34
Ақпараттық жүйелердің дамуындағы негізгі қадам файлдарды
басқарудың орталықтандырылған жүйелерін пайдалануға көші болып
табылады. қолданбалы бағдарлама тұрғысынан файл- деректерді жазып, одан
деректерді шығарып алуға мүмкңн болатын сыртқы жадының аталған
аймағы. Файлдарды атау ережесі- ондағы ақпараттарға қол жеткізудің амалы,
ол деректердің құрылымы файлдарды басқарудың нақты жүйесіне
байланысты. Файлдарды басқару жүйесі сыртқы жадыны таратып, ондағы
файлдардың атауын тиісті орындарда көрінуін қамтамасыз етеді.
Файлдардың нақты модельдерімен стандартты операцияларды іске
асыра алады:
- файлды құру (талап ететін типі мен көлемі);
- бұрынырақта жасалған файлды ашу;
- Файлдағы жазуды оқу;
- файлға жаңа жазуды қосып, файлдың аяғына жаңа жазуды қосу.
Әртүрлі файлдық жүйелерде бұл операциялар бір-бірінен ерекшеленіп
тұрғанымен, жалпы мағынасы осыған келіп саяды. Мұндағы файлды жазу
құрылымы тек қана онымен жұмыс жасайтын бағдарламаға мәлім болды,
файлдарды басқару жүйесі одан бейхабар болып отырды. Сондықтан да
файлдан белгілі бір ақпаратты шығарып алу үшін файлды жазу құрылымының
ерекшелігін битке дейінгі нақтылықпен білу керек. Әрбір бағдарламада
файлдың құрылымына сай болатын деректер құрылымы болуы тиіс.
Сондықтан да файлдың құрылымын өзгерту барысында бағдарлама
құрылымын өзгерту қажет еді, яғни ол компилляцияны- орындалатын
машиналық кодтарға бағдарламаны ауыстыруды талап етеді. Яғни
бағдарламалар файлдарға тәуелді болғанда болды. Ақпараттық жүйелерге тән
нәрсе алуантүрлі тұтынушылардың (бағдарламалар) болуы және олардың
барлығының бірдей файлдарда сақталатын информацияны өңдеудің өзіндік
спецификалық алгоритмдері бар. Бір бағдарлама үшін файл құрылымының
өзгеруі сол файлмен жұмыс жасайтын басқа бағдарламалардың да қосымша
реттелуін қажет етеді. Аталмыш кемшіліктің болуы ақпарат сақтау мен
басқарудың жаңа жүйелерінің пайда болуына әкелді.
Файлды жүйелер әртүрлі бағдарламаларға тиесілі файлдардың жалпы
қоймасы болғандықтан, файлдарды басқару жүйесі файлдарға қол жеткізудің
авторизациясын қамтамасыз ету керек. Жалпы түрде әрбір есептеуіш жүйенің
тіркелген тұтынушысы үшін қолда бар файлдың әрқайсысына іс әрекеттер
белгіленген. Заманауи жүйелердің көбісінде файлдарды басқарудаОС UNІX-
те алғаш пайдаланылатын оларды қорғау жүйесі қолданылады.
Бұл операциялық жүйеде әрбір тіркелген тұтынушыға бүтінсанды
идентификатордың жұбы сәйкес келеді. Бірінші идентификаторға тұтынушы,
екіншісі топағы өзіндік идентификатор жатады. Әр файлда оны құрған
тұтынушының толық идентификаторы сақталады және ол файлды басқа топ
тұтынушылары қалай пайдаланатыны бекітіледі. Файлға қол жеткізу режимін
басқару негізінен оны жасаушы іске асырады. Бір пәндік аймақтағы
ақпараттық модельді бейнелейтін көптеген файлдар үшін осындай орталыққа
35
бағынбайтын
принциппен
жұмыс
жасау
тиімсіз
болды.
Орталықтандырылмаған басқару әдістерінің болмауы ДҚБЖ жасау себебінің
бірі.
Көптеген тұтынушылардың бір файлдармен қатарынан жұмыс жасауы
үшін ДҚБЖ ұйымдастыру керек болды. Жалпы жағдайда файлдарды басқару
жүйесі көптұтынушылық қолжеткізуді қамтамасыз ету үшін керек. Егер
операциялық жүйе көптұтынушылық режимді қамтамасыз етсе, онда бір
мезетте екі немесе одан да көп қолданушылардың бір файлмен жұмыс істеуі
әбден мүмкін. Егер барлық қолданушылар файлды тек оқығысы келсе, онда
ештеңе болмайды. Алайда біреуі болса да файлды өзгерткісі келген жағдайда,
бұл қолданушылардың дұрыс жұмыс істеуіне олардың файлға деген іс-
әрекетінің өзара синхронизациясы қажет болады.
Файлдарды басқару жүйесінде әдетте келесідей тәсіл қолданылған.
Файлды ашу кезінде (файлмен жұмыс жасау кезіндегі бірінші әрі міндетті
операция) басқа да параметрлердің ішінен жұмыс істеу режимі (оқу немесе
өзгерту режимдері) таңдалатын. Осы операцияның PR1 тұтынушылық
процесімен орындалуы кезінде кейбір файл басқа PR2 процесімен өзгерту
режимінде ашық болған жағдайда, онда жүйенің ерекшеліктеріне байланысты
PR1 процесіне файлды ашуға рұқсат жоқ екені хабарланатын, болмаса PR2
процесі файлды жабу операциясын орындағанша бұғатталатын. Бір уақытта
бірнеше қолданушының жұмысын ұйымдастырудың мұндай тәсілі кезінде
файлдың модификациясына байланысты жұмыс не орындалмайтын, не өте
ұзақ уақытты алатын.
Бұл
кемшіліктер
ақпараттық
жүйені
құрастырушылар
үшін
ақпараттарды басқарудың жаңа әдісін ұсынуға итермеледі. Бұл әдіс жаңа
бағдарламалық жүйелер негізінде құрастырылды, кейіннен ол - деректер
қорын басқару жүйесі (ДҚБЖ) деп, ал осы жүйенің басқаруымен жұмыс
істейтін ақпаратты сақтау деректер қоры немесе деректер банкі (ДҚ және
ДБн) деп аталып кетті.
Бірінші кезең – үлкен ЭЕМ-дерде деректер қоры.
ДҚБЖ-ның даму тарихы 30 жылды қамтиды. 1968 жылы ең бірінші IBM
компаниясының өнеркәсіптік ДҚБЖ ІMS жүйесі қолданысқа берілді. 1975
жылы деректерді өңдейтін тілдер бойынша бірінші ассоциация стандарты –
Conference of Data System Languages (CODASYL) пайда болды. Ол деректер
қоры жүйесі теориясында әлі күнге дейін деректердің желілік моделінің негізі
болып табылатын бірнеше фундаменталды түсініктерді қалыптастырды.
Деректер қоры жүйесі теориясының дамуына үлкен еңбек сіңірген
деректердің реляциялық моделін құрастырған америкалық математик Э. Ф.
Кодд болып табылады. 1981 жылы Э.Ф.Кодд реляциялық модель мен
реляциялық алгебраны құрастырғаны үшін есептеу техникасы бойынша
Америкалық ассоцияның Тьюринг беделгі сыйлығын алды.
Одан кейін 200 жылдай уақыт өтсе де, есептеу техникасының және оның
қоғамдағы рөлінің, дербес ЭЕМ-дердің және ЭЕМ-нің қуатты жұмыс
станциялары мен желілерінің жылдам дамуы деректер қоры технологиясының