150
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
түсініктердің кейбірі саналы, кейбірі санасыз түрде орнығады. Ділділік адам
ұжымының (этностың) өзін қоршаған табиғи-əлеуметтік ортаға бейімделу
барысында қалыптасатын кешенді қасиеттердің жиынтығы ретінде көрінеді.
Жəне этностық мəдениетте негізгі механизмнің қызметін атқарады, осының
арқасында адам психологиясы қоршаған ортаға бейімделеді.
Адамның əлемдегі əрекеттерінің сипаты əр этностық мəдениетте əр басқа,
өзіндік арнайы ерекшеліктері болады. Осы өзіндік ерекшеліктің дəл өзі ғылы-
ми ізденісте нақты бір этностың ділділігінің бейнесін жасауға сүйеніш бола-
тын индикатор болып есептеледі. Мұндайда көршілес этностың немесе этнос-
тар тобының шаблондық қасаң, орташалындырылған бітімдерін тірек етеді.
Белгілі бір типтегі ділді түсіну үшін мəдени контексті бар мүмкіндігінше
кең қамтып талдау қажет: бұған мəтіндер мен материалдық мəдениет дүние-
лері, əлеуметтік байланыстар мен қарым-қатынастар, тұрмыс пен тарих, күн-
делікті тірлік – бəрі де кіреді. Социум идеологиясын ұғыну онда болып жатқан
үдерістердің бəрін дұрыс бағалауға, оның мүшелерінің мінез-құлықтарын
лайықты қабылдауға жəне олар шығарған мəдени феномендерді тереңірек
ұғуға көмектеседі, ал қоғам мен өркениеттің дамуының қазіргі кезеңінде мұ-
ның маңызы баға жеткісіз (қар.
Ұлттық идея, Ұлттық психология, Тарихи
сана, Патриотизм, Этностық стереотиптер, Толеранттылық, Этностық
сезімдер, Этнопсихология).
ЭТНОСТЫҚ КƏСІПКЕРЛІК (ор.
Предпринимательство этническое,
ағыл.
ethnic enterprise)
– этностық қағидат негізінде кəсіпорын құрушы эт-
ностық Диаспоралардың өкілдері іске асыратын, бизнес жүргізудің ұлттық
дəстүрлерін ұстанатын кəсіпкерлік қарекет (қар.
Этностық көші-қон). Жаңа
əлеуметтік-мəдени ортаға түскенде этностық азшылық бұрын өзіне етене
болмаған экономикалық орын табады да, тірлік етудің тіптен бөтен жол-
дарын меңгере бастайды. Этностық мигранттардың кəсіби ұтқырлығының
соншалық жоғары болуы мен Э.к. дамуының басты себептерінің бірі – эт-
ностық азшылықтың əлеуметтік-экономикалық тұрғыдан маргиналдығы.
Этностық
Мигранттар оқшау орта болып саналатын мейлінше берік қауым
құрады, осы қауым жаңадан қосылғандарға қолдау жасап оқытады, тəжіри-
бесі мен біліктілігін үйретеді. Уақыт өткен сайын бастапқы қажетті капи-
тал қорланып, тіл меңгеріледі де экономикалық кеңістікке барлау жасалады,
сөйтіп барып
Иммигрант өз бизнесін ашады. Осылайша кешегі қоныскер-
лер жаңа жерде қажетті, еңбектің осы нарығына қажетті біліктілік пен кəсіп
иесі болып шығады. Э.к.
Мигранттың əлеуметтік-экономикалық жағынан
бейімделуінің ажырамас бөлігі болып табылады (қар.
Диаспора, Мигрант-
тар).
ЭТНОСТЫҚ КӨШІ-ҚОН (лат.
migratio –
қоныс аудару, ор.
миграция
этническая, ағыл.
ethnic migration)
– түрлі себептермен қабылдаушы мемле-