14
бағаланады, осы зерттеу бойынша пікір талданады.
Жарықдиодтық жарықтандыру нарығын дамыту бастамасы
Германияда жарықтандыру жалпы электр энергиясын тұтынудың 16%-ын
құрайды (Энергетикалық теңгерімдер жөніндегі жұмыс тобының деректері бойынша,
2013). Соңғы жылдары жергілікті билік органдары бойынша басшылық энергияны төмен
тұтынатын диодтардың (жарықдиодтар) көмегімен көшені жарықтандыруға жəне ішкі
жарықтандыруға көшуге ықпал етті. Қазіргі таңда ақпараттың жоқтығы жəне персоналдың
жетіспеуі көптеген жергілікті билік органдарының өзінің сыртқы жарықтандыруында
тиімділікті арттыру үшін əлеуетті жеткілікті шамада тиімді пайдаланбайды.
Бұған кəдімгі жарықтандыруға қарағанда, бастапқы капитал салымдары
жарықдиодтар үшін жоғары болу факті келіп қосылады. Осы мəселені шешу үшін, жаңа
технологияларды барынша кең пайдалануға ықпал ету мақсатында, қорғасын нарығын
жасау бастамасына қолдау көрсетуге бағытталған жоба шеңберінде жергілікті билікпен
жəне салалық ассоциациялармен тығыз өзара əрекеттесетін болады.
Климатқа қолайлы тұрғын үй жəне құрылыс стратегиясы
Егер қоршаған орта мен климат үшін қолайлы жағдайлар жасауға, энергиялық
тиімді ықшам аудандар мен қалаларды дамытуға жəне ғимараттардың энергия тиімділігін
арттыруға бағытталған саясаты келісілетін болса ғана, Германия үкіметі климат
саласындағы өз міндеттерін орындай алады. Бұл лықсымаларды қысқартуға қосымша үлес
қосу үшін құрылыс жəне тұрғын үй жағдайларына қолайлы климат жасауға жəне
климаттың өзгеруі саласында үкіметтің негізгі саясатына айналуына мүмкіндік береді.
Егер 2050 жылы климат үшін бейтарап ғимарат жасау мақсатына қол жеткізілсе, онда
бүгінгі күні дұрыс бағыт жасалуы тиіс. Сонымен қатар ешбір басқа сектор адамдар
тұратын, жұмыс істейтін жəне өзінің бос уақытын жұмсайтын ғимараттар сияқты
адамдардың күнделікті өміріне ешбір тікелей əсер ете алмайды.
Германия үкіметі Германияның Қоршаған орта, табиғат қорғау жəне ядролық
қауіпсіздік мəселелері жөніндегі федералдық министрлігі климат үшін қолайлы құрылыс
жəне тұрғын үй стратегиясын əзірлейді, осы шеңберде климаттың өзгеру салдарларын
жұмсартумен байланысты жалпы шаралармен қатар, ғимарат секторындағы энергия
тиімділігі стратегиясында қозғалатын мəселелер үйлесім табатын болады. Мысалы,
климатқа бағдарланған құрылыс жəне тұрғын үй стратегиясының шеңберінде тұрғын үй
құрылысына, қаланың дамуына, ауылдық жерлердің дамуына қатысты едəуір жалпы
мəселелер жəне демографиялық өзгерістермен байланысты проблемалар Қолжетімді
тұрғын үй бірлестігімен (Bündnis für bezahlbares Wohnen und Bauen) ынтымақтастықта
қарастырылатын болады.
Германия үкіметі тұрғын үй бұрынғысынша табыс деңгейі төмен немесе орташа
болып келетін тұрғындар тобына қожетімсіз болса, климаттың өзгеруіне бағдарланған
құрылыс саласында өз саясатын іске асыра алмайтынын жақсы түсінеді. Осыны ескере
отырып, ауылдарға, қалаларға жəне қала немесе аудандарға қатысты нақты мəселелер
сияқты мəдени жəне əлеуметтік аспектілер, сондай-ақ олардың өзіндік жеке сипаттамалар
мен мəселелерге ие бөлімше ретіндегі инфрақұрылымдары климатқа бағдарланған
құрылыс пен тұрғын үй саласындағы саясатқа қосылады. Осы құжатта сипатталатын
климатқа ыңғайлы Құрылыс жəне тұрғын үй стратегиясы 2020 жылғы арналған климаттың
өзгеруімен байланысты мақсатқа қол жеткізуде маңызды үлес қосады, шамамен 5,7-10 млн.
т. CО
2
эквивалентіне қысқартады. Оның ішінде ҰІЖ-ға енгізілген ғимарат секторында
қысқарту шамасынан артатыны 1,5-4,7 млн. т. CO
2
эквиваленті.
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі
15
Ұзақ мерзімді мақсат: климат тұрғысынан бейтарап құрылыс қоры
Климат үшін қолайлы құрылыс жəне тұрғын үй стратегиясы жеке адамдар,
ауылдар, қалалар мен аудандар үшін сенімді, ұзақ мерзімді жиектер құрайды, сөйтіп, 2050
жылғы қарай климатқа бейтарап ғимарат жасауға қол жеткізуге ықпал етеді. Əлеуметтік-
экономикалық салдарлар, əсіресе, жаңа жəне қолданыстағы ғимараттар мен тұрғын
үйлердің қолжетімділігі, атап айтсақ, қарт адамдарға арналған тұрғын үйлерге қатысты
нормаларды сақтау барлық жағдайда ескеріледі. Сондай-ақ экологиялық критерийлер
(мысалы, құрылыс материалдарының беріктігі) жəне денсаулыққа қауіп төндірмеу
(мысалы, бөлме ішіндегі ауаны ластайтын заттар) ескеріледі. Осы шаралардың ерікті
қабылдануы жəне экономикалық тұрғыдан іске асырылуы маңызды. Германия үкіметі 2050
жылға қарай клматқа бейтарап ғимарат жасаудың ұзақ мерзімді мақсатына қол жеткізу
жолында қалуы үшін өзінің сектораралық стратегиясын тұрақты қайта қарап отыратын
болады. Үкімет климат салсындағы ұзақ мерзімді мақсатына қол жеткізуде құрылыс
қорына біртіндеп көмектесетін əлдебір нақты технологиямен байланысты емес басқа
шараларды да əзірлейді. Климат үшін қолайлы құрылыс жəне тұрғын үй стратегиясын
жасау үшін, сенімді деректер базасы қажет. Осыған байланысты үкімет құрылыс туралы
деректерді жинау мен талдау шараларын жетілдіреді, мұның өзі орташа мерзімді
перспективада ғимарат санаты бойынша бəрін қамтитын жəне сараланған бағалау
жүргізуге мүмкіндік береді. Қолда бар деректер негізіндегі бастапқы тексеру тұрақты қайта
қаралатын жəне жуық арадағы бірнеше жыл бойы кеңейтілетін болады.
Құрылыстағы энергия тиімділігі
Германияның құрылыстағы энергия тиімділігін арттыру бойынша ұлттық іс-
қимыл жоспарының тарауы тиімділікті жылдам арттыру үшін шұғыл шаралардың
параметрлерін сипаттаудан құралады.
Құрылыста ҰІЖ-дағы шұғыл шаралар келесілерді қамтиды:
- сапаны қамтамасыз ету мен оңтайландыру/энергетика мəселелері
бойынша консультация беру жүйелерін əзірлеу (жылыжай газдарының лықсымасын
қысқарту: 0,2 млн. т. CO
2
эквиваленті);
- энергиялық тиімді қалпына келтіру жұмыстары үшін салық стимулдары
(жылыжай газдарының лықсымасын қысқарту: 2.1 млн. т. CO
2
эквиваленті);
- 2018 жылғы дейін көміртегі құрамы төмен қалпына келтіру бағдарламасын
қосымша қаржыландыруды жалғастыру, жетілдіру жəне қамтамасыз ету (жылыжай
газдарының лықсымасын қысқарту: 0, 7 млн. т. CO
2
эквиваленті);
- жылыту қондырғыларын тексеру.
ҰІЖ-да ғимараттарда энергия тиімділігі стратегиясының негізгі аспектілерімен
байланысты келесі жұмыс үдерістері еске алынады:
- энергетика мəселелері бойынша жергілікті билік органдарына кеңес беру;
- энергия үнемдеу саласындағы заңнама;
- жалгерлік туралы заң;
- тұрғын жəне тұрғын емес ғимараттарды жеке жөндеу кестесі;
- жаңғыртылатын энергия көздерінің нарығын ынталандыру бағдарламасын
əзірлеу (карта);
- технологиялар мен стационарлық қызметтерді жасауға арналған жүйелі
компоненттердің əзірлемесін қоса алғанда, жаңа техникалық стандарттарды өте жылдам
орнату;
- энергетика саласындағы зерттеулер: ғимараттар мен аудандардағы энергетика
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі
Достарыңызбен бөлісу: |