балалар санының азаю үрдісі байқалып отыр.  

    

           



 

 



жүктеу 1,01 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау