74
3)
өз ойын жүйелі жəне сауатты тұжырымдау жəне айта білу, ғылыми
мəтіндермен жəне көпшілік алдында сөйлеу жұмыстарында ауызша жəне
жазбаша сөйлеу дағдыларын меңгеру;
4)
арнаулы мəтіндерді түсінуде жəне тілдесуде шет тілі білімін қолдана
алады;
5)
компьютерде, оның ішінде интернеттік компьютерлік жүйеде жұмыс
істеу дағдыларын меңгерген, ақпараттарды алу, өңдеу, сақтаудың негізгі
əдістерін, тəсілдерін, құралдарын қолданады;
6)
адамгершілік мінез-құлықтың негіздері мен нормаларын
игерген;
7)
гигиенаның, еңбекті қорғау жəне сыртқы жағымсыз əсерлерден
қорғау ережелеріне сай салауатты өмір сүру дағдыларын қалыптастыруға
қабілетті.
1 курс студентінің кəсібиқұзыреттілігі төмендегідей сипатталады:
1)
оқу-тəрбие процесін
модельдей білуге жəне өзінің білім беру
процесінде оны іске асыруға қабілетті;
2)
кəсіби этика ұстанымдарын сақтайды, кəсібінің жоғар əлеуметтік
маңызын
түсінеді;
3)
нəтежеге бағытталған оқыту мен оқушыларға өзгермелі еңбек нарығына
бейімделу үшін қажетті жəне оларға белсенді əрі жауапкершілігі мол азамат болуға
мүмкіндік беретін құзіреттіліктерді дамытуға көмектесетін ұтқырлыққа қабілетті.
1 курс студентінің пəндікқұзыреттілігі төмендегідей сипатталады:
1)
орта білім беру ерекшелігін жете түсінеді;
2)
математиканы оқытудың технологиялары мен теориялық білім
негіздерін
қолдануға қабілетті;
3)
теориялық, іргелі жəне қолданбалы математика білімін
қолдауға
қабілетті;
4)
физика-математикалық аппараттарды, заманауи компьютерлік
технологияны практикалық есептерді шығаруда қолдауға қабілетті.
«Элементар математика» пəнін оқу негізінде студент, жалпы білім
беретін мектептегі математика пəнінің мазмұны бойынша терең, жан жақты
теориялық жəне практикалық құзіреттіліктерді меңгерулері керек.
Пререквизиттер:математика, алгебра, алгебра жəне анализ бастамалары, геометрия.
Постреквизиттер:математикалық анализ, алгебра жəне сандар
теориясы,
геометрия,
математикалық
есептерді
шешу
практикумы,
математикалық есептерді шешудің əдістемелік негіздері, математиканы
оқыту əдістемесі, дифференциалдық теңдеулер, ықтималдықтар теориясы
жəне математикалық статистика, функционалдық анализ, математикалық
логика жəне т.б. арнайы пəндер.
ПƏННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
№
Пəннің мазмұны
I
Негізгі бөлім
1бөлім
Сандар
75
ПƏННІҢ МАЗМҰНЫ
I. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 бөлім. Сандар
Натурал сандар. Натурал сандарға арифметикалық амалдар қолдану.
Натурал сандардың бөлінгіштік қасиеттері. Жай жəне құрама сандар. Ең
үлкен ортақ бөлгіш жəне ең кіші ортақ еселік.
Рационал сандар. Жай бөлшектер. Дұрыс жəне бұрыс бөлшектер.
Бөлшектің негізгі қасиеттері, бөлшекті қысқарту жəне ортақ бөлімге келтіру.
Ондық бөлшектер, пайыздар, шексіз периодты бөлшектер. Рационал сандар
жиыны.
Нақты сандар. Иррационал сандар жəне сандық түзу. Сандарды
салыстыру жəне сандық теңсіздіктер. Нақты санның модулі жəне олардың
қасиеттері. Пропорция жəне оның қасиеттері. Санның бүтін жəне бөлшек
бөлігі. Натурал, бүтін жəне рационал көрсеткішті дəрежелер, олардың
қасиеттері.
Комплекс сандар. Комплекс сан ұғымы. Комплекс сандарға
арифметикалық амалдар қолдану. Комплекс санның түбірлерін табу.
2 бөлім. Өрнектер
Өрнек ұғымы. Өрнектің мəні, өрнекті тепе-тең түрлендіру, өрнектің
мəндері, тепе-теңдіктер.
Алгебралық өрнектер. Бірмүше жəне көпмүше ұғымы, олардың
қасиеттері.
Қысқаша
көбейту
формулалары
жəне
көбейткіштерге
жіктеу.Бөлшек-рационал өрнектер. Рационал өрнектер жəне олардың
қасиеттері. Рационал бөлшектерді қысқарту жəне ортақ бөлімге келтіру.
Рационал өрнектерді түрлендіру. Иррационал өрнектер. Иррационал
өрнектерді түрлендіру.
Трансценденттік өрнектер. Тригонометриялық өрнектер жəне оларды
түрлендіру. Көрсеткіштік, логарифмдік өрнектер жəне оларды түрлендіру.
2 бөлім
Өрнектер
3 бөлім
Функциялар
4 бөлім
Теңдеулер жəне теңдеулер жүйесі
5 бөлім
Теңсіздіктер жəне теңсіздіктер жүйесі
6 бөлім
Математикалық анализ элементтері
7 бөлім
Комбинаторика элементтері
8 бөлім
Планиметрия
9 бөлім
Стереометрия
II
Студенттердің оқытушы жетекшілігімен орындайтын
өзіндік жұмыстары
III
Студенттердің өзіндік жұмыстары
IV
Аралық бақылаусұрақтары
V
Ұсынылатын əдебиеттер тізімі