Оқулық Өзбекстан Республикасы Халыққа білім беру министрлігі бекіткен



жүктеу 3,36 Kb.
Pdf просмотр
бет35/40
Дата08.03.2018
өлшемі3,36 Kb.
#11996
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40

120
жағасында  жəне  егiндердiң 
арасында  кездестiруге  бола-
ды. Сабағы – молбұтақты, жер 
бауырлап  немесе  жамбастап 
өседi. 
Жапырақтары – ұзын 
са ғақты,  жапырағы  дерлiк 
до малақ,  шетi 5–7-ге  бө лiн-
ген.  Гүлдерi  жапырақ  қол-
тығында  орналасқан.  Күл-
тежапырақтары 5-еу,  ер кiн, 
тостағанжапырақшаларға  қа рағанда  екi  есе  ұзын.  Ата-
лықтары көп, жiптерiмен бiрiккен, аналықты орап алған. 
Жербауыр  түймегүл  сəуiрден  қыркүйекке  дейiн  гүл-
дейдi.  Жемiсi  құрғақ  жемiс, 12–16 жемiсшелерден  құ рал-
ған.
Түймегүлдiң құрғатылған жапырағы, гүлi жəне тұ қымы 
халық емшiлiгiнде iш жұмсартқыш дəрi ре тiнде қолданады. 
Өзендер мен көлдердiң бойындағы тоғай ларда, ылғалды 
жерлерде  дəрiлiк  құлқайыр  өседi.  Ол –құлқайыргүлдi 
тұқымдасына  жататын,  бойы  70–150   см  келетiн  көп 
жылдық  шөптесiн  өсiмдiк.  Тамырынан  дайын далған  зат 
ғылыми медицинада жөтелге қарсы қолданылады.
Республикамызда  егiлетiн,  құлқайыр  гүлдi  тұқым-
дасына  жататын  өсiмдiктердiң  арасында  қоза  негiзгi 
орынды алады.
Өзбекстанда  қоза  туысына  жататын 3 түр  өседi.  Бұ-
лардың  барлығы  да  бiр  жылдық  мəдени  өсiмдiк  ретiнде 
өсiрiледi (103-сурет).
1.  Жайдары  қоза – көсектерi  майда.  Талшығы  жирен, 
қысқа жəне дөрекi. Отаны – Африка. Қазiргi уақытта оны 
тек тəжiрибе учаскелерiнен кездестiруге болады.
2.  Мексика  қозасы  немесе  кəдiмгi  қоза.  Оның  тос-
тағаншажапырақшалары – 3. тостағанжапырықшалары 
5-еу.  Гүлдерi – iрi,  күлтежапы рақшалары – солғын  сары, 
түбi  қызыл,  дақсыз.  Көсектерi iрi, 4–5 шанақты,  жақсы 
102-сурет. Түймегүл:
1– жалпы көрiнiсi; 2– гүлі
3– топ жемiсi; 4– жемісі.
4
2
1
3 3


121
ашылады. Талшығы – жұмсақ, ұзын, ақ, кейде қоңыр түстi 
болады.  Отаны – Орталық  Америка.  Қазiр  Өзбекстанда 
осы түр негiзiнде жетiлдiрiлген көптеген сұрыптар егiледi.
3.  Мысыр  қозасы  немесе  Барбадосс  қозасы.  Оның 
да  төменгi  тостағанжапырақшалары – 3-еу.  Гүлдерi iрi, 
күлтежапырақтары  лимон  жемiсiнiң  түсiндей  сап-сары, 
түбiнде  қызылдығы  бар.  Көсектерi – iрi, 3–4 шанақты, 
жақсы ашылады. Талшығы – ұзын, жiбекке ұқсас жұмсақ, 
түсi  солғын  сары  болады.  Отаны – Оңтүстiк  Америка 
(Перу, Колумбия, Бразилия).
Құлқайыргүлдi  тұқымдастарға  жататын  талшықты 
өсiм дiк тердiң бiрi – бөрiтарақ туысына  жататын кенеп.
Бұл  тұқымдасқа  Африка  саванналарының  рəмізі  бо-
лып табылатын баобаб та жатады (104-сурет).
1. Құлқайыргүлдiлер тұқымдасына тəн белгiлердi айтып бер.
2. Қозаның гүлi қандай бөлiктерден құралған?
3.  Құл қайыргүлдi  тұқымдасына  жататын  қандай  пайдалы 
жəне арамшөптердi бiлесiң.
4. Қозаның қандай түрлерi бар, олардың отаны қай жер?
§ 51. БҰРШАҚ   ТҰҚЫМДАСТАР
Тж
(5)
Кж
1+2, (2)
Ат
(9)+1
Ан
1
Бұршақ  тұқымдасына  Жер  шарының  дерлiк  барлық 
бөлiгiне тараған 12 000-ға жуық өсiмдiк түрi кiредi.
Бұл тұқымдас өкiлдерiнiң көпшілігі бір, екі жəне көп 
жылдық шөптерден тұрады. Бұршақ тұқымдастардың ара-
сында ішінара шала бұта, бұталар жəне ағаштар кездеседі.
Тұқымдас  өкiлдерiнiң  тамыры – кiндiк  тамыржүйелi. 
Тамырында түйнекше бактериялармен бiрге тiршiлiк етедi. 
103-сурет. Қоза: 
1 – жалпы көрінісі; 
2 – жас өркен; 3 – 
гүлі;
4 – жас көсегі;
5 – жетілген көсегі; 
– шиті.
104-сурет. Баобаб
2
4
1
6
3
5


122
Түйнекшелер осы өсiмдiк тамырында жасап, ауадағы бос 
азотты сiңiредi. Бұл түйнекшелер топырақтың өнiмдiлi-
гiн  арттырады.  Сабақтары  тiк,  өрмелегiш,  шырмалғыш
немесе  жатып  өсетiн  болады.  Жапырақтары  көбiнесе 
күр делi  кейде  жай,  əрқашан  бауыржапырақты,  сабақта 
кезектесiп орналасады. Гүлдерi қисық жəне екi жынысты 
болады,  олар  шоқ  немесе  масақ  пiшiндегi  гүлшоғырға 
орналасқан.  Гүлсерiгi  күрделi.  Тос тағаншасы  жарты-
сына  дейiн  бiр-бiрiмен  қосылған 5 тостағанжапырақтан 
түзiлген.  Күлтесi  көбелек  пiшiндес,  олар 5 күлтежа-
пырақшалардан  түзiлген.  Олардың  үстiндегi iрiрегi 
«желкен»  немесе  «жалауша»  деп  аталады;  екi  бүйiрiне 
орналасқан  екi  күлтежапырақ  «қанат»  немесе  «ескек» 
деп  аталады.  Ал  бiр-бiрiмен  қосылған  бiр  жұп  астыңғы 
күлтежапырақ «қайықша» деп аталады. Аталықтары –10, 
олардың  iшiнде 9 аталықтың  жiпшелерi  бiр-бiрiмен 
қосылып  кетедi  де,  оныншысы  жеке  тұрады,  бiр  аналық 
болады. Жемiсі – бұршаққап (105-сурет).
Бұршақ  тұқымдас  өсiмдiктерге  жататын,  республика-
мызда кең таралған өсiмдiктердiң бiрi – шалғындық беде 
(106-сурет).
Шалғындық  беде – бойы 25–50 см  келетiн  көп 
жылдық  шөптесiн  өсiмдiк.  Жапырақтары  ұзын  сағақты, 
үш  жүйкелi.  Гүлдерi  майда, 2–3,5 
 
см  келетiн  масақ 
пiшiнiндегi шоқгүлге орналас қан.
Бұршақ тұқымдас өсiмдiктер қатарына жантақ та жа-
тады.
Жантақтың  жасы  ұлғайған  сайын  оның  тамыры  да 
терең дiкке  жəне  жанына  қарай  ұзара  түседi.  Тереңдiкке 
қарай  өскен  тамыр  көп  уақыт  өтпей,  жер  асты  сулары-
105-сурет. Бұршақ 
тұқымдастар гүлінің 
түзілуі: A– жалпы көрінісі;
Ə. Бөліктері: 1 – желкенше;
2 – ескекшелер; 3 – қайықша; 
4–5 – аталықтар; 6 – аналық.
2
1
3
Ə
6
4
5
2
A


жүктеу 3,36 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау