135
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
дене» деп есептеліп келді. Шетелдік ғылым «этнос» терминін қолданбайды,
Батыстың əлеуметтік мəдени антропологиясы этностарды емес, мəдениет-
терді зерттеумен айналысады.
Э.б. Қазақстанда алғаш рет 1989-1990 жылдары құрылды. Қазақстан халқы
Ассамблеясының, сондай-ақ өңірлерде Ассамблеялардың құрылуы Э.б. қыз-
метін жəне əртүрлі этностардың рухани-мəдени дамуын жандандыруға, сая-
си-мəдениетті қалыптастыруға игі ықпал етті. Бүгінгі таңда Қазақстанда 800-
ден астам Э.б. жұмыс істейді жəне бұл үдеріс серпінді түрде дамып келеді.
Ассамблеяның басты ерекшеліктерінің бірі ең жоғарғы заң шығару ор-
ганында – ел Парламентінде Э.б.-дің кепілді өкілдік алып этностық топтар
мүдделеріне өкілдік ету болып табылады.
Этностық қатынастар бойынша заңнамалық нормалар Қазақстан Респуб-
ликасының бірқатар заңнамалық актілерінен, оның ішінде қоғамдық бір-
лестіктер, сайлау заңнамасы туралы актілерден, саяси партиялар туралы
заңнамадан орын алған.
Дүниежүзілік тəжірибеде «ұлттық азшылықтар» термині кеңінен пайда-
ланылады. Негізгі қоныстанған жерінде я тиісті əкімшілік-аумақтық шега-
ралар айналасындағы өзге этностық жұрттан саны едəуір аз бір этносқа жата-
тын адамдардың тобы осылай аталады.
Қазақстанда «ұлттық азшылық» терминінің орнына «этностық топ» тер-
мині пайдаланылады. Ұлттық азшылықтарға өздері қоныстанған негізгі ау-
дандардағы эмигранттар топтары да жатқызылуы мүмкін.
Өздерінің айтарлықтай аз болуы жəне билік органдарында өкілдікке ие
болмауы салдарынан ұлттық азшылықтар мəжбүрлі түрде сіңіп кетуге (ас-
симиляцияға) ұшырауы мүмкін, сондықтан халықаралық құқықта олардың
этностық, тілдік, мəдени өзіндік ерекшелігін сақтау жөніндегі мүдделерін
қорғау көзделген.
ЕҚЫҰ Ұлттық азшылық істері жөніндегі Жоғарғы комиссарының бастама-
сымен Лунд ұсыныстары əзірленді, бұл ұсыныстарда ұлттық азшылықтардың
қоғамдық-саяси өмірге тиімді қатысуы қарастырылды. Мұның «Лунд ұсы-
ныстары» деп аталуы, Швецияны осы аттас қаласында ұсыныс-кеңестердің
түпкілікті мəтініне келісу үшін сарапшылардың қорытынды кездесуі өткен.
Құжатта қоғамдық саяси өмірге, шешімдер қабылдауға, сайлауға, кеңестік
жəне консультативтік органдарға, өзін-өзі басқаруға ұлттық азшылықтардың
қатысуының ортақ қағидаттары бойынша, сондай-ақ конституциялық жəне
құқықтық кепілдіктер туралы ұсыныстар қамтылады (қар. ҚХА, Қазақстан
этносаяси қағидаттары, Этносаралық қатынастар саласындағы заңнама).
ЭТНОНИМ (грек. ethnos халық, тайпа + onima атау, ор. этноним, ағыл.
ethnonym) — этностық қауымдастық түрлерінің (Этностардың, Этностық
топтардың, рулардың, тайпалардың, халықтардың, ұлыстардың, Ұлттардың
т.с.с.) атауы, мыс.: қазақ, ағылшын, грек, карел, өзбек. Э. этностардың бірдей-
136
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
лесуіне қызмет етеді. Э-дер эндоэтнонимдер (автоэтнонимдер, этностардың
өзіндік атауы) жəне экзоэтнонимдер (аллоэтнонимдер, бір этносқа басқа этнос
берген атаулар) болып бөлінеді (қар. Титулды этнос, этнография, Этнос).
ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАТЫНАС ТІЛІ (ор. язык межэтнического обще-
ния, ағыл. language of interethnic communication) – дəнекер тіл; көпұлтты
бір мемлекет шегіндегі түрлі этностық топтардың өкілдерінің қарым-қаты-
нас құралы ретінде пайдаланылатын тіл. Э.қ.т. халықаралық немесе əлемдік
тілден айырмашылығы – оның бір мемлекет ішінде қолданылуында. Ағыл-
шын тілі АҚШ-та, неміс тілі Германияда, орыс тілі Ресей Федерациясы мен
ТМД аумағында Э.қ.т. болып саналады. Кейбір елдерде, мыс. Əзірбайжан-
да, Тəжікстанда, Түркіменстанда, Э.қ.т. мəртебесі заңнамамен бекітілген
(қар. Автохтондық тіл, Мемлекеттік тіл, Тіл, Тілді жоспарлау).
ЭТНОСАЯСАТТАНУ (ор. этнополитология, ағыл. ethnopolitics) – этно-
саясаттанудың пəндік ауқымы атаудың өзінен келіп шығады: этностану мен
саясаттанудың түйісінен түзіледі де, осы ғылымдарға тəн əдістерді, əсіресе
талдау əдістерін, пайдаланатын шекаралық ғылым болып саналады.
Э. – этностық құбылыстар мен үдерістердің саяси шарт-жағдайларын
зерттейтін пəн. Этносаясаттанудың негізгі санаттарының бірі этнос пен эт-
ностық болып табылады. Ал негізгі проблемалары билік туралы, этностық
элиталардың билікке ұмтылысы туралы мəселеден құрылады. Зерттейтін
нəрсесі мен нысаны бір арнаулы өзіндік ерекшелігі бар сала болып саналады.
Осыдан келіп, Э. дегеніміз саясаттанудың пəндік саласы болып шығады: са-
ласы болғанда да, елдің жұртын құрайтын этностар мен этностық топтардың
мүдделері мен құқықтарын қамтамасыз ету жолындағы мемлекеттік саясатты
зерттеумен, жұрттың этносаяси бағдарларынан, ұлттық ұйымдар мен қозға-
лыстардың, саяси партиялар мен жекелеген саясаткерлердің іс-əрекетінен
көрінетін этностық өңірлік, халықаралық деңгейлердегі үдерістердегі рөлін
зерттеумен байланысты саласы болып шығады.
Э. пəні ұлттық саясатты қалыптастырудың дереккөздерін, қозғаушы уəж-
дері мен заңдылықтарын, осы саясатты жүзеге асырудың тетіктерін, ұлттық
қозғалыстардың идеологиясы мен тəжірибесін, жұрттың этносаяси бағдар-
лары мен олардың іс жүзіндегі көріністерін, этностыққа деген теориялық
көзқарастар мен олардың саясатпен байланысын қамтиды.
Əлеуметтік-саяси үдерістер, институттар жүйесіндегі этностық, этно-
саралық, этномəдени қатынастардың генезисі, этностық жəне этноұлттық
факторлардың саяси билікке, идеяларға, саяси-құқықтық нормаларға, билік
қатынасына ықпалы, этноұлттық қатынастар саласындағы саяси мекемелер,
партиялар мен қозғалыстардың жұмысына ықпалы да Э. пəніне жатады.
Э. зерттеудің мынадай əдістерін пайдаланады: этнологиялық, этнография-
лық, əлеуметтанулық, нормативтік-құндылық, функционалдық, жүйелік əдіс-
Достарыңызбен бөлісу: |