193
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Черкестер қолданатын қабарда-черкес тілі – Қарашай-Черкес Республика-
сының мемлекеттік тілі; Қазақстан черкестерінің экзогенді тілі.
Қабарда-черкес (черкес) тілі иберий-кавказ тілдері семьясының абхаз-
адыг тобына жатады.
Қазіргі уақытта черкестер арасында ислам нығайып, жұрт алдында беделі
арту үстінде.
ШЕШЕНДЕР, өз атауы – нохча; VII ғасырдың жазба деректерінде нахча-
матьян деген атаумен аталған.
Қазақстандағы шешендер саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 31802
адам, 2013 жылғы мəлімет бойынша 31974 адам.
Шешен тілі – Шешенстан Республикасының мемлекеттік тілі; Дағыстан
Республикасының он төрт мемлекеттік тілінің бірі; Қазақстан шешендерінің
экзогенді тілі.
Шешен тілі иберий-кавказ тілдері семьясының нах-дағыстан тармағына
жатады.
Шешендердің көбі сүнниттіктің шафиқ мазхабын ұстанады.
Сопылық ислам шешендер арасында екі тарихат – нақышпандия мен қа-
дырия – жолдарында. Бұлар тағы да ұсақ діни топтарға – вирд бауырлас-
тықтарына бөлінеді, мұндай бауырластықтың саны отыз екіге дейін жетеді.
2014 жылғы мəліметтер бойынша, шешендер Алматы (18,58%), Қараған-
ды (16,51%), Қостанай (26,03%), Ақмола (18,58%) облыстарында шоғырлана
қоныстанған.
Қазақстан аумағында шешен облыстық этномəдени бірлестіктері, қалалар
мен аудандарда олардың бөлімшелері жұмыс істейді.
ЧЕХТАР, өз атауы – чех.
Қазақстандағы чехтар саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 945 адам, 2013
жылғы мəлімет бойынша 269 адам.
Чех тілі – Чех Республикасының ресми тілі; Еуропалық Одақтың 25 ресми
тілінің бірі; Қазақстан чехтарының экзогенді тілі.
Чех тілі үндіеуропалық тілдер семьясының славян тобының батыс славян
ішкі тобына жатады.
Чехия Еуропада шіркеу мүлкі едəуір шамада мемлекетке қарайтын ел-
дердің бірі ретінде белгілі. Дінге шынайы берілгендерге халқының 24%-ы
жатқызылады.
ЧУВАНДАР, өз атауы – этель, этал. Чукоткадағы ұлыс.
Қазақстандағы чувандар саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 375 адам,
2009 жылғы мəлімет бойынша 25 адам.
Чуван тілі – Қазақстан чувандарының эндогенді тілі.
Чуван тілі (юкагир тіліне жақын тіл) палеоазиялық тілдер семьясындағы
оқшауланған (юкагир-чуван тілдері) тілге жатады.
Чувандардың діні – православие.
194
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
ЧУВАШТАР, өз атауы – чаваш.
Қазақстандағы чуваштар саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 11864 адам,
2013 жылғы мəлімет бойынша 6741 адам.
Чуваш тілі – Чуваш Республикасының мемлекеттік тілі; Қазақстандағы чу-
ваштардың экзогенді тілі.
Чуваш тілі алтай тілдері семьясының түркі тобының бұлғар тармағына
(бұлғар жəне хазар тілдерімен қатар) жатады. Екі диалектісі бар: төменгі («у»
деп сөйлейтіндер) жəне жоғарғы («о» деп сөйлейтіндер) диалектілер, бұларға
қарасты бірқатар говорлары бар.
Чуваштар – христиандыққа сенетіндерінің саны ең көп түркітілдес халық.
Сонымен қатар сүннит исламы мен дəстүрлі наным-сенімдерді ұстанатын
шамалы топтар бар.
Чуваштардың шоғырланып қоныстанған жерлері (2014 жылғы мəлімет
бойынша) Қарағанды (1883 адам), Павлодар (675 адам), Ақтөбе (252 адам)
облыстарында.
Қазақстан аумағында облыстық чуваш этномəдени бірлестіктері, ал қала-
лар мен аудандарда олардың филиалдары жұмыс істейді.
ЧУКЧАЛАР, өз атауы: бұғышы чукчалар – чавчу (бұғылық), жағалау-
дағылар – ан-калын (теңіздік) деп, жалпы атауы луораветлан (нағыз адам)
ортақ этноним ретінде енбеген.
Қазақстандағы чукчалар саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 19 адам,
2009 жылғы мəлімет бойынша 5 адам.
Чукот тілі – Саха Республикасының жергілікті ресми тілдерінің бірі; Қа-
зақстандағы чукча этностық тобының экзогенді тілі.
