60
Еңбек заңнамасының негіздері АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
құрады. Комиссия ұжымдық еңбек дауы тараптары өкiлдерiнен
тепе-тең негiзде құрылады. Бiтiмгерлiк комиссиясын құру туралы
шешiм жұмыс берушiнiң актiсiмен және қызметкерлер өкiлдерiнiң
шешiмiмен ресiмделедi.
Бiтiмгерлiк комиссиясы үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей қызмет-
керлердiң талаптарын қарайды. Бiтiмгерлiк комиссиясы бiтiмгерлiк
рәсiм барысында, қызметкерлермен, жұмыс берушiмен, жұмыс бе-
рушiлер бiрлестiгiмен (олардың өкiлдерiмен), мемлекеттiк орган-
дармен және өзге де мүдделi тұлғалармен консультациялар жүр-
гiзедi. Комиссияның шешiмi тараптар келiсiмiнiң негiзiнде қабыл-
данады, тараптардың өкiлдерi қол қоятын хаттамамен ресiмделедi
және оның тараптар үшiн мiндеттi күшi болады.
Бiтiмгерлiк комиссиясында келiсiмге қол жеткiзiлмегенде, оның
жұмысы тоқтатылады, ал дауды шешу үшiн
еңбек төрелігі құрылады
(ЕК-нің 293-бабы), оны ұжымдық еңбек дауының тараптары бiтiмгер-
лiк комиссиясының жұмысы тоқтатылған күннен бастап күнтiзбелiк
5 күн iшiнде әлеуметтiк-еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi ре-
спубликалық, салалық немесе өңiрлiк комиссия мүшелерiнiң қаты-
суымен құрады.
Еңбек арбитражы кемiнде 5 адамнан құрылуға тиiс, оның
құрамына қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi, мемлекеттiк ең-
бек инспекторы, мамандар, сарапшылар мен басқа да адамдар
енгiзiледi. Еңбек төрелігі ұжымдық еңбек дауын ұжымдық еңбек
дауы тараптары өкiлдерiнiң мiндеттi түрде қатысуымен, ал
қажет болғанда басқа да мүдделi адамдар өкiлдерiнiң де қаты-
суымен қарайды.
Еңбек арбитражының шешiмi құрылған күнiнен бастап күнтiзбелiк
7 күннен кешiктiрiлмей төрелік мүшелерiнiң қарапайым көпшiлiк дауы-
сымен қабылданады. Еңбек арбитражы мүшелерiнiң дауыстары тең
бөлiнген кезде төрағаның дауысы шешушi болып табылады. Шешiм
дәлелдi әрi жазбаша түрде болуға және оған арбитраж мүшелерiнiң
барлығы қол қоюға тиiс.
Бiтiмгерлiк комиссиясында тараптарының келiсiмiне қол жет-
кiзiлмеген кезде, заң бойынша ереуiлдер өткiзу тыйым салынған не-
61
месе шектелген ұйымдарда, еңбек төрелігі мiндеттi түрде құрылуға
тиiс. Ұжымдық еңбек дауының тараптары еңбек төрелігінің шешiмiн
орындауға мiндеттi болады.
Ұжымдық еңбек дауын
делдалдың қатысуымен қарау тәртiбi
ұжымдық еңбек дауы тараптарының келiсiмi бойынша айқындала-
ды (ЕК-нің 294-бап). Тараптар өздерiне қатысты тәуелсiз ұйымдар
мен тұлғаларды делдал ретiнде белгiлейдi. Делдалдарды таңдау
жағдайларының бәрiнде олардан делдалдық етуге жазбаша келiсiм
алынуға тиiс.
Тараптардың ешқайсысы бiтiмгерлiк рәсiмдерге қатысудан жал-
таруға құқығы жоқ. Бiтiмгерлiк комиссиясы, еңбек төрелігі реттей
алмаған ұжымдық еңбек дауындағы келiспеушiлiктер жазбаша түр-
де тараптардың назарына жеткiзiлуге тиiс.
Жұмыс берушi, жұмыс берушiлердiң бiрлестiгi бiтiмгерлiк комисси-
ясының жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайлар жасайды.
Бiтiмгерлiк рәсiмдердің нәтижелерiмен келiспеген кезде, қыз-
меткерлер өз мүдделерiн қорғаудың заңда көзделген, ереуiл өткiзу-
ге дейiнгi өзге де барлық тәсiлдерiн пайдалануға құқылы.
ЕК-нің 298-бабы
ереуіл өткізу құқығын регламенттейді.
Егер бiтiмгерлiк рәсiмдермен ұжымдық еңбек дауын реттеу-
ге қол жеткiзiлмесе, сондай-ақ жұмыс берушi бiтiмгерлiк рәсiм-
дерден жалтарған не ұжымдық еңбек дауын шешу барысында
қол жеткiзiлген келiсiмдi орындамаған жағдайларда қызметкер-
лер ереуiл өткiзу туралы шешiм қабылдай алады. Ереуiл өткiзу
жөнiндегi шешiм қызметкерлердiң жиналысында қабылданады.
Ереуiлдi қызметкерлер уәкiлеттiк берген орган (
ереуiл комитетi)
басқарады. Ереуiлге қатысу ерiктi болып табылады. Ешкiмдi ере-
уiлге қатысуға немесе ереуiлге қатысудан бас тартуға мәжбүрлеуге
болмайды. Ереуiлдiң басталуы мен болжамды ұзақтығы туралы жұ-
мыс берушiге, жұмыс берушiлердiң бiрлестiгiне оны жариялағанға
дейiн 5 жұмыс күнiнен кешiктiрмей жазбаша түрде ескертуге тиiс.
Ереуiл жариялау туралы шешiмде:
1) тараптардың ереуiл өткiзуге негiз болған келiспеушiлiктерiнiң
тiзбесi;
2) ереуiл өткiзiлетiн күн, орын мен уақыт қатысушылардың бол-
жамды саны;
62
Еңбек заңнамасының негіздері АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
3) ереуiлдi басқаратын органның атауы, бiтiмгерлiк рәсiмдерге
қатысуға уәкiлеттiк берiлген қызметкерлер өкiлдерiнiң құрамы;
4) ереуiл өткiзу кезеңiнде орындалатын қажеттi жұмыстардың
(қызмет көрсетулердiң) ең төменгi көлемi жөнiндегi ұсыныстар көр-
сетiледi.
Ереуiлдi басқаратын комитеттің:
1) қойылған талаптарды шешу мәселелерi бойынша жұмыс бе-
рушiмен, жұмыс берушiлердiң бiрлестiгiмен, мемлекеттiк, кәсiп-
одақ, өзге де заңды және лауазымды тұлғалармен өзара қарым-қа-
тынастарда қызметкерлер мүдделерiн бiлдiруге;
2) жұмыс берушiден, жұмыс берушiлер бiрлестiгiнен қызметкер-
лердiң мүдделерiн қозғайтын мәселелер бойынша ақпарат алуға;
3) қызметкерлердiң талаптарын қарау барысын бұқаралық ақпа-
рат құралдарында жариялап отыруға;
4) даулы мәселелер бойынша қорытындылар шығару үшiн ма-
мандарды тартуға;
5) қызметкерлердiң келiсiмiмен ереуiлдi тоқтата тұруға құқығы бар.
Бұрын тоқтата тұрған ереуiлдi қайта бастау үшiн бiтiмгерлiк ко-
миссиясының, делдалдың немесе еңбек төрелігінің дауды қайта қа-
рауы талап етiлмейдi. Жұмыс берушi, жұмыс берушiлер бiрлестiгi
және еңбек дауларын реттеу жөнiндегi орган ереуiлдiң қайта баста-
луы туралы 3 жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей ескертiлуге тиiс.
Ұжымдық еңбек дауының тараптары оны реттеу жөнiндегi
келiсiмге қол қойған, сондай-ақ ереуiл заңсыз деп танылған жағдай-
ларда, ереуiлдi басқаратын органның өкiлеттiктерi тоқтатылады.
Ұжымдық еңбек дауы тараптарының ереуiл барысын-
дағы мiндеттерi (ЕК-нің 301-бабы)
Ереуiл өткiзу кезеңiнде ұжымдық еңбек дауының тараптары
осы дауды келiссөздер жүргiзу жолымен шешудi жалғасты-
руға мiндеттi.
Жұмыс берушi, мемлекеттiк органдар және ереуiлдi басқара-
тын орган ереуiл кезеңiнде қоғамдық тәртiптi, ұйымның мүлкiн
және қызметкерлердiң қауiпсiздiгiн сақтау, сондай-ақ тоқтап
қалуы адамдардың өмiрi мен денсаулығына тiкелей қатер төн-
дiретiн машиналардың және жабдықтардың жұмысын қамтама-
сыз ету жөнiндегi өздерiне байланысты шараларды қабылдауға
мiндеттi.
Достарыңызбен бөлісу: |