мағынаны білдіретін, бір ғана заттың атауы болып саналатын екі сөз неге бөлек
жазылады? Екі сөз бірігіп барып бір ғана мағынаны, бір ғана ұғымды білдіретін болса,
ондай сөздер бірге жазылмай ма? Мысалы, тасбақа, құрбақа, көлбақа т.б. сөздердің бір
заттың атауы екендігі де, бір ғана мағына білдіретіндігі де рас. Сондай-ақ сүйір тұмсық
көл бақа, қызыл аяқ бақа, бақылдауық бақа дегендер де бір ғана заттың (бақаның белгілі
бір түрінің) атауы бір ғана мағынаны білдіреді. Осы типтес құрама сөздер бірге жазыла ма,
әлде бөлек жазыла ма? Мысалы, ит қонақ (тимофеевка), ат қонақ (бор, могар), сорқаңбақ
(поташник), май қаңбақ (верблюдка) т.б. сөздер бір ғана мағынаны білдіреді, бір ғана
заттың (өсімдіктің) атауы болып жұмсалады. Алайда қара өрік – слива, тікендіошаған –
репейничек, құм тары – росичка, түйме шетен – пижма, сары тұңғиық – кубышка, қара
ырғай – кизильник , бал шытыр – медуница, бөрі бұршақ – люпин, атбасбұршақ – бобы,
сиыр бұршақ – лобия, майлы бұршақ, кептер бұршақ т.б. дегендер де бір ғана заттың
атауы, бір ғана мағынаны білдіреді. Осы типтес құрама сөздердің сыңарлары бірге
таңбалана ма, әлде бір-бірінен бөлек таңбалана ма?
Мұндай сұрауға үзілді-кесілді жауап беру қиын. Дегенмен құрама сөздердің жазылуын
сөз етпес бұрын, алдымен олардың өздеріне тән белгілері мен ерекшеліктеріне назар
аудару қажет тәрізді. Құрама сөздер – жалпы тіл білімінің же, жеке тіл білімінің де
(ағылшан, орыс) аса бір қиын саласы.
Өйткені құрама сөздердің жалаң сөздерден, еркін сөз тіркесінен, фразеологиялық сөз
тіркестен жігін, шекарасын айыру жағдайда оңай бола бермейді.
§ 20. Қазақ сөзі өзінің құрамы жағынан мынадай топтарға бөлінетіндігі белгілі.
I.
Жалаң сөздер: ағаш, үй, бала, шаруышылық, мұхит, ай, жыл, сана, дәуір, мектеп, кітап,
қағаз т.б.
II.
Құрама сөздер немесе күрделі құрама сөздер (проф. К. Аханов) төрт топқа
бөлінеді.
1. Күрделі сөздер. А) күрделі зат есім: ауыл шаруашылығы, ауыз әдебиеті, аса таяқ, соқпақ
жол, ата мекен, қалбағай омыртқа, кіндік шеше т.б.; ә) күрделі сын есім: ақ боз (ат), ал
қызыл (орамал), қызғылт қоңыр (тас), ақ шаңқан боз, ақ сары (адам), сары шұбар, қара
ала, күйік сары, құрым сары, көк ала, ақ сұр т.б.; б) күрделі етістіктер: келе жатыр,
кешігіп қала жаздады, қайнап кетті, бұрқ ете қалды, жалп ете түсті т.б.; в) күрделі
үстеулер: түс әлетінде, түс ортасында, түс кезі т.б.; г) күрделі сан есімдер: он тоғыз,
қырық бір, бір бүтін оннан екі, жиырма бес, төрттен екі, үштен бір, бір мың тоғыз
жүз, сексен алты т.б.
2. Қос сөздер:бала-шаға, қоян-қолтық, үйме-үй, тау-тау, жекпе-жек, бақ-дәулет, бес-
алты, он-он бес, бірлі-жарым.
3. Бірікккен сөздер: өнеркәсіп, балабақша, кәсіподақ (кәсіпшелер одағы), жаужұмыр
(өсімдік), қолғап, қосаяқ (тышқан), кезқұйрық (құс), итарқа (шатырдың түрі), алөкпе
(ауру), өнертабыс, шамшырақ, ешкім, ешқандай, әлдекім, әлдебіреу т.б.
4. Қысқарған сөздер: ауатком, әскерком, агроөнеркәсіп, автодүкен, т.б.
Міне, осындай қысқаша мысалдың өзінен-ақ құрама сөз құрылымының әлдеқайда
күрделі және жазылуының әр түрлі екендігін (бөлек, бірге, сызықша арқылы) байқауға
болады. Дегенмен құрама сөздердің бәріне ортақ басты-басты белгілер бар. Құрама сөздің
қай-қайсысы болсын, мейлі ол кұрделі зат есім (ауыл шаруашылық, кіндік шеше, ата
мекен т.б.), күрделі сан есім (қызыл қоңыр, қара барқын, ақ сары, құрым қызыл т.б.),
кұрделі сан есім (қырық бір, он тоғыз, төрттен бірі) болсын, қос сөз болсын (тау-тау,
үлкен-кіші, үйлі-баранды, ыдыс-аяқ, қып-қызыл т.б.), біріккен сөз болсын ( өнеркәсіп,
қолбасшы, арасалмақ, бұзаубас т.б.), қысқарған сөз болсын, олар белгілі бір заттың
(өлшемнің, түр-түстің, іс-әркеттің) атауы (номинациялық қызметі) болып, бір мағынаны
білдіріп (семантикалық қызметі), сөйлемнің бір ғана мүшесі ретінде (синтаксистік
қызметі) қызмет атқарады. Қазақ орфографиясының тәжірибесіне сүйенсек, құрама сөздің
бір ғана заттың атауы болуы, бір ғана мағынаны білдіруі, сөйлемнің бір ғана мүшесі
ретінде жұмсалуы олардың бірге не бөлек жазылуына таяныш бола бермейді. «Егер
құрама сөз бір ғана заттың атауы болып жұмсалса, бір ғана мағынаны білдірсе, бір ғана
синтаксистік қызмет атқарса, оларды неге бірге жазуға болмайды?» деген заңды сұрау
туады (мысалы, жиырма сегіз бір ғана өлшемнің, қызыл қоңыр бір ғана түстің, қалып
калды бір ғана қимылдың атауын білдіреді).
Бұл аталған үш белгіге (триадаға) сүйенсек, қас пен көздің арасында; көзді ашып
жұмғанша деген фразеологизмдерді де біріктіріп жазған болар едік. Өйткені бұл тіркестер
де «тез, тым шапшаң» деген бір ғана мағынаны (ұғымды) білдіріп, бір ғана қимыл
амалының атауы болып тұр. Бірақ жазу тәжірибеміз мұндай сөздерді біріктіріп жазуға
ырық бермейді. Себебі осы аталған фразеологизмнің сыңарлары тілдік бірлік (единица)
ретінде өз дербестігінен айырылған жоқ. Күрделі сан есім, күрделі сын есім, күрделі зат
есім сыңарларының бөлек-бөлек таңбалануының қазақ орфографиясында дәстүрге
айналуы олардың тілдік бірлік ретінде өз дербестігін сактауына байланысты деуге болады.
Сонымен құрама сөздердің бәріне ортақ үш белгіден басқа жеке-жеке белгілер де
болуы тиіс. Сол жеке белгілер құрама сөз титерін (күрделі сөздер, қос сөздер, біріккен
сөздер, қысқарған сөздер) бір-бірінен өзгешелеп тұрады. Мысалы, құрама сөздің бір типі –
күрделі сан есім, күрделі сын есім, күрделі зат есімдердің әр сыңары тілдік бірлік ретінде
біршама өз дербестігін сақтауы – осы аталған сөздер тобына тән жеке белгілердің
( частные признаки) бірі. Осыған орай олардың әр сыңары бөлек-бөлек тұлғаланады.
§ 21. Құрама сөздердің екінші бір типінің сипаты бұлардан (күрделі сөздерден)
басқаша. Бұл топқа белгілі сыңарларының мағынасы кқмескіленуі, контаминацияға
ұшырауы арқылы дербестігінен айрылған құрама сөздер жатады. Құрама сөздердің бұл
типі біріккен сөздер деп аталады. Мысалы, жаужұмыр, сайгүлік, ендігәрі, қолғап,
жаушымылдық (пион), ашудас, белбеу, күздігүні, қозмалдақ, жаздыгүні, әумесер,
қыстыгүні т.б.
Бұл типтегі құрама сөздердің бірге жазылуына олардың дыбыстық контаминацияға
ұшырауы тәрізді жеке белгілері сүйеу болады. Бірақ бұл белгі өте шектеулі, санаулы
сөздерді ғана қамтиды.
§ 22. Құрама сөз сыңарларының өз дербестігінен біршама айырылуының тағы бір
жолы бар. Құрама сөз сыңарларының мағыналық контаминацияға ұшырауының
нәтижесінде, үшінші біртұтас мағына пайда болады да, біріккен сөзге айналады. Бұл
аталған жеке белгі де құрама сөзді біріккен сөз деп тануға мүмкіндік береді де, тұтас
тұлғалауға таяныш болады. Мысалы: тоқтыбалақ (құс), тауқұдірет (құс),
өнеркәсіп,ақжаулық (этн.), қызойнақ, атжалман, бірқазан (құс), сушықара (құс),
тазқара, тастүлек, қолбала, қалыңмал, беташар, есепшот, кәсіпорын, көрсары,
маубасбұқа (құс), несібелдібайқасқа (құс), сукөз (бүркіттің тұқымы) т.б. Осындай тәсілмен
біріккен сөз әсіресе өсімдік атауларында жиі кездеседі: қазтабан (өс.), желімбасақ (өс.),
жөтелшай (өс .), аюқұлақ (өс .), балықкөз (өс .), бөрібұлақ (өс.), ботакөз (өс.), бозкілем
(өс.), томарбояу (өс.), бетіқышақ (өс.), аққой (жуаның түрі), бисемшек (өс.), аққайың
(шөптің түрі), жерсабын (өс.), кәріқыз (өс.), кермексабын, (өс. «ушастый»), күйіксары
(өс.), қазықұрт (өс. «жабник»), көзсабақ (окулировка), қаратұяқ (өс.), қозықұлақ (өс.),
қозықұйрық (өс.), қоңырбас (өс. «мятник»), қосбас (өс. «двукисточник»), қораматау (өс.
алаботаның түрі), алабота (өс.), құлынембес (өс.), қоянсүйек (өс. «песчаная
акация»),құлқайыр (өс. «мальва»), құлаңқұйрық (өс.), құртқашаш (өс.), қызылбояу
(«подмаренник»), қызылқұрт (өс. «волосатик»), қырықбуын («хвощ»), қасқыржем (өс.
«спаржа»), қырыққұлақ (өс.), майқара (өс. «полынь пустынная»), майракебіс (өс.
«свербига»), нариген, отсабын, өгізкөз (өс. «пупавка»), өгізтіл (өс. «анхуза»),
саңырауқұлақ (өс.), сиырқұлақ (өс.), сиякөк (өс.), жұпар сиякөк («льнянка душистая»),
сіргеқара, сіпсебас (өс. «метлица»), тасшүгін,таумасақ (өс.), тайтұяқ (өс.), текесақал
(өс. «додарция»), теңгебас (өс. «сусак»), түйесіңір (өс.), түйеқарын (өс.), түйеқұйрық
(өс.), түйетабан (өс.), уқорғасын (өс.), үшқат (өс. «жимолость»), үпілмәлік (өс.),
шашақбас (өс. «качим метельчатый»), шоңайна (өс. «лопух»), шөңгебас (өс.
«толтоголовник»); балтажұтар (құс), ақсазы (құс), ақиық (құс), аққабақ (бүркіттің бір
Достарыңызбен бөлісу: |