40
Деректер қорын басқару жүйесінің даму перспективалары.
Бұл деңгей интранет – ақпаратқа рұқсаттаманың жаңа технологиясының
пайда
болуымен
сипатталады.
Аталмыш
деңгейдің
клиент-сервер
технологиясынан негізгі айырмашылығы: арнайы клиенттік бағдарламалық
қамтаманы қолданудың еш қажеттілігі жоқ. Алыстатылған деректер қорымен
жұмыс істеу үшін Microsoft Internet Explorer немесе Netscape Navigator
сияқты интернет-браузерлер пайдаланылады, яғни соңғы қолданушы үшін
ақпараттарға сұраныс жасау ғаламтормен жылжу процесіне ұқсайды (Сурет-
2.2.8). Java, Java-scrіpt, Perl және т.б. тілдерде жазылған HTML-парақшалар
коды арқылы қолданушының барлық іс-әрекетін бақылап, оны төменгі
деңгейдегі SQL-сұраныстарға жібереді. Осы арқылы ол клиент-сервер
технологиясында клиенттік бағдарламаның қызметін атқарады. Тәсілдің
ыңғайлылығы тек қана оның деректер қорына алшақтатылған рұқсаттаманы
қолдануға ғана емес, сонымен қатар ұйымның локальді желісінің
қолданушыларының пайдалануына да әкелді. Күрделі алгоритмдермен
байланыспаған деректерді өңдеудің қарапайым есептері берілген архитектура
бойынша оңай және тиімді құрастырылуы мүмкін. Бұл жағдайда берілген
есепті пайдаланатын жаңа қолданушыны қосу үшін қосымша клиенттік
бағдарламалық қамтаманы орнатудың қажеті жоқ. Бірақ, алгоритмі күрделі
есептерді арнайы клиенттік бағдарламалық қамтаманың көмегімен клиент-
сервер архитектурасында шешкен абзал.
Жоғарыда аталып өткен барлық деректермен жұмыс істеу әдістерінің
өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар, олардың қолданылу аясы сол
ерекшеліктеріне қарай анықталады және қазіргі таңда бәрі кең қолданыста
жүр.
Сурет 2.2.8 – Интранет технологиясында деректер қорымен қарым-қатынас
41
2.2.9 Microsoft SQL Server жайлы ақпарат
Microsoft SQL Server деп – деректер қорын басқарудың реляционды
жүйесін (ДҚБЖ) айтамыз. Деректер қорының реляционды жүйесінде
ақпараттар кестелерде сақтаулы болады. Өзара байланысы бар ақпараттар
кестелерге топтастырыла алу мүмкіндігі бар, сондай-ақ, кестелердің арасында
да байланыстар орнатылатын жағдайлар да кездеседі. Осыдан реляционды
деген атаудың бастамасы алынады, ол relational деген ағылшын сөзінен
алынған, қазақша аударғанда туыстық, байланысқан деген мағынаны
білдіреді. Пайдаланушылар мәліметтерге қосымшалардың көмегімен қол
жеткізе алады, ал администраторлар серверге тікелей өту мүмкіндіктері бар.
Масштабталатын деректер қорының бірі болып SQL Server
саналатындықтан, ол үлкен көлемдегі ақпараттарды сақтай алады, бірнеше
пайдаланушының жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызып, қамтамасыз ете алады.
Пайда болғаннан, яғни 1989 жылдан бастап ДҚБЖ SQL Server -і талай
өзгерістерге ұшырады. Ол өзгерістерге өнімнің масштабтала алу қабілеті,
оның тұтастығы, өнімділігі және функционалды мүмкіндіктерінің артуы
жатады. SQL алғашқы кезде жай ғана пайдаланушының дерекқормен жұмыс
жасауының әдісі болған және келесідей операцияларды орындауға мүмкіндік
берген:
- жаңа кестені мәліметтер қорында құрастыруға;
- ұйымдастырылған кестеге жаңа мәліметтерді қосуға;
- ақпараттарды өзгертуге;
- деректерді жоюға;
- бір немесе бірнеше кестелерден ақпараттарды алуға;
- кестелер құрылымдарын өзгертуге.
Уақыт өте SQL тілі жаңартылып, дамып, жаңа конструкциялармен
толықтырылып, жақсартылды. Мысалы, индекстер, көріністер, триггерлер,
сақтап қоюға болатын процедуралар, күрделі функциялар және т.б.
Клиент-серверлі немесе автономды «үстелдік» жүйе түрінде SQL Server
жүйесі жүзеге асырыла алады. Деректер қорына бір мезетте рұқсат алуға
міндетті қолданушылардың санына және орындалуға тиісті жұмыс сипатына
жобаланатын жүйенің типі байланысты болады.
SQL операторлары төменде көрсетілгендей түрлерге бөлінеді:
Деректерді анықтауға қатысатын операторлар (Data Definition language,
DDL):
- CREATE операторы деректер қорының объектілерін құрады, яғни
дерекқордың өзін, кестелерді, көріністерді, қолданушыларды, триггерлерді,
функцияларды және т.б. құрады;
- ALTER операторы объекттерді өзгерту үшін арналған;
- DROP операторы объекттерді жою үшін қолданылады.
Деректермен манипуляция жасауға арналған операторлар (Dаtа
Manipulation Language, DML):
42
- SELECT егер берілген шарттар қанағаттандырарлық болса, онда бұл
команда деректерді оқиды;
- INSERT операторы арқылы жаңа ақпараттарды қосады;
- UPDATE бар деректерді өзгерту үшін қажет;
- DELETE ақпаратты жоятын оператор.
Ақпараттарға қол жетімділікті анықтау үшін пайдаланылатын
операторлар (Data Control language, DCL):
- GRANT қолданушыға немесе топтарға объектпен белгіленген
операцияларды орындауға рұқсат, яғни привилегия береді;
- REVOKE операторының алдында берілген мүмкіндіктерді қайтарып
алу қабілеті бар;
- DENY тыйым салу операторы.
Транзакцияларды басқаруға арналған операторлар (Transaction Control
Language, TCL):
- COMMIT транзакцияларды қабылдау міндеті жүктелген оператор;
- ROLLBACK қазіргі транзакцияда істелінген барлық өзгерістерді
қайтара алу қабілеті бар;
- SAVEPOINT транзакцияны кішігірім бөліктерге бөлетін оператор.
2.2.10 Microsoft SQL Server -дің артықшылықтары және
кемшіліктері
SQL Server -дің артықшылықтарына мыналар жатады:
1. Нақты деректер қорының басқару жүйесінен тәуелсіздігі. Синтаксисі
мен диалектісінің айырмашылығы болса да, DDL және DML құрамынан
тұратын сұраныстарды SQL сұранысының мәтінінбір деректер қоры басқару
жүйесіненекінші басқа біреуіне оңай ауыстыруға мүмкіндігі бар.
2. Стандартының бар болуы.
3. Декларативтігі, яғни бағдарламашы SQL арқылы өзіне қажетті
ақпараттарды шығару немесе түрлендіре алу қабілеті бар.
Артықшылықтарымен қатар кемшіліктері де жоқ емес:
1. Реляционды деректер моделінің сәйкессіздігі. SQL-ді реляционды
деректер моделін құрастырған Эдгар Кодд, Кристофер Дейт және олардың
қасындағы көмекшілері мен сыбайластары, жақтаушылары шынайы
реляциондық тіл деп есептемейді. Олар Реляционды деректер моделінің
құрушылары Эдгар Кодд, Кристофер Дейт және олардың жақтаушылары
SQL-ді шынайы реляциондық тіл деп есептемейді. Олар SQL-дің төменде
көрсетілгендей ақауларын реляциондық теория көзқарасы бойынша
түсіндіреді:
- қатарлар – көшірме нұсқалар;
- анықталмаған мәндер (null);
- бағаналардың реттігін пайдалану;
- аты жоқ бағаналар мен қайталанатын бағаналар аты;
- «=» операциясымен дұрыс істемеушілігі;