57
џ
түзетуші жəне ескертуші іс-əрекеттердің жəне т.т. əзірлеуді жəне/немесе
орындауды мониторингтеу.
Энергетикалық мониторинг мынадай негізгі қағидаттарға негізделуі тиіс [66 - 69]:
џ
мақсаттылық – мониторингтеудің бүкіл жүйесі нақты басқарушылық
міндеттерді шешуге бағдарлануы тиіс;
џ
жүйелі тəсілдеме - объектіні аса ірі жүйенің кіші жүйесі ретінде қарастыру;
џ
кешенділік – мониторинг міндеттерінің бүкіл жиынтығы оның əр бағыттары
бойынша дəйекті шешілуі қажет;
џ
объектіні бақылаудағы үздіксіздік;
џ
болып жатқан өзгерістер туралы ақпаратты алудың мерзімділігі;
џ
уа қ ы т т а ғ ы м о н и то р и н г т еуд і ң қ ол д а н ы л ат ы н к ө р с е т к і ш т е р і н і ң
салыстырмалылығы жəне т.б.
Энергетикалық мониторингтің негізгі функцияларының қатарына мыналарды
жатқызуға болады [66 - 69]:
џ
ақпараттық-бағалау – энергия тұтынуды басқару процесінің жекелеген
аспектілері мен параметрлерінің дамуы деңгейі туралы деректер алу жəне осы
процестің нəтижелілігі туралы негізделген қорытындыны тұжырымдау;
џ
түзетушілік – энергия тұтыну процесіне түзетпелерді, ішінара түзетулерді
немесе өзгерістерді уақтылы енгізу;
џ
болжамдық – алынған деректер негізінде энергия тұтынуды басқару процесін
одан əрі дамыту туралы негізделген қорытындыларды тұжырымдау;
џ
гностикалық – энергия тұтынуды басқару процесінің нəтижелілігі туралы
деректерді жинақтау, талдау жəне қорыту.
џ
Энергетикалық мониторингтің негізгі инструментарийі салыстыру
(салғастыру) болып табылады:
џ
нақты көрсеткіштерді жоспарлы көрсеткіштермен салғастыру (жоспар-
фактілік мониторингтеу);
џ
нақты көрсеткіштерді нормативтік немесе шекті көрсеткіштермен салғастыру
(шекті мониторингтеу);
џ
нақты көрсеткіштерді өткен жылдардың көрсеткіштерімен салғастыру;
џ
нақты көрсеткіштерді сала бойынша үздік көрсеткіштермен салғастыру;
џ
нақты көрсеткіштерді орташа көрсеткіштермен салғастыру;
џ
қандай да бір факторлар өзгергенге дейінгі жəне кейінгі қызмет нəтижелерін
салғастыру.
џ
Зерттеу барысында энергетикалық мониторингті жүргізудің алгоритмі
əзірленді, ол өзіне белгілі бір кезеңдерді қамтиды [66 - 69]:
џ
энергетикалық мониторингтің мақсаттары мен міндеттерін қалыптастыру;
џ
алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қарай энергетикалық мониторинг
жүргізудің бағыттылығы мен қамту толықтығын анықтау;
џ
энергетикалық мониторингтің жан-жақтылығын қарастыратын өзара
байланысты көрсеткіштер жүйесін қалыптастыру;
џ
энергетикалық мониторинг жүргізудің регламентін анықтау жəне бекіту;
џ
энергетикалық мониторинг жүргізу процесін іске асыру;
џ
энергетикалық мониторинг жүргізу барысында алынған нəтижелерді талдау;
џ
бағалаудың келесі рəсімін жүргізу үшін алынған деректерді құрылымдау.
Алгоритм деп мұнда белгілі бір процесті, бұл жағдайда мониторингтеуді іске
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі
58
асыруға қажетті іс-əрекеттердің дəйектілігін ұғынатын боламыз. Энергетикалық
мониторингтің ұсынылған алгоритмі, біздің көзқарасымыз бойынша, оны жүргізудің
ықтимал рəсімі мен механизмін аса толық көрсетеді жəне бағалаудың келесі рəсімін
жүргізуге қажетті дұрыс деректерді жүйелі түрде алуға мүмкіндік береді. Энергетикалық
мониторинг алгоритмінің əрбір кезеңі белгілі бір міндеттерді іске асыруды білдіреді.
Энергетикалық мониторинг барысында шешілуі қажет маңызды міндеттердің бірі
– мониторингтеу объектілерінің басымдығын таңдау.
Халықаралық ISO 50001:2011 стандартының ұсынымдарына сай мониторингтеу
объектілерінің басымдығы элементтің энергия сыйымдылығына сүйеніп, анықталады (аса
көп энергия сыйымды объект, ондағы ең көп энергия сыйымды қондырғы орналасқан ең
көп энергия сыйымды учаске анықталады). Алайда қондырғының энергия сыйымдылыққа
қатыстылығы аталған элементтің бірінші кезекте мониторингтеу мəні болуы үшін əркез
жеткілікті шарт бола бермейді (басқа элементтерден бұрын, ең аз энергия сыйымдылары).
Бүгінде энергетикалық мониторинг объектілерінің басымдығын таңдау міндетін шешу,
негізінен, барлық элементтерді артық көру дəрежесіне қарай құрауда емес, аса маңызды
элементті анықтауда жатыр. Сондықтан, бұл міндетті шешу үшін иерерхияларды талдау
əдісін пайдалануды ұсынамыз.
Энергетикалық мониторинг жүйесін құрған кезде кəсіпорынның жекелеген
объектілерінің тұтынатын энергия ресурстары туралы ақпараттың тұрақты ағындары мен
құжат айналымы секілді маңызды құрамдастарға айрықша көңіл бөлінуі тиіс.
Өйткені ЭМЖ ақпараттық қамсыздандыруды қалыптастыру барысында
пайдалануға қажетті ақпараттың көлемі жеткілікті маңызды болып табылады, ақпаратты
сақтаудың оңтайлы ұзақтығын анықтау, сондай-ақ оны өңдеу жəне сақтау тəсілдерін
анықтау қажеттігі туындайды.
Статистикалық ақпараттың көп көлемінде энергетикалық мониторингті іске
асыру үшін заманауи ақпараттық жəне компьютерлік технологияларды қолдану қажет.
Ақпараттық-талдау жүйешесі ақпаратты жинақтауды жəне өңдеуді қамтамасыз етуі,
сондай-ақ ЭМЖ нəтижелі жұмыс істеуі туралы ақпаратты сақтауға, түзетуге, өзектендіруге
мүмкіндік беруі жəне жұмыс нəтижелерін басқарушылық шешімдер қабылдауға ыңғайлы
түрінде ұсынуы тиіс [66 - 69].
4.3 Инжиниринг
Инжиниринг
- инженерлік-консультациялық қызметтер, зерттеу, жобалау-
конструкторлық, есептеу-талдау сипатындағы жұмыстар, жобалардың техникалық-
экономикалық негіздемелерін дайындау, өндірісті ұйымдастыру жəне басқару, өнім өткізу
саласында ұсынымдар əзірлеу [49].
Инжиниринг құрылымдық схемамен ұсынылған (4.7 сурет)
Инжинирингтің қажеттілігі қазіргі заманғы іскерлік əлемнің жоғары қарқынымен
байланысты. Технологиялардағы, өткеру нарықтарындағы жəне клиенттердің
қажеттіктеріндегі үздіксіз жəне елеулі өзгерістер үйреншікті құбылысқа айналды,
компаниялар аман қалуға жəне бəсекеге қабілеттілігін сақтауға тырыса отырып, өз
стратегиясы мен тактикасын үздіксіз қайта құруға, ұдайы жаңартып отыруға мəжбүр.
Көптеген мамандар қандай энергия үнемдеу шараларын өз кəсіпорындарына
ендіру қажеттілігін біледі. Өкінішке қарай, осы шараларды ендірудің ерекшеліктерін,
олардың нақты объектіде нақты ахуалға жəне жабдықтарға жарамдылығын бəрі бірдей
түсіне бермейді .
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі
Достарыңызбен бөлісу: |