22
жергілікті атқарушы органдар деңгейіндегі халық денсаулығын сақтау және нығайту
саласындағы ӛңірлік басымдықтар және жергілікті әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру
үшін қосымша қаржыландыру кӛздері;
қоршаған орта факторлары мен мінез-құлықтық қауіптердің халық денсаулығына
зиянды әсерін профилактикалау және тӛмендетуге бағытталған кешенді шараларды іске
асыру бойынша сектораралық ӛзара тиімді іс-қимылды дамытудағы ЖАО рӛлі мен
міндеттемелері;
ӛңірлік денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға мұқтаждықтар, соның ішінде
капиталдық
инвестициялардағы
мемлекеттік
коммуналдық
денсаулық
сақтау
нысандарының мұқтаждықтары;
Республикалық бюджетте қаралған қаражаттан басқа (нысаналы трансферттер),
жергілікті бюджеттерде денсаулық сақтау нысандарының желілерін дамытуға және күтіп
ұстауға жеткілікті қаражатты жоспарлау және бӛлу, соның ішінде МЖӘ тетіктері бойынша;
ӛңірлік денсаулық сақтау жүйелерінің адами ресурстарға мұқтаждықтары, сондай-ақ
жоғары және орта білімі бар медицина қызметкерлерін даярлау және қайта даярлау үшін
ЖАО ортақ жауапкершілігі тетіктерін әзірлеу және іске асыру;
тиісті қаржыландыру кӛздерімен жергілікті деңгейде денсаулық сақтау
қызметкерлерін қолдау үшін әлеуметтік, қаржылық және материалдық стимулдар енгізу;
кейін барлық аумақтық республикалық және ӛңірлік денсаулық сақтау
құрылымдарының қатысуымен, ӛңірлік деңгейде корпоративтік басқару жүйесін енгізе
отырып, саланы басқарудағы жергілікті атқарушы органдардың үйлестіруші рӛлін күшейту;
ведомстволық бағыныстылығы мен қаржыландыру кӛздеріне қарамастан, ӛңірдің
халық денсаулығы кӛрсеткіштері үшін ӛңірлік құрылымдардың ортақ жауапкершілігін
орнату;
барабар қаржыландырумен және мүлтіксіз орындаумен осы мемлекеттік
бағдарламаға сәйкес денсаулық сақтауды дамытудың ӛңірлі бағдарламаларын қабылдауды
қамтамасыз ету;
олардың кәсіби құзыретіне, жұмыс тәжірибесіне, басқарудағы практикалық
дағдыларына сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарының менеджерлерін – бірінші басшыларын
тағайындаудың міндетті, айқын қағидаларын ендіру;
шешуші, бақылау-қадағалау функцияларын орталық уәкілетті органнан жергілікті
атқарушыға қарай одан әрі орталықсыздандыру, ӛкілеттіліктердің қайталануын болдырмау.
5.6. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДА АДАМИ РЕСУРСТАРДЫ
БАСҚАРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ.
5.6.1. Адами ресурстарды стратегиялық басқару.
Денсаулық сақтау жүйесіндегі еңбек нарығын мемлекеттік реттеу медцина
қызметкерлерін сапалы дайындау және халықтың мұқтаждықтарына сәйкес барабар бӛлу
мақсатымен
адами
ресурстарды
басқару
жӛніндегі
бірыңғай
саясаттар
мен
бағдарламаларды әзірлеу және іске асыруға құрылатын болады.
Денсаулық сақтау жүйесінің орнықты дамуын қамтамыз ету мақсатымен саланың
адами ресурстарын стратегиялық басқару (АРБ) жүзеге асырылады. Бұл АРБ
бағдарламаларын саланы дамытудың стратегиялық мақсаттарымен: қоғамдық денсаулық
сақтауды дамытумен, МСАК басымдығының негізінде денсаулық сақтауды халықтың
мұқтаждықтары жанына интеграциялаумен және тұтас денсаулық сақтау жүйесінің
тиімділігін кӛтерумен сәйкестендірді кӛздейді.
АРБ негізгі мақсаттары болып мыналар анықталуы тиіс:
қажетті адами ресурстардың болуы (қолжетімділігі);
қызметкерлердің тиісінше құзыреті;
адами ресурстардың тұрғындардың сұрауларына ілтипаттылығы;
23
адами ресурстардың ӛнімділігі.
Осы қағидаларға сәйкес ұлттық, ӛңірлік және корпоративтік АРБ саясаттары мен
бағдарламалары әзірленіп, енгізілетін болады. Олар басқарудың келесі кезеңдеріне
негізделген:
1. Адами ресурстарға қажеттілікті жоспарлау.
Тұрақты негізде саланың адами ресурстармен сандық және сапалық қамтамасыз
етілуіне талдау, саладағы еңбек нарығын талдау және бағалау жүргізілетін болады.
Кейін денсаулық сақтаудың тиісті деңгейлеріндегі АР-ға жалпы мұқтаждық, сондай-
ақ салаының, ӛңірдің, ұйымның даму стратегиясына сәйкес қажет етілетін мамандықтар
мен біліктіліктердің құрылымы (дәрігерлер, мейіргерлер, кіші медициналық персонал,
әкімшілік қызметкерлер, медициналық инженерлер және т.с.с.) анықталатын болады.
Бұл ретте акценттер ескірген штаттық нормативтер мен стандарттарды қолдану
қажеттілігінен қолданылатын технологияларға, стандартталған операциялық емшараларға
және пациенттің қажеттіліктеріне сәйкес адами ресурстар мен еңбек шығындарын иілімді
жоспарлау мүмкіндігіне қарай ауысатын болады.
Жалпы алғанда, орта медицицналық персоналдың білімі мен қайта даярлау
стандарттарының ӛзгерістеріне сәйкес олардың құзыреттерін кезең кезеңімен кеңейту
жүзеге асырылатын болады.
Қажетті дағдылардың ең тӛменгі кӛлемін міндетті меңгеруді қоса алғанда,
техникалық және кіші медициналық персонал даярлығы мен құзыреттерінің ең тӛменгі
деңгейіне қойылатын анық талаптар жасалатын болады.
2. Қызметкерлер рекрутингі.
Кезең кезеңімен кадрларды, ең алдымен – басшылық буынның, басқару және
қаржылық аппараттың қызметкерлерін конкурстық және алқалы негізде іздеу мен іріктеу
қағидасы енгізілетін болады.
3. Еңбек өнімділігін арттыру:
Медициналық ұйымдарда, әсіресе, жас мамандар үшін, бейімдеу және менторлық
(шефтік) қағидалары мен тетіктері әзірленетін болады.
Нарық қағидаларын ескере отырып денсаулық сақтау қызметкерлерін уәждеу және
еңбегіне ақы тӛлеу, тариф түзілуі, нәтижеліліктің нысаналы кӛрсеткіштерін қол жеткізуге
бағыттану кезіндегі еңбек шығындарының құнын барабар бағалау, денсаулық сақтау жүйесі
қызметкерлерін, әсіресе, ауылдық жерлердегі жас мамандарды, әлеуметтік қолдау
шараларын ұсыну тетіктері жетілдірілетін болады.
Материалдық емес уәждеу ретінде, сондай-ақ әртүрлі тетіктер: жұмыс беруші
есебінен оқу мүмкіндігін беру, үздіксіз карьералық және кәсіби ӛсуді қамтамасыз ету
белсенді түрде қолданылатын болады.
Денсаулық сақтау жүйесі мамандарын үздіксіз кәсіби оқыту жүйесі жетілдіріліп,
дамытылады. Ол ұйымның стратегиялық даму мақсаттарымен интеграцияланып, барабар
қаржыландырумен қамтамасыз етіледі. Осы мақсатта медицина қызметкерлерінің
құзыреттерін тәуелсіз бағалау жүйесімен ӛзара тығыз байланыста үздіксіз кәсіби білім алу
стандарттары әзірленетін болады.
4. Көші-қон, қайта бейіндеу.
АР тұрақты түрде мониторингтеу, болжау және жоспарлау негізінде қажетті
мамандықтар мен қызметтер бойынша кадрларды қайта бейіндеу және қайта бӛлуді
мемлекеттік қолдау, соның ішінде жаға құзыреттерге тегін үйрету шаралары, басқа да
материалдық және материалдық емес ынталандыру шаралары іске асырылатын болады.
Жергілікті
және
ӛңірлік
еңбек
ресурстары
нарықтарындағы
медицина
қызметкерлерінің кӛші-қонын басқару тетіктері енгізіледі.
Ӛңірлік және жаһандық экономикалық интеграция үдерістерін ескере отырып
денсаулық сақтау саласындағы отандық еңбек нарығына шетелдік жұмысшы күшін тарту