Чукот тілі (ескі. луораветлан) палеоазиялық тілдер семьясының ішінде чу-
кот-камчат тілдеріне жатады.
Дінге қатысы жағынан чукчалардың көбі Орыс православие шіркеуінде
шоқынған, алайда көшпелілерінің арасында дəстүрлі наным-сенімдерінің
қалдықтары кездеседі.
ШВЕДТЕР, өз атауы – свенскар.
1999 жылға дейін Қазақстанды шведтердің мекен ететіні туралы айғақ тір-
келмеген. Қазақстан Республикасындағы 1999 жылғы халық санағы мəлімет-
тері бойынша Қазақстанда 24 швед тұрады. Бұлар 1940 жылы Мурманск об-
лысы мен Карел-Фин ССР-ынан жер аударылған «өзге ұлттық азаматтардың»
(финдер, латыштар, эстондар, шведтер, литвандар, норвегтер т.б.) ұрпағы
болуы мүмкін. 2009 жылғы халық санағы мəліметі бойынша Қазақстандағы
саны 16 адам.
Швед тілі – Швед корольдігінің ресми тілі; Финляндия Республикасының
екінші ресми тілі; Алан аралдарының (Финляндияның автономиялық про-
винциясы); Еуропалық Одақтың 25 ресми тілінің бірі; Қазақстандағы швед
этностық тобының экзогенді тілі.
Швед тілі үндіеуропалық тілдер семьясының герман тармағындағы скан-
динав тобына жатады.
195
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Елінде католик, лютеран, православие шіркеулері, синагогалар жұмыс
істегенмен, шведтер Еуропаның ең бір дінсізденген халқы болып саналады.
ШОРЛАР, өз атауы – шор, шоркижи; ескі. кузнецк, кондом и мрас татар-
лары. Негізінен Кемер облысының (РФ) оңтүстігінде өмір сүретін түркітілді
халық.
Қазақстандағы шорлар саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 212 адам,
2009 жылғы мəлімет бойынша 96 адам.
Шор тілі – Қазақстандағы шор этностық тобының эндогенді тілі.
Шор тілі алтай тілдері семьясының түркі тобының батыс ғұн тармағын-
дағы ұйғыр-оғыз тобының хақас ішкі тобына жатады.
Өткен уақыттарда шорлар формальды түрде православиелік болып есеп-
телді, алайда олар шамандық пен анимизмді (ата-бабаға табыну, кəсіпке та-
быну жəне басқа наным-сенімдер) сақтап қалған.
ШУГНАНДАР, өз атауы – хугни, хунуни. Түпкі мекені Тəжікстанның Тау-
лы-Бадахшан автономиясы мен Ауғанстанның теріскейінде.
Қазақстан Республикасындағы 1999 жылғы халық санағы бойынша бұл
этностың 21 өкілі тіркелген, бұдан бұрынғы халық санақтарында бұл этнос-
тан өкіл белгіленбеген (бұл этностық сананың жаңғырып, өз ұлты туралы
еркін мəлімдеу мүмкіндігі тууымен байланысты).
Шугнан тілі – Қазақстан шугнандарының эндогенді тілі.
Шугнан тілі үндіеуропалық тілдер семьясының иран (памир) тармағын-
дағы шығыс тобының шугнан-рушан ішкі тобына жатады.
Діні жағынан шиит мұсылмандар (исмаилит).
ЭВЕНКІЛЕР, өз атауы – эвэнк; ескі. – тұңғыс.
Қазақстандағы эвенкілердің саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 30 адам,
2009 жылғы мəлімет бойынша 2 адам.
Эвенк тілі – Саха Республикасының жергілікті ресми тілдерінің бірі;
Қазақстандағы эвенкілердің экзогенді тілі.
Эвенк (тұңғыс) тілі – алтай тілдері семьясының тұңғыс-манчжур тармағы-
на жатады.
ХVІІ ғасырдың басынан православиеліктер болып саналады, бірақ хрис-
тиандыққа дейінгі наным-сенімдерінің (шамандықтың) формаларын сақта-
ған.
ЭВЕНЫ, өз атауы – эвэи, орогел, орочен; ескі. – ламут.
Қазақстандағы эвендер саны: 1999 ж. мəлімет бойынша 28 адам, 2009
жылғы мəлімет бойынша 11 адам.
Эвен тілі – Саха Республикасының жергілікті ресми тілдерінің бірі;
Қазақстандағы эвендердің экзогенді тілі.
Эвен (ламут) тілі алтай тілдері семьясының тұңғыс-манчжур тармағына
жатады.
Эвендер ХІХ ғасырда қабылдаған православие дəстүрін ұстанады
Достарыңызбен бөлісу: |