42
ұйымдардың медицина қызметкерлеріне арналған оқыту семинарлары, сондай-ақ
отбасыны жоспарлау, ұрпақты болу денсаулығын қорғау, түсік жасатудың
профилактикасы мәселелері бойынша дӛңгелек үстелдер, оның ішінде
дәрігерлердің ауылдарға баруы арқылы ұйымдастырылып, ӛткізілді.
2013 жылдың 9 айында Қазақстан Республикасында 2 760 825 (2012
жылдың 9 айында 1 500 000) іс-шара ӛткізіліп, 22 499 620 (2012 жылдың 9 айында
– 20 924 510) адам қамтылды. Салауатты ӛмір салтын қалыптастыру жӛнінде
ақпараттық-ооқыту материалдары – 20 816 631 дана (2012 жылдың 9 айында –
18 434 099
) әзірленді.
Салауатты ӛмір салтының әртүрлі аспектілері және
әлеуметтік
маңызы
бар
аурулардың,
туберкулездің,
темекі
шегудің
профилактикасы бойынша 8 бейне және 8 аудиоролик әзірленді, сондай-ақ 3
телебағдарлама дайындалды (2012 жылдың 9 айында – 8 бейне және 7
аудиоролик, сондай-ақ 14 телебағдарлама).
Бұдан басқа, 2 веб-сайт (www.hls.kz, www.zhas.kz) жұмыс істейді және
ұдайы жаңартылып отырады.
Алматы қаласында Дағдарысты орталықтар одағымен бірге Салауатты ӛмір
салтын қалыптастыру проблемаларының ұлттық орталығы ұйымдастырған, тәулік
бойы жұмыс істейтін, жас жеткіншектер мен жастарға арналған Ұлттық қызу желі
телефоны (150) жұмыс істейді. 2013 жылдың 1-ші жартыжылдығында 14,0
мыңнан астам қоңырау тіркелді.
Жеткіншектер мен жастарға медициналық, психологиялық, заңдық және
әлеуметтік кӛмек кӛрсету мақсатында еріктілік, қолжетімділік, тілектестік,
құпиялық және сенім қағидаттарында Қазақстанда жастардың 74 денсаулық
сақтау орталығы ашылып, жұмыс істеуде. 2013 жылдың 9 айында жастардың 18
денсаулық сақтау орталығы ашылды, барлығы 74 ЖДО жұмыс істейді, 2013 жылы
жүгінгендер саны 1,5 есе ӛсті.
Темекі шегуді, алкоголизмді және нашақорлықты шектеу және олардың
профилактикасы мақсатында 18 жасқа толмаған адамдарға темекі сатуға, 21
жасқа толмаған адамдарға спиртті ішімдіктер сатуға, темекіні бір-бір данадан
сатуға тыйым салатын, белгілі бір қоғамдық орындарда темекі шегуді шектейтін,
темекі бұйымдарын сатуды жүзеге асыратын жерлерде темекі шегудің зияны
туралы міндетті түрде ескерту орналастыруды белгілейтін, 2011 жылғы 31
желтоқсаннан бастап кӛрнекі жарнамаға және баспа басылымдары мен
телевизиядағы және радиодағы жарнамаға, қоғамдық орындарда алкогольді
ішімдіктер ішуге тыйым салатын, сондай-ақ алкогольге мас күйінде кӛлік
жүргізгені үшін шараларды қатаңдататын заңнамалы база жетілдірілді.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан
Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 159-бабының 2-тармағының 8 және
9) тармақшаларына сәйкес 2013 жылдан бастап темекі бұйымдарының қораптары
мен орамаларына темекі шегудің зияны туралы графикалық бейнелер (сурет),
сондай-ақ құрамы туралы, шайырлы заттар, никотин құрамының деңгейі туралы
және кемінде үш қосылыс – жүйелі улар, канцерогенді және мутагенді заттар
43
туралы мәліметтер басылады, оларды орналастыру тәртібі «Темекі бұйымының
қорабына, темекі бұйымының қаптамасына шайырлы заттардың, никотиннің
құрамы туралы, құрамының деңгейі туралы және жүйелік улар, канцерогендік
және мутагендік заттар туралы мәліметтерді орналастыру қағидаларын және
темекі шегудің зияны туралы ескертуді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2011 жылғы 22 қарашадағы № 1366 қаулысымен бекітілген. Қазақстан
темекі қорабында 6 удың деңгейін кӛрсететін және темекі түтінінің құрамы
туралы ақиқатты ашатын Канададан кейінгі екінші елге айналады.
Бұдан басқа, Кодекстің 159-бабының 3-тармағына сәйкес темекі
бұйымдарын сату жүзеге асырылатын жерлерде «Темекі бұйымдарын сату жүзеге
асырылатын орындарда орналастырылатын темекі шегудің зияны туралы
ескертуді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22
қарашадағы № 1367 қаулысымен бекітілген А4 және одан үлкен форматта
еденнен кемінде 150 см және 200 см аспайтын деңгейде сауда орнына тікелей
жақын жерде темекі шегудің зияны туралы ескерту орналастырылуға тиіс.
Ел қалаларында темекіні тастағысы келетіндерді қолдау үшін телефондық
кӛмек қызметі бар темекіге қарсы орталықтар құру жӛніндегі қызмет жалғасады.
Жұмыс істеп тұрған және жоспардағы орталықтардың дерекқоры құрылды,
денсаулықты нығайту орталықтарының басшылары үшін ӛңірлік семинарлар
ӛткізілді. Бүгінде темекіге қарсы 95 (2012 жылы – 68) орталық құрылып, жұмыс
істеу үстінде.
Балаларды тамақтандырудың жай-күйі
Балалық шақта және жасӛспірім кезінде құнарлы тамақтануы мектеп
оқушысының денесі мен ақыл-ойының үйлесімді дамуына, жұмыс қабілеті мен
үлгерімінің жоғары болуына ықпал етеді, қоршаған орта факторларына
бейімделуіне жағдай жасайды, ӛмір сүру сапасына айтарлықтай ықпалын тигізеді,
балалар мен жасӛспірімдердің денсаулығын қалыптастырудың және сақтаудың
қажетті шарты болып табылады. Мектеп оқушыларының денсаулық деңгейі және
олардың толыққанды ыстық тамақпен қамтылуы атқарушы билік органдарының
қызмет рейтингінің кӛрсеткіштері ретінде қосылған.
Балалар мен жасӛспірімдердің денсаулығын қорғау саласындағы
мемлекеттік әлеуметтік саясатты іске асыру отырып, ӛңірлердің кӛпшілігі мектеп
оқушыларын физиологиялық тұрғыдан толыққанды тамақпен қамтамасыз ететін
мектепте тамақтандырудың пәрменді жүйесін ұйымдастыру мәселелеріне зор
кӛңіл бӛледі.
Республикада ыстық тамақпен республиканың жалпы білім беретін 6183
(84%) мектебіндегі балалардың
79%-ы (1 929 785 адам) ыстық тамақпен
қамтылған, 21 %-ы буфетте тамақтанады.