175
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Қазақстандағы қабарда диаспорасының саны: 1999 жылғы мəліметтер
бойынша 23 адам, 2013 жылғы мəліметтер бойынша 230 адам.
Қабардалықтар қолданатын қабарда-черкес тілі – Қабарда-Балқар Респуб-
ликасының мемлекеттік тілі, Қазақстандағы қабарда мен черкестер этнос-
тық топтарының экзогенді тілі.
Қабарда-черкес (черкес) тілі иберий-кавказ тілдері семьясының абхаз-
адыгей тобына жатады.
Діни сенімі жағынан қабардалықтар – сүннит мұсылмандар.
ҚАЗАҚТАР, өз атауы – қазақ.
Қазақстанның тұрғылықты жұрты. Қазақтар сондай-ақ ерте заманнан
бері Қазақстанмен шектес Қытайда, Ресейде, Өзбекстанда, Түркіменстанда,
Монғолияның батысында өмір сүреді, басқа да елдерде мекендейді.
Қазақстан қазақтарының саны: 1999 жылғы мəліметтер бойынша 7 млн
985 мың адам, 2013 жылғы мəлімет бойынша 11 млн 2868 адам.
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының титулдық этносының тілі, Қа-
зақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Алтай тілдері семьясының түркі
тілдерінің батыс ғұн бұтағының қыпшақ тобының қыпшақ-ноғай ішкі тобына
жатады.
Қазақтардың дəстүрлі діні – ханафи мазхабындағы ислам.
Қазақстанның аумағында көптеген қазақ облыстық жəне аудандық мəдени
бірлестіктер, ал қалалар мен аудандарда олардың филиалдары жұмыс істейді.
ҚАЛМАҚТАР, өз атауы – хальмыг.
Қазақстан қалмақтарының саны: 1999 жылғы мəліметтер бойынша 731
адам, 2013 жылғы мəлімет бойынша 442 адам.
Қалмақ тілі – Қалмақ Республикасының мемлекеттік тілі; Қазақстан қал-
мақтары этностық тобының экзогенді тілі.
Қалмақ тілі алтай тілдері семьясының батыс-моңғол тобына жатады.
Қалмақтардың негізгі діні – буддизм, бірақ олар бұған тəңіршілдік, көкке,
тауға, ағашқа, суға, жерге табыну сияқты дəстүрлі наным-сенімдерді қосып
алған.
ҚАРАЙЫМДАР, өз атауы – қарайлар.
Шығыс Еуропадағы қарайымшылдықтың жолын қуушы түркі тілдес, саны
аз этностық топ. Дəстүрлі мекендері – Қырым, Батыс Украина мен Литвадағы
кейбір қалалар.
Қазақстан қарайымдарының саны: 1999 жылғы мəліметтер бойынша 28
адам, 2009 жылғы мəлімет бойынша 231 адам.
Қарайым тілі – Қазақстан қарайымдары этникалық тобының эндогенді
тілі.
176
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Қарайым тілі алтай тілдері семьясының түркі тілдері батыс ғұн бұтағын-
дағы қыпшақ тобының қыпшақ-оғыз ішкі тобына жатады (Баскаковтың топ-
тастыруы бойынша).
Діни сенімі – иудаизмнің Талмудқа дейінгі өте көне нұсқасы, қарайым-
шылдық, мұны оларға, қарайымдықтардың өздерінің пікірінше, хазарлар
енгізген.
ҚАРАҚАЛПАҚТАР, өз атауы – қарақалпайын.
Қазақстан қарақалпақтарының саны: 1999 жылғы мəліметтер бойынша
1497 адам, 2013 жылғы мəлімет бойынша 5890 адам.
Қарақалпақ тілі – Қарақалпақстан Республикасының мемлекеттік тілі,
Қазақстан қарақалпақтары этностық тобының экзогенді тілі.
Қарақалпақ тілі алтай тілдері семьясының түркі тобының батыс тармағы-
ның қыпшақ-ноғай ішкі тобына жатады.
Дінге сенетін қарақалпақтар – сүннит мұсылмандар.
2014 жылғы мəліметтер бойынша топтың шоғырланып ықшам қоныста-
нуы Маңғыстау облысында (1788 адам), Атырау облысында (553 адам) бай-
қалады.
Кейбір облыстарда (Маңғыстау, Алматы, Оңтүстік Қазақстан) қарақал-
пақтардың ұлттық-мəдени орталықтары бар.
ҚАРАШАЙЛАР, өз атауы – қарашайлы, таýлула.
Қазақстан қарашайларының саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 1400
адам, 2013 жылғы мəлімет бойынша 1030 адам.
Қарашай-балқар тілі – Қарашай-Черкес Республикасының мемлекеттік
тілі; Қазақстан қарашайлары этностық тобының экзогенді тілі.
Қарашай-балқар тілі алтай тілдері семьясының түркі тілдері батыс ғұн
бұтағындағы қыпшақ тобының қыпшақ-половец ішкі тобына жатады.
Қазіргі уақытта қарашайлардың басым көпшілігі сүнниттік исламның ха-
нафи мазхабын ұстанады.
ҚЫРЫМ ТАТАРЛАРЫ, өз атауы – қырымтатар. Қырымда тарихи қа-
лыптасқан халық.
Қазақстандағы қырым татарларының саны: 1999 жылғы мəліметтер
бойынша 1007 адам, 2013 жылғы мəлімет бойынша 1541 адам.
Қырым татарларының тілі – Қазақстандағы екі этностық топтың – қы-
рым-татар жəне қырым еврейлерінің (қырымшақтардың) эндогенді тілі.
Қырым татарларының тілі – түркі тілдерінің бірі.
Қырым татарларының басым көпшілігі – ханафи мазхабындағы сүннит
мұсылмандар, бұл мұсылмандардың үлкен бөлігі Қырым мұсылмандарының
діни басқармасына қарайды.
177
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
ҚЫРЫМШАҚТАР (ҚЫРЫМ ЕВРЕЙЛЕРІ), өз атауы – қырымчақлар,
1917 жылға дейін өздерін еуди – «иудеи» жəне срэль балалары – «Из-
раиль балалары» деп атады. Өкілдері дəстүр бойынша талмудтық иудаизмды
ұстанған, саны аз этноконфессиялық, этнотілдік топ, Қырымда мекен етіп,
қырымшақ тілінде (қырым татарлары тілінің нұсқасы) сөйлеген. Көп бөлігі
шашыраңқы мекендейді.
Қазақстандағы қырымшақтардың (қырым еврейлерінің) саны: 1999 жылғы
мəліметтер бойынша 20 адам, 2009 жылғы мəлімет бойынша 35 адам.
Қырым татарларының тілі – алтай тілдері семьясындағы түркі тілдерінің
бірі.
ҚҰМЫҚТАР, өз атауы – құмық.
Қазақстандағы құмықтардың саны: 1999 жылғы мəліметтер бойынша 643
адам, 2013 жылғы мəлімет бойынша 507 адам.
Құмық тілі – Дағыстанның 14 мемлекеттік тілінің бірі; Қазақстан құмықта-
ры этностық тобының экзогенді тілі.
Құмық тілі алтай тілдері семьясының түркі тобының шығыс хун тармағы-
ның қыпшақ-половец ішкі тобына жатады, алайда жекелеген ерекшеліктері-
не қарай оғыз тобымен жақындасады.
Дінге сенетін құмықтар сүннит түсінігіндегі исламды ұстанады. Құ-
мықтардың көбі шафиқ мазхабында, бір бөлігі ханафи мазхабының жолында.
Қазақстан аумағында күрдтердің облыстық этномəдени бірлестіктері, қа-
лалар мен аудандарда олардың филиалдары жұмыс істейді.
ҚЫРҒЫЗДАР, өз атауы – қырғыз.
Қазақстандағы қырғыздардың саны: 1999 жылғы мəліметтер бойынша 10
897 адам, 2013 жылғы мəлімет бойынша 29 803 адам.
Қырғыз тілі – Қырғызстанның мемлекеттік тілі, Қазақстан қырғыздары эт-
ностық тобының экзогенді тілі.
Қырғыз тілі алтай тілдері семьясының түркі тілдерінің шығыс бұтағын-
дағы қырғыз-қыпшақ тобына жатады.
Қырғыздардың көбі – сүннит мұсылмандар.
2014 жылғы мəліметтер бойынша қырғыздар Жамбыл облысында – 9259
адам, Оңтүстік Қазақстан облысында – 2796 адам, Маңғыстау облысында –
588 адам, Шығыс Қазақстан обылысында – 542 адам, Алматы қаласында –
6688 адам, Астана қаласында – 3889 адам шоғырланып орналасқан.
Қазақстан аумағында қырғыздардың облыстық ұлттық-мəдени бірлестік-
тері жəне қалалар мен аудандарда олардың бөлімшелері жұмыс істейді.
ЛАКТАР, өз атауы – лак. Бұрын казикумух атымен белгілі болған.
Достарыңызбен бөлісу: |