49
интернат үйі, 17 балалар психоневрологиялық интернат үйі, 16 сауықтыру
орталықтары, 165 үйде әлеуметтік кӛмек кӛрсету бӛлімшелері бар.
Мүгедек балалардың 30 %-ға жуығы (20 мың адамнан астам) арнаулы
әлеуметтік қызметтермен қамтылған.
Интернат үйлеріндегі мүгедектердің ӛмір сүру сапасын арттыру мақсатында
2009 жылдан бері республикалық бюджеттен Мүгедек балаларды әлеуметтік
қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер кӛрсету стандартын енгізуге 2,5
млрд. теңгеден астам сомаға қаражат бӛлінген.
Мұндай қомақты қаржыландыру медициналық-әлеуметтік ұйымдарда
әлеуметтік жұмыс жӛніндегі мамандардың, әдіскерлердің, дефектолог
мұғалімдердің, логопедтердің, дене шынықтыру мұғалімдерінің, еңбек бойынша
нұсқаушылардың, музыкалық жетекшілердің, невропатологтардың, педиатр
дәрігерлердің, физиотерапевтердің, диетологтардың қосымша штат бірліктерін
енгізуге жұмсалды. Баланың әлеуметтік даму деңгейін негізге ала отырып, бір
топта жасына байланысты 6 – 12 бала болатын топтарды жиынтықтау
ұйымдастырылды, сол арқылы әр балаға жеке кӛңіл бӛлінетін болды. Интернат-
үйлерін заманауи қосалқы, медициналық, оқу жабдықтарымен жарақтандыру
кемтар балалардың оңалту қызметтеріне мұқтаждығын неғұрлым толық
қанағаттандыру үшін жағдай жасауға мүмкіндік берді.
Ағымдағы
нысаналы
трансферттердің
қаражаты
есебінен
психоневрологиялық ауруға шалдыққан және (немесе) тірек-қимыл аппаратында
кемшіліктері бар кемтар балаларға жартылай стационар шарттарында да – күндіз
болатын бӛлімшелерде, отбасыны қолдау қызметтерінде, үйде қызметтер кӛрсету
шарттарында арнаулы әлеуметтік қызметтер кӛрсетіледі. Бұл мақсаттарға 2011 –
2012 жылдары республикалық бюджеттен 1,5 млрд. астам теңге бӛлінді.
Жартылай
стационарларды,
үйде
әлеуметтік
қызметтер
кӛрсету
бӛлімшелерін дамыту, оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде
дамыту интернат мекемелерінде тұратын мүмкіндігі шектеулі балалардың санын
азайтуға бағытталған.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер кӛрсетуді бәсекелі нарығын қалыптастыру
мақсатында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындауға үкіметтік емес
ұйымдар барған сайын кеңінен тартыла түсуде.
Айталық, арнаулы әлеуметтік қызметтермен мыналар қамтылды:
2009 жылы 156,9 млн. теңге сомасына психоневрологиялық сырқатқа
шалдыққан 1,5 мыңға жуық бала;
2010 жылы 445,6 млн. теңге сомасына психоневрологиялық сырқатқа
шалдыққан 2,0 мыңнан астам бала;
2011 жылы 354,5 млн. теңге сомасына 2,3 мың адамға қызметтер кӛрсетілді;
2012 жылы 429,9 млн. теңге сомасына 2,7 мың адам қамтылды.
2013 жылы осы мақсаттарға республикалық бюджеттен 653,4 млн. теңге
сомасында қаражат бӛлу кӛзделген.
50
Белгілі бір жағымды ӛзгерістерге және қолданыстағы құқықтық база
қарамастан, мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуде проблемалар да бар:
- мүгедектерге арналған оқыту бағдарламаларының болмауы;
-
әлеуметтік және кӛліктік инфрақұрылымның дамымауы, бұл
мүгедектердің қоғамға интеграциялану деңгейін тӛмендетеді.
Бұл проблемаларды шешу үшін Мүгедектердің құқықтары туралы
конвенцияға қол қойылуына байланысты Министрлік
Қазақстан Республикасында
мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және ӛмір сүру сапасын жақсарту
жӛніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын
іске асыруда.
Жоспарға сәйкес:
-
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектердің
құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ӛзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы» заң жобасының тұжырымдамасын әзірленді, ол Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
жанындағы
Заң
жобалау
қызметі
мәселелері
жӛніндегі
ведомствоаралық комиссияның 2013 жылғы 28 наурыздағы отырысында
мақұлданды, оның шеңберінде Қазақстан Республикасының мүгедектерді
әлеуметтік қорғау мәселелеріне қатысты 24 нормативтік құқықтық актісіне
ӛзгеріс енгізу кӛзделеді
;
- әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне түгендеу жүргізу (паспорттау)
жӛніндегі әдістемелік ұсынымдар әзірленіп, ӛңірлерге жіберілді;
- объектілер қолжетімділігінің жай-күйіне бағалау жүргізудің тиімділігі
үшін халықтың ұтқырлығы тӛмен топтарына арналған мемлекеттік ҚНжЕ жинағы
әзірленіп, онда қолжетімді орта құруға қойылатын талаптар қамтылды. Барлық
ӛңірлерде әлеуметтік және кӛліктік инфрақұрылым объектілеріне түгендеу
(паспорттау) жүргізілуде. 2014 жылы мүгедектерге қызмет кӛрсетуге
бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде 10 мыңнан астам арнаулы жол
белгілерін (сілтегіштер) орнату және жаяу жүргіншілер ӛтетін жолдарға 136
дыбыс беру құрылғыларын орнату, ӛңірлік телеарналарда жаңалықтар тізбегін
сурдоаударуға тапсырыс орналастыру, инватакси қызметтерін кӛрсетуді дамыту
кӛзделеді;
-
Мүгедектердің проблемаларына қоғамның оң кӛзқарасын қалыптастыруға
бағытталған қоғамдық ағарту науқанын ӛткізу, бұқаралық ақпарат құралдарында
жарияланымдар мен баяндамалар дайындау жӛніндегі медиа-жоспар
іске
асырылды, сондай-ақ 2013 жылға арналған осындай Медиа-жоспар қабылданды
(ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен ҚР Мәдениет және
ақпарат министрлігінің бірлескен бұйрығымен);
- жоспардың екінші кезеңін іске асыру жұмыстары жүргізілуде.
Ағымдағы жылы мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуетін дамыту және
олардың ӛзін-ӛзі кӛрсетуі әрі қоғам ӛмірінің барлық салаларында мүгедектер,
оның ішінде мүгедек балалар үшін басқа адамдармен бірдей мүмкіндіктер
жасауға жұртшылықтың назарын аудару мақсатында ағымдағы жылдың шілде
айында мүмкіндігі шектеулі балалар, жастар арасында «РАЗНЫЕ-РАВНЫЕ» деп