Каз Мектеп-12-2016. indd


www .kazmektep.kz ҚАШЫҚТЫҚТАН  ОҚЫТУДЫҢ  ПЕДАГОГ



жүктеу 4,55 Kb.
Pdf просмотр
бет45/50
Дата15.05.2018
өлшемі4,55 Kb.
#13931
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50

92
www
.kazmektep.kz
ҚАШЫҚТЫҚТАН  ОҚЫТУДЫҢ  ПЕДАГОГ
КАДРЛАРДЫҢ  БІЛІКТІЛІГІН  
АРТТЫРУДАҒЫ  РӨЛІ
Гүлайым  САДЫҚОВА
Әлия  ЖАЙЛАУБАЕВА,
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ОҚО ПҚБАИ 
аға оқытушылары
Б
үгінгі  таңда  еліміздегі  білім  беру  жүйелерінің  кұрылымдарына  елеулі 
өзгерістер еніп, білім берудің заманауи жүйесі қалыптасуда. Қай елдің 
болсын,  заман  ыңғайына  қарай  экономикалық-қоғамдық  қатынастарының 
барлық  саласы  өзгеріп,  дамыған  сайын  білім  беру  жүйесі  де  өзгеше  мән-
мазмұнға  ие  болып,  сол  қатынастарға  сәйкес  дамитыны  табиғи  заңдылық. 
Заманауи  білім  беру  технологиялары  қаржы  қорының  байыбына  жетіп 
түсінудің, нарықты өркендету жолында күресудің тиімді құралына айналып 
отыр. Осы ретте қазіргі замандағы технологиялық жетістіктерге негізделген 
қашықтықтан  оқыту  (ҚО)  технологиясы  жетекші  рөл  атқарады.  Ол  – 
адамның тікелей білім алуына және өзіне қажетті ақпараттарды әртүрлі білім 
көздерінен іздестіруге, алуға деген құштарлықтарын іске асыратын үздіксіз 
білім беру жүйесі нысандарының бірі.  ҚО өндірістен қол үзбей білім алуға, 
Қазақстан азаматтарының шетелдерде, ал шетел азаматтарының біздің елде 
білім алуына, сондай-ақ  халықаралық білім беру кеңістігінде мойындалған 
ғылыми дәрежелерді алуға жол ашады, дүние жүзінің қалаған жерінде білімін, 
біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді. 
Дүние  жүзі  бойынша  ҚО  технологиясын  өркендетудің  басты  мақсат-
тарының  бірі  –  оқушылардың  кез  келген  мектептер,  колледждер  мен 
университеттердегі  оқу  бағдарламалары  бойынша  оқып,  білім  алулары-
на  жағдай  туғызу.  ҚО  жағдайында  ғана  білім  алушылардың  бір  елден 
екінші  елге  орын  ауыстыруларына  шектеу  қойылмайды  және  айтарлықтай 
кедергілер  кездеспейді,  сондай-ақ  білім  беру  жүйелерінің  идеялары  бір 
арнаға тоғыстырылып, білім беру ресурстарын өзара алмастыруда болашағы 
зор  жаңа  істерді  өркендетуге  мүмкіндік  туады.  Ол  мүмкіндіктерді  пайда-
лану бағытында біздің  еліміздің де  оқу орындарында   бірқатар  іс-шаралар 
атқарылуда. ҚО енгізуде  негізге алатын нормативті құжаттар да бар: ҚР Білім 
және ғылым министрлігінің «Оқу процесін қашықтықтан білім беру техно-
логиялары бойынша ұйымдастырудың Ережесі» және «Қашықтықтан оқыту 
технологиялары бойынша оқытуды ұйымдастыру» стандарты [1,2]. 
Бүгінгі таңда ақпараттық қамтамасыз ету жүйесіне баса мән бермейінше, 
білім берудің ақпараттық технологияларын, дәлірек айтқанда, электрондық 
оқулық  және  бейнефильмдерді,  басқа  да  электрондық  басылымдарды 
қашықтықтан оқытудың спутниктік арнасы арқылы ендірмейінше, кез келген 
әлеуметтік-экономикалық саланың алға басуы мүмкін емес.  Республикалық 
білім беруді ақпараттандырудың ғылыми-әдістемелік орталығы ақпараттық 
қарым-қатынастық  технологиялардың  білім  берудегі  педагогикалық 
мүмкіндіктерін  зерттеу  жолында  ЮНЕСКО  институтының  тірек  нүктесіне 
жатады  және  онымен  бірге  қашықтықтан  оқытудың  спутниктік  каналын 
ендірудің  бірлескен  жобасын  жүзеге  асыруда.  Олай  болса,  қашықтықтан 
оқыту  мәселелері    білім  беру  жүйесіндегі  өзекті  мәселелердің  бірі  екені 
айқын.
Сонымен, ҚО жүйесі – ақпараттық, компьютерлік телекоммуникациялық 
құралдарды  пайдалану  тәсілдері  ғылыми  тұрғыда  негізделген  білім  беру 


93
www
.kazmektep.kz
жүйесі.  Оның  негізгі  үш  ішкі  жүйесін    ажыратамыз:  дидактикалық  жүйе; 
технологиялық жүйе; қамтамасыз ету жүйелері.
ҚО  жүйесін  ұйымдастыруға  арналған  нормативтік  құжаттарға  сүйене 
отырып, білім беру жүйесін ақпараттандыру мәселелері бойынша зерттеумен  
айналысқан ғалымдардың еңбектерін зерделей келе, оның білім саласындағы 
рөлін  көрсету  мақсатында  алдымен  негізгі  ұғымдардың  түсініктемесіне 
тоқталайық.
ҚО-дың негізгі ұғымдары мен анықтамалары:
– тьютор (Tutor) – оқу материалын игеруге бақылау жұмыстарын жүзеге 
асыратын қашықтықтан білім беру технологиясының оқытушы-консультанты;
– контент – ақпараттық толықтыру – мәтін, графика, мультимедиа және 
өзгеде ақпараттық толықтырулар;
– тьюторлық сыныптар – компьютерлер,  бейне мониторлар және  басқа 
да ақпараттық-коммуникациялық құралдармен жабдықталған сыныптар.
ҚО-дың ұстанымдары: 
–  қашықтықтан  оқыту  жүйесінің  білім  беру  үдерісін  жобалаған  кезде 
оған педагогикалық көзқарастың үстемділігі;
–  жаңа  ақпараттық  технологияларды  қолданудың  педагогикалық  тұр-
ғыдан тиімділігі;
білм берудің мазмұнын таңдау;
– қашықтықтан оқыту жүйесі ағымындағы ақпараттардың қауіпсіздігін 
қамтамасыз ету;
– білім берудің бастапқы (старттық) деңгейі;
– оқытудың технологиясына сәйкестілік;
оқытудың мобильділігі;
– қашықтықтан білім берудің қолданыстағы білім берудің басқа формала-
рына қарама-қайшы немесе кедергі болмауы.
ҚО-дың  білім  саласындағы  мақсаттары  Қазақстандағы  қашықтықтан 
білім  беру  жүйесінің  мақсаттары  ЮНЕСКО-ның  әлемдік  қауымдастықтың 
алдына қойған ғаламдық мақсаттарымен сәйкес айқындалады. Олар:
–  жекелеген,  икемді  бағдарламалар  бойынша  оқу  мүмкіндіктерін 
берудің  есебінен  білім  алушылардың  сапалық  тұрғыда  жаңа  академиялық 
ұтқырлығын қамтамасыз етуге жағдай жасау;
–  отандық  білім  берудің  дәстүрлеріне,  әлемдік  озық  педагогикалық 
тәжірибе мен ақпараттық технологияларды пайдалануға негізделген кешенді 
білім беру бағдарламасының есебінен білім берудің жоғары сапасы мен стан-
дарттарын сақтай отырып дамыту;
–  телекоммуникациялық  технологияларды    жоғары  және  орта  мектеп-
тердің білім қорларын жинақтауға, сақтауға және көбейтуге қолдану  арқылы 
оларды өзгерту, жаңалау және тарату;
– Қазақстанды әлемдік білім беру кеңістігіне орнықтыру;
–  дене  кемістіктері  бар  немесе  білім  беру  үрдісінің  дәстүрлі  нысан-
дарының  шеңберінде  оқуға  мүмкіндігі  жоқ  адамдардың  білім  алуына 
мүмкіндік жасау;
–  жоғары  оқу  орындарының  Қазақстан  территориясында  біркелкі  ор-
наласпауына  байланысты  туындайтын  әлеуметтік  мәселелерді  шеше  оты-
рып азаматтарға тұрғылықты жерінде тұрып, өндірістен қол үзбей білім алу 
мүмкіндігін беру;
– білім беру қызметін экспорттау есебінен дамыту;
–  экономиканың  басым  салаларын  білікті  кадрлармен  қамтамасыз 
ету үшін мамандарды кең көлемде әрі сапалы даярлау, қайта даярлау және 
кәсіптік біліктіліктерін арттыруды жүзеге асыру. 
 ҚО оқыту жүйесінде жиі қолданылатын оқыту тісілдері мен құралдары. 
Оқыту тәсілдері: демонстрация, иллюстрация, түсіндіру, әңгімелеу, тап-


жүктеу 4,55 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау