В данном дипломном проекте сделан анализ работы центра обработки



жүктеу 0,91 Mb.
Pdf просмотр
бет3/32
Дата14.05.2018
өлшемі0,91 Mb.
#13267
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32

15 

Ақпараттық  жүйенін  сенімділігі,  компанияның  клиенттерге  көрсететін 

қызметтердің деңгейі, кәсіпорындағы жұмысшылардың еңбек өнімділігі АӨО-

нің  жұмысынан  тәуелді  болғандықтан  корпоративті  АӨО-ге  келесі  талаптар 

қойылады:  

- барлық ақпараттық жүйелердің үзіліссіз жұмысын қамтамасыз ету; 

- ақпараттарды тарату және өңдеудің жоғары өнімділігі

- ақпараттардың және приложениелардың қол жетімділігі; 

- ақпараттарды 

сақтаудың 

сенімділігі, 

сақтаудың 

жоғары 

сыйымдылығы; 



- тоқтап қалуларға төзімділік

- катастрофаларға төзімділік; 

- АӨО-ның  масштабталуының  жоғары  деңгейі  (компанияның  5-10  жыл 

белсенді дамуын ескергенде). 

Осылардың  шешімі  ретінде  ақпаратты  өңдеу  орталығының  кешенді 

қауіпсіздігі  іске  асырылады.  Осыған  келесі  қауіп-қатерлерден  қорғаныс 

жатады: 

- жабдықтардың және бағдарламалық қамсыздандырудың істен шығуы; 

- энергоқоректенудің жоғалуы; 

- өрт және түтіндеу; 

- рұқсат етілмеген қатынау, взлом, ақпараттың ұрлануы; 

- вирустар; 

- су басуы, температураның кенет өзгеруі, шаң-тозаң; 

- ғимараттың ішінара қиратылуы; 

- электромагнитті сәулеленулер. 

АӨО  жобалау  шешілетін  бизнес  есептер,  қауіпсіздікке  қойылатын 

талаптар,  тұтынушының  қалаулары,  бар  құрал-жабдықтарды  қолдану 

ескеруімен  орындалады  және  жобаның  архитектура-техникалық  шешімінде 

іске  асырылады.  Осындай  амал  қорғалған,  әртүрлі  өндірушілердің 

жабдықтарын  және  бағдарламалық  қамтамасыздандыруларынан,  соның 

ішінде    тапсырыс  берушінің  жүйелерінен  тұратын  гетерогенді  ақпаратты 

өңдеу орталықтарын жасауға мүмкіндік береді. 

АӨО  тағайындалуы  –  кәсіпорынның  ақпараттық  жүйесінің  берілген 

қолжетімділік,  қауіпсіздік  және  басқару  деңгейіндегі  кепілді,  тоқтаусыз 

жұмысын  қамтамасыз  ету.  Ақпаратты  өңдеу  орталығын  құру  технологиясын 

қолдану  кәсіпорындардың  төтенше  жағдайларда  ақпараттық  жүйелердің 

максималды  атқарымдығын  сақтайтын  резервті  штаб-пәтерлерін  құруға 

мүмкіндік береді.   

Атап  кетерлік  жайт,  тапсырыс  берушілер  көбінесе  жүйені  иеленудің 

жиынтық    құнын  минимизациялау  факторына  көңіл  бөледі.  Ол  энергия 

тұтыну,  қызмет  көрсету  және  сервис  шығындарынан  тұрады.  Ақпараттарды 

өңдеу орталығы (АӨО) әрбір заманауи компанияның IT инфрақұрылымының 

орталығы болып табылады және инженерлік пен желілік инфрақұрылымның, 

бағдарламалық  қамсыздандырудың,  аппараттық  құрылғылардың,  әртүрлі 

ұйымдастырушылық процедуралар және адам ресурстарының жинағы болады. 



16 

АӨО  қажетті  сапа деңгейі  бойынша  ақпараттарды  сақтау,  өңдеу  және  ұсыну 

үшін  қолданылады,  ал  сенімділіктің  жоғары  талаптары  қойылатын  АӨО-нің 

желілік  инфрақұрылымы  көмегімен  пайдаланушыларға  АӨО  ресурстарына 

қол жеткізу жүзеге асырылады.  

 

 



1.1 сурет – АӨО-ның техникалық архитектурасының жалпы түрі 

 

1.4 АӨО-ның сыныптамасы 

Сонымен,  барлық  АӨО-лерді  корпоративті  және  коммерциялыққа 

бөлуге болады. Корпоративті АӨО белгілі ұйыммен ұйымдастырылады және 

оның өздік мәселелерін шешуге қолданылады, мысалы IT тораптарын немесе 

ақпаратты резервті сақтау жүйесін орнату үшін. Көбінесе оларды құру үлкен 

шығындарды  қажет  етеді  және  оның  ресурстарына  өз  бетімен  қызмет 

көрсетуге тура келеді.  

Коммерциялық  АӨО-лер  хостинг/Colocation  қызметін  дамытатын 

телекоммуникациялық  компанияларға  және  де  аутсорсинг  қызметін 

қолданатын  кәсіпорындар  мен  ұйымдарға  арналған.  Осындай  дата-центрлер 

негізінде  қазақстандық  және  шетелдік  компаниялар  және  корпорацияларға 

ақпараттық  ресурстарды  орналастыру  қызметі  көрсетіледі.  Дата-центрлер 

абоненттеріне әдетте келесі түрлі қызмет түрлері ұсынылады: 

- Colocation  (жабдықтарды  орналастыру)  –  клиент  дата-центрдің 

техникалық  ресурстарын  өзінің  серверлерін,  деректерді  сақтау  жүйелерін, 

телекоммуникациялық  және  басқа  да  жабдықтарды  орналастыру  үшін 

қолданады.  Клиент  өзінің  ресурстарын  қолдауды  өзі  іске  асырады,  ал 

жабдықтарды стойкаларға орнатуды және іске қосуды дата-центр мамандары 



17 

жасайды.  Осы  қызмет  жалға  алушы  және  офистік  алаңдардың  иелерін 

өздерінің  IT-қуаттарын  өсіру  қажеттілігінен  айырады:  серверлік  жабдықты 

орнату,  локальді  желілер  және  сыртқы  байланыс  арналарын  жүргізу  және 

басқа  жұмыстар,  сонымен  қатар    білікті  қызмет  көрсетуші  қызметкерлерді 

ұстаудан.  Осы  жағдайда  өзінің  серверлерін  дата-центр  операторы  алаңында 

орналастыру  арқылы,  клиент  барлық  корпоративті  ақпараттық  жүйені 

пайдаланумен  байланысты  сұрақтарды  арнаулы  компанияларға  аутсорсингқа 

береді.  Ал  қызмет  жеткізуші  ақпараттық  жүйенің  тұрақты,  сенімді  және   

тоқтаусыз  жұмысын,  сақталатын  ақпараттың  қауіпсіздігін,  жылдам  интернет 

және басқа қызметтерге кепілдік береді

- Dedicated server (белгіленген сервер) – серверлерді жалға беру. Клиент 

дата-центр  иесінен  серверді  жалға  ала  алады.  Осы  қызмет  IT-жүйенің 

бастапқы  даму  кезеңінде  жабдықтауға  ірі  біржолғы  қаржы  жұмсаудан 

қашатын  кдиенттер  арасында  кең  таралған.  Бұл  қызмет  компанияның  тұру 

жолында  өзінің  IT-инфрақұрылымын  құруға  қажет  инвестициямен  тәуекел 

етпеуге мүмкіндік береді; 

- Telehousing  –  тапсырыс  берушінің  телекоммуникациялық  және  IT-

инфрақұрылымын  орнату  қызметі.  Байланыс  операторлары  жабдықтарды 

түгелдей немесе жартылай орнату, желіні басқа операторлар желілеріне қосу 

арқылы дата-центрда өзінің байланыс түйінін орната алады; 

- Shared – платформасы және операциялық жүйенің кескіндемесі алдын-

ала келісілген, дата-центр иесі жабдығында дисктік кеңістікті жалға алу. Дата-

центр 


клиенттің 

приложенияларына 

қолдау 

(техникалық 



және 

бағдарламалық),  мысалы  скрипттерді  қолдау.  Корпоративті  клиенттер 

жабдықтарды  толық  немесе  жартылай,  жүйелер  және  инфрақұрылым  орнату 

қызметін  қолдана  алады.  Және  де  тапсырыс  берушінің  жабдығын  байланыс 

операторлары желілеріне қосуды ұйымдастыру мүмкіндігі бар.  

Дата-центрлер негізінде күрделірек қызметтер көрсету мүмкіндігі бар:  

- IT-аутсорсинг  –  ұзақ  уақыттық  келісім  бойынша  көрсетілетін  қызмет, 

осы  бойынша  қызмет  көрсетуші  клиенттің  барлық  IT-инфрақұрылымын 

немесе  оның  едәуір  бөлігін  (соның  ішінде  жабдықтар  және  орнатылған 

бағдарламалық қамсыздандыру) толық басқаруға немесе меншікке алады. Бұл 

IT-инфрақұрылымға 

кіретін 


жүйелерге, 

желілерге 

және 

жеке 


приложенияларға  жауап  беретін  орындаушы  тартылатын  жобалар.  IT-

аутсорсинг ұзақ мерзімді келісімшарт ретінде рәсімделеді.  

- қызмет көрсету хостингі және БҚ администрлеу – приложение қызмет 

көрсетуші  аумағында  орналасып,  ал  тапсырыс  беруші  БҚ-ға  алыстатылған 

қосылуға  мүмкіндік  ала-алатын  тираждалатын  БҚ-ны  орталықтандырылған 

басқаруды  білдіреді.  Қызмет  көрсету  хостингі  және  БҚ-ны  администрлеудің 

және  приложенияларды  дәстүрлі  басқарудың  негізгі  айырмашылықтары 

келесі болып табылады: 

- тапсырыс берушінің приложениялары қызмет көрсетушінің ақпараттық 

орталығында орналасып жұмыс істейді; 




жүктеу 0,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау