12
- əлеуетті пайдалану үшін энергия тиімділігімен айналысатын менеджерлерді
ілгерілету, мысалы, іскерлік жəне өнеркəсіптік парктерде;
- жеке секторларда энергия тиімділігін арттыру науқандары;
- Еуроодақ елдерінде энергия тиімділігін жəне экодизайнды таңбалау;
- ұлттық көшбасшының бастамасы (жылыжай газдарының лықсымасын
қысқарту: 5,1 млн. тонна көмірқышқыл газының эквиваленті);
- ШОК-ға емес, энергия аудитіне қойылатын міндетті талаптар (жылыжай
газдарының лықсымасын қысқарту: 3,4 млн. тонна көмірқышқыл газының эквиваленті);
- Германияның энергия ресурстарына көшуін іске асыруда ШОК қолдау
бастамасын жəне климаттың өзгеруі салдарларын жұмсарту («Mittelstandsinitiative
Energiewende und Klimaschutz») саясатын жылжыту;
- энергетика саласында ШОК тарапынан консультациялық қызметтерді ұсыну
бағдарламасын жылжыту;
- ескі жылыту жүйелеріна арналған тиімділіктің ұлттық таңбалауы
(жылыжай газдарының лықсымасын қысқарту: 0,7 млн. тонна көмірқышқыл газының
эквиваленті);
- ағын суларды тазалауда энергия тиімділігін арттыру бағдарламасы;
- ауыл шаруашылық кəсіпорындары үшін энергетика мəселері жөнінде
консультация беру;
- ауыл шаруашылығы мен бақша шаруашылығында энергия тиімділігін
арттырудың үкіметтік бағдарламасын қалпына келтіру.
ҰІЖ келесі жалпы шаралардан тұрады:
- энергия үнемдеу қызметтері үшін жағдайларды жақсарту;
- қаржыландырудың жаңа концепциялары;
- энергия тиімділігін арттыру мақсатында зерттеулерді нығайту;
- ұсынымдар: сапаны қамтамасыз ету жəне шоғырландыру;
- коммерциялық секторда жəне үй шаруашылығы үшін негізгі тиімділік
көрсеткіштерін жəне бақылау көрсеткіштерін əзірлеу;
- ақпараттық-коммуникациялық технологиялардағы энергия тиімділігі.
Ғимараттардағы энергия тиімділігі
Энергия тиімділігі бойынша Ұлттық іс-қимыл жоспары тарауында тиімділікті
жедел арттыру бойынша шұғыл шаралар қабылдауға арналған параметрлер сипатталған.
Ғимараттардағы ҰІЖ тікелей шаралары келесілерді қамтиды:
- сапаны қатмамасыз ету мен оңтайландыру / энергетика саласында
консультациялық схемаларды дамыту (жылыжай газдарының лықсымасын қысқарту: 0,2
млн. тонна көмірқышқыл газының эквиваленті);
- энергия үнемдеуді оңалдыруға арналған салық преференциялары (жылыжай
газдарының лықсымасын қысқарту: 2,1 млн. тонна көмірқышқыл газының эквиваленті);
- 2018 жылға дейін төмен деңгейлі көміртегі лықсымаларын қалпына келтіру
бағдарламасы үшін қосымша қаржыландыруды жалғастыру, жетілдіру жəне ұсыну
(жылыжай газдарының лықсымасын қысқарту: 0,7 млн. тонна көмірқышқыл газының
эквиваленті);
- жылыту қондырғыларын тексеру.
ҰІЖ-да ғимараттарда энергия тиімділігі стратегиясының негізгі кезеңдерімен
байланысты келесі жұмыс үдерістері еске алынады:
- энергетика мəселелері бойынша жергілікті билік органдарына консультация
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі
13
беру;
- энергия үнемдеу саласындағы заңнама;
- Жалгерлік туралы заң;
- тұрғын жəне тұрғын емес ғимараттарды жеке жөндеу кестесі;
- Жаңғыртылатын энергия көздері үшін Нарықты ынталандыру бағдарламасын
əзірлеу (MAP);
- жаңа техникалық стандарттарды барынша жедел орнату, оның ішінде құрылыс
жəне бекітілген қызметтер технологиясы үшін жүйе компоннеттерін əзірлеу;
- энергетика саласындағы зерттеулер: ғимараттар мен ықшам аудандардағы
энергетика бойынша ғылыми-зерттеу желісі.
Ғимараттардағы энергия тиімділігі стратегиясы:
- кешенді құрылыс материалының энергетикалық тиімділігін бағалау үшін жол
салады жəне құрылыс топтары бойынша сараланады;
- Германия үкіметінің энергетика концепциясының бөлігі болып табылатын,
климат тұрғысынан 2050 жылы бейтарап ғимараттар жасаудың ұзақ мерзімді мақсатына
қол жеткізуге бағытталған шаралар өткізеді;
- ғимараттарда энергетикалық жаңғыртуға ықпал ететін əлдебір нақты
технологиямен байланысты емес шараларды баяндайды;
- құрылыс материалдарының энергия тиімділігін біртіндеп ұзақ мерзімді
климаттық мақсаттарды қанағаттандыруға қажетті деңгейге дейін көтеруге бағытталған
жұмыстар;
- «Болашақ энергетикасы» мониторингі процесінің шеңберінде тұрақты қаралып
келеді.
Мемлекеттік сектор үшін энергия үнемдейтін жөндеулер кестесін жасау
Энергия үнемдейтін қоғамдық ғимараттар жасау жылыжай газдары
лықсымаларын қысқартуға тікелей əсері жоқ себептер бойынша маңызды, бұл мемлекеттік
секторға өз кезегінде, əсіресе, тұрғын емес ғимараттарда оңалту шараларын таратуды жəне
қоғамдық тұрғыдан тануды қолдайтын үздік практиканы көрсетуге мүмкіндік береді.
Сондықтан Германия үкіметі:
федералдық үкімет объектілерінің энергия тиімділігін арттыру саласындағы
озық тəжірибені көрсететін энергия үнемдеу – қоғамдық ғимараттарды қалпына келтіру
кестесін əзірлейді;
жер үкіметіне, жергілікті билік органдарына жəне басқа мемлекеттік
органдарға қалпына келтіру бойынша осындай энергия үнемдейтін кестелерді құрастыру
кезінде ғимараттардағы энергия тиімділігі бойынша өз стратегиясы шеңберінде қолдау
көрсетеді.
Басқа шаралар, атап айтқанда, электр энергетикасы саласындағы шаралар
2020 жылға арналған ұлттық климат мақсаттарына қол жеткізу үшін, барлық
секторлар лықсымаларды қысқартуда қосымша салымға қол жеткізудің маңызы зор.
Электр энергетикасы секторында жəне Еуропалық лықсымалар саудасы жүйесінде
басымдықтар белгіленетін болса, тағы 22 млн.т. қол жеткізілетін болады.
Жылу жəне электр энергиясын құрамдастыра өндіру
Отын мен Co
2
лықсымаларын үнемдеу жылу мен электр энергиясын
құрамдастыра өндіру (ЖЭО) есебінен қол жеткізілуі мүмкін. Федералдық экономика жəне
энергетика министрлігі қазіргі таңда 2014 жылы қазан айында жарияланған зерттеуді
зерделеп келеді, мұнда жылу мен электр энергиясын құрамдастыра өндірудің əлеуетті
мүмкіндіктері талданады, электр энергетикасы туралы жинақталған заң (KWK-Gesetz)
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі
Достарыңызбен бөлісу: |