Оқулық Өзбекстан Республикасы Халыққа білім беру министрлігі бекіткен



жүктеу 3,36 Kb.
Pdf просмотр
бет33/40
Дата08.03.2018
өлшемі3,36 Kb.
#11996
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   40

113
5-еу немесе одан да көп. Жемістері бір дəнекті (шабдалы, 
өрік), көп дəнекті (таңқурай, алма, алмұрт).
Бұларға тобылғы, итмұрын, алма, алхоры, алмұрт, 
шабдалы, құлпынай, алша, қызыл шие сияқты туыстар 
жатады (94-сурет). 
Бұл тұқымдасқа жататын түрлер мен туыстардың көп-
тiгi соншалықты, олардың гүл құрылысын жалғыз форму-
ламен жəне диаграммамен өрнектеуге болмайды.
Таулардағы өзен бойында жəне тоғайларда итмұ рын ту-
ысына жататын бұталар өседi. Олардың бiрi  –  қарапайым 
итмұ рын (95-сурет).
Ол – бойы 3–4 метрге жететiн, са бағы көп, тiкенек тi бұта. 
Жапы рақтары  күрделi,  қа уырсынтəрiздi, 5–9 жапырақты. 
Маусым-шiлде айынан бастап гүлдейдi. Гүлдерi – iрi, енi 8–9 
см, түсi – негiзiнен солғын қызғылт тостағанша жəне күлте 
бесеуден. Гүл дерiнде өте көп аталығы мен аналықтары бар.
Итмұрынның  жалған  жемiсi  қою  қызыл,  етжендi,  со-
пақша жұмырт қатəрiздi, ұзындығы 2–3 см болады. Жемiсi-
нiң iшiнде өте көп қатты тұқымдары бар. Же мi сi құрамында 
адамның денсаулығына қажеттi дəрумендер –  лимон қыш-
қылы, ашыт қы тағы басқа заттар болады. Медицинада ави-
таминоз ауруының алдын алуда жəне емдеуде қолданады.
94-сурет. Раушангүл тұқымдастарына жататын өсімдіктер
              алша                              
алмұрт                          шабдалы
           құлпынай                          
алхоры                         таңқурай
9 – Биология, 6-сынып


114
Өзбекстанда  бұл  туысқа 
жататын 13 түр  өсiмдiк 
өседi. 
Ит мұрын – мəдени 
рау шангүлдiң жабайы түрi.
Қазiргi  уақытта  Жер 
жүзiнде 
раушангүлдердiң 
10 мыңға жуық түрi бар. Ал 
Өзбекстанда  соның 340-тан 
астам сұрпы егiледi.
Алма – алма  туысына  жа-
татын ағаш. Өзбекстанда олардың 5 түрi бар.
Алмұрттың  гүлi  де,  жемiсi  де  алмаға  ұқсайды.  Бiрақ 
же мiсiнiң етiнде тас жасушалары болуымен алмадан ерек-
ше ленеді. Өзбекстанда алмұрт туысына жататын 7 түр бар.
Жабайы алма, алмұрт, алша жəне басқа да жемiстi өсiм-
дiктер құрғақшылық пен суыққа жəне зиянкестерге төзiмдiлiгi 
себепті  жаңа  сұрыптар  жаратуда,  сондай-ақ  будандастыру 
немесе телу арқылы ұлауда маңызды орын алады.
Раушангүлдiлер  тұқымдасына  жататын  өсiмдiктер 
республикамызда  көп  таралған.  Оларға  өрiк,  шабдалы, 
қызыл шие жəне алхоры, құлпынай, бүлдiрген сияқтылар 
жатады. Олардың халық шаруашылығындағы маңызы ора-
сан зор. Тұқымдас өкiлдердің екеуi (Орта Азия алмұрты, 
Ольга сорбариясы) Өзбекстан Республикасының «Қызыл 
кiтабына» енген.
1. Раушангүл тұқымдасына тəн белгiлердi айтып бер.
2. Рау шангүл тұқымдасына жататын өсiмдiктердiң гүл құ-
рылысы қандай?
3.  Алманың жəне итмұрынның гүл формуласын жазып, түсiндiр.
4. Раушангүл тұқымдасына тиiстi қандай мəдени өсiмдiктердi бi-
лесiң? Осы тұқымдасқа жататын жабайы өсiмдiктердi айт.
5.  Раушангүл  тұқымдасына  тиiстi  өсiмдiктердiң  адам  өмiрiндегi 
орны қандай?
Алманың, итмұрынның жəне құлпынайдың гүлшоғыры мен 
гүл дерiн салыстыр.
95-сурет. 
Итмұрын
1 – бұтағы; 2 – гүлі; 
3 – жемісі.
1
2
3


115
§ 48. ОРАМЖАПЫРАҚТƏРIЗДIЛЕР  ТҰҚЫМДАСЫ
Тж
4
Кж
4
Ат
4+2
Ан
1
Орамжапырақтəрiздiлер  тұқымдасының  өкiлдерi  Жер 
шарының барлық материктерiнде өседi. Ол 3000-ға жуық 
түрдi қамтиды.
Орамжапырақтəрiздiлердiң  көпшiлiгi  бiр  жылдық, 
екi  жыл дық  жəне  көп  жылдық  шөптер.  Тамыры – кiндiк 
тамыр.  Сабағы  тiк  өседi.  Жапырақтары  жай,  тұтас  не-
месе  қырқылған,  сабақта  кезектесiп  орналасады. 
Гүлдерi  түзу  жəне  екi  жыныс ты,  шашақ  гүлшоғырда 
орналасқан.  Гүлсерiгi  күрделi  тостағанжапырақша  жəне 
күлтеге бөлiнген. Тостағанжапырақшасы –  4,  бiр-бiрiмен 
қосылмаған тостағанжапырақшадан тұрады, күлте де  – 4, 
ол еркін түрдегi  күлтежапырақшадан құралған. Гүлiнде 
бiр аналық жəне алты аталық болады.
Жемiсi – бұршаққын  (бойы  енiнен 3 есе  жəне  одан  да 
ұзын) немесе бұршаққынша (бойы енiмен бiрдей немесе 
2 есе ұзын), көбiнесе түбiнен екi жаққа бөлiнiп ашылады 
(96-сурет.
Орамжапырақтəрiздiлерге жататын жабайы түрлердiң 
көпшiлiгi  көктемде  шөлдерде,  тау  етектерiндегi,  қы-
раттарда өнiп шығады. Тұқымдас өкiлдердiң бiрi –кəдімгі 
жұ мыршақ (97-сурет).
Кəдімгі жұмыршақ – осы аттас туысқа жататын, ұзын-
дығы 10–30 см келетiн бiр жылдық шөптесiн өсiмдiк. Та-
мыр мойнында орналасқан жапырақтары қысқа са ғақты, 
қауырсынтəрiздi  қырқылған,  сабақтарындағы  жапы рақ-
тары отырмалы. Гүлдерi сабақтарда шашақты гүлшоғыр 
түзедi.  Күлтежапырақтары  тостағанжапырақтарынан 1,5 
есе ұзын. Аталықтары 6-ау. Аналығы бiреу.
96-сурет.
1 – гүлдің жалпы көрінісі;
2 – гүлшоғыры;
3 – бұршаққын;
4 – бұршаққынша. 
1
2
3
4


116
Кəдiмгi  жұмыршақ  наурыздан 
бас тап мамырдың соңына дейiн гүл-
дейдi жəне жемiс (бұршаққын) пайда 
болады.
Өзбекстанда  жұмыршақ  туысына 
жататын  тек  қана  бiр  түр – кəдiмгi 
жұмыршақ өседi.
Кəдiмгi жұмыршақ құрамында «С» 
жəне «К» дəрумендерi, алма мен ли-
мон қышқылдары бар. Ер те көктемде 
топжапырақтары 
тамаққа 
қол-
данылады.  Жұмыршақтан  көк  тұш-
пара,  көк  самса  дайындалады.  Оның 
жер бетiндегi бөлiгiнен дайындалған 
дəрiлер медицинада қанды тоқтатуға 
қолданылады.
Өзбекстанда  орамжапырақтə рiз-
дiлер  тұқымдасына  жататын  көк өнiс 
егiндерiнен орамжапырақ (98-сурет) 
шалғам, шалқан жəне тұрып өседі.
Ал  бояу  беретiн  өсiмдiк  ретiнде 
оспа  егiледi.  Бұл  тұқымдасқа  тиiстi 
8    түр Өзбекстан Республикасы «Қы-
зыл кiта бына» енгізілген.
1. Орамжапырақтəрiздiлер  тұқымдасына  тəн  белгiлер  қай-
сы лар?
2. Шалғам гүлiнiң формуласын жаз жəне диаграммасын сыз.
3. Орамжапырақтəрiздiлерге жататын мəдени өсiмдiктердi ата.
1. Мектеп айналасынан жинап алынған, орамжапы рақ тə рiз-
дiлер тұқымдасына жататын өсiмдiктердi сыныпқа тарат. 
2. Жиналған өсiмдiктерден қосжарнақтылар класына жата-
тын белгiлердi анықта.
3. Əрбiр өсiмдiк мүшелерiнiң құрылысымен танысып, оларды өз-
ара салыс тыр.
4. Танысқан өсiмдiктердің бiреуiнiң суретiн сал.
97-сурет. 
1 – Жұмыршақтың 
жалпы көрінісі;
 2 – гүлі; 3 – жемісі.
98-сурет. 
Сəндік орамжапы-
рақ түрлері
Орамжапырақтың 
тағамдық түрлері
2
3
1


жүктеу 3,36 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау