26
ауруханалардың тиімсіз жұмыс істейтін нысандарының, филиалдарының және
бӛлімшелерінің менеджменті мен трансформациясын жақсарту.
Географиялық, әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты жабыла
алмайтын стационарлар бойынша оңтайландыру ӛткізу және қажетті қаржылық құралдарды
қолданумен жеке шешім қабылданады. Мүмкіндіктердің бірі капиталдық сипаттағы
(амортизация) шығындар және эксплуатациялық (тұрақты) шығындар нысанның
жүктемелік қуатын қарамай ӛтелген кезде, «қолжетімділік үшін тӛлем» тұжырымдамасы
негізіндегі қадам болмақ. Осы мақсатта тариф саясаты мен әдіснамасы қайта қаралады.
Дербес аумақтық стационар ұстау экономикалық тұрғыдан дұрыс болмайтын, халық
саны аз (20-25 мың адамға дейін), алшақ орналасқан аудандарда шағын стационарлар
ашумен бірге МСАК нысандары ұйымдастырылатын болады.
Осылайша, жергілікті халықтың денсаулығын сақтауда желінің қатал стандарттары