1. Жалпы ережелер



жүктеу 48,32 Kb.
Pdf просмотр
Дата14.05.2018
өлшемі48,32 Kb.
#12769


1. 


 

 

 



 

Жалпы ережелер 

1.1. ТарМПУ  (бұдан  әрі  «Университет»)  Студенттік  ғылыми  қоғамы  (бұдан  әрі  «СҒҚ») 

Университеттің  оқытушылары  мен  ғалымдарының  қатысуымен  ұйымдастырылған 

студенттердің  ғылыми-зерттеу  және  ғылыми-тәжірибелік  жұмыстарын  ұйымдастыру  мен 

үйлестіру мақсатында құрылған ерікті студенттік қоғам болып табылады.  

1.2. Университет  СҒҚ  жұмысы  еркіндік,  теңқұқықтық,  өзін-өзі  басқару,  заңдылық 

қағидаларын  негізге  алады  және  ҚР  заңдарына,  соның  ішінде  білім  саласының  заңдарына, 

Университет  Жарғысына,  Университет  ректорының  бұйрықтары  мен  өкімдеріне,  Ғылыми 

кеңес шешімдері  осы Ережеге сай жұмыс жасайды.  

1.3. Университет СҒҚ мемлекеттік тіркеусіз жұмыс жасайды және заңдық күші жоқ. 

1.4. Университет СҒҚ Университет әкімшілігімен өзара байланыс пен келісім негізінде жұмыс 

атқарады. 

1.5. Осы Ереже Университет СҒҚ жұмысын анықтайтын құжат болып табылады. 

 

2. Университет СҒҚ мақсаттары, міндеттері мен  бағыттары: 

2.1. Университет СҒҚ жұмысының мақсаттары: 

  Студенттер арасында ғылымның дамуына және дәріптелуіне атсалысу; 

  Дарынды студенттерді ғылыми-зерттеу және ғылыми-тәжірибелік жұмыстарға тарту; 

  Студенттерді  инновациялық  бизнес  дағдыларын  меңгерту  мақсатында  ғылыми 

өнімдерді  жасауға  және  жоғары  технологиялар  нарығына  бағытталған  инновациялық 

жұмыстарға тарту;  

  Ғылыми  қызығушылығы  жоғары  студенттердің  Университет  магистратурасына 

түсуіне септігін тигізетін ұсыныстар беру арқылы қолдау көрсету; 

2.2. Университет СҒҚ негізгі міндеттері мен бағыттары: 

  Студенттердің  ғылыми  жұмыстарын  ғылым  мен  инновация  саласына  қатысты 

жүргізіліп отырған Университет саясатына сай тиімді қамсыздандыру; 

  Студенттердің ғылыми жұмыстарын жоспарлау; 

  Ғылыми  және  тәжірибелік  сипаттағы  ақпаратты  жинақтап,  жүйелеу  және  оны  

студенттер мен жас ғалымдарға белгіленген тәртіппен ұсыну; 

  Түрлі  қызмет  орындарының  өкілдерімен  бірлесе  отырып,  ғылыми  конференциялар, 

семинарлар, дөңгелек стөлдер, кездесулер өткізу; 

  Студенттердің  ғылыми  жұмыстарының  нәтижелерін  тәжірибеге  ендіру  мен 

жариялауға атсалысу; 

  Университет  студенттерінің  университетішілік,  жоғары  оқу  орындары  арасындағы, 

аймақтық және халықаралық ғылыми іс-шараларға,  моральді және материалды қолдауға 



 

 

 



 

негізделген  гранттар,  атаулы  стипендиялар  мен  сыйақылары  бар  ғылыми  

конкурстарға қатысуына қолдау көрсету; 

     Университет  сайтындағы  СҒҚ  бөлімін  жүйелі  жаңартып,  бұқаралық  ақпарат 

құралдарын үнемі СҒҚ жұмысы жайлы хабардар ету; 

  Университет СҒҚ жұмысының жылдық есебін жасау;  

2.3. Университет СҒҚ негізгі қызметтері:  

  Ұйымдастырушы-үйлестіруші; 

  Өкілдіктік; 

  Ақпараттық-насихаттық. 



3.  Университет СҒҚ басқару құрылымы 

Университет  СҒҚ  басқару  құрылымы  осы  Ереженің  қосымшасында  көрсетілген  және  келесі 

құрылымдық бірліктерден құралады: 

 Университет СҒҚ Кеңесі (бұдан әрі «Кеңес»); 

 Университет СҒҚ Кеңесінің хатшысы; 

 Университет СҒҚ төрағасы; 

 Факультеттер СҒҚ төрағалары. 

4.  Университет СҒҚ басқару органы 

4.1.    Студенттер  ғылыми  құрылымының  басшылығы  Университеттің  ғылыми  жұмыстар 

жөніндегі проректорының құзырында болады. 

4.2.  Студенттер ғылыми құрылымының Жоғары басқару органы Кеңес болып саналады. 

4.2.1. Кеңес құрамына:  

  Университет СҒҚ төрағасы; 

  Факультеттер СҒҚ төрағалары;  

  Кеңес хатшысы кіреді; 

Факульттер СҒҚ төрағасы өз жұмысын жеткілікті  дәрежеде меңгере алмаған жағдайда, 

белгіленген тәртіп бойынша факультет деканын хабардар ете отырып, Кеңес шешімімен Кеңес 

құрамынан  шығарылады.  Шығарылған  төраға  орнына  факультет  СҒҚ  мүшелігіндегі  басқа 

мүше  факультет  басшылығы  шешімімен  тағайындалады.  Кеңес  құрамындағы  өзгерістер 

жайлы ақпарат Университет сайтында немесе СҒҚ стендінде жаңартылып отырады.  

4.2.2.  Кеңес  2  айда  кемінде  1  рет  шақырылады.  Кеңестің  барлық  мүшелері  мәжіліс  өтетін 

күннен  3  күн  бұрын  алдын-ала  хабардар  етіледі.  Кеңестің  кезектен  тыс  отырысы  СҒҚ 

төрағасы немесе құрамының 20% ның талабы бойынша өткізіледі.  

4.2.3. Кеңес құзыреттілігіне: 

  Университет СҒҚ жұмыс жоспарын ағымдағы оқу жылына жасау; 

  Университет СҒҚ жұмысын негізгі бағыттар бойынша басқару;  

  Факультеттер СҒҚ жұмыстарын үйлестіру;  




 

 

 



 

  Факультеттер СҒҚ жұмыстарын ұйымдастыруға қол ұшын беру; 

  Студенттік  ғылыми  шараларды  дайындау  мен  өткізу,  сонымен  қатар,  студенттердің 

ғылыми жұмыстарының жинағын жасап шығаруды ұйымдастыру; 

  Университет СҒҚ жұмысының жылдық есебін жасау жатады. 

4.2.4.  Кеңес  шешімі  отырыста  отырған  мүшелердің  жалпы  санының  үштен  екі  бөлігінің 

дауысымен қабылданады және хаттамамен рәсімделеді. 

4.3  Университет СҒҚ төрағасы: 

  Университеттің  Стратегиялық  даму  және  инновация  жөніндегі  проректорының 

ұсынысы  бойынша  Ректордың  бұйрығымен  тағайындалады  және  қызметінен 

босатылады; 

  Кеңес жұмысын басқарады; 

  Кеңес  мүшелерімен  ақылдаса  отырып,  орынбасарлары  мен  Кеңес  хатшысын 

жұмыстан босату туралы ұсыныс енгізеді; 

  Университеттің  лауазымды  тұлғалары  мен  құрылымдық  бөлімдерімен  байланыста 

Кеңес атынан жауап береді; 

  Кеңес мәжілісін шақырады және жүргізеді;  

  Кеңес құзыретіндегі мәселелерді Кеңесте талқылауға ұсынады; 

  Өз құзыретіне сай СҒҚ мүшелеріне орындалуы міндетті тапсырмалар береді; 

  СҒҚ жұмысының нормативтік құжаттарын бекітеді. 

4.4.  Университет  СҒҚ  төрағасы  орнында  болмаған  жағдайда  оның  жұмысын  төраға 

тағайындаған орынбасары атқарады.   

4.5.  Кеңес  хатшысы  Кеңес  отырысының  хаттамасын  жасайды  және  СҒҚ  жұмысына  қажетті 

басқа  да  құжаттармен  айналысады,    СҒҚ  төрағасының  тапсырмасымен  мүшелерді  болатын 

мәжіліс  туралы  хабардар  етеді,  құжаттармен,  материалдармен  және  Кеңес  шешімімен 

таныстырады,  сонымен  қатар,  анықтамалар  мен  есептер  құжаттарын  дайындайды.  СҒҚ 

Кеңесінің хатшысы СҒҚ Кеңесі отырысында сайланады. 

4.6.  Факультет СҒҚ төрағалары факультет декандарының өкімімен тағайындалады.  



5. Университет СҒҚ мүшелігіне қабылдау 

5.1.  Университет  СҒҚ  мүшелігіне  барлық  факультеттің  ғылыми  жұмыспен  белсенді 

айналысып жүрген кез-келген курс студенті қабылдана алады.  

5.2.  Университет СҒҚ мүшелігіне қабылдануда мүшелік жарна жүйесі жоқ. 

5.3. Университет СҒҚ мүшесі құқылы: 

  Университет  СҒҚ  жұмысын  ұйымдастыру  мен  оны  жақсартуға  қатысты  сұрақтарға 

ұсыныстар беруге; 

  Университет  СҒҚ,    басқа  да  ұйымдар  мен  оқу  орындары  тарапынан 

ұйымдастырылған барлық іс-шараларға қатысуға; 



 

 

 



 

  Университет СҒҚ жұмысы туралы ақпарат алуға; 

  Ізденіс зерттеулеріне бастама жасауға және қатысуға, Университет басылымдарында 

ғылыми жұмыстарын жариялауға; 

  Өз кәсібін жоғарылату мен ғылыми-зерттеу жұмыстарына қажетті жабдықтарды алу 

мақсатында инновациялық және түрлі конкурстарға қатысуға; 

  Кеңес пен факультет деканының ұсынысымен Университет әкімшілігінің шешімімен 

ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелелігі үшін қаржылық және басқа да марапаттар 

алуға; 

  Кеңес шешімі негізінде магистратураға түсуге қажетті мінездеме алуға;  



  Университет  әкімшілігінің  рұқсатымен  белгіленген  тәртіп  бойынша  университеттің 

материалды-техникалық базасын, ақпараттық және қаржылық қорын ғылыми зерттеулер 

мен басқа да іс-шараларды өткізу мақсатында пайдалануға; 

  СҒҚ Кеңесіне мүшелікке өтуге және мүше сайлауға. 

5.4. Университет СҒҚ мүшесі міндетті:  

  Осы Ереженің талабын орындауға; 

  Жүйелі түрде ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысуға; 

  Өзінің ғылыми әлеуетін көтеруге; 

  Факультет  СҒҚ  жұмысында  белсенділік  танытып,  оның  жұмысын  жандандыруға 

атсалысуға; 

  Кеңес тарапынан қабылданған шешімдерді орындауға; 

  Университет СҒҚ жұмысын насихаттап, беделін жоғарылатуға; 

  Университет СҒҚ мәжілістеріне қатысуға және жасалған жұмыс туралы есеп беруге.  

5.5. Университет СҒҚ өз мүшелігін тоқтату.  

5.5.1. 

Университет  СҒҚ  мүшесі  СҒҚ  төрағасына  арыз  беру  арқылы  өз  еркімен  СҒҚ 



құрамынан шығуға құқылы.

 

5.5.2.  Университет  СҒҚ  мүшелік  университетті  аяқтаған  соң  автоматты  түрде 



тоқтатылады.

 

5.5.3.  Университет  СҒҚ  мүшесі  университет  Жарғысын  бұзған  сәтте,  осы  Ереженің 



талабын орындамаған немесе басқа да күрделі заң бұзушылық орын алған жағдайда СҒҚ 

құрамынан  шығарылады.  Мүшеліктен  шығару  Университет  СҒҚ  Кеңесінің  шешімімен 

жүзеге асады.

 

5.6. Университет СҒҚ мүшелігіне қабылдау ерікті түрде жүргізіледі. 



6. Университет СҒҚ құқығы мен міндеттері: 

6.1. Университет СҒҚ құқылы:  

  Студенттік ғылыми жұмыстарды дамытуға қатысты сұрақтарды Ғылыми кеңес қарауына 

ұсынуға; 




 

 

 



 

  Университеттің  оқу,  ғылыми,  өнімдік  және  басқарма  бөлімдерімен  тығыз 

байланыс жасау арқылы жұмыс жасауға;  

  Университет  құрылымдық  бөлімдерінен  белгіленген  тәртіппен  Университет  СҒҚ 

құзыретіне тиесілі ақпараттарды (материалдарды)  сұрауға;

 

  Университет СҒҚ жұмысы туралы ақпаратты белсенді және еркін таратуға;



 

  Университет  студенттерінің  ғылыми  мақалалары,  баяндамалары  мен  өзге  де 

материалдарын жариялауды ұйымдастыруға; 

  Университет  әкімшілігіне  өз  жұмысын  жандандыруға  қажетті  жағдай  жасауға  және 

жәрдем беруге өтініш білдіруге;  

  Университет  тарапындағы  ақпараттық,  ұйымдастырушылық  және  техникалық  қорды 

белгіленген тәртіп бойынша қолдануға; 

  Өз құқығын, сонымен қатар, Университет әкімшілігіндегі өз мүшелерінің заңды мүддесін 

қорғауға. 

6.2. Университет СҒҚ міндетті: 

  ҚР заңдарының талабын, соның ішінде білім саласына қатысты Университет Жарғысын, 

осы Ережені, Университет ректоры және Ғылыми істер жөніндегі проректордың бұйрықтары 

мен өкімдерін, Ғылыми кеңестің шешімдерін орындауға; 

  Қойылған  мақсаттар  мен  міндетерді  орындауға  бағытталған  өз  жұмыстарын  орындауға 

міндеттелді. 

7. Университет СҒҚ қаржылық қамсыздандыру 

Университет СҒҚ Университет Жарғысымен және жұмыстың нақты талаптарымен анықталған 

түрлі  бюджеттік  немесе  бюджеттік  емес  ұйымдар  тарапынан  және  басқа  да  қаржы  көздері 

(демеуші ұйымдар мен кәсіпорындар, қорлар, жеке тұлғалар) арқылы қаржыландырылады

 

 

8. Университет СҒҚ Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу 

8.1.  Осы  Ережеге  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы  шешім  Ғылыми  жұмыстар 

жөніндегі  проректордың,  СҒҚ  ғылыми  консультантының,  төрағасының,  факультеттер  СҒҚ 

төрағалары және СҒҚ мүшелерінің ұсынысымен Кеңесте талқыланып, қабылданады. 

Енгізілген  өзгертулер  мен  толықтырулар  Кеңес  мүшелерінің  жалпы  санынның  үштен  бір 

бөлігінің дауысы басым болған жағдайда қабылданады. 

8.2. Университет СҒҚ Ережесінің өзгерген (толықтырылған) нұсқасы Университеттің Ғылыми 

кеңесі мен ректоры тарапынан бекітілген күннен бастап күшіне енеді. 



9. Университет СҒҚ қайта құру мен жұмысын тоқтату 

9.1. Университет СҒҚ қайта құруы мен жұмысын тоқтатуы Кеңес (Кеңес мүшелерінің жалпы 

санының  үштен  екі  бөлігінің  дауысымен)  немесе  Университет  әкімшілігі  шешімімен  жүзеге 

асады және бекітілген тәртіппен орындалады.  




 

 

 



 

 

жүктеу 48,32 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау