Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті



жүктеу 1,01 Mb.
Pdf просмотр
бет25/35
Дата16.05.2018
өлшемі1,01 Mb.
#14165
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35

59 

 

жатқан балалардың саны – 11 мыңға жуық. 



Сонымен  қатар,  2013  жылы  ата-аналық  міндеттерін орындамайтын,  сондай-

ақ  ӛз  балаларына қауіп  тӛндіретін  734  (2012  ж.  – 786)  ата-ана  ӛз құқықтарынан 

айырылды. 

  

2004 – 2013 жылдары ата-ана құқығынан айыру жөнінде сот қабылдаған 



шешімдердің саны: 

 

 

 Бұдан басқа, бала тәрбиелеу жӛніндегі міндеттерін орындамағаны үшін 3,9 



мыңнан  астам  ата-ана  мен  оларды  алмастыратын  адамдар  әкімшілік 

жауапкершілікке  тартылды  (ҚР  ӘҚК  111-бабы),  ата-аналардың  немесе  олардың 

міндеттерін  орындайтын  адамдардың  балаларға  қатыгездікпен  қарау  фактілері 

бойынша 34 (2012 ж. – 20) қылмыстық іс қозғалды (ҚР ӘҚК 137-бабы).  



 

Құқық  бұзушылықтың  ерте  профилактикасы  мақсатында  берекесіз  және 

табысы  аз  отбасылардан  шыққан  балалар  мен  жасӛспірімдерді  бос  уақыттарын 

пайдалы жұмсауға тарту жӛнінде жұмыс жүргізілуде. 



 

Айталық,  ағымдағы  жылы  кәмелетке  толмаған  700  мыңнан  астам  баланың 

бос  уақыты  қамтылды,  оның  ішінде  7  мыңға  жуығы  ІІБ  есепте  тұрған  балалар 

және 16 мыңнан астамы берекесіз отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балалар.  



 

«Динамо»  ведомстволық  спорт  залдарына  бір  мыңға  жуық  кәмелетке 

толмаған  бала  барып  тұрды,  олардың  ішінде  233  бала  ішкі  істер  органдарында 

есепте тұрғандар. 



 

Сонымен қатар,  ІІБ  есепте тұрған және  берекесіз отбасыларда тәрбиеленіп 

жатқан кәмелетке толмаған 6 мыңнан астам бала аула клубтарына барады

 

Ӛңірлердің  әкімдіктерімен  бірге  білім  беру  мекемелері  мен  оларға  іргелес 

аумақтарда  бейнебақылау  камераларын  орнату,  сондай-ақ  пластикалық 

карточкаларды  пайдалану  арқылы  бақылау-ӛткізу  режимін  енгізу  жӛніндегі  іс-

шаралар жүргізілуде.  

 

Бүгінгі  күні  жергілікті  атқарушы  органдардың  қолдауымен  бейнебақылау 

камералары 1131 оқу орнында орнатылған. 



60 

 

 

Бұдан  басқа,  еліміздің  барлық  ӛңірлеріндегі  білім  беру  ұйымдарында 

сабақтан  тыс  уақытта  балалармен  және  жасӛспірімдермен  ӛзін-ӛзі  қорғау 

амалдарына  оқытып,  шұғыл  жағдайлардағы  оңтайлы  мінез-құлық  дағдыларын 

қалыптастыру  мақсатындағы  арнайы  сабақтар  ӛткізіледі.  Бүгінгі  күні  мұндай  іс-

шаралармен 14 мыңнан астам оқушы қамтылған. 

 

 

Пилоттық  жобаны  іске  асыру  мақсатында  (АҚШ-тағы  Кадет  мектептері 



сияқты)  Ақтӛбе  облысының  ІІД  Оқу  орталығының  базасында  «Кадеттер 

мектебі»  құрылды,  ол  берекесіз  отбасыларда  тұрып  жатқан,  кәмелетке 

толмағандар  ісі  жӛніндегі  бӛлімшелердің  есебінде  тұрған  кәмелетке 

толмағандарды  тәрбиелеуде  кӛмек  кӛрсетуге  бағытталған.  Бүгінгі  күні  бұл 

мектепке кәмелетке толмаған 40-тан астам бала барады.  



 

Қазіргі уақытта, оқушылар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы 

мәселелерінде  «мектептегі»  полиция  инспекторлары  институты  ӛзін-ӛзі 

ақтады,  олардың  саны  1798  бірлікті  құрайды  (қосымша  1427  бірлік  талап 



етіледі). Олардың жетекшілігімен полицияның жас кӛмекшілерінің 4,2 мың ерікті 

жасағы жұмыс істейді, 47 мың мектеп оқушысы қатысады. 

Сонымен қатар олар сабаққа бармай жүрген балаларды анықтау мақсатында 

білім беру органдарының ӛкілдерімен бірге ай сайын кешенді іс-шаралар ӛткізіп 

тұрады.  Мысалы,  2012  –  2013  оқу  жылында  2  мыңнан  астам  (2011  –  2012  оқу 

жылында  –  30  мыңнан  астам)  осындай  жасӛспірім  анықталып,  қабылданған 

шаралардың нәтижесінде олар қайтадан сабаққа кірісті.  

Білім беру ұйымдарының ӛкілдерімен және ата-аналар комитеттерімен бірге 

олар 20 мыңнан астам рейдтік іс-шара жүргізді, оның шеңберінде 5,4 мың (2012 



ж.  –  5  мың)  құқық  бұзушылық  анықталды,  мектеп  ішіндегі  есепте  тұратын  16 

мыңға  жуық  жасӛспірімнің  тұратын  жеріне  және  10  мыңнан  астам  берекесіз 

отбасыға барды.  

 

Кәмелетке толмағандар арасындағы нашақорлық профилактикасы  

Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес 

қоғамдық  ұйымдармен  бірге  Нашақорлыққа  және  есірткі  бизнесіне  қарсы 



күрестің 2012 – 2016 жылдарға арналған салалық бағдарламасын (бұдан әрі – 

Бағдарлама)  іске  асыру  шеңберінде  кәмелетке  толмағандар  арасындағы 

нашақорлықтың  профилактикасы  бойынша  бірқатар  іс-шараларды  жүзеге 

асыруда. 

Үкіметтік емес ұйымдардың бастамасы бойынша Бағдарламаның іс-шаралар 

жоспарының бірқатар пункттерін қаржыландыру қайта қаралды.  

Мысалы,  бұдан  бұрын  халықаралық  нашақорлыққа  қарсы  күрес  күніне 

орайластырылған  акцияларды  ӛткізуге  кӛзделген  39,3  миллион  теңге 

сомасындағы  қаржылай  қаражат  енді  ішкі  істер  органдарында  есепте  тұрған, 

ӛмірде  қиын  жағдайға  тап  болған,  әлеуметтік  баспаналарда  тәрбиеленіп  жатқан 

кәмелетке  толмаған  жеткіншектердің  спорт  секцияларына  тегін  баруын 

қамтамасыз етуге жіберілетін болды.  



61 

 

Осы  іс-шара  шеңберінде  кәмелетке  толмаған  жеткіншектермен  жұмысқа 



спорт  жаттықтырушыларынан  басқа  осы  топтағы  жеткіншектердің  девиантты 

мінез-құлқын  түзету  үшін  психологтар  да  тартылатын  болады.  Бұл  бастаманы 

Астана  қаласы  мен  Шығыс  Қазақстан облысының  әкімдіктері  қолдап, жергілікті 

деңгейде қосымша қаржы бӛлді.  

Астана  қаласының  әкімдігі  кәмелетке  толмағандар  тегін  және  жеңілдікпен 

баратын аула клубтарын дамытуға 2012 – 2014 жылдарға 45 млн. теңге кӛлемінде 

қаржы кӛздеді.  

Сол сияқты, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі 7,5 млн. теңге кӛлемінде 

қаржы бӛлді.  

ҚР  ІІМ  Есірткі  бизнесіне  қарсы  күрес  комитеті  (бұдан  әрі  –  Комитет)  мен 

оның  аумақтық  бӛлімшелері  жастар  мен  жасӛспірімдер  арасында  есірткі 

тұтынуды  болдырмау  жӛніндегі  жұмысты  ұдайы  жүргізіп  отырады,  тәрбиелеу 

жұмысына, салауатты ӛмір салтын насихаттауға, профилактика жұмысын жүзеге 

асыратын  мүдделі  мемлекеттік  органдардың  және  қоғамдық  бірлестіктердің 

қызметін үйлестіруге мән берілді.  

Елдің  барлық  ӛңірлерінде  жыл  сайын  Халықаралық  нашақорлыққа  қарсы 

күрес күніне (26 маусым) арналған, жасӛспірімдер мен жастар арасында есірткіге 

қарсы иммунитет қалыптастыруға бағытталған акциялар ӛткізіледі. 

Акциялардың 

шеңберінде 

ақпараттық-насихат 

жұмыстары 

жүзеге 

асырылады, мәдени-бос уақыт және спорттық іс-шаралар ӛткізіледі.  



Ағымдағы  жылдың  басынан  бері  Комитет  пен  оның  аумақтық  бӛлімшелері 

профилактикалық  сипаттағы  6  382  іс-шара  ұйымдастырып,  ӛткізді,  олардың 

қатарында  375  акция, 2  255  лекция және  1 653  кездесу,  442  дӛңгелек  үстел, 256 

конкурс,  587 спорт жарыстары мен турнирлер бар.  

Денсаулық  сақтау  және  білім  беру  органдарымен  ӛзара  іс-қимыл  жасай 

отырып,  3236  іс-шара,  ҮЕҰ-мен  бірге  –  1607,  мектептердегі  полиция 

инспекторларымен бірге білім беру объектілерінде – 3362, ЖОО-ларда – 1245 іс-

шара ӛткізілді.  

         

 

 



Конференцияларда,  семинарларда  және  дӛңгелек  үстелдерде  кең  ауқымды 

мәселелер,  оның  ішінде  оқу  орындарында  нашақорлықтың  алғашқы 

профилактикасын  ұйымдастыру,  есірткіге  тәуелді  адамдардың  профилактикасы, 

оларды емдеу мен сауықтыру проблемалары, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен 

үкіметтік  емес  ұйымдардың  ӛзара  іс-қимыл  жасау  проблемалары,  есірткі 

бизнесіне қарсы күрестің тиімділігін арттыру және басқалары талқыланды. 




жүктеу 1,01 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау