Этнос14. 12. indd



жүктеу 6,97 Kb.
Pdf просмотр
бет86/180
Дата17.02.2018
өлшемі6,97 Kb.
#10028
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   180

187
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
ТАБАСАРАНДАР, өз атауы – табасаран.
Қазақстандағы  табасарандар  саны: 1999 жылғы  мəлімет  бойынша 298 
адам, 2013 жылғы мəлімет бойынша 238 адам.
Табасаран тілі – Дағыстанның он төрт мемлекеттік тілінің бірі; Қазақстан 
табасарандары этностық тобының экзогенді тілі. 
Табасаран тілі иберий-кавказ тілдері семьясының нах-дағыстан тармағы-
ның лезгин ішкі тобына жатады.
Табасарандар негізінен сүннит исламның шафиқ мазхабын, аздаған бөлігі 
ханафит мазхабын ұстанады. Бұлардың арасында сопылықтың нақышпандия 
тарихатының жолындағылар да бар.
ТАЛЫШТАР, өз атауы – толыш. Каспий теңізінің оңтүстік батысына жа-
насатын Талыш облысының таулы жəне тау алды аймағында тұрып жатқан 
Оңтүстік Кавказдың тарихи халықтарының бірі.
Қазақстандағы талыштар саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 691 адам, 
2009 жылғы мəлімет бойынша 132 адам.
Талыш тілі – Қазақстан талыштары этностық тобының эндогенді тілі. 
Талыш  тілі  үндіеуропалық  тілдер  семьясының  иран  тармағының  сол-
түстік-батыс тобына жатады.
Дінге сенетіндердің көбі шиит түсінігіндегі исламды ұстанады.
ТАТАРЛАР, өз атауы – татар.
Қазақстандағы татарлар саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 248 954 адам, 
2013 жылғы мəлімет бойынша 203 111 адам.
Татар этностық тобы Қазақстанның батыс жəне солтүстік аймақтарында 
ХVІІІ ғасырдың өзінде-ақ қалыптаса бастады; Қазақстанның Ресейге қосылу 
үдерісі  тек  орыстардың  ғана  емес,  татарлардың  да  қоныстануымен  қатар 
жүрді. Татарлар қалалар мен керуен жолының қиылысқан жерінде қоныста-
нып,  татар  слободаларын  салды,  тілмаштық,  саудагерлік  қызметтер  атқар-
ды; олардың көші-қон легі ХХ ғасырда да жалғасты. ХІХ ғасырдың екінші 
жартысында Қазақстандағы татарлар саны айтарлықтай көбейді; олар көлемі 
бойынша үшінші этностық топқа айналды. 
Татар тілі – Татарстан Республикасының мемлекеттік тілі; Қазақстан та-
тарлары этностық тобының экзогенді тілі. 
Татар тілі алтай тілдері семьясының түркі тегінің батысғұн бұтағындағы 
қыпшақ тобының қыпшақ-бұлғар ішкі тобына жатады.
Діни белгілері жағынан негізінен сүннит мұсылмандар, сондай-ақ бұлар-
дың арасында православиеліктер де, атеистер де, басқалар да бар.
2014  жылғы  мəліметтер  бойынша  халықтың  шоғырланып  қоныстанған 
жерлері Қарағанды облысында – 15,68%, Оңтүстік Қазақстан облысында – 
8,11%, Қостанай облысында – 8,11%, Алматы облысында – 10,74%.
Қазақстан аумағында татар облыстық мəдени орталықтары, қалалар мен 
аудандарда олардың бөлімшелері жұмыс істейді. 


188
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
ТАТТАР, ТАУ ЕВРЕЙЛЕРІ, өз атауы – тат. 
Қазақстандағы таттар саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 51 адам, 2009 
жылғы мəлімет бойынша 93 адам.
Тат тілі – Дағыстанның он төрт мемлекеттік тілінің бірі; Қазақстан татта-
ры этностық тобының жəне тау еврейлерінің экзогенді тілі. 
Тат тілі үндіеуропалық тілдер семьясының иран тармағының оңтүстік ба-
тыс тобына жатады.
Таттар мен тау еврейлерінің тілі іс жүзінде бір ғана тат тілі болғанмен, дін-
ге қатысы жағынан бұлар бөлек. Таттар сүннит мұсылман болса, таттілді тау 
еврейлерінің иудаизмді ұстануының екі мыңжылдық тарихы бар, олар иуда 
дініне беріктігін əлі сақтауда.
ТƏЖІКТЕР, өз атауы – тоджик.
Қазақстандағы тəжіктер саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 25673 адам, 
2013 жылғы мəлімет бойынша 40 868 адам.
Тəжік  тілі – Тəжікстан  Республикасының  мемлекеттік  тілі;  Қазақстан 
тəжіктері этностық тобының экзогенді тілі жəне Қазақстандағы ортаазиялық 
еврейлер этностық тобының эндогенді тілі. 
Тəжік тілі үндіеуропалық тілдер семьясының иран тармағының оңтүстік-ба-
тыс тобына жатады.
Қазіргі уақытта тəжіктердің көбі – ханафи мазхабындағы сүнниттер. Ша-
малы шиит қауымдарын Орта Азияда «ирандықтар» деп атайды. Ауғанстан-
ның батысында фарсивандар деп аталатын ерекше топтар бар, олар негізінен 
Памир  халықтарының  ізімен  исмаилшылдықты  уағыздайтын  шииттер  мен 
Памир тəжіктері.
2014  жылғы  мəліметтер  бойынша  халықтың  шоғырланып  қоныстанған 
жерлері Оңтүстік Қазақстан облысында – 79,56%, Алматы қаласында – 5,96%. 
 Қазақстан аумағында облыстық тəжік мəдени бірлестіктері, қалалар мен 
аудандарда олардың бөлімшелері жұмыс істейді. 
ТОФАЛАРЛАР, өз атауы – тофа, тоха; еск. қарағас. РФ Иркутск облы-
сында тұратын жоғалуға жақын Сібір халқы.
Қазақстандағы тофаларлар саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 29 адам. 
Тофалар тілі – Қазақстан тофаларлары этностық тобының эндогенді тілі. 
Тофалар тілі алтай тілдері семьясының түркі тобына жатады.
Тофаларлар дінге мынадай ретпен басымдық береді: шамандық, анимизм, 
православие.
ТЫВАЛАР,  өз  атауы  –  тыва,  бұрын  сойондар,  сойоттар,  урянхайлар, 
танну-тувиндер деген атпен белгілі болған.
Қазақстандағы тывалар саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 35 адам, 2009 
жылғы мəлімет бойынша 37 адам.


189
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Тыва тілі – Тыва Республикасының мемлекеттік тілі; Қазақстан тывалары 
этностық тобының экзогенді тілі. 
Тыва тілі алтай тілдері семьясының түркі тобының шығыс ғұн бұтағын-
дағы оғыз тобының ұйғыр-тыва ішкі тобына жатады.
Қазіргі уақытта Тывада буддашылдық пен шамандық жаңғыруда. Бұрынғы 
замандардағыдай,  бұл  екі  дін  симбиозды  түрде  қолданылып,  бірін-бірі  то-
лықтырады əрі бұл мемлекет тарапынан қолдау тауып отыр.
ТҮРІКТЕР, өз атауы – түрік, месхет түріктері, өз атауы ахыска тюркле-
ри (ахалцих түріктері, Ахыска түріктері), түрік-джавахтар, Кавказ түрік-
тері.
Қазақстандағы түріктер саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 78 711 адам, 
2013 жылғы мəлімет бойынша 103 049 адам.
Түрік тілі – Түркия Республикасының мемлекеттік тілі; Кипр Республика-
сының ресми тілі; Қазақстандағы месхет түріктері этностық тобының экзо-
генді тілі. 
Түрік  тілі  алтай  тілдері  семьясының  түркі  тобының  батыс  ғұн  бұтағын-
дағы оғыз тобының оғыз-селжұқ ішкі тобына жатады.
Қазақстандағы дінге сенетін түріктер – сүннит мұсылмандар.
2014 жылғы мəліметтер бойынша бұл этностың шоғырланып қоныстанған 
жері Алматы облысында – 35,75%, Жамбыл облысында – 30,61%, Оңтүстік 
Қазақстан облысында – 21,3%, Алматы қаласында – 6,22%.
Қазақстан  аумағында  республикалық,  облыстық  түрік  мəдени  бірлестік-
тері, қалалар мен аудандарда олардың бөлімшелері жұмыс істейді. 
ТҮРКІМЕНДЕР, өз атауы – түркімен.
Қазақстандағы  түркімендер  саны: 1999 жылғы  мəлімет  бойынша 1733 
адам, 2013 жылғы мəлімет бойынша 2401 адам.
Түркімен  тілі – Түркіменстан  Республикасының  мемлекеттік  тілі;  Қа-
зақстан түркімендері этностық тобының экзогенді тілі. 
Түркімен тілі алтай тілдері семьясының түркі тобының батысғұн тармағы-
ның оғыз-түркімен ішкі тобына жатады.
Түркімендердің үлкен бөлігі – сүннит мұсылмандар.
Қазақстан аумағында (Астана) түркімен мəдени бірлестіктері бар.
УДИНДЕР, өз атауы – уди, ути. Шығыс Кавказдың көне халықтарының 
бірі.
Қазақстандағы  удиндер  саны: 1999 жылғы  мəлімет  бойынша 294 адам, 
2013 жылғы мəлімет бойынша 267 адам.
Удин тілі – Қазақстан удиндері этностық тобының эндогенді тілі. 
Удин  тілі  иберий-кавказ  тілдері  семьясының  нах-дағыстан  тармағының 
лезгин ішкі тобына жатады.


жүктеу 6,97 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   180




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау