Оқулық Өзбекстан Республикасы Халыққа білім беру министрлігі бекіткен



жүктеу 3,36 Kb.
Pdf просмотр
бет36/40
Дата08.03.2018
өлшемі3,36 Kb.
#11996
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40

123
на  жетiп  барады.  Сондықтан  жантақ  туралы  сөйлегенде 
«оның басы – отта, ал ая ғы – суда» дейдi.
Бұршақ тұқымдасына табиғи түрде өсетiн өсiмдiктер-
ден  түйежоңышқа,  афсанак,  астрагал,  бұршақ,  шы-
рынмия, аққурай, ащымия, беде сияқты туыстардың түр-
лерi жатады.
Бұл  тұқымдастың  мəдени  өсiмдiктерi – маш  пен 
ноқаттың,  жасымық  пен  үрмебұршақтың  айрықша 
маңызы бар (107–109-суреттер).
Республикамыздың  суары латын  жерлерiнде  бұршақ 
тұқымдасына жататын жержаңғақ егiледi. Бұл өсiмдiктiң 
отаны – Бразилия.  Жержаңғақ – бiр  жылдық  шөпте-
сiн  өсiмдiк.  Оның  жапырақтары –жұп  қауырсын тəрiздi, 
күрделi.  Гүлi –тоқ  сары  түстi,  бұршаққыны – сопақ.  Гүл-
дерi тозаңданып болған соң, гүлдi өркендерi топырақтың 
iшiне кiрiп, жемiс салады.
Республикамыздың  қалалары  мен  ауылдарындағы
тыным  бақ тарда,  саябақтарда  жəне  көшелерде  сəндiк 
ағаш  ретiнде  егiлетiн  өсiмдiктерден  тухумак  (жапон 
сафора сы), тiкенек ағаш (гледичия) жəне ақ акация да 
бұршақ тұқымдасына жатады (110–111-суреттер).
Бұр шақ  тұқымдас  өсiмдiктердiң 60 түрi  Өзбекстан 
Респуб ликасының  «Қызыл  кiтабына»  енгiзiлген.  Түрлер 
сан ының көптiгi жағынан астрагал (37 түр), окситропс (13 
түр) жəне теңгешөп (8 түр) туыстар ерекшеленіп тұрады.
106-сурет. 
Шалғындық беде
107-сурет.
Лобия
108-сурет.
Жержаңғақ
109-сурет.
Ноқат
110-сурет.
Ақ акация
111-сурет.
Гледичия


124
1.  Бұршақ  тұқымдастарға  жататын  өсiмдiктердiң  өзiне  тəн 
қандай белгiлерi бар?
2. Жантақ шөл жағдайында қалай өседi?
3. Жантақтың гүлi қалай түзiлген?
4. Бұр шақ тұқымдастарға жататын тағы қандай табиғи өсiм-
дiктердi бiлесiң?
5.  Бұршаққапты  өсiмдiк тердiң  халық  шаруашылығында 
қан дай маңызы бар?
6.  Өз бекстан  Республикасының  «Қызыл  кiтабына»  бұршақ 
тұқымдастардың неше түрi енгiзiлген?
Бұршақ  тұқымдасына  жататын  маш,  жантақ,  жоңышқа 
сияқты  өсiмдiктердiң  кеппешөбiнен  жəне  жаңа  өсiмдiк-
терден алынған үлгiлердi өзара салыстыр.
§ 52. АЛҚА   ТҰҚЫМДАСТАР
Тж
(5)
Кж
(5)
Ат
5
Ан
1
Алқа тұқымдастар Жер шарының климаты қоңыржай 
белдеулерiнде жəне тропиктерде кең таралған.
Алқа тұқымдастар – бiр жылдық жəне көп жылдық шөп-
тесiн өсiмдiктер, жартылай шалабұталар немесе бұталар. 
Тамыры – кiндiк тамыр. Сабағы тiк, жамбастап немесе жа-
тып өседi, кейде түрi өзгерген жер асты сабақтары өнiм 
бередi (мысалы,  картоп).  Жапырақтары – жай,  бүтiн  не-
месе  бөлiнген.  Гүлдерi  түзу,  кейде  бiраз  қисық,  екi  жы-
нысты,  жеке-жеке  түрде  жапырақтардың  қолтығында 
немесе  бұтақтардың  ұшындағы  мұртша  шоқгүлде 
орналасқан.  Гүлсерiгi –күрделi.  Тостағаншасы  бiр-бiрi-
мен қосылған 5 тостағаншажапырақтан құралған. Күлтесi 
жартысына  дейiн  немесе  ұшына  дейiн  бiр-бiрiмен  қо-
сылған 5 күлтежапырақтан  құралған,  түсi – алуан 
түрлi.  Аталықтары – 5-еу,  олар  күлтежапырақтарының 
қосылуынан пайда болған түтiкке орналасқан. Аналығы – 
бiреу. Жемiсi жидек жемiс немесе көсекше болып келедi.
Алқа  тұқымдастарға  жататын  жабайы  түрлердiң 
көпшiлiгi  арамшөптерден  тұрады.  Олардың  iшiнде 
бəрiмiзге таныс қара алқа да бар (112-сурет).


125
Қара  алқа  (қара  итжүзiм) – 
алқа  тұқымдасына  жататын 
бiр  жылдық  шөптесiн  өсiмдiк. 
Оны  мақта  алқаптарында,  бақ-
шаларда, басқа егiстiктерде, бос 
жатқан жерлерде жəне тiптi жол 
жағаларында да кез дестiруге бо-
лады. Қара алқаның бойы 25–50 
см болады. Сабағы мол бұтақты, 
тiк  өседi.  Жапырақтары – жай, 
сопақ  жұмыртқа тəрiздi.  Гүлдерi  ақшыл  түстi,  олар 
3–10  данадан  бұтақ  ұшындағы  шырмауық  топгүлдерде 
орналасқан. Тостағаншасы мен күлтесi 5   бөлiктен тұрады. 
Қара алқа маусым соңынан түбiн суық ұрғанша гүлдейдi. 
Аталықтары – 5-еу.  Аналығы – бiреу.  Шартəрiздi  жидек 
жемiстерi  тамыздың  соңында  қарайып  пiседi.  Же мiстерi 
«С» дəруменiне бай, оны халық емшiлi гiнде пайдаланады.
Өзбекстанда алқа тұқымдасына жататын өсімдіктердің 
10 түрі өседi. Соның iшiнде картоп пен бақлажан көкөнiс 
ре тiнде көп егiледi (113-, 115-суреттер).
Алқа тұқымдастарға жататын кең таралған арам шөп тер 
қатарына меңдуана мен кəдiмгi сасық меңдуана туыстары 
да  кiредi (117-, 118-суреттер).  Бұлардың  екеуi  де  қолаңса 
иiстi, өте улы əрі дəрiлiк өсiмдiк (114-, 116-суреттер).
Алқа  тұқымдастардың  Өзбекстанда  көп  егiлетiн 
өкiлде рiнiң  тағы  бiреуi – қызанақ.  Алқа  тұқымдастарға 
келiм дəрi (қалампыр) мен темекi  де жатады (114, 116-су-
реттер).
113-сурет. 
Картоп
114-сурет. 
Қызанақ
115-сурет. 
Бақлажан
116-сурет. 
Қалампыр
112-сурет. Қара алқа:
жалпы көрінісі, гүлі, жемісі.


126
Темекi  жапырақтары  махор-
ка,  папирос,  сигар  зиянды  бу-
нақденелiлердi жоятын препарат-
тар  мен  дəрiлер  дайындау  үшiн 
қолданылады.  Жапырақтарының 
құрамында  адамның  жүйке  жəне 
қантамыр  жүйесiне  зиянды  əсер 
ететiн улы зат –никотин бар.
Алқа  тұқымдастардың  тек  бiр 
ғана түрі – Алай торсылдағы Өзбекстан Республикасының 
«Қызыл кiтабына» енгi зiлген.
1. Алқа тұқымдастарға тəн белгiлер қандай?
2. Алқа тұқымдас тар арасында улылары бар ма?
3. Алқа тұқымдастар гүлiнiң формуласы мен диаграммасы 
қандай?
4. Алқа тұқымдастарға жататын жабайы өсiмдiктердi бi лесiң бе?
Кеппешөпті пайдаланып қара алқа, сасық меңдуана, картоп 
жəне келiмдəрi өсiмдiктерiнiң жемiстерiн салыстыр, суретiн 
дəп терiңе сызып ал.
§ 53. ЖҮЗIМ   ТҰҚЫМДАСТАР
Тж
4-5
Кж
5,(5)
Ат
5
Ан
(2-6)
Бұл тұқымдасқа негiзiнен тропиктiк жəне субтропик тiк 
белдеулерде  таралған 600-ден  астам  түр  жатады.  Жү зiм 
тұқымдасы мұртшаларының көмегiмен басқа өсiмдiктерге 
өрмелеп  өсетiн,  лиана  пiшiндес  бұталар  мен  ағаштарды 
қамтиды.  Жүзiм  тұқымдастардағы  мұртшалар  сабақтың 
өзгеруiнен пайда болған. Жапырақтары жай, ұзын сағақты, 
бауыржапырақты. Гүлдерi майда, түзу, екi жынысты не-
месе  бiр  жынысты,  түссiз,  сыпырғы  тəрiздi  гүлшоғырға 
жиналған. Гүлсерiгi күрделi, бiрақ тостағанжапырақшасы 
жақсы дамымаған. Күлте жа пырақшалары 5-еу, олар дара 
немесе  ұшымен  бiр-бiрiне  қосылған.  Аталықтары 5-еу. 
Аналығы негiзiнен 2-еу. Жемiсi – жидек жемiс.
Жүзiм  тұқымдастардың  кең  тараған  өкiлдерiнiң 
бiрi –мəдени  жүзiм.  Оның  бойы 2–4 (6–10) м-ге  жетедi. 
117-сурет.
Сасық 
меңдуана
118-сурет. 
Меңдуана


жүктеу 3,36 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау