158
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
қиындық туғызған орфограммаларға аудартуға, оқушылардың сөздік
қорын байытуға және іске қосуға мүмкіндік береді. Сөздік диктанттың
кемшілігі – тілдік материалдық жасанды сипаты болып табылады,
онымен
салыстырғанда, сөйлем немесе мәтінді тұтас жазу бағалы.
СӨЗДІКПЕН ОҚУ. Екітілді сөздікті немесе басқа да анықта-
малықтарды пайдалануды қарастыратын оқу немесе нақты оқу түрі.
СӨЗДІКСІЗ ОҚУ. Екі тілді сөздіктерді немесе басқа да дереккөздерді
пайдаланбай оқу немесе нақты оқудың түрі.
СӨЙЛЕСІМ. Ауызша вербалды қарым-қатынас арқылы (тыңда-
лыммен бірге) жүзеге асырылатын өнімді сөйлеу қызметінің түрі.
Сөйлесім негізінде лексикалық, грамматикалық дағдылар жатыр.
Көптеген оқыту әдістерінде сөйленім тілді оқытудың негізгі мақ-
саттарының бірі болып табылады. Инициативті (актив) сөйлесім
(немесе инициативті тіл), реактивті (жауапты) сөйлеу, репродуктивті
сөйлеу болып ажыратылады. Сөйлесім оқыту үшін дайындық және
сөйлеу деп бөлінетін арнайы жаттығулар дайындалады. Дайындықсыз
сөйлеудегі дағды мен шеберлік, оның әрекет қабілеттілігі диалогта
кенеттен әзірленеді; дайындықпен сөйлеудегі дағды мен шеберлік
оның жігерлілігі, қисындылығы, жүйелілігі монологта әзірленеді.
Сөйлесімді оқытуда екі жағдайды үйрету қарастырылады: а) оқытуда
айтылым дайындықпен және дайындықсыз жүргізіледі; ә) дағды мен
шеберлік диалогтік немесе монологтік сөйлеуде қалыптастырылады.
Бұл ретте сөйлеу екі тәсіл арқылы оқытылуы мүмкін: дедуктивті
(синтетикалық) және индуктивті (аналитикалық).
СӨЙЛЕУ АКТІСІ – айтушы мен тыңдаушы арасындағы үш кезеңнен
– айту не жазу, қабылдау, түсінуден – тұратын психофизикалық үдеріс.
Ол тілдік материалдар арқылы жүзеге асырылады және тілдік заң-
ережелерге, тілдік нормаға бағынады. Сөйлеу актісі жеткізуші және
қабылдаушы құрылғыларға тән – ақпаратты кодтау және кодты ашу
әрекетімен шектеліп қоймай, хабарды жеткізу және ортақ ойлау
бірлігі болып табылады. Ауызша сөйлеу актісінде қалыпты жағдайда
екіжақты үдеріс жүзеге асады, яғни, сөйлеу және онымен қоса қабат
жүретін есту және естігенін қабылдау үдерісі. Жазбаша сөйлеу
159
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
актісінде жазу және жазылғанды оқу (көзбен көру арқылы қабылдау
мен түсіну) үдерісі қамтылып, қарым-қатынасқа түсушілер бір-бірінен
уақыт пен кеңістік тұрғысынан алшақта болу мүмкіндігіне ие болады.
Сөйлеу актісінде белгілі бір мәтін пайда болады. Тілші ғалымдар бір
сөзден ғана тұратын репликадан бастап, роман немесе кітапқа дейінгі
шығарманың барлығын сөйлеу актісінің жемісі деп есептейді.
СӨЙЛЕУ АППАРАТЫ (речевой аппарат) (лат. арраratus – құрал
жабдық). 1)Тіл дыбыстарын айту (фонация) кезінде тіл дыбыстарын
шығаруға қатысатын органдардың жиынтығы. Сөйлеу аппараты
дыбыстың шығуына негіз болатын (демалу органдары) қуат көздері.
2) дыбыстық тербелткіштер, тербеліс кезінде дыбыстық толқындар
туады (дыбыстық
тізбектер, сондай-ақ саңылаулар мен ысырмалар).
СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІ - адамдардың тіл арқылы өзара белгілі бір
ақпаратты немесе пікірді алмасуы. Сөйлеу әрекеті дыбыстау мүшелері
арқылы пайда болып, ауа толқыны арқылы құлаққа естіледі. Сөйлеу
әрекеті сөйлеу, есту, ұғыну деген үш бөлімнен тұрады. Сөйлеушінің
айтқандары артикуляциялық жиынтық болады да, тыңдаушының
еститіндері, қабылдайтындары акустикалық жиынтық болады. Сөй-
леуші мен тыңдаушы бір-бірін түсіну үшін екі жиынтық берік бірлікте
болуы шарт. Сөйлеу дегеніміз – тілдік қатынас процесінде, өз ойын
басқаларға білдіру, басқаның ойын білу мақсатында қолдану деген
сөз. Адамдар сөйлеу процесінде сезгендерін, түйгендерін тілдік
тұлғалармен білдіреді. Сөйтіп, тіл дерексіз тұлғадан адамның нақты
ойын білдіретін деректі тұлғаға айналады. Сөйлеу әрекеті ауызша да,
жазбаша да жүретіндіктен ол толыққанды жүзеге асу үшін оқу, жазу,
тыңдау, айту әрекеттері қатар жүреді. Бір адам екінші бір адамның
айтқанын түсінбесе, ұқпаса, онда пікірлесу мен сөйлесуде жүзеге
аспайды. Сөйлеу әрекетіне адамның көру мүшелері, ойлау мүшелері,
есту және дыбыстау мүшелері қатысады.
СӨЙЛЕУ ДАҒДЫСЫ. Саналы түрде жасалған тілдік әрекет,
жаттығуды орындау кезінде жеткізілген қорытынды. Сөйлеу дағ дысы
арнаулы тапсырмалар, жаттығулар (тілдік, қатынастық, қаты нас алды)
орындау нәтижесінде қалыптасады. Оқытудың практи калық бағытында
шектеулі түрде болғанымен негізгі сипат тілдік (шығармашылық)