Оқулық Өзбекстан Республикасы Халыққа білім беру министрлігі бекіткен



жүктеу 3,36 Kb.
Pdf просмотр
бет38/40
Дата08.03.2018
өлшемі3,36 Kb.
#11996
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40

130
өте аз бөлiгiн шала бұталар құрайды. Тек тропиктiк бел-
деулерде ғана оған жататын бұталар, лиана жəне ағаштар 
өседi. Бұл тұқымдас өкiлдерiнiң жапырақтары жай, тамыр 
мойнында  топталып  немесе  сабақта  кезектесiп,  кейде 
қарама-қарсы немесе сақина болып орналасады. Жапырақ 
тақтасы – бүтiн  (күнбағыс),  кейде  қауырсын  сияқты 
бөлiнген (жусан).
Күрделiгүлдiлердiң  өзiне  тəн  белгiсi – гүлдерi  себет 
гүлшоғырда  орналасқан.  Себетшенiң  сырты  бiр  немесе 
бiрнеше  қатар  түрлi  пiшiндегi  орама  жапырақшалармен 
қапталған.  Күрделiгүлдiлердiң  көпшiлiгiнде  себетшелер 
өз кезегiнде сыпырғыгүл, шашақгүл, қалқанша жəне басқа 
гүлшоғырларға орналасып, күрделi гүлшоғыр түзедi.
Тостағанжапырағы, күлтежапырағы жəне аталықтары 
5-еуден  болады.  Тостағаншасы  əр  түрлi  түзiлген,  өте 
қысқарып кеткен, перде сияқты, 5 тiстi өсiндi пiшiнде бо-
лады. Күлтежапырағы – тұтас гүлжапырақшалы, түзу не-
месе қисық.
Күрделiгүлдiлер  тұқымдастары  негiзiнен  гүл  құры-
лысына қарай 2 кiшi тұқымдасқа бөлiнедi.
Бiрiншi  (сүттiкентəрiздiлер)  тұқымдасқа  гүлшоғыры 
негiзiнен  тiлше  тəрiздi  күлтежапырақшадан  құралған 
түрлер  кiредi.  Бұған  Өзбекстанда  кең  таралған  бақбақ, 
көбенқұйрық,  шашыратқы,  мақсары,  кекiре  сияқты 
туыстардың түрлерi жатады.
Дəрiлiк бақбақ – көп жылдық шөп. Оны шұраттардағы 
өсiмдiк  өсетiн  барлық  жерлерден  кездестiруге  бола-
ды.  Сабағы  өте  қысқа.  Гүлшоғыры  себетше.  Гүлдерi 
гүл сағақтарының  ұшында  орналасқан  себетшелерде 
124-сурет. Екі 
жынысты тіл 
тəрізді гүл
125-сурет. Екі 
жынысты тү-
тікше тəрізді гүл
126-сурет.
Воронка 
тəрізді гүл
127-сурет.
Жалған тіл 
тəрізді гүл


131
орналасқан.  Бақбақтардың  жемiсi – 
дəнек. Оның ұшында орналасқан ай-
дары бар.
Бақбақтар дəрiлiк өсiмдiк ретiнде 
өте бағаланады (128-сурет).
Жаздың орталарынан бастап егiн-
дердiң  арасында,  жол  бойлары  мен 
арықтардың  жағасында  көгiлдiр 
шашыратқы гүлдейдi (129-сурет).
Ол – шашыратқы 
туысының 
Өзбек станда  өсетiн  жалғыз  түрі  бо-
лып есептеледi. Шашыратқының се-
бетше сiндегi барлық гүлдер көгiлдiр 
түстi,  қос  жынысты,  тiлше  тəрiздi 
болады.  Шашыратқы – дəрiлiк  өсiм дiк.  Оның  тамыры-
нан жəне гүлдеген кезде сабағынан дайындалған дəрiлер 
асқазан-iшек ауруларын емдеуде қолданылады.
Екiншi (түймедақтəрiздiлер) тұқымдас гүлшоғырының 
көпшiлiк  бөлiгiн  түтiкше  тəрiздi  гүлдер  құрайды.  Тек 
кейбiр түрлерi себет шенiң айналасында жалған тiлше тə-
рiздi (күнбағыс) немесе шанақ тəрiздi (ботагөз) гүлдер бо-
лады.  Бұл  шағын  тұқымдасқа  Өзбекстанда  кең  таралған 
жусан,  қырмызыгүл,  күнбағыс,  андыз,  ақбас  жусан 
сияқты туыс түрлерi жатады. Түр лерге байлығы жағынан 
жусан туысы шағын тұқымдастар iшiнде 
ерекше орында тұрады.
Жусан туысына жататын өсiмдiктер 
шаруашылықта  өзiне  сай  орын  алады.
Өзбекстанда  ақ  жусанның 39 түрi 
кез деседi.  Бұлар – бiр  жылдық  жəне  екi 
жыл дық шөптесiн өсiмдiктер жəне шала 
бұталар.
Ақ жусан, тұран жусаны (қара жусан), 
боз  жусан  сияқты  түрлер  Өзбекстанда 
кең таралған. Жаздың құрғақ жəне ыстық 
129-сурет. Көгіл-
дір шашыратқы
128-сурет.
Дəрілік бақбақ:
1 – тамыры; 2 – гүлі;
3 – аталығы; 4 – 
жемісі; 5 – топгүлі.
5
4
2
3
1


132
күндерiнде жусанда «жазғы ұйқы» кезеңi басталады. Күз 
келген  соң  жусан  тағы  өсе  бастайды.  Себетшелерiнiң 
əрбiрiнде 5–7-еуден қос жынысты түтікше гүлдер болады. 
Же мiсi қазанның соңы немесе қарашаның басында пiседi 
жəне төгiледi.
Шөл  жайылымдарындағы  жусандар – қаракөл  қойлар 
мен түйелердiң күзгi жəне қысқы негiзгi қорегi. Жусан –  
баға жетпес емдiк өсiмдiк. Бұған мысал ретiнде ермен жу-
санын айтуға болады. 
Күрделiгүлдiлер  тұқымдасына  жататын  мəдени  өсiм-
дiктердiң  бiрi – майлы  күнбағыс.  Оның  гүлшоғыры 
күн  шыққаннан  батқанға  дейiн  күнге  қарап  бұрылады, 
сондықтан да ол күнбағыс деп аталады (130-сурет).
Табиғи  түрде  кездесетiн  дəрiлiк  өсiм дiктерге  ақ  жу-
сан, бознаш туысының өкiлдерi кiредi.
Гүлзарларда  қыс  түскенше  əсем  болып  ашылып  тұ-
ра тын қашқар гүл, хризантема, нарғызгүл, жұлдызгүл 
жəне  əселгүлдер  де  күрделi гүлдiлерге  жататын  мəдени 
сəндiк өсiм дiктер болып саналады (131—133-суреттер).
Осы  тұқымдастың 13 туысына  жататын 50 түрi 
Өзбекстан  Республикасының  «Қызыл  кiтабына»  енгi-
зiлген. Олардан 30-ы көбенқұйрық  туысына  жатады.
1.  Күрделiгүлдiлер  тұқымдасына  тəн  негiзгi  белгiлер  қай-
сылар?
2. Дəрiлiк бақбақ пен ақ жусан гүлдерiнiң бiр-бiрiнен қан-
дай айырмашылығы бар?
3. Дəрiлiк бақбақтың жемiсi таралуға қалай бейiм делген?
4. Күрделігүлділерге жататын сəндік өсімдіктерді ата.
5. Күрделігүлділерге жататын жабайы өсімдіктерді ата.
130-сурет.
Майлы күнбағыс
131-сурет.
Түймедақ
132-сурет.
Астра
133-сурет.
Хризантема


жүктеу 3,36 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау