155
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
ленген фольклорда, ұлттық-мемлекеттік жəне жергілікті геральдикада т.с.с.
шоғырланған (қар. Этностық топ, Ұлттық сезімдер, Патриотизм, Эт-
номəдени бірлестіктер).
ЭТНОСТЫҚ СƏЙКЕСТЕНДІРУ (ор. идентификация этническая, ағыл.
identifi cation ethnic(al)) – индивидтің өзінің этностық топқа жататындығын
санамен сезінуі (қар. Сəйкестендіру). Э.с. адамның белгілі бір этностық топ-
қа жататынын көрсететін жəне адамды осы топпен теңдестіретін өзгеше
бір маркер болып табылады. Адамның өз этносына байланысты түсініктері,
сезімдері, ниеттері, қажеттіліктерінің бүкіл жиынын қамтиды. Э.с. арнаулы
мəдени ақпарат алмасудың нəтижесінен келіп шығады, табиғаты жағынан құрас-
тырмалы болып келеді. Бұл – этностық топ мүшелерінің əлденеден бас тарта
білу, əрі өзінің этностық бірегейлігін сақтау үшін басқа этнос мəдениетінен бір
нəрсені қабылдай алу қабілетінің болу керектігін білдіреді. Э.с. белгілеріне тіл,
тарих, салттармен қоса, құндылықтар мен нормалар, тарихи жад, дін, туған жер
туралы түсінік, ортақ ата-баба туралы миф, ұлттық мінез де жатады. Э.с. – ди-
намикалық түзіліс, уақытпен бірге өзгеріп отырады, соған орай адам этносқа
тиесілігін өмір бойы қайта ойластыра алады.
ЭТНОСТЫҚ СƏЙКЕСТІК /БІРДЕЙЛЕСТІК/ (ор. этническаая иден-
тичность, ағыл. ethnic identity, грек. ethnos халық, тайпа + лат. identicus тең-
дес) – индивидтің белгілі бір Этностық топпен, Этноспен, Халықпен өзін-
өзі теңестіруі, тиесілі етуі (қар. Мемлекеттік бірдейлестік, Еуразиялық бір-
дейлестік, Тілдік бірдейлестік).
ЭТНОСТЫҚ СТЕРЕОТИПТЕР (грек. stereos – қатты + typos – із, таң-
ба, ор. этнические стереотипы, анг. ethnic stereotypes) – түрлі этностық қа-
уымдастықтардың өкілдеріне тəн адамгершілік, ақыл-ой, физикалық сапалар
туралы салыстырмалы түрде алғанда тұрақты түсініктер. Э.С. – қасаң сұл-
баланған, эмоциялық бояуы күшті жəне айрықша тұрақты пішім. Мұндай
пішімі адамның өз ұлтының да, басқа ұлттың да өкілдерінің психологиялық
жəне мінез-құлықтық ерекшеліктерін бірыңғай қарапайым деңгейде ғана
білуінен, кей тұстарда дəл білмей, бұрмаланған күйде білуінен көрінеді.
Қарабайыр санада, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында да Э.С.
теріс құбылыс екендігі жөнінде пікір көбірек тараған. Бұл, біріншіден, кез
келген стереотип сияқты, Э.С. да болмыстың адамдар санасындағы қасаң
бейнесін көрсететіндігімен, стереотип мазмұнындағы түсініктер ырықсыз,
тиянақсыз болып келетіндігімен, оны өзгертудің, қайтадан ойластырудың,
əсіресе терістеудің қиындығымен байланысты. Екіншіден, теріс көзқарастың
болуының себебі сонда, дүние жүзі ғылымында кемсітуішілікке ұшыраған
этностық азшылыққа қатысты жағымсыз стереотиптер басқасынан гөрі көп
зерттелген. Үшіншіден, Э.С. негізінде екінші бір қайталама дереккөздерден
156
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
алынған жанама түсініктер, бұрынғы этносаралық байланыстар тарихынан
жиналған тəжірибесін кейінгі ұрпақтың субъективті тұрғыдан парықтауынан
алынған жанама түсініктер жатады.
Стереотипте этнос жөнінде əуестіктен туған əділетсіз, теріс я жақсы
түсініктер ғана емес, ұлттың этномəдени келбетінің күшті жəне əлсіз жақтары
туралы ақпарат та сақталады. Бұлар қандай да бір топ өкілдерінің ықпалда-
суының мүмкіндіктері мен өзіндік ерекшелігі ретінде қаралады, белгілі бір
ұлттың адамдарына қатысты нақты əрекет етуге болатыны жөнінде ұйғарым
жасатады, жөн-жобасын нұсқайды.
Стереотиптенуде ретке салынған, қасаң, бірыңғай жеңілдетіп қабылдауға
келіп саятын негізгі психологиялық функциялардың бірі қолданылады. Екін-
шісі, құндылық-қорғаныс функциясы, дара адамның құндылықтарын, тұғыр-
лы құқықтарын сақтауға сеп болады. Əлеуметтік-психологиялық функциялар-
дың ішінен топаралық жіктеу функциясы мен топтың жағымды бірегейлігін
қолдау функциясын бөліп қарайды. Əлеуметтік функциялардың ішінде қазіргі
топаралық қатынастарды ақтау мен түсіндіру функциясы, сондай-ақ қазір-
гі қатынастарды сақтау функциясы ерекше. Э.С. аталған функциялары ішкі
жəне сыртқы этномəдени белсенділікпен өзара тығыз байланысты болады да
қазіргі этносаралық қатынастар төңірегінде іске асады.
Э.С. берік тұрақтылығы қанша дегенмен абсолютті емес, мызғымай қой-
майды. Қасаңданатын нысанның бітіміндегі елеулі өзгерістердің соңын ала
мұның да мазмұны уақыт өте келе трансформацияланады, сынықтық пайда
болады. Сондай-ақ Э.С. этносаралық қатынастар сипатының өзгеруіне неме-
се этносаралық байланыстар қарқынының күшеюіне қарай да өзгеруі мүмкін.
Арасындағы айырмашылықтарды жеткілікті шамада зерделемей-ақ тұтастай
топтың өкілдеріне ортақ, ұқсас сипаттарды таңу да стереотиптендірудің өзін-
дік бір ерекшелігі болып табылады. Бұл қазір топаралық қабылдаудың əмбе-
бап механизміне айналмақ тетік ретінде кең тараған. Э.С. мазмұнынан сол
халықтың өкілдерінің сыртқы келбеті, өткен тарихы, өмір салты мен еңбек
дағдысының өзгешеліктері туралы түсініктердің кешені ретіндегі берік негіз
айқын байқалады. Сөйте тұра сол халықтың коммуникативтік жəне мораль-
дық сапаларына қатысты құбылмалы пікірлер де аз емес. Бұл сапаларды баға-
лаудағы құбылмалылық ұлтаралық жəне мемлекетаралық қатынастардың өз-
гермелі жағдайларымен тығыз байланысты: бұл қатынастар достық пен ын-
тымақтан бастап əскери қақтығысқа дейін жетіп құбылып отыруы мүмкін.
Стереотиптерді, əдетте, автостереотиптер жəне гетеростереотиптер деп
бөледі.
Автостереотиптер халықта, ұлтта, этноста қалыптасқан эмоционалдық
əсері бар, бекем бейнесі болуы себебінен оң бағалардың кешенінен тұрады.
Өзін таныған халық өзі мен өзінің қажеттіліктерін, мүдделерін артық көру-
ге, күмəнсіз, заңды əрі табиғи деп санауға бейім болады. Бүкіл топқа қатыс-
ты ұшқары қорытындылар сол топтың жекелеген өкілдері туралы шектеу-
Достарыңызбен бөлісу: |