Фариза Оңғарсынова Өлеңдер жинағы



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет10/26
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#13536
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26

мәпелеген мақтанышымын. 
Айдыныңды сенің айна қып әркез ақша бетімді қараушы ем, 
сен—Атыраудың ақ еркесі болғанда, 
мен—жағалауыңда жайқалып өскен балауса ем. 
Туған жердің төсінде сарқылмас махаббатындай 
сылдырап аққан бұлағым,мақтаныш едің маған сен. 
Арманымдай менің мөлдірсің өзің қашаннан, 
мен жұрт айтып жүрген хор қызы сынды болсам да, 
сұлулығыңнан сенің аса алман. 
Әділетсіз мынау дүниеден енді алаулап күйіп барамын,тұңғиығыңды 
құшсам, жанымның өртін басар ма?! 
Қартаюды білмес толқындар сенде жасайды-ау, шіркін, мәңгілік! 
Жібектің зарын болашақтарға жеткізгейсіңдер ән қылып. 
Кош, елім, қош бол, қазақтың байтақ өлкесі, 
қиянат қысқан заманнан мынау мен кетіп барам сор кешіп, 
Ақжайықтай асыл анамның төсін құшайын, 
Төлеген сүйген денемді менің қалмасын қара жер тесіп. Қош!… 
1965 
 
* * * 
 
Табыстық. Екеуіміз де көктем едік. 
Бір кештік су демедік, от демедік. 
Соншалық ұғысқаннан,бірімізге 
біріміз тіл қатпай-ақ өкпеледік. 
Оянып сүйіскенде ала таңнан, 
сезімдер мөлдір шықтай жаңа тамған, 
ұғамыз қос жүректің тіл қатысын 
иыққа тиіп кеткен алақаннан. 
Ол менің (сенің де!) өшпес кезім ыстық. 
Бақыттан көрмейді әлі көзіміз түк. 
Мен мұнда, сен жырақта жүргенде де 
біріміз бірімізді сезіністік. 
Рақат теңізінен жүзіп ішіп 
келеміз. 
Кетті талай мұз ығысып. 
Көре алмас көздер ғана көлденеңдеп, 
біреулер қадалады қызығысып. 
өзіңсіз қызықтырмай мені еш мекен, 
сенімен жұмақты да елестетем. 
Ал жұрттың таңдануы — 
мұндай сезім 
тым сирек бір құбылыс емес пе екен? 
1968 
 
АЛАУ 
/мәңгілік отпен мұңдасу/ 
 
Жүргенде кейде қалжырап, 
түндерде ойларым тұншықтырғанда, сан жылап, 
сенгендерімнен кеткенін көріп ар жырақ, 
тауларым шөгіп, 


мұз боп қатқандай бар бұлақ, 
өзегімді өртеп өршеленгендей даламда от, 
мен үшін мынау дүниенің бәрі караң боп 
кетсе де ғажап: тынымсыз өмір бәз қалпы - 
түндерден кейін нұр шашып жатты таң бірақ. 
Жүрегімді менің жаншыған ауыр күдіктен 
арылсам деген үмітпен 
жаныңа келдім сенделіп ессіз жүріп мен, 
/үміткерлерім, мені осындай деп біліп пе ең?!/ 
өзіңнен өзге мәңгілік нәрсе бар ма деп, 
үзілгелі тұрған сенімімді менің жалға деп, 
іздедім сенен үмітке ем. 
От жанарлардан баяғы балғын нұр қашып, 
алып еңсені мұң басып, 
қажығандар мен бақытқа батқан шын ғашық 
кетпейді мұнан көңілін баспай сырласып. 
Мәңгілік оттан /сыр ғой ол жатқан тұңғиық/ 
алғандай сонда жүректеріне нұр қүйып: 
байғұс та жүрген нан жеумен ғана шектеліп, 
жігерсіздер де кектеніп, 
кетіп жатады биіктерді аңсап қырды асып. 
Ерлікке тұнып далиып жатқан қыр анау, көкірегінде мың алау... 
Осыны көрген отты адамдарға қапыда... кешірімсіз ғой тұралау... 
Қажыған бойға 
жалыныңмен сенің қан жүріп, 
оқ атқандарды дал қылып, 
лапылдап жүрген сендегі мынау от сезім сене алмайтын да шығар-ау. 
Жанарларды басып жүргенде бейуақ мұң-тұман, алдыңа келіп 
жүректер талай бұлқыған, 
Сөнбейтін сәуле — махаббат алған жұртынан, 
өзіңді ойласам, айналам менің мұң-тұман. 
ұрпағы мынау өлмес даңқыңды 
өрлетіп, 
ерлігіменен дұшпан біткенді сорлы етіп, 
самғайды көкке даладан ұшқан кіл қыран. 
Сендегі мәңгі қасіреттен туған ерліктен 
от алып мен де алаулап алға үмтылам! 
1968 
 
 
* * * 
Өмірде мынау менің бір 
қоштаспас мәңгі досым бар. 
Ол—менің жолым сенімді, 
болашақтарға жосылған. 
Шарласам түгел аймақты, 
терсем де қырдың гүлдерін, 
барсам да қашан, қай жаққа — 
сол досымменен біргемін. 
Қымбат-ау кәрі- жасқа да, 
шын досқа, шіркін, не жетсін! 
Болмасын құның басқаға, 


сен оған бірақ қажетсің. 
Дос барда саспай табамын 
жұмбақ сырлардың шешімін. 
Өзімен бірге қағамын 
тәкәббар өлең есігін. 
Өмірдің бетке алып шырқап кетем мен. 
Қияға самғап жас жаным, 
арман шыңдарға жетем мен. 
Ананың аңсап құшағын 
сағынып кеткен шақта мен, 
сол доспен бірге ұшамын 
ақ көңіл ауыл жаққа мен. 
өмірдің өзі сый қылған 
жол - серік саған, маған да. 
Тұра сап таңда ұйқымнан, 
кетемін жолмен тағы алға. 
Мені өмір талай сүңгіткен 
жалғыздық деген айдынға. 
Арыл да бір сәт мұң-жүктен, 
дос барда, жүрек, қайғырма! 
Қиналсам, дәйім тосты алдан, 
сүйремей алға тынбайды. 
Әкеме жандай дос болған 
жол мені адастырмайды... 
1966 
 
 
СҮЙГЕН СҰЛУ 
 
Сенің көзің көк те емес, қара да емес - 
қой көзді деп атайды мұндайларды. 
Ол көздердің оты да ғажап емес, 
бірақ маған сол жанар нұрдай мәңгі. 
Сенің көркің ерекше емес, тегі, 
(дәрі боп па қыздарға сарылығың!) 
Бірақ маған “керім” боп елестедің, 
саған ғана табынды бар ұғымым. 
Мен үшін сен — бәрісің тіршіліктің, 
жаным ұйып тек саған сыр ағыттым. 
Осы екен ғой, мен жаңа бір сыр ұқтым, 
“Сүйген — сұлу” дейтіні бұ халықтың. 
1959 
 
ӨЗІМ ТУРАЛЫ 
 
Қыз болып ойнамадым қуыршақпен, 
ерке еді мінезім де қыңырсоқтау. 
Тайқитын дөкей деген балалар да, 
“Бұл шатақ шығарады ұрынсақ”, - деп. 
Қыздардай білмедім мен қылымсуды, 
доп қудым балаларша трусимен. 
“Осыным өзгелерден бөлектеу”, - деп, 


сонда да аяулы ана қызын сүйген. 
Сондағы бала мінез, қайсар қылық 
көрмеген мені ешкімнен тайсалдырып. 
..Болдым да саған ғашық ойда жоқта, 
менде бір пайда болды байсалдылық. 
1958 
 
 
ЖАСТЫҚШАҚҚА ГИМН 
 
Шешпеген сұрақтарымның жауаптарынан, 
жетпеген мұраттарымның абат бағынан, 
әділет аңсар жалғанның жеңістерінен, 
өкпелеп кеткен жандардың келіскенінен, 
алынбаған асқарларымның жалқын жонынан, 
жазылмаған дастандарымның жарқын жолынан, 
жетпеген армандарымның көктемдерінен, 
шықпаған заңғарларымның өткелдерінен 
мен сенің тұлғаңды көрем, 
ұрпаққа жыр боп қалатын жылдарды көрем, 
жауынды дауыл, қара түн сындарды көрем, 
сағыныштан да тәттірек мұңдарды көрем, 
о, алау жастығым менің! 
1967 
   
 
 
ҚЫРДАҒЫ  БӘЙГЕ 
 
Бәйгеге бүгін жиылып, 
Қалмады кәрі, жасың да. 
Атбегілер жүр бұйырып 
шабандоз бала қасында. 
Шалғынға тіккен ақ үйлер — 
сәні ғой, шіркін, даланың! 
Жеңгейлер жатыр нан илеп, 
әзірлеп қымыз-шарабын. 
Жүректе жастық тынбай ма — 
дабырлап отыр шалдар да. 
Қазақта біздің мұндайда 
қызынбай тұрар жан бар ма! 
...Баппенен аттар бастады 
базарын осы 
түздің бір. 
- Әйтеуір, бала, саспағын, 
қайтарда босат тізгінді! 
Жөнеді аттар біріндеп, 
ілезде-ақ үзіп қарасын. 
Жаңғыртып кетті дүбірлер 
аспан мен жердің арасын. 
- Әнеки, біреу келеді! 
- Жарайсың, шіркін, сәйгүлік! 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау