Қазақстан Республикасының Еңбек кодексi



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет39/57
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12938
түріКодекс
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   57

      1. Азаматтық қызметке кiру тағайындау тәртiбiмен немесе конкурс бойынша 
жүзеге асырылады.  
      2. Конкурсты бос лауазымы бар мемлекеттiк мекеме, қазыналық кәсiпорын 
ұйымдастырып, өткiзедi.  
      3. Азаматтық қызметке кiру және азаматтық қызметшiнiң бос лауазымына 
орналасуға арналған конкурсты өткiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының 
Үкiметi айқындайды.  
      4. Азаматтық қызметке қабылдау еңбек шартын жасасу және жұмыс берушiнiң 
актiсiн шығару жолымен жүзеге асырылады.  
      230-бап. Азаматтық қызметшiлер лауазымдарының тiзбесi 
 
      Азаматтық қызметшiлер лауазымдарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының 
Үкiметi айқындайды.  
      
231-бап. Азаматтық қызметте болумен байланысты шектеулер 
 
      1. Азаматтық қызметшi:  
      1) материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету 
құралдарын, басқа да мемлекеттiк мүлiк пен қызметтiк ақпаратты қызметтiк емес 
мақсатта пайдалануға;  
      2) азаматтық қызметтiң қалыпты жұмыс iстеуiне және лауазымдық  
мiндеттердi атқаруға кедергi келтiретiн iс-әрекеттерге қатысуға;  
      3) қызмет жағдайын азаматтық қызметпен байланысты емес мақсатта 
пайдалануға;  
      4) азаматтық қызметтi өткеру кезеңiнде белгiлi болған мемлекеттiк 
құпияны, қызметтiк және заңмен қорғалатын өзге де  құпияны құрайтын 
мәлiметтердi жария етуге құқылы емес. 
      2. Бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адам басқарушылық 
функцияларды орындаумен байланысты лауазымға азаматтық қызметке қабылдана 
алмайды. 
      Ескерту. 231-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.12.07 
N 222-IV
 
(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 
2-б
. қараңыз) Заңымен.
 
      232-бап. Азаматтық қызметшiнi басқа мемлекеттiк 
 
                мекемеге (қазыналық кәсiпорынға) жұмысқа 
 
                ауыстыру 
 
      Азаматтық қызметшi өзiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша тиiстi ұйымдардың 
басшылары арасындағы келiсiм бойынша басқа мемлекеттiк мекемеге (қазыналық 
кәсiпорынға) жұмысқа ауыстырылуы мүмкiн.  
      233-бап. Азаматтық қызметшiлердi аттестаттау 
 
      Азаматтық қызметшiлер кәсiптiк және бiлiктiлiк даярлығы деңгейiн, 
iскерлiк қасиеттерiн айқындау мақсатында аттестаттаудан өтедi.  
      Азаматтық қызметшiлердi аттестаттаудан өткiзудiң тәртiбi мен шарттарын 
тиiстi қызмет саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган айқындайды. 
      234-бап. Азаматтық қызметтегi жоғарылату 
 
      1. Азаматтық қызметшiлердiң қызметтегi жоғарылауы оларды жоғары 
лауазымға ауыстыру жолымен жүзеге асырылады.  
      2. Бiлiктiлiк деңгейi жоғары және жұмыс тәжiрибесi бар, өзiнiң 
кәсiптiк, бiлiктiлiк деңгейiн үнемi арттырып отыратын азаматтық қызметшiлер 
азаматтық қызмет бойынша жоғарылатуда басым құқықты пайдаланады.  
      235-бап. Азаматтық қызметшiлердiң бiлiктiлiгiн арттыру 
 
                және оларды қайта даярлау 
 


      1. Азаматтық қызметшiлер кәсiптiк бiлiмi мен дағдыларын тереңдету, 
кәсiптер мен мамандықтар алу мақсатында тиiстi бiлiм беру ұйымдарына 
жiберiлуi мүмкiн.  
      2. Азаматтық қызметшiнiң оқуы, қайта оқуы, тағылымдамадан өтуi, 
өндiрiстен (жұмыстан) қол үзбей оқу жағдайындағы ғылыми тағылымдамасын қоса 
алғанда, жiберушi ұйымның қаражаты есебiнен төленедi.  
      Азаматтық қызметшiнiң оқуы кезiнде оның атқаратын лауазымы, 
кепiлдiктерi мен өтемақы төлемдерi сақталады.  
      3. Бiлiктiлiгiн арттырудан немесе азаматтық қызмет бейiнiне сәйкес 
келетiн мамандық бойынша қайта даярлаудан өтiп жатқан азаматтық қызметшiлерге 
ақылы оқу демалысы берiледi.  
      236-бап. Азаматтық қызметшiлердi көтермелеу 
 
      Лауазымдық мiндеттерiн адал атқарғаны, жұмысты, оның iшiнде айрықша 
күрделi және шұғыл жұмыстарды өте сапалы орындағаны үшiн, бастамашылдығы, 
шығармашылық белсендiлiгi және жұмыстағы басқа да жетiстiктерi үшiн азаматтық 
қызметшiлер:  
      1) азаматтық қызметтегi жоғарылатумен;  
      2) ақшалай сыйақымен;  
      3) алғыс жариялаумен көтермеленуi мүмкiн.  
      Ұжымдық шартта көтермелеудiң басқа да шаралары көзделуi мүмкiн.  
      237-бап. Азаматтық қызметшiлерге басқа жерге жұмысқа 
 
                ауысуы кезiнде берiлетiн кепiлдiктер мен 
 
                өтемақы төлемдерi 
 
      Азаматтық қызметшiлерге мемлекеттiк мекемемен (қазыналық кәсiпорынмен) 
бiрге қолданыстағы әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс бойынша басқа жерге (басқа елдi 
мекенге) жұмысқа ауысу кезiнде:  
      азаматтық қызметшiнiң өзiнiң және оның отбасы мүшелерiнiң жұмыс орнына 
дейiнгi жолақысының құны (мемлекеттiк мекеме (қазыналық кәсiпорын) тиiстi 
қозғалыс құралын беретiн жағдайлардан басқа);  
      мүлiктi тасымалдау шығыстары;  
      жолда болған әр күн үшiн тәулiктiк шығыстар;  
      атқаратын лауазымы бойынша алты лауазымдық жалақысы мөлшерiндегi 
бiржолғы жәрдемақы;  
      жолға жиналу және жаңа орынға орналасу күндерi үшiн, бiрақ алты күннен 
аспайтын, сондай-ақ жолда болған уақыты үшiн жалақысы төленедi.  
      238-бап. Азаматтық қызметшiлердiң еңбегiне ақы төлеу 
 
      1. Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын азаматтық қызметшiлердiң 
еңбегiне ақы төлеу жүйесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.  
      2. Ауылдық (селолық) жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк 
қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт саласының азаматтық 
қызметшiлерiне, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше 
белгiленбесе, жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша бюджет қаражаты 
есебiнен қызметтiң, осы түрлерiмен қалалық жағдайда  
айналысатын азаматтық қызметшiлердiң жалақыларымен және ставкалармен 
салыстырғанда кемiнде жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен 
тарифтiк ставкалар белгiленедi. 
      3. Ауылдық (селолық) жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк 
қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының 
тiзбесiн жергiлiктi өкiлдi органмен келiсiм бойынша жергiлiктi атқарушы орган 
айқындайды.  
      239-бап. Азаматтық қызметшiлерге берiлетiн демалыс 
 
      1. Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын азаматтық қызметшiлерге 
лауазымдық жалақысы мөлшерiнде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, 
ұзақтығы күнтiзбелiк отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы негiзгi ақылы 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   57




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау