Жоғары білім жҥйесі педагог және басшы кадрларды қайта даярлау және білімін жетілдіруді



жүктеу 0,76 Mb.
Pdf просмотр
бет17/25
Дата14.05.2018
өлшемі0,76 Mb.
#12325
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25

 

46 


жазады. 

Емлеге 


байланысты 

түсіндіру 

кезінде 

тақтадағы 

орфограммалардың  асты  сызылады.  Сонан  соң  тақтадағы  мәтін  ӛшіріледі 

де, сол мәтінді мұғалім оқушыларға жаздырады. 

Бұл  диктант  оқушылардың  кӛру,  есту,  есте  сақтау,  затты  тану 

сияқты қабілеттерін дамыту мақсатында жүргізіледі. Кӛру диктанты үшін 

әріп,  буын,  жеке  сӛздер,  сондай-ақ  жазылуы  қиын  сӛздер  мен  сӛз 

тіркестері  және  шағын  мәтіндер,  жұмбақтар,  мақалдар,  жаттауға  берілген 

ӛлеңдерді де алуға болады. 

Ӛздік диктанты 

Диктанттың  бұл  түрінің  де  ӛткенді  қайталап,  тіл  ұстартуда  маңызы 

зор. Оқушылар ӛтілген материалдарға байланысты әріптер мен буындарды, 

сӛздер мен сӛз тіркестерін, сӛйлемдер мен жатталған ӛлеңдерді, жұмбақтар 

мен жаңылтпаштарды естеріне түсіріп, ӛздігінен ойланып отырып жазады. 

Мұғалім  ӛздік  диктанттың  қай  күні  болатынын,  нені  қайталап  келу 

керектігін оқушыларға алдын-ала ескертіп қояды. Сонда оқушылар үйден 

шала  жаттаған ӛлең,  жұмбақты,  жаңылтпаштар  мен  ережелерді пысықтап 

келетін болады. 

Шығармашылық диктант 

Диктанттың  бұл  түрі  –  үйрету  диктанттарының  ішінде  мазмұн, 

құрылым,  стиль,  әдіс-тәсіл  жағынан  ең  күрделісі,  оқушылардың  ойлау 

қабілетін,  сӛздік  қорын,  білім  деңгейі  мен  ӛздігінен  жұмыс  істеудегі 

шеберліктерінің кӛрсеткіші. Сондықтан бұл диктант шолу, қорытындылау, 

қайталау  сабақтарында  жиі  жүргізілсе,  шәкірттер  ескерту,  бақылау 

диктантттарына сенімді даярлықпен келеді. 

Сӛздік диктанты 

Сӛздік  диктанты  сабақтың  кез  келген  уақытында  жазылады.  Оған 

оқушылардың  жыл  бойы  меңгеруге  тиісті  термин  сӛздері,  омоним, 

антоним сӛздері және жазылуы қиын сӛздер алынады. Текстің кӛлемі 5-10 

сӛзден аспауы керек. Сӛздік диктантын кӛру, ӛздік диктанттары ретінде де, 

мұғалімнің  ауызша  айтуы  бойынша  да  жаздыруға  болады.  Ол  мұғалімнің 

еркінде. 

Терме диктанты 

Диктанттың  бұл  түрі  кез  келген  ережеге  негізделіп  жүргізіледі. 

Мұғалім  диктант  мәтінін  оқымастан  бұрын  қандай  ережеге  кӛңіл  аудару 

керектігін ескертеді. Оқушылар мәтінді түгел жазбай, мұғалім оқып тұрған 

мәтіннен  әркім  ӛзіне  берілген  тапсырмаға  лайықты  сӛздер  мен  сӛз 

тіркестерін немесе сӛйлемдерді теріп жазады. 



Ескерту диктанты 

Бұл диктант кӛлемі, орфографиялық емлеге тән сӛздік қоры жағынан 

бақылау диктантына жақын келеді.Басқа диктанттардай тек кеше не бүгін 

ғана  ӛтілген  тақырыптарды  емес,  осы  уақытқа  дейінгі  барлық 

материалдарды  түгел  қамтып,  оқушыларды  бақылау  диктантына  тікелей 

әзірлейді. Сондықтан бұл диктантқа енген мәтіндер бірін-бірі қайталамай, 

ӛткен  материалдарды  тиянақтап,  толықтыра  түсуге  тиіс.  Ескерту 



 

47 


диктантына  мұғалім  де,  оқушылар  да  тиянақты,  ұқыпты  да  жауапты 

қарауы қажет. 



Бақылау диктанты 

Бұл диктант айына бір не әрбір үлкен тақырып, тараудан кейін немесе 

тоқсанның соңында ӛткізіледі. Бақылау диктанттары оқушылардың бұрын 

ӛтілген  материалдарды  қандай  дәрежеде  меңгергенін  және  сауаттылық 

деңгейін анықтау мақсатымен жүргізіледі. 

Диктант  үшін  ІІ  сыныпта  18-20  сӛзден,  ІІІ  сыныпта  20-30  сӛзден 

құралған  қысқа  сюжетті  мәтін  алынады  да,  кӛлемі  жӛнінен  де,  мазмұны 

тұрғысынан  да  біртіндеп  күрделеніп  отырады.  Бақылау  диктанты 

тӛмендегіше жүргізіледі: 

а) үзіліс кезін пайдаланып, мұғалім диктант тақырыбын, мәтін ішінде 

кездесетін қиын сӛздерді тақтаға жазып қояды; 

ә)  мұғалім  диктант  мәтінін  екі  рет  дауыстап  оқып,  жазылуы  қиын 

сӛздерді тақтадан қарап алу керектігін ескертеді; 

б) егер диктант мәтіні жеке сӛздер мен сӛз тіркестерінен немесе оған 

негізделген сӛйлемдерден құралған болса, мұндай мәтіндердің әрбір сӛзін, 

сӛйлемін  мұғалім  үш  рет  оқиды.  Оқушылар  жазар  алдында  әрбір  сӛзді 

кӛңіл  қоя  тыңдап,  ұғып  алғаннан  кейін  ғана  жазуды  ұсынады.  Мұғалім 

оқушылардың түгелдей жазуын қадағалап, ең баяу жазатын оқушы жазып 

бітісімен, келесі сӛйлемді оқиды. Бірақ ол жаңа сӛйлем екені айтылмайды. 

 

Сҧрақтар мен тапсырмалар: 

1. Тіл дамытудың ауызша және жазбаша түрлері. 

2. Тіл мәдениеті және оны оқыту. 

3. Диктант және тіл ұстарту. 

4. Диктантты бағалау нормалары. 

 

Ҧсынылатын әдебиеттер: 

1.  Құлмағамбетова  Б.  Қазақ  тілін  оқыту  методикасы.      А.,  «Мектеп» 

баспасы. 1998.  

2. Е. Исабаев. Дыбыс жүйесінің негіздері. А., «Мектеп». 1992. 

3.Диктанттар жинағы. А., «Мектеп». 2004. 

4.Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы. А., «Мектеп» , 2002. 

5.«Қазақ тілі мен әдебиет» пәнінің бағдарламасы. А., «Мектеп». 2005. 

 

 

5-Тақырып: Қазақ әдебиетін оқытудың ӛзекті мәселелері 

 

Жоспар: 

1. Әдебиет сабақтарында қолданылатын сабақ тҥрлері 

2. Әдебиет сабақтарында қолданылатын әдіс-тәсілдер 

3. Әдебиет сабақтарында кӛркем шығарманы оқу және талдау 

 



 

48 


Тірек  ҧғымдар:  сӛз  ӛнері,  кӛркем  сӛз,  әдіс,  кӛрнекілік  әдісі,  зерттеу 

әдісі, репродкутивті әдіс, кӛркем шығарманы талдау. 

 

Әдебиет сабақтарында қолданылатын сабақ тҥрлері 

Педагогикалық  тұрғыдан  ойлауды  қалыптастыру  үшін  жоғары 

мектептегі  оқыту  процесінің  дамуы  мен  мәнін,  құрылымын,  қисынын 

(логикасын)  түсіну  маңызды.  Ол  үшін  оқыту  процесінің  негізгі 

құрылымдық бӛліктерін бӛліп алу қажет. Окыту процесі - бұл мұғалім мен 

оқушылардың  белгілі  бір  мақсатқа  бағытталған  ӛзара  әрекеттестігінің 

барысында  окушыларға  білім  беру  міндеттерін  шешу.  Оқыту  процесінің 

құрылымдьң  компоненттері  мыналар:  Мақсат.  Педагог  Оқушы,  білім 

алушы. Оқыту әдістері. Оқытуды ұйымдастыру түрі. Алған білімді ӛмірде 

қолдана  білу,  нәтижесін  кӛру.  Педагогикалық  диагностика.  Негізгі 

қайшылықтар  -  оқыту  процесінің  қозғаушы  күші.  Оқыту  -  екі  жақты 

процесс - оқыту және оқу. Оқыту - қоғамдық қарым-қатынастың субьектісі 

ретінде адамды дайындау қажеттілігінен туындаган әлеуметтік негізделген 

процесс.  Бұдан  шығатын  қорытынды  -  оқытудың  әлеуметтік  қызметі 

әлеуметтік 

талаптарға 

сәйкес 

тұлғаны 


қалыптастыру. 

Тұлғаны 


калыптастырудың  негізі,  қайнар  кӛзі  -  әлемдік  мәдениет,  адамзаттьщ 

ғасырлар  бойы  жинақтаған  рухани  және  материалдық  байлығы. 

Дидактикада И.Я.Лернердің тұжырымдамасы кеңінен қолдау тапқан: Білім 

Іс-әрекеттің  әдістері.  Шығармашылық  тәжірибе  Зерттелініп  отырған 

обьектіге,  сонымен  бірге  ӛз-езіне  және  басқа  адамдарға  деген 

эмоционалдық-құндылық  қарым-қатынас,  қоғамдық,  ғылыми  және  кәсіби 

іс-әрекеттің  себеп-салдары  мен  қажеттіліктері.  Оқыту  процесі  -  білімді, 

біліктілік  пен  дағдыны  меңгеретін,  тұлғаның  дүниетанымын,  күш-

қайратын,  қабілеттерін  тәрбиелеп  дамытатын  іс  -әрекет  барысы.  Оқыту 

процесі  -  тұтас  педагогикалық  процестің  бір  бӛлігі.  Оқыту  -  мақсатты 

процесс. Оқытудың басты мақсаты, әдіс тәсілдері, мазмұны мен міндеттері 

қоғам талабынан туындап, ұдайы ӛсіп, жаңарып отырады. Оқыту  - таным 

процесі.  Оқыту  -  даму  негізі.  Оқыту  -  жоспарлы  процесс.  Оқыту  -  бұл 

күрделі  процесс.  Ол  тұлғаға  білім  беру,  тәрбиелеу  және  ақыл  -  ойы  мен 

творчестволық қабілетін, демек біліктілігі мен дағдысын дамыту негізінде 

жүзеге  асырылады.  Жоғарыда  айтылғандарды  қорытындылай  келе,  оқыту 

процесі  -  бұл  білім  алушы  тұлғаны  дамыту  үшін  мақсат  кӛздеген, 

педагогикалық 

тұрғыдан 

ұйымдастырылған, 

әлеуметтік 

жағынан 


қамтылған процесс. Оқыту процесін екі негізгі репродуктивті (шығаратын) 

және  продуктивті  (шығармашылық)  вариантта  жүргізген  жағдайда  білім 

мен  іскерлік  әдістерін  меңгеруге  болады.  (В.И.Загвязинский).  Кез-келген 

танымдық  міндеттерді  шешу  ӛз  табиғатында  қарама-қайшылықты  болып 

келеді.  Осы  қарама-қайшылықты  шешу  қызығушылық  тудырады,  белгілі 

бір  іс-әрекетке  жетелейді,  белсенділік  туғызады,  міне,  осылар  оқыту 

процесінің  қозғаушы  күші  болып  табылады.  Лекцияның  негізгі 

дидактикалық максаты - студенттердің оқу материалын меңгеруіне қажетті 

бағыттаушы негізді қалыптастыру. Жақсы, дидактикалық мақсаттарға сай 



жүктеу 0,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау