24
қағидалары мен тәртібі, соның ішінде жіті тапшы мамандықтар бойынша шетелдік
мамандар тартуды жеңілдету шаралары жетілдірілетін болады.
5. Денсаулықты нығайту, қауіпсіздік және зейнеткерлікке шығу.
Медицина қызметкерлерінің жағымды және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз
ету жӛніндегі шаралар кешені, сондай-ақ зейнет жасына жеткен медицина қызметкерлерін
әлеуметтік қолдау және интеграциялау шаралары әзірленеді.
6. Мониторинг және болжау.
Денсаулық сақтау саласындағы еңбек нарығы мен адами ресурстар дамуын тиімді
мониторингтеу және болжауды қамтамасыз ету мақсатымен міндеттерінің аясы кең (адами
ресурстарға мониторинг жасау, қажеттіліктерді болжау және кадр дайындауды жоспарлау,
кадрларды басқарудың қазіргі заманғы әдістерін енгізу және т.б) институционалдық негіз
ретінде Денсаулық сақтау саласы кадрлық ресурстарының ұлттық обсерваториясын одан
әрі дамыту қамтамасыз етіледі.
5.6.2. Медициналық білім беруді жаңғырту.
Денсаулық сақтау жүйесінің кадрлық ресурстарын үздіксіз кәсіби дамыту
жүйесінің негізі Ұлттық біліктіліктер шеңбері болмақ. Ол мыналарды кӛздейді:
1)
халықаралық тәжірибеге сәйкес медициналық және фармацевтикалық
мамандықтар тізбесін оңтайландыру және денсаулық сақтау саласының кадрлық
ресурстары бойынша статистиканы қалыптастыру қағидалары мен тетіктерін қайта
қарау;
2)
азаматтарды медициналық және фармацевтикалық білім беру
ұйымдарына іріктеу және қабылдау саясатын жетілдіру, соның ішінде талапкерлерді
психометриялық тестілеуді енгізу негізінде;
3)
медициналық және фармацевтикалық білім берудің барлық
деңгейлерінде мемлекеттік стандарттарды жаңарту;
4)
түлектер мен жұмыс істеп жатқан мамандардың біліктілік деңгейлерін
регламенттейтін денсаулық сақтау саласындағы кәсіби стандарттарды әзірлеу.
Медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын жетілдіру
практикалық денсаулық сақтау ұйымының, дәрігерлер қауымдастығының, ғылыми
ұйымдардың тікелей қатысуымен әзірленген кәсіби стандарттарға негізделетін болады.
Түлектердің теориялық білімі мен практикалық дағдыларының деңгейін бағалау
үшін кәсіби стандарттар мен үздік халықаралық тәжірибеге негізделген құзыреттерді
тәуелсіз бағалау жүйесі енгізілетін болады.
Медициналық және мейіргерлік білім беруді одан әрі дамыту клиникалық тәжірибе,
медициналық білім мен ғылыми қызметтің үштұғырында құрылуы тиіс, ол:
стратегиялық міндеттер мен мақсаттардың біртұтастығы негізінде академиялық және
ӛндірістік үдерістерді тиімді басқаруды;
заманауи білім мен шынайы практикалық дағдылар алудың негізінде сапалы
медициналық білім беруді;
озық технологиялар мен ғылыми әзірленімдерге қолжетімділік негізінде
медициналық кӛмек сапасын тұрақты кӛтеруді;
нәтижелерін дереу тәжрибелік денсаулық сақтауға транферттеумен ӛзекті ғылыми
зерттеулер жүргізу үшін кең клиникалық және зертханалық базаларды;
ресурстарды интеграциялау және бірлесіп пайдаланудың негізінде жүйелердің
қаржылық тұрақтылығы мен тиімділігін арттыруды қамтамасыз етеді.
Осы мақсатта медициналық қызметтер мен кадр даярлаудың толық циклы қағидасы
бойынша ғылыми ұйымдардың, медициналық ЖОО-ның, стационарлық және
амбулаториялық ұйымдардың функционалдық (консорциумдар) және ұйымдастырушылық
25
(холдингтер) бірігуінің негізінде интеграцияланған академиялық медицина орталықтарын
(универитеттік клиникаларды) дамыту тұжырымдамасы әзірленетін болады.
Бұл ретте білім беру және ғылыми ізденістер үдерістеріне уәждемелі түрде
практиканың үздік мамандары тартылып, ғылыми қызметкерлер мен оқытушылар
практикалық жұмыс жасау және клиникалық зерттеулер жүргізу мүмкіндігін алады. Бұл
дәрігерлік кадрларды (дәрігер, оқытушы, ғалым- бәрі бір тұлғада) ұтымды пайдалануға,
кадрларды жоғары материалдық және кәсіби уәждеуді қамтамасыз етуге және мүмкіндік
береді және қазіргі күні әлемдік денсаулық сақтаудағы кәсіби дамудың үздік стандарты
болып табылатын медициналық кадрларды ғылыми-педагогикалық карьералық ламыту
үлгісін қалыптастырады.
Бұдан басқа, еліміздің ӛңірлерінде тәжірибелік медицина мен ғылыми зерттеулерді
дамыту ынталандырылатын болады, ол елімізде іске асырылған, облыстық медициналық
ұйымдардың инфрақұрылымы мен материалдық-техникалық жарақтандырылуын жақсарту
жӛніндегі инвестициялық бағдарламалардың қисынды жалғасы болмақ.
Медициналық білім беруді әрі қарай дамытудың міндетті шарты - он-лайн сервистер,
кітапханалар, дәрісханалар, студенттер мен оқытушы құрамның жеке электрондық
аккаунттарын құрумен толық ақпараттандыру болады.
Қайта даярлау және біліктілік арттру үшін ЖОО орналасқан жерлерде ұзақ уақыт
болу мүмкіндігі жоқ, ӛңірлердегі мамандар үшін білім беру жүйесінде қашықтықтан оқыту
технологиялары ендіріледі.
2020 жылға қарай медициналық білім беру стандарттары, соның ішінде
студенттердің ғылыми және клиникалық тәжірибеде білім мен дағдылар алу және ұстап
тұруға қажетті деңгейде жаппай міндетті түрде ағылшын тілін меңгеруі мақсатымен, қайта
қаралады және жаңартылатын болады.
Профессорлық-оқытушылық құрамның әлеуетін арттыру үшін, Назарбаев
университеті Жоғары білім беру мектебінің тәжірибесін пайдаланудың негізінде,
медициналық және фармацевтикалық ЖОО оқытушыларының құзыреттерінің үлгісі және
біліктілік арттыру бағдарламасы енгізіледі.
Білім беру үдерісіне шетелдік оқытушыларды тарту тәжірибесі жалғасын табады.
Медициналық ЖОО автономдығын кеңейту, университет инфрақұрылымын салу
және қайта жаңғырту кезінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту, корпоративтік
басқарудың үздік қағидаларын енгізу жӛніндегі шаралар білім берудегі басқарудың
тиімділігін арттырудың негізіне айналады.
Бүздік халықаралық стандарттарға сәйкес жоғары (2018 жылға қарай), техникалық
және кәсіби, жоғары оқу орындарынан кейінгі (2020 жылға қарай) медициналық және
фармацевтикалық білім беру ұйымдары мен бағдарламаларын аккредиттеу жүргізілетін
болады.
5.7. МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕ МЕНШІК ӘРІПТЕСТІК, ИННОВАЦИЯЛАР МЕН
ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ НЕГІЗІНДЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
ИНФРАҚҦРЫЛЫМЫН ОДАН ӘРІ ДАМЫТУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ.
5.7.1. Денсаулық сақтау ҧйымдарының желісін дамыту.
Денсаулық сақтау жүйесін одан әрі реформалау халықтың қолжетімді, толыққанды,
сапалы медициналық қызметтерге мұқтаждығына иілімді жауап беретін инфрақұрылымды
қалыптастыруға негізделетін болады.
Бұл ретте, негізгі назар ауруханалық секторда тиімсіз пайдаланылатын ресурстарды
босатуға және қайта бӛлуге бӛлінетін болады, ол мынаны кӛздейді:
1) стандарттау негізінде емдік-диагностикалық үдерістерді оңтайландыру, МСАК
және басқа қызметтерді (оңалту, паллиативтік кӛмек және т.б) ұйымдастыруда