96
www
.kazmektep.kz
БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ МУЛЬТИМЕДИЯ
Сәуле НАЗАРБЕКОВА,
Гүлмира ОРЫНБАСАРОВА,
«ӨРЛЕУ» БАҰО АҚ филиалы ОҚО бойынша
ПҚБАИ аға оқытушылары
Д
идактикалық оқыту жүйелерiн қалыптастырудың перспективалық
бағыт-тарының бiрi – мультимедиалық технологияларды оқыту
үдерісiнде пайдалану. Жалпы алғанда, мультимедиалық технологиялар-
ды бiлiм беру саласында игеру және тиiмдi пайдалану қазіргі кезеңдегі
қажеттiлiк болып саналады. Осы қажеттiлiктерге байланысты атқарылатын
iс-әрекеттер:
– мультимедиалық технологияларды тиiмдi пайдалана алатын мұғалiмдер
даярлау;
– жоғары оқу орындары мен мектептің ақпараттық технологиялар база-
сын үнемi жаңартып отыру;
– оқу-әдiстемелiк жұмыстарды бiлiм берудi дамытуға бағытталған
бағдарламалар негiзiнде жүргiзу.
Мультимедиа әртүрлі типті ақпараттарды өңдеу мен ұсынудың тиімді
құралы болып табылады. Сондықтан да, мультимедиаға сипаттама беру,
оның ерекшелігін анықтау үшін алдымен, информатика ғылымы зерттейтін
ақпарат, ақпараттандыру, ақпараттық үдеріс ұғымдары, ақпарат түрлері және
оларды ұсыну әдістері қарастырылуы қажет.
Мультимедиа – әртүрлi формада ұсынылған ақпараттарды бiрiктiруге
мүмкiндiк беретiн компьютердiң аппараттық және бағдарламалық құрал-
дары кешенi (И.И. Косенко).
Мультимедиа – графика, гипермәтiн, дыбыс, анимация, бейнеақпарат-
тарды пайдалануға мүмкiндiк туғызатын аппаратты-бағдарламалық құрал
(И.Вернер).
Мультимедиа терминi латын тiлiнiң “multy” (көп) және “media” (орта)
деген сөздерiнiң бiрiгуiнен құралған, сондықтан мультимедиалық жүйеге
арналған оқулықтарды, ғылыми еңбектердi талдай келе бұл терминге
„ақпараттық орта” деген мағына беруге болады. Ал ақпараттық орта түсiнiгiн
белгiлi бiр ортада ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы
ақпаратты ұсыну мен өңдеуге бағытталған арнайы ұйымдастырылған
үдеріс деп айтамыз. Мультимедиа – компьютерлiк графикамен, суреттер-
мен, бейнеақпараттармен, анимациямен, мәтiндермен, жоғары сапалы дыбы-
стармен жұмыс iстеудi қамтамасыз ететiн интерактивтi жүйе.
Мультимедиа:
– ақпараттарды өңдейтін құралдарды жасаудың, пайдаланудың тәртібін
анықтайтын технология;
– ақпараттарды өңдеу мен ұсыну технологиясы негізінде құрылған
ақпараттық ресурс;
– ақпараттарды өңдеу мен ұсынуға мүмкіндік беретін компьютерлік
бағдарламалық жабдық;
– пайдаланушыға бағдарламалық және техникалық құралдарды пайда-
ланатын ақпараттық технологиялар спектрі.
Мультимедиалық технологиялар – әртүрлi типтi мәлiметтердi дайындау,
өңдеу, ұсыну әрекеттерiн аппараттық және бағдарламалық жабдықтарды
пайдалану арқылы жүзеге асыратын технологиялар жиынтығы.
Бiлiм берудегi мультимедиа – таным үдерісiнiң жоғарылауына септiгiн
тигiзетiн, бiлiм беру мазмұнын интерактивтi пішінде ұсынатын дидактикалық