Бағдарламасы Мазмҧны Бағдарламаның тӛлқұжаты



жүктеу 469,11 Kb.
Pdf просмотр
бет9/14
Дата16.02.2018
өлшемі469,11 Kb.
#9840
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

18 

 

          Медициналық  қызмет  сапасын  тұрақты  түрде  арттыру  медициналық  қызмет 



берушілерді  денсаулық  сақтау  саласындағы  ұлттық  сапа  және  қауіпсіздік 

стандарттарына сәйкестікке ерікті аккредиттеуді дамыту арқылы қамтамасыз етілмек.  

Аталмыш  институтты  дамыту  үшін  ұлттық  аккредиттеуге  қойылатын  талаптар 

халықаралық стандарттарға толықтай сәйкестендіріледі.   

Аккредиттеуді жүргізу функциясы мемлекеттік емес секторға берілетін болады, бұл 

ретте  денсаулық  сақтау  саласындағы  ұлттық  аккредиттеу  органы  сапаны  қамтамасыз  ету 

саласындағы халықаралық аккредиттеуден ӛтеді.    

 

Медициналық  ұйымдардың  аккредиттеуден  ӛтуін  материалдық  ынталандыру 



мақсатымен әртүрлі қаржылық және қаржылық емес стимулдар ендірілетін болады.  

Медицина  қызметкерлерін  міндетті  сертификаттау  олардың  білімі  мен 

дағдыларын  тәуелсіз  бағалаудың  негізінде  міндетті  лицензиялау  институтына 

трансформациялануы жүзеге асырылатын болады. 

Медицина  қызметкерлері  мен  медициналық  ЖОО  мен  колледждер  түлектерінің 

құзыретіне  тәуелсіз  бағалау  ӛткізу  үшін  тиісті  мамандандырылған  құзыретті  бағалау 

орталықтары құрылып, дамытылатын болады. 

Жалпы  алғанда,  ұлттық  медицина  қызметкерлерінің  кәсіби  бірлестіктерін  басқару 

органдарын  дамыту, соның ішінде аккредиттеу,  қаржыландыру және  ӛкілеттіліктерді  беру 

жолымен  қолдауға  ие  болады.  Медицина  ғылымы  мен  тәжірибесінің  тиісті  бағыттарын 

дамытудан  бӛлек,  аккредиттелген  кәсіби  бірлестіктердің  негізгі  мақсаты  мамандардың 

кәсіби  құзыреттерін  дамыту  және  халыққа  берілетін  медициналық  кӛмектің  сапасын 

жақсарту болмақ. 

 

5.4. ҦЛТТЫҚ ДӘРІ-ДӘРМЕКТІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ САЯСАТЫН ІСКЕ 



АСЫРУ. 

 

          Медициналық  кӛмектің  жоғары  сапасы  мен  қауіпсіздігін,  денсаулық  сақтау 

жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, отандық фармацевтикалық ӛндіріс пен 

логистиканы  дамыту  мақсатында  Ұлттық  дәрі-дәрмектік  қамтамасыз  ету  саясаты  іске 

асырылатын болады. 

  ҰДҚС  іске  асыру  келесі  маңызды  міндеттерді  іске  асыру  үшін  іс-шаралар  кешенін 

әзірлеуді, орындауды және тиімділігін мониторингтеуді кӛздейді: 

 1) дәрілік заттардың қолжетімділігін қамтамасыз ету; 

 2) дәрілік заттардың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 

 3) дәрілік заттардың ұтымды қолданылуын қамтамасыз ету 

 

            5.4.1. Дәрілік заттардың қолжетімділігін қамтамасыз ету. 

 

           ДЗ  қолжетімділігі  одан  әрі  Қазақстан  Республикасы  мен  Кеден  Одағы  (ЕЭК) 

елдерінің  аумағында  пайдалануға  рұқсат  ету  үшін  ДЗ-ды  кешенді  іріктеу  жүйесімен 

қамтамасыз етіледі.   

           Бұл  мақсаттарда  ДЗ  мен  медициналық  мақсаттағы  бұйымдарды  мемлекеттік  тіркеу 

жүйесі жетілдірілетін болады. Іріктеудің дәл және айқын критерийлерінің, соның ішінде: 

1) ғылыми негізделген дәлелділік базасының болуы; 

2) тіркеу деректерінің толық зертханалық сәйкестігі; 

3) емдеу курсының құнын ескерілген экономикалық негізді баға.  

 

 



 

          Денсаулық  сақтау  саласындағы  орталық  уәкілетті  орган  жанындағы  Ұлттық 

формулярлық комиссия қызметінің тиімділігін арттырудың негізінде ұлттық формулярлық 

жүйені әрі қарай дамыту жалғастырылады.  

          Ұлттық  формулярлық  комиссия  Қазақстанның  ұлттық  дәрі-дәрмектік  формулярын 

(ҚҰДФ) қарап, мақұлдайтын болады. 

 

 




19 

 

          ДЗ  іріктеу  шеңберінде  ҚР  заңнамасына  сәйкес  отандық  ӛндірістің  ДЗ  айналымына 



мемлекеттік қолдау шаралары кӛрсетілетін болады. 

         Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында ДЗ-дың қолжетімділігін қамтамасыз ету 

мақсатымен ДЗ сатып алу тетіктері жетілдірілетін болады.  

 

         ДЗ-ды  орталықтандырылған  сатып  алу,  логистикасы  және  бірыңғай  дистрибьютері 



функциялары  ӛңірлерге  бӛлу  және  мемлекеттік-жеке  меншік  әріптестік  (концессия) 

қағидасының  негізінде  кезең  кезеңімен  конкурстық  негізде  бәсекелес  ортаға  берілетін 

болады. 

 

          



 

         Халық  үшін  ДЗ  экономикалық  қолжетімділігін  қамтамасыз  ету  бойынша  кешенді 

шаралар іске асырылатын болады. Бұл шаралар ЕЭК елдеріндегі және басқа да елдердегі ДЗ 

бағасына  ұдайы  мониторинг  жүргізуге,  белгіленетін  ең  жоғары  кӛтерме  және  бӛлшек 

бағаның  және  импорттаушылардың  валюталық  тәуекелдерінен  тыс  жеткізілім  кӛлемі 

бойынша міндеттемелердің негізінде ДЗ-ды тіркеуге негізделетін болады.      

         Дәрілерді  бақылаусыз  қабылдауды  болдырмау  үшін  тек  қана  рецепт  бойынша 

босатылатын дәрілік заттардың тізбесі кеңейтілетін болады. 

          

 

          Елді мекендердің  алшақ орналасуы мен табиғи-климаттық  жағдайлардан тәуелсіз  ДЗ 

дистрибуциясы,  логистикасы  мен  жеткізілімі  жүйесінің  сенімділігін  қамтамасыз  ету 

бойынша шаралар қабылданатын болады. 

 

 

          5.4.2.Дәрілік заттардың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 

 

          GMP  стандарттарының  негізінде  ДЗ  ӛндірісінің  сапасын  қамтамасыз  ету  бойынша 

жүйелік  шаралар  қабылданатын  болады.  2018  жылға  қарай  ҚР-дағы  барлық  ДЗ  ӛндірісі 

толықтай осы стандарттарға ӛтеді.  

         ҚР-да  қолдану  үшін  тіркелген  шетелдік  ӛндірістің  ДЗ-ның  осы  стандарттарға 

сәйкестігін бақылау мақсатымен фармацевтикалық инспекторат дамытылады. 

ДЗ  логистикасы  мен  сақталуының  сапасы  2018  жылға  қарай  ӛз  қызметін  ҚР 

аумағында жүзеге асыратын барлық таратушылардың міндетті түрде GDP стандарттарына 

ӛтуімен қамтамасыз етілетін болады.   

2018 жылға қарай тіркеу кезінде, сондай-ақ маркетингтен кейінгі кезеңде ДЗ сапасын 

зертханалық  бақылау  тек  уәкілетті  зертханалық  деректерінің  GLP  стандартына  сәйкес 

болуының  негізінде  ғана  жүзеге  асырылатын  болады  (тіркеу  және  постмаркетингтік 

бақылау). 

           ДЗ  сапасы  мен  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  де  GCP  стандарттары  бойынша 

клиникалық  сынақтар  ӛткізумен  қамтамасыз  етілмек.  ДЗ  сапасын  арттыру,  сондай-ақ 

клиникалық  базалардың  ғылыми және  техникалық  әлеуетін  кӛтеру  мақсатымен  Қазақстан 

Республикасындағы  жаңа  ДЗ-дың  клиникалық  сынақтарын  ӛткізуді  қолдау  бойынша 

шаралар кешені әзірленетін болады.  

            ДЗ  айналымын  және  сапасы  мен  қауіпсіздігін  қамтамасыз  етуді  мемлекеттік 

реттеудің  тиімділігін  арттыру  жӛнінде  шаралар  қабылданад.  ҚР  аумағында  қолданылатын 

ДЗ  сапасы  мен  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  саласындағы  мемлекеттік  органдардың 

ӛкілеттіліктері мен жауапкершілігі заңнамалық тәртіппен күшейтілетін болады.  

 

           5.4.3. Дәрілік заттардың ҧтымды қолданылуын қамтамасыз ету. 

 

            ДЗ мен ММБ ұтымды қолданылуын қамтамасыз ету үшін дәлелді медицинаны одан 



әрі дамыту, сондай-ақ ауруларды диагностикалау мен емдеудің отандық және халықаралық 

клиникалық нұсқаулықтарын, хаттамаларының негізінде денсаулық сақтау ұйымдарындағы 

клиникалық үдерістерді стандарттау негіз болады.. 

            Осы  мақсатпен  денсаулық  сақтау  ұйымдарында  ұлттық  формулярлық  жүйені 

дамыту және жетілдіру жалғастырылатын болады. 



жүктеу 469,11 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау