90
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
P.F.N.A. (рour fete Nouvel An) «Жаңа жылмен құттықтау».
P.R.F.N.A. (рour remercier er
fete Nouvel An)
Өз алғысын білдіруге және Жаңа жылмен
құттықтауға байланысты.
P.R. (рour remercier)
«Өз алғысыңызды білдіру». Мұндай визит
карточкасы құттықтауға жауап ретінде
алғыс хаттың орнына қызмет етеді.
P.C. (рour condoleances)
«Көңіл айту». Танысыңыздың немесе
серіктесіңіз жақтан біреу қайтыс болған
жағдайда және ұлттық траур кезінде
пайдаланылады.
P.R.V. (рour rende visite)
«Шақыруға жауап беру». Конвертке
салынған визит карточкасы шақырудың
қабылданғаны туралы түсінік береді.
1-жаттығу. Көрсетілген үлгіні қазақшаға аударыңыз.
2-жаттығу. Визит карточкасының бір жақты немесе екі жақты болып
жасалынатыны белгілі, сіздің ойыңызша, қай нұсқасы дұрыс. Осыған
байланысты өз ойыңызды жазыңыз.
ç
Тапсырмалар:
1. Өзіңіздің визит карточкаңызды жасаңыз.
2. Өзіңіздің визит карточкаңызды 10-15 жылдан кейінгі уақытпен ша-
малап жасап шығыңыз.
3. Сіз «Шабыт» жастар байқауына қатысушысыз. Өзіңіздің визит
карточкаңыздың үлгісін жасаңыз.
4. Сіз «Арай» жекеменшік баспасының бас редакторысыз. Өзіңіздің
визит карточкаңыздың үлгісін жасаңыз.
91
Орынғазы Әбутәліп
5. Сіз «Каспий банкінің» президентісіз. Өзіңіздің визит карточкаңыз-
дың үлгісін жасаңыз.
6. Сіз Астана қаласындағы Еуразия университетінің оқытушысысыз.
Өзіңіздің визит карточкаңыздың үлгісін жасаңыз.
6. Сіз «Қуат» тұрғын үй құрылысы АҚ президентісіз. Өзіңіздің визит
карточкаңыздың үлгісін жасаңыз.
h
Сөздік және сөз тіркестері:
визит карточкасы
– визитная карточка
жұмыс орны
– место работы
орналасқан
– расположенный
орынбасар
– заместитель
бастық
– начальник
басшы
– руководитель
бастау
– начинать
іс
– дело
істеу
– делать
іскер
– деловой (человек)
іскер әріптес
– деловой партнер, коллега
іс-әрекет
– действие
іссапар
– командировка
тарих
– история
түрлері
– виды
әдебі
– этикеты
классикалық
– классический
ерекше
– особенный
жеке
– личный
іскерлік
– деловитость
92
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
Азаматтық
қарым-қатынастарды
реттейтін құжаттар
93
Орынғазы Әбутәліп
Азаматтық қарым-қатынасты реттейтін құжаттар дегеніміз – жеке
тұлға мен жеке тұлғаның, заңды тұлға мен заңды тұлғаның немесе жеке
тұлға мен заңды тұлғаның араларындағы ресми қатынасты реттейтін
ісқағаздар түрі.
13-cабақ
ҚОЛХАТ
Анықтамасы:
Қолхат – белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша)
алынғанын куәландыратын және оны белгілі бір мерзімде қайтарып
беретіндігін міндеттеп, көрсететін ресми құжат түрі.
Бұл бағасы төмен құндылықтарды уақытша пайдалану жағдайында
рәсімделеді. Сондықтан қолхат негізінен мекемеішілік қатынастарда жиі
қолданылады.
Қолхат – белгілі бір іс-әрекетті растайтын, адамдардың мекемеден
немесе жеке адамнан ақша не құндылығы төмен заттар алғандығын, не
бергендігін растайтын жазба құжат.
Қолхат бір дана болып жасалады. Қолхат алушыда сақталады.
Кейде қолхатта қатысушы куәлер көрсетіледі. Ондай жағдайда куәлер
қолхатқа өз қолдарын қойып растайды.
Ақшаны немесе затты қайтарған жағдайда қолхат жойылады.
õ
Ерекшелігі:
1) Қолхат құқықтық дәрежесі төмен құжат екендігі.
2) Қолхат нотариалдық кеңседе көп жағдайда куәландырылмайтын-
дығы.
3) Мөр басылмайтындығы.
6
Құрылымы:
• құжаттың атауы;
• қолхат беруші туралы мәлімет (аты-жөні, мекенжайы немесе
жұмыс орны);
• қолхат алушының аты-жөні;
• алынған заттың атауы (егер ақша болса – сомасы санмен де, жазба-
ша да көрсетіледі, зат болса оның құны көрсетіледі);
• қайтарылатын нақты уақыты;
• қолхат берушінің жеке куәлік нөмірі;
• қолхат жазылған күні, айы, жылы;
• қолхат берушінің қолы;
• куәлердің қолы (кейбір жағдайда).
94
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
,
1-үлгі
Қолхат
Мен, Шымкент қаласы, Абай даңғылы, 12 үй, 34 пәтердің тұрғыны
Ерғазин Ұлан Еркінжанұлы, азамат Дәуітбеков Уәлихан Өскенұлынан
Nokia Xpress Music 5610 маркалы ұялы телефонын уақытша пайдалануға
алдым. Бағасы 38 000 (отыз сегіз мың) теңге тұрады.
Алған ұялы телефонды 2009 жылдың 10-шы қыркүйегінде қайтаруға
уәде беремін.
Жеке куәлік №1234567989.
10.08.2009.
____________ Ұ. Ерғазин
,
2-үлгі
Қолхат
Мен, Алматы қаласы, Шәкәрім көшесі, 47 үй, 10 пәтер тұрғыны
Жандосұлы Жасұлан, азамат Арман Мұхитұлынан 50 000 (елу мың) теңге
алдым.
Ақшаны 2010 жылдың 13 қыркүйегіне дейін қайтаруға уәде беремін.
Жеке куәлік №123456789.
13 шілде 2010 жыл Жандосұлы Жасұлан ----------------
Куәгерлер:
Берік Дәлелханұлы ----------------
Жарас Ахметжанұлы ----------------
Достарыңызбен бөлісу: |