53
тәжірибесі
оқытудың
жаңа
техноло-гаялары,
педагогикалық
инноватикалар, педагогикалық терминдер, студенттердің ғылыми
кӛзқарасы мен педагогикалық тұрғыдан ойлай білу қабілеттерін
қалыптастыру; Оқытудагы саналылық - қағидалар мен зандылықтарды
саналы түрде ұғыну, оларды іс-жүзінде пайдалана білу; Теорияның
практикамен байланысы - теориялық материалдарды бекіту, байқаумен
байланысы, т.б. қорытындылап, тұжырымдауды, нақты іскерліктерді
қалыптастыру, т.б. Семинар сабақтарының сапалылығын анықтайтын
критерийлер: мақсатқа бағыттылығы - теориялық материалды болашақ
кәсіби іс-әрекетте, материалды нақты іс жүзінде қолданумен
байланыстыру; жоспарлау - басты мәселелерді бӛліп алу; ұйымдастыру -
пікірталас, пікіралысуды қолдау, студенттердің жауаптарына талдау жасау;
семинарды жүргізу стилі - белсенді; оқытушының студенттермен қарым-
қатынасы, талап қоя отырып, құрметтей білу немесе бейтараптық;
студенттердің оқытушыға қарым-қатынасы - сыйластық, ӛзара сын; топты
басқару - оқытушыньщ топта ӛзін-ӛзі еркін ұстауы, сенімділік, әділдік
немесе керісінше кӛп ескертулер жасауы, дауысын кӛтеру, топта тек
бірнеше студентпен ғана жұмыс істеуі, т.б. Оқытушының қорытындысы -
кәсіби шеберлікпен, сенімділікпен немесе керісінше; Студенттердің жазба
жұмыстарын үнемі, жүйелі түрде жүргізу немесе керісінше. Кептеген
жағдайларда семинар сабактарында іскерлік ойыңдар, тренингтер
ұйымдастырылады (мамандьщқа байланысты). Лабораториялық жұмыстар
Лабораториялық жұмыстар - оқу-зерттеу іс-әрекеттері барысында
студенттерге теориялық әдіснамалық білім мен оны нақты іс жүзінде
қолдануға қажетті іскерлік, дағдылар жүйесінің интеграциясын
сипаттайды. "Лаборатория" латынның - "Labor" еңбек, жұмыс, қиындық
деген мағынаны білдіретін сӛзінен шыққан. Лабораториялық жұмыстар
оқу жұмысының ерекдіелігіне байланысты, сондықган әрбір нақты
жағдайда жекеленген әдістемелік нұсқаулар қажет. Топтың біріккен іс-
әрекеті - ең тиімді формалардың бірі. Оның нәтижелілігі оқытушының
ұйымдастырушылық шеберлігіне байланыс-ты, яғни студенттерді ӛз
бетінше жұмыс жасауға, мәселені зерттеуші ретіңде шешуде оларды
ойластыру, ойлай білу іс-әрекеттерін белсендіру мақсатында бағыттаумен
анықталады. Кез-келген практикалық жұмыстьщ маңызды жағы жаттығу
болып табылады, яғни негізінен есептерді шешу, графикалық жұмыстар,
ғылымның негізгі ұғымдарын нактылау.
Әдебиет сабақтарында қолданылатын әдіс-тәсілдер
Кӛрнекілік әдісі- берілген білімнің мазмұны кӛрнекілікті тілеп
тұрғанда уақыт үнемдеуге, әсіресе оқушы психологиясына әсер ету
мақсатында ӛте тиімді болады.Сондай-ақ оқушы сабаққа қызықтыру,
ынталандыру мәселесінде де маңызы зор.
Зерттеу әдісі- берілетін білімнің ғылымилығын арттыру қосымша
материалдармен байыту, оқушыларды іздендіру,ӛз бетімен проблема
шештіру мәселелерінде тиімді.Оқушылардың ӛздігінен ойлануы мен
54
іскерлігін ӛз беттерінше уақытында жасау дағдыларын жетілдіруде ӛте
пайдалы. Бұл әдіс негізінен, семинар, конференциция, сабақтарда
баяндама, реферат жаздыруға ыңғайлы.Бұл әдістегі негізгі мақсат- оқу
материалының бұрынғы сабақтарда қамтылмаган жаңа қырларын, тың
астарын ашу. Бұл әдіс ұстаздың шәкәрттерге зерттеу тұрғысындағы
проблемалық тапсырмалар беруі арқылы орындалады.
Шығармашылық
әдісі-шәкірттердің
оқырмандық
қабілетін
тәрбиелеу мақсатында кӛркем шығарманы оқып-үйренудің алғашқы
кезеңінде де, қолданыуы мүмкін. Мұнда тӛмендегідей әдістемелік тәсілдер
қолданылады:
-Мұғалімнің мәнерлеп оқуы.
-Кӛркемсӛзӛнерлерінің мәнелеп оқуы.
- Артистердің орындауындағы жеке сахналық кӛріністер.
-Оқушыны мәнерлеп оқуға үйрету.
-Кӛркем мәтінді ұстаздың коментарий түсінік бере оқуы.
-Әңгіме жүргізу.
-Шығармашылық тапсырма беру.
-Жаттау.
-Жоспар құру.
-Эпизодтарға тақырып қою.
-Мәтінге жақын баяндау.
-Кӛркем баяндау.
-Сценрий құру.
-Иллюстрация жасау.
-Пікір жазу(кітап,кино, спектакль, радио, телеқойылым, хабарларға)
- Шығарма жазу.
Эвристикалық әдіс- мұнда да негізгі оқу материалы-кӛркем
шығарма. Оны талдау арқылы кӛркем-эстетикалық, рухани, адамгершілік,
қоғамдық- философиялық мәселелердің мәнін ашу кӛзделді. Бұл әдіс
кәбіне эвристикалық әңгіме түрінде жүргізіледі. Мұны кейде эвристикалық
әңгімеден соң ұстаздың сұрау тапсырмалары бойынша шәкірттердің ӛздері
орындауы да мүмкін. Бұл әдіс мынадай әдістемелік тәсілдер арқылы іске
асырылады:
-Логикалық сұрақтар жүйесі(коркем шығарманы талдау,теориялық
т.б мәселелер бойынша)
-Тапсырмалар жүйесі.Шығарма мәтіні бойынша ауызшпа, жазбаша
жоспарлау, баяндау, теориялық т.б мәселелер бойынша.
-Мұғалімнің ӛзінің немесе мұғалім ұсынысымен шәкірттердің
проблема қоюы, пікірталас ұйымдастыру.
Репродуктивті әдіс- бұл әдісте оқытушы белгілі бір оқу материалын
проблема қоя отырып баяндайды, әрі оған ӛзі жауап береді, тақырыптың
мәнін түсіндіреді. Содан соң шәкірттерден дәл осы ізбен қайталап, басқа
оқу материялын түсіндіруді талап етеді. Бұл репродукция яғни қайталау,
кӛшірме жасау әдісі болып есептеледі.
Репродуктивті әдісте қолданылатын тәсілдер: