Гауһар Əлімбек көркем шығармалар арқылы тіл үйретуге арналған Қазақ тілі алматы 2014



жүктеу 4,19 Kb.
Pdf просмотр
бет27/48
Дата16.02.2018
өлшемі4,19 Kb.
#9899
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   48

98
боламыз. Поллидің басына ілген үлкен қалпағы бұл жағдайға жақсы 
көмектесетін. Менімен осылай жарты сағаттай қыдырған Полли 
көбінде қолымда ұйықтап қалатын. Сөйтіп мен оны ақырын төсегіне 
жатқызатынмын. Кейде оның мүлдем қыдырғысы келмейтін. Ал ең 
қырсығы да сол болатын. Мені оған тəтті əперемін деп уəде бергенім 
босқа кететін. Ит болып үргенім, мысық болып мияулағаным, түйе-
құс, торай жəне балапан болғаным да зая кететін. Ол ештеңені де 
тыңдамай, ештеңеге де көз салмай, айқайлап «нəн» сұрайтын. «Нəн» 
деп май жағылған нанды айтатын жəне айтқанынан қайтпайтын. 
Осы кезде қабырғаның ар жағынан дыбыс естілетін, бұл қабырғаны 
таяқпен ұрғылаған өгей шешем.
–  Құртақандай сəбиге не істеп жатырсың, сорлы бала?
–  Ол «нəн» сұрайды.
–  Ендеше тұрып бермейсің бе, жалқау неме.
– Беретін ештеңе жоқ, ол бəрін жеп қойды.
– Бəрін жеп қойғаны қалай? Өтірікші. Өзің баяғыңа басып, 
жазған баланың бар тамағын жеп қойған шығарсың. Тап қазір уат 
оны; менің жыныма тиме, əйтпесе көресің.
Шынында да көресінді көретінімді білемін, сөйтіп жыларман 
болып Поллиді көндіруге тырысатынмын. Ол қайдан оңай көне 
қойсын. Өгей шешемнің даусын естіген соң ол бұрынғыдан да 
қатты жылай бастайды. Қорыққаннан зəрем ұшып, көрші бөлмеден 
естілген аяқтың дыбысын, есіктің ашылғанын естимін. Міне, енді 
ашуланған өгей шешем түнгі көйлегімен, түнгі телпегімен бөлмеме 
шабына кіріп келетін. Бір сөз айтпастан ол маған тап беріп, жалаңаш 
күйімде аямай соққыға жығатын. Ол менің басымды жастыққа 
тығатын, сөйтіп мен тіпті айқайлай да алмайтынмын.
Əкем оның маған не істейтінін білмейтін: егер балаға əзірленген 
тағамды тағы да жеп қоятын болсам, өгей шешем мені таяққа 
жығатынын үнемі барқырап қайталай беретін.
– Оны несіне босқа қорқыта бересің? – деп айқайлайды басқа 
бөлмеден əкем. – Боққа тұрмайтын мешкейдің дұрыстап сыбағасын 
бермейсің бе, əйтпесе ол саған пысқырып та қарамайды.
– Иə, менің де енді шыдамым таусылатын шығар! – дейді өгей 
шешем. –  Байқа, оңбаған неме.
Содан кейін ол бөлмесіне оралып, əкеме:
– Ұрудың керегі жоқ, Джемс. Баланы ұрып жақсы ете алмай    -
сың, –  дейді.


99
Маған тиген таяқтан соң, бір қызығы Полли бүрісіп, ештеңе 
болмағандай ұйықтап қалатын. Бұған қарап əкем шынында мені 
қаласам баланы уата алады деп ойлайтын. Бірде мен шыдай алмай, 
өгей шешем жөнінде шағым айта бастадым.
–  Мен сені аямаймын, –  деп жауап берді əкем. – Сен сияқты 
пəлені сілікпесін шығарып үйрету керек.
– Иə, менің басымнан оның таяқ кетірмейтін кезі де аз қалды, – 
дедім мен. –  Өскен соң оған көрсетемін.
Əкем маған қарап күліп жіберді.
– Егер үлкен болып өссем, –  деп жалғастырдым сөзімді оның 
күлгеніне ызаланып, – мен оның мұрнын бұзып, аяғын сындырар 
едім. Жек көремін оны.
– Жə, болды былшылдамай! – деп тоқтатты мені əкем.
–  Ол сізге қашанда өтірік айтады. Менің бір сəтке бос уақытым 
жоқ, үнемі Поллиді бағуға тиіспін.
– Бала бағу да қиын болып па. Сенің жасыңдағы балалар өздері 
ақша табады.
–  Менің де жұмыс істегім келеді, папа.
– Жұмыс істегім келеді. Жұмысті іздеу керек, ол өзі саған 
келмейді. Ал мен, сен əлі ұйықтап жатқанда таңғы төртте базарға 
барамын. Онда сенен екі есе кіші балаларды көремін. Бір-екі пенни 
тауып, тамағына жұмсайды, таба алмаса, аш отырғаны.
–  Менің жөні түзу шалбарым да, шұлығым да, етігім де жоқ, 
папа. Жұмысты қалай іздемекпін?
–  Ақымақ, ақымақсың сен. Жұмыс үшін сəнді киім керек деп 
ойлайсың ба? Мен саған айтқан балалардың жалаңаш етінде бір 
ғана көйлек бар, ал жұмысты ешкімнен кем істемейді. Балық тасып, 
ақтүйнегі бар себеттерді көтереді, қайық күзетіп, тауары бар арбаны 
қарайды. Ал саған жұмысқа бару үшін ақ көйлек, былғары қолғап 
керек. Сəнқойын мұның.
Əкем маған зілдене қарап, бұрылды да кетіп қалды.
Күн өткен сайын өгей шешем мені азаптауын үдете түсті. Əсіресе 
əкем оны мас күйінде көріп, соққыға жыққаннан кейін халім тіпті 
мүшкілге айналды. Егер кір жуатын миссис Уинкшип аямағанда мен 
күн ұзаққа көбіне аш жүрер едім. Миссис Уинкшип менің шешемді 
білетін жəне қашанда мақтап отыратын. «Сенің əкеңнен оның өресі 
биік еді, ал əкең мына зымиян, алдамшы миссис Берктен  əлдеқайда 
жақсы», – дейді ол. Мен əдетте өзімнің бар ренішімді миссис Уинк-


100
шипке айтатынмын. Ол мені ас үйіне шақырып алып, өзінен қалған 
тамағын аузыма тосатын. Кейде ол мен бірер сағат ойнап кетсем, 
Поллиді өзіне алып, бағатын. Бірде миссис Уинкшиптен «ит болып 
үруші» деген кім деп сұрадым. Ол маған тауарды аралап жүріп, сата-
тын саудагер жалдайтын бала екенін түсіндірді. Ол бала тауары бар ар-
баны сүйрейді жəне өз қожасы базардан түрлі заттарды сатып алғанша 
оны күзетеді, ал содан кейін өз затының атын айқайлап, айтып жүреді.
–  Ал Сіз көрген «үретін» ең кішкентай бала қандай? – деп сұра-
дым.
–  Қандай? Сенің иығыңнан ғана келетіндерін де көрдім. Гəп 
бойда емес. Бастысы жақсы əуезді даусыңның болуында.
Миссис Уинкшип сатарман үшін құлаққа жағымды дауыспен 
қатты айқайлап айта білудің қаншалықты маңызды екенін ұзақ 
түсіндірді. Əр заттың атын атап, оны ерекше дауыспен айқайлап 
айту керек екенін айтты. Көмір сатушылар олай, ал сүт сатушылар 
былай айқайлайды.
Бұдан кейін менің даусым қандай осы деген сұрақ мазалай баста-
ғаны. Өгей шешем əжептəуір əнші деп саналатын. Мен одан бірнеше 
əн үйреніп алып, жиі айтатынмын. Өзімше жаман емес тəрізді. Кім 
білсін, менің даусым əнге жақсы болғанымен, балық туралы не-
месе қайдағы бір жемістер туралы айқаулауға жарамайтын болар. 
Қалай болған күнде де менің өгей шешемнің тоқпағынан құтылғым 
келеді, ал ол үшін «ит болып үруден» басқа амал таба алмадым. Мен 
бірнеше рет біресе ана, біресе мына таратып сатушының даусына 
салып көріп едім, бірақ айқайымның жақсы-жаманын біле алмадым.
Бірде Поллиді қолыма алып баспалдақта отыр едім. Ойға 
батқаным сонша сəби қолымнан түсіп кетіп, баспалдақпен домалай 
жөнелді. Миссис Берк оның айқайлап жылағанын естіп, маған қарай 
жұлдыздай ұшты. Менің түсіндіргенімді де тыңдамай, тіпті бала-
ны да көтеріп алмастан шашымнан ұстап, бірнеше рет қабырғаға 
ұрғылады. Ол құлағымнан шап беріп ұстап алмақ болып еді, мен 
сытылып кеттім, бірақ ол менің жағымды тырнағымен осып түсті. 
Содан кейін жұдырықтың астына алып, мұрнымды былшылдатты. 
Мұнысы жаныма батты. Жұлқынып шығып, оның саусағын қыршып 
алдым. Жанына батып айқайлаған ол мені босатып жіберді. Осыны 
пайдаланған мен сытылып шығып, өкпемді қолыма алып, өзіміздің 
шолақ көшені бойлап зытып бердім.
7-10-Б.


жүктеу 4,19 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау