Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



жүктеу 0,81 Mb.
Pdf просмотр
бет19/26
Дата14.05.2018
өлшемі0,81 Mb.
#13480
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26

58 

 

Түсінік хат 

 

«Математиканы  оқыту  əдістемесі»  курсы  математиканың  оқу  пəні 



ретіндегі  өзіндік  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  дидактиканы    нақтылай 

түседі,  психологиялық-дидактикалық  негізде  жалпы  əдістемелік  идеяларды, 

қағидалар  мен  нұсқаулықтарды  жасайды,  сонымен  қатар  осы  білімдерді  

мектеп  математика  курсының  нақты  тақырыптарын  оқып-үйренуде  

қолданудың  жолдарын  айқындайды.  Курс  негізінен  алғанда,  Қазақстан 

Республикасының  қазіргі  заманғы  жалпы  білім  беретін  мектептері 

математика  пəні  мұғалімдерінің  кəсіби  дайындық  деңгейінің  сапасын  

қамтамасыз етуге бағытталған.  

«Математиканы  оқыту  əдістемесі»  педагогикалық  пəндер  циклына 

жатады жəне оны философиялық, психологиялық, жалпыдидактикалық жəне 

математикалық  дайындықтан  өткен  білім  алушылар  оқып-үйренеді. 

Дайындықтың 

осы 

деңгейін 



ескере 

отырып, 


əдістемелік 

курсты 


«Математиканы  оқыту  əдістемесі  бакалавриаттағы  оқу  пəні  ретінде»    атты 

тақырыптан бастау тиімді болып табылады. 

«Математика  жалпы  білім  беретін  мектептердегі  оқу  пəні  ретінде» 

жəне  «Математиканы  оқытудың  əдістері  мен  заманауи  технологиялары» 

тақырыптары  жалпы  білім  беретін  мектептің  негізгі  жəне  жоғары 

буындарында 

математиканы 

оқытудың 

мақсаты 

мен 


міндеттеріне, 

мазмұнына,  құралдарына,  əдістеріне  жəне  заманауи  технологияларына  шолу 

жасауға арналады.  

«Мектеп 


математика 

курсының 

негізгі 

мазмұндық-əдістемелік 

бағыттары  жəне  оны  оқытудың  əдістемесі»  жəне  «Мектепте  математикадан 

оқу жұмысын ұйымдастыру» атты тақырыптар курстың негізгі тақырыптары 

болып табылады, олар жалпы əдістемелік идеялар мен қағидаларды мектепте 

математиканы оқыту барысында нақты мысалдармен көрсетіп беруді жүзеге 

асырады.    Бұл  өз  кезегінде,  жалпы  əдістемеден  дербес  əдістемеге  көшуді 

қамтамасыз етеді.  

Курсты 

оқып-үйрену 



«Математиканы 

оқыту 


əдістемесі 

пəні 


педагогикалық 

ғылым 


ретінде» 

тақырыбымен 

аяқталады, 

мұнда 


студенттердің  əдістемелік-математикалық  ғылымның  объектісін,  пəнін, 

мақсаты мен міндеттерін, зерттеу əдістерін меңгеруі қамтамасыз етіледі. Бұл 

білімдерді  олар  курстық  жəне  дипломдық  жұмыстар  жазуда,  сондай-ақ 

өздерінің болашақтағы əдістемелік жəне ғылыми-зерттеушілік қызметтерінде 

қолдана алады. 

Пəннің  пререквизиттері:  Элементар  математика,  Педагогика, 

Психология

, Философия, Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, 

Білім

 беудегі менеджмент, Оқушылардың физиологиялық дамуы. 

Пəннің  постреквизиттері:  Кəсіби  (оқу,  педагогикалық,  өндірістік) 

практика,  Мамандық  бойынша  Мемлекеттік  емтихан,  дипломдық  жұмысты 

жазу жəне қорғау. 

 



59 

 

ПƏННІҢ МАЗМҰНЫ 



 

1. КІРІСПЕ 

 

Пəнді  оқытудың  мақсаты:  білім  алушыларды    жалпы  білім  беретін 

мектептерде  математиканы  оқытудың  нақты  жағдайларында  туындайтын 

оқу-əдістемелік  міндеттерді  кəсіби    тұрғыда  шешуде  қажет  болатын  білім, 

білік, дағды жəне құзіреттіліктер жүйесімен қаруландыру.  

Пəнді оқытудың міндеттері:  

–  математиканы  оқыту  барысындағы  педагогикалық  процестің  

оқушыларды  дамытудың  құралы  мен  факторы  ретіндегі  мəн-мағынасын,  

заңдылықтарын, тенденденциялары мен даму болашағын оқып-үйрену; 

–  жалпы  білім  беретін  мектепте  математиканы  оқытудың  əдістемелік  

жүйесінің  негізгі компоненттерін оқып-үйрену; 

– 

математиканы 



оқытудың 

педагогикалық 

процестің 

жалпы 


əдіснамасынан туындайтын əдістерін, мазмұнын, құралдары мен формаларын 

іріктеумен байланысты ғылыми  түсініктерді қалыптастыру;  

– математиканы оқыту процесінің мазмұны мен оны ұйымдастырудың 

психологиялық-педагогикалық негіздерін оқып-үйрену;  

–  математиканы  оқыту  барысында  техникалық  құралдар  мен  заманауи 

ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  қолданудың  мүмкіндіктері 

мен тəсілдерін оқып-үйрену;  

–  мектеп  математика  курсын  ізгілендірумен,  саралаумен  жəне  оқу 

процесін  ұйымдастырудың  əрекеттік  жəне  технологиялық  амалдары 

тұрғысынан  алғандағы  математиканы  оқытудың  қазіргі  заманғы  бағыттары 

туралы түсініктерді қалыптастыру; 

– білім алушылардың математика мұғалімінің кəсіби қызметінің негізгі 

түрлерін жүзеге асыруда қажет болатын тұлғалық жəне

 

зияткерлік сапаларын 



дамыту.  

Пəннің  оқыту  нысаны:  Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  жоғары  білім 

беру 


стандартының 

талаптарына 

сəйкес 

əдістемелік-математикалық 



білім,білік, дағдылар мен құзыреттіліктерді қалыптастыру процесі. 

Пəнді  оқыту  əдістері:  ғылыми-педагогикалық  əдебиетті,  мемлекеттік 

жалпыға  міндетті  білім  беру  стандарттарын,  оқу  бағдарламаларын, 

оқулықтар  мен  оқу-əдістемелік  құралдарға  теориялық  талдаулар  жасау,  озат 

педагогикалық  тəжірибелерді  бақылау,  оқып-үйрену  жəне  жалпылау, 

əңгімелесу, сауалнама, анализ жəне синтез, аналогия, классификациялау, т.б. 

Математиканы  оқыту  əдістемесі  ғылым  ретінде  қалыптасу  мен  даму-

дың  ұзақ    кезеңінен  өтті.  Оның  ғылым  ретіндегі  даму    кезеңдері  мектептегі 

математикалық  білім  беру  ісін  реформалаумен  тығыз  байланысты. 

Математиканы оқыту əдістемесіндегі маңызды өзгерістер XX ғасырдың   30-

ыншы,70-інші,сондай-ақ    90-ыншы  жылдары  жүзеге  асты.  Оның  дамуының 

келесі  кезеңі    Қазақстан  Республикасында  жалпы  білім    беретін  мектептер 

үшін  математикадан  отандық  білім  беру  стандарттары  мен  оқу-əдістемелік 

кешендердің жасалуы мен енгізілуіне байланысты.  



жүктеу 0,81 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау