18
- қызмет көрсетушінің ақпараттық орталығы «біреуі – көпке» схемасы
бойынша істейді;
- қызмет көрсетуші тапсырыс берушінің аппараттық құралдарына жауап
бермейді;
- инфрақұрылымдық қызметтердің хостингі бұл IT-инфрақұрылымның
стандартты элементтерін белгілі уақытқа алыстатылған қолдануға ұсыну
сервисі. Бұл бөлінген немесе бөлінетін веб-рұқсатты басқару, электронды
коммерцияны қолдау, құрамы және қауіпсіздік жүйелерін басқару үшін басқа
компанияның ақпараттық орталығында серверлер және желілік шешімдерді
басқаруды түсіндіреді.
Әдетте дата-центрлер клиенттерге магистральді оператордың байланыс
арналарына және пирингтің негізгі нүктелеріне қосылуға мүмкіндік береді.
Сонымен бірге дата-центр провайдерге тәуелді бола алуы мүмкін, яғни тек бір
магистральді телеком-операторы ақпаратты өңдеу орталығына қызметтерін
көрсете алады, және провайдерден тәуелсіз, яғни бірнеше байланыс
операторларына қосылу мүмкіндігін береді немесе дата-центр аумағынан
клиентке керек байланыс операторы орналасқан нүктеге «соңғы миля» орнату
жұмысын жүргізе алады .
IDC аналитикалық компаниясы классификацияның ұқсас сұлбасын
қолданады, және қосымша корпоративті және коммерциялық дата-центрлерді
бөліп шығарады. IDC бойынша коммерциялық АӨО-лер 3 категорияға
жіктеледі: корпоративті дата-центрлер (enterprise datacenter), CHMS-АӨО-лер
(collocated/hosted/managed datacenter) және Web 2.0/мега- АӨО-лер (Web
2.0/mega-datacenters).
1.2 сурет – IDC бойынша АӨО-лердің классификациясы
Корпоративті дата-центрлер (enterprise datacenters)
19
IDC бойынша корпоративті дата-центр – бұл мекеменің ішінде
орналасатын, сол мекеменің мұқтаждылығына қолданылатын және әдетте
ақшалай түсіммен тура байланысы жоқ бөлімі болып табылады. Сонымен
қатар ірі компанияда осындай АӨО әртүрлі бөлімдерге қызметтер көрсету
орталығы ретінде қолданылуы және SLA негізінде бір корпорацияның бизнес-
бөлімдерінің есебі ретінде жұмыс істеуі мүмкін.
Әдетте осындай АӨО-лер жабдықтардың әртүрлі түрлерін қолдайды –
мэйнфрэмдерден бастап х86-серверлеріне дейін, және де әртүрлі
өндірушілерден. Сонымен бірге көбінесе әртүрлі басқару жүйелері және
ақпараттарды сақтау жүйелері қолданылады. Кастомизацияның жоғары
деңгейін ескере отырып, корпоративті АӨО-лер басқа бизнес-модельдер
бойынша жұмыс істейтін АӨО-лермен салыстырғанда құрудың жоғары
құнына ие. Әдеттегі корпоративті АӨО өзі қолданылатын бизнес
қажеттіліктеріне оңтайландырылған, және оның одан әрі жоғары
оңтайландыру дәрежесін қамтамасыздандыруға арналған. Корпоративті
клиенттердің көбі өзінің бизнесін оңтайландыруға бағытталған және көбінесе
IT-инфрақұрылымның оңтайландырылуына қажетті көңіл бөлмейді.
CHMS-АӨО-лер (Collocated/hosted/managed services datacenters)
АӨО-лердің осы категориясына клиенттері өзінің IT-жүйелерін
электрэнергия, суыту, интернетке қосылу және т.б. инфрақұрылым
элемменттері бар қорғалған алаңға орнататын дата-центрлер жатады. Бұл
схема бойынша клиенттер көбінесе өздерінің жабдықтарын өздері басқарады,
ал қызмет провайдерлері алаң және оның инфрақұрылымын. Осы категорияға
жататын хостинг дата-центрлер – бұл провайдер тұтынушы немесе
провайдердің мүлігі болуы мүмкін IT-жүйелерді қолдаудың әртүрлі
деңгейлерін ұсынатын центр.
Web 2.0/мега- АӨО-лер (Web 2.0/mega-datacenters)
Осындай АӨО-лердің айқын мысалы болып Yahoo!, MSN, Amazon,
Google және Яндекс компаниялардың дата-центрлері жатады. Осы орталықтар
үлкен аумақтарды қамтиды және өте көп электрэнергиясын тұтынады. Олар
компаниялардың ақпарат приложенияларын жұмысын қамтамасыз ету үшін
мыңдаған немесе 10 мыңдаған серверлерді қолдайды, ақпараттың ауқымды
массивтерін өңдеуге бағытталған және осындай жұмысқа толықтай
оңтайландырылған. Әдетте олар оңтайлы IT-нфрақұрылым, біртүрлі
жабдықтау және бірыңғай басқаруға ие. Осындай компаниялардың бизнесі
(жаппай онлайн қызметтер және Web 2.0-қызметтер провайдерлері) дата-
центрлердің жұмысын оңтайландыруға және оларды минималды тәуекелдер,
салықтар, т.б. жерлерге орналастыруға бағытталған.
Ақпаратты өңдеу орталықтары (АӨО) 4 категорияға жіктеледі: Tier 1,
Tier 2, Tier 3 және Tier 4 (Tier 4 – ең жоғарғы категория). Әр категорияға
сәйкестік резервация және инфрақұрылым, физикалық қауіпсіздік және
инфрақұрылымдық және де құрылымның сенімділік деңгейін көрсетеді.
Категорияға ресми сәйкестік Uptime Institute немесе TIA (Telecommunications
Industry Association) растайды.
20
Базалық (Tier 1) деңгей – бұл артықтығы (резервтеуі) жоқ АӨО.
Осындай АӨО-де тек бір салқындату және электржабдықтау жолы болады.
Осы деңгей АӨО жұмысы жоспарланбаған да, жоспарланған әрекет кезінде
бұзылуы мүмкін. Электрқамту және салқындатуды бөлу жүйелері бірмодульді
жүйемен ұсынылған және көп тоқтап қалу нүктелеріне ие. Тоқтап қалуға
критикалды маңызды жүктемелер ұшырауы мүмкін, соның ішінде
профилактикалық ремонт немесе жоспарланған қызмет көрсету кезінде.
Өздігінен тоқтап қалулар немесе инфрақұрылымды пайдалану кезіндегі
қателіктер мекеменің штаттық жұмысын бұзуы мүмкін.
Екінші деңгей (Tier 2) – АӨО тек бір жол бар, бірақ артықтық
(резервтелген) компоненттермен жабдықталған. Осындай АӨО бірінші деңгей
АӨО-мен салыстырғанда жоспарланбаған және жоспарланған оқиғалар
кезінде жұмыстың штатты жүрісінің бұзылуына азырақ шалыққан.
Генераторлар және қоректің үздіксіз қамтамасыз ету көздері Need plus One
ретінде сипатталған, яғни осындай АӨО-лер бүкіл аумағы бойынша
бірағынды таралу жолына ие. Инфрақұрылым бөліктерінің критикалды
жолдарын (мысалы, электрқамту) жөндеу ақпаратты өңдеу үрдісін тоқтатуын
талап етеді.
Үшінші деңгей (Tier 3) – АӨО бірнеше салқындату және электрқамту
жолдарымен жабдықталған, бірақ тек бір жол активті болады. Резервті
компоненттер бірнеше таралу жолдарында болуы, жөндеу және техникалық
қызмет ету жұмыстарын АӨО жұмысын тоқтатпай жасауға мүмкіндік береді
(біруақытты профилактикалық жұмыстар жүргізуге мүмкіндік бар).
Осындай Ақпаратты өңдеу орталығының мүмкіншіліктері техникалық
құралдардың штатты жұмысын үзбей нысан инфрақұрылымының жоспарлы
қызметін жүргізуге мүмкіндік береді. Осы жоспарлы қызметке бағдарланатын
және профилактикалық технологиялық күту, компоненттерді қосу немесе
алып тастау, оларды жөндеу, жалпы өнімділікке әсер ететін компоненттерді
тестілеу және т.б.
АӨО-ні салқындату үшін су қолданылса, үшінші деңгей орталығы бір-
бірінен тәуелсіз екі құбыр кешенімен жабдықталуы керек. Сонымен қатар
біруақытта бір жолда тестілеу және жөндеу жүргізіп, ал екіншісінде
жүктемені тартуға жететін жеткілікті бөлу қуаттары қажет. Компоненттердің
өздігінен тоқтап қалуы немесе нысан инфрақұрылымын пайдалану кезіндегі
қателіктер секілді жоспарсыз оқиғалар дегенмен, жүйенің дұрыс жұмысының
бұзылуына әкеп соқтырады. Әдетте 3 деңгейлі АӨО-лерді 4-ші деңгейге дейін
жақсарту есебімен жобалайды. Бұл қосымша қорғаудың құны клиенттің
бизнесімен ақталған кезде жүзеге асады.
Төртінші деңгей (Tier 4) – бұл 1-ден көп активті салқындату және
электрқамту жолы бар АӨО. Осындай деңгейлі ақпаратты өңдеу орталығында
ең аз дегенде 2 жол активті болғандықтан, осы инфрақұрылымға жоғарырақ
тоқтауға
төзімділікті
кепілдейді.
Бұл
біріншіден
барлық
телекоммуникациялық және есептеу жабдықтарға электр тоғы бірнеше
жолмен келуімен іске асады. Төртінші деңгейлі АӨО-де қолданылатын