Жоғары білім жҥйесі педагог және басшы кадрларды қайта даярлау және білімін жетілдіруді



жүктеу 0,76 Mb.
Pdf просмотр
бет16/25
Дата14.05.2018
өлшемі0,76 Mb.
#12325
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25

 

44 


жазумен ғана шектеледі. Ең алдымен, мәтінді оқу кезеңінде кӛлденең сӛз, 

сұрақ  болмауға  тиіс.  Жазу  кезінде  бірлі  –  жарым  қалып  қойған  оқушы 

болса, ол мұғалімнің ісі. Ал кейде, оқушылар тарапынан бір қажетті сұрақ 

бола  қалса,  жаздырып  жатқан  кезекті  сӛйлемді  оқушылар  түгел  жазып 

біткеннен  кейін қойылу  керек. Диктант  мәтінін жаздыру  үстінде, диктант 

мәтінінен  сыртқары  кездесуі  ықтимал  кӛлденең  сӛздердің  кӛлемі, 

мазмұны,  шамасы  оқушыларға  алдын  ала  белгілі  болуға  тиіс.  Мәтінді 

жаздыру  үстінде  мұғалім  тарапынан  оқушыларға  айтылатын  ескертпе 

түріндегі  сӛздерді  жиі  пайдалануға  болмайды.  Ерекше  бір  күрделі,  қиын 

сӛйлемдерді  жаздыру  ретінде  ғана  емес,  бар  ынта,  зейіні  диктант  мәтінін 

жазуда  болып  отырғанда,  қапелімде  мәтін  арасына  кӛлденең  сӛздің  кіруі 

оқушыларды аз да болса, алаңдатады, зейінін бӛледі. Екіншіден, ӛзі жазып 

үлгіре  алмай  отырған  кейбір  балалар  жаңағыдай  сӛздерді  (кӛлденең) 

ажырата алмай, мәтінмен бірге жазып қояды. Мәтінді оқуда басты талап – 

тілдің орфографиялық заңдылығын сақтау болып табылады. 

  Үйрету диктанттарының маңызы 

Үйрету диктанттарының тағы бір ерекшелігі – оқушыларды ойлануға, 

ізденуге, ӛз ойларын салыстыру әдісі бойынша дәлелдеп айта білуге және 

ӛз  беттерімен  жұмыс  істей  білуге  тӛселдіреді.  Бұл  оқушыларды 

құлшындырып, ӛз ісіне деген сенімділігін арттырады. 

Қысқасы,  үйрету  диктанттары  оқушыларды  сауатты  жазуға  ғана 

баулып қоймайды, алған білімін сыннан ӛткізіп, тұрақтандыруға, мәнерлеп 

оқу машығын қалыптастыруға кӛп септігін тигізеді. 

   Әріп  диктантын  жаздыру  мақсаты  мен  оған  қойылатын 

талаптар 

Әріп диктантын жаздыру мақсаты  – ана тілін жеткілкті білмейтіндер 

мен  басқа  ұлт  балаларына  қазақ  тіліне  тән  дыбыстардың  айтылуы  мен 

жазылуындағы  фонемалық,  орфографиялық  ерекшеліктерге  байланысты 

олардың  бір-бірінен  айырмашылықтарын  және  оларды  жаза  білуді 

қаншалықты  дәрежеде  меңгергендіктерін  білу.  Ӛйткені  әріп  диктанты 

барлық жазу жұмыстарының іргетасы. 

Буын  диктантын  жаздыру  мақсаты  мен  оған  қойылатын 

талаптар 

Әріп  диктантын  жазып,  әрбір  дыбыс  пен  әріптің  орфоэпиялық, 

орфографиялық ӛзгешелігін, үндестігі мен ұқсастығын салыстыру әдісімен 

саналы  түрде  түсініп,  талдауға  тӛселген  оқушылар  үшін  буын  диктантын 

жазу онша қиындық келтірмейді.  

Сӛз диктантын жаздыру мақсаты мен оған қойылатын талаптар 

Сӛз  диктантының  жеңіл  болатын  себебі  –  ол  оқушылар  меңгеріп 

болған дыбыстар мен буындардан құрылады. Мұндағы мақсат – сӛздердің 

бір,  екі,  үш,  тӛрт,  одан  да  кӛп  буыннан  құралып,  белгілі  бір  ұғымды 

білдіретінін дыбыс (әріп) және буынмен салыстыра отырып түсіндіру. Сӛз 

диктантын  жаздырар  алдында  оқушыға  берілген  сӛздің  қандай  ұғымды 

білдіріп,  неше  буыннан,  неше  дыбыстан  құралғанын,  бірінші  буындағы 

дауыстының жуан немесе жіңішке екенін айқындап, ондағы бір дыбыстың 




 

45 


әріпке  айналғандағы  жазылу  емлесін  айтып  ӛтеді.  Бұл,  мысалы,  былайша 

баяндалуға тиіс: кӛз, құлақ, құлақшын, кӛзілдірік сӛздері бір, екі, үш, тӛрт 

буыннан  құралған.  Кӛз  сӛзінде  3,  кӛзілдірік  сӛзінде  10  дыбыс  (әріп)  бар. 

Тӛрт сӛз тӛрт түрлі мағына білдіріп тұр. Бұл сӛздерде қазақ алфавитіне тән 



ә, ұ, ғ, ң, һ әріптері жоқ. 

Сӛйлем диктантын жаздыру мақсаты мен оған қойылатын талаптар 

Диктанттың  бұл  түрі  алғашқылардың  бәрінен  де  күрделі.  Ӛйткені 

бұл бір, екі, үш, тӛрт, бес, одан да кӛп сӛздерден құралып, аяқталған ойды 

білдіреді. 

Сӛйлем  диктантын  жаздырудағы  мақсат  –  оқушыларға  сӛйлемнің 

сыртқы  құрылымын  таныту  және  оны  құрай  білуге  машықтандыру. 

Мұғалім  сӛйлем  диктантын  ӛткізуге  кірісер  алдында  басқаларға 

түсіндіретін  сӛйлемнің  бірінші  сӛзі  бас  әріппен  басталып,  сӛздер  бір-

бірінен бӛлек жазылатынын, мағынасына қарай сӛйлем соңына нүкте, леп 

немесе  сұрау  белгілерінің  бірі  қойылатынын,  сондай-ақ  қазақ  тіліне  тән 

дыбыстардың (әріптердің) бар-жоғын айтады. 

Әріп,  буын,  сӛз  және  сӛйлем  диктанттарын  жаздыру  үшін 

тӛмендегідей әдістер пайдаланылады. 

Қазақ  тілі  бойынша  жүргізілетін  диктанттар  екі  топқа  бӛлінеді: 



мәтіні ӛзгертілмеген диктанттар және мәтіні ӛзгертілген диктанттар. 

Есту диктанты 

Емле  ережелерінің  шегін  ажырата  отырып,  оқушылардың  есту 

қабілетін  арттыруға  байланысты  орындалады.  Есту  диктантының 

орындалу  тәсілі  екі  түрлі.  Бірінші  түрі:  дауысты,  дауыссыз  дыбыс 

әріптерінің,  әріптер  тіркесінің,  тасымалдың,  сӛз  құрамының  және  сӛз 

таптарының  жазылу  ережесі  ауызша  түсіндіріледі  де,  осы  мәліметке  сай 

дайындалған  мәтінге  оқушылар  кӛз  жүгіртеді.  Сонан  соң  бұл  мәтін 

мұғалім тарапынан жаздырылады. Екінші түрі: мұғалім белгілі емлеге сай 

дайындалған  мәтінді  жаздырады.  Жазу  үстінде  белгілі  бір  емлелердің 

астын  сызып  отыруды  жүктейді.  Сонан  соң  диктанттағы  емлені 

оқушылардың ӛздері түсіндіріп, қатесін ӛздері түзетеді. Белгілі бір емлені 

түсіндіруге байланысты алынған диктанттың мәтіні 40-50 сӛзге, ал арнайы 

жүргізілген диктант мәтінінің сӛзі 90-210 сӛзге дейін болады.  

Кӛру диктанты 

Емлені  айыра  отырып,  оқушылардың  кӛру  қабілетін  дамыту 

мақсатында жүргізіледі. Бұның да орындалу амалы екі түрлі. Бірінші түрі: 

емлеге  сай  дайындалған  мәтін  оқушыларға  түгелдей  оқытылады  да,  оны 

мұғалім дәптерге жаздырады. Содан кейін оқушылар жазылған диктантты 

емлеге  сай  түсіндіреді.  Екінші  түрі:  мұғалім  дайындаған  мәтінді  тақтаға 




жүктеу 0,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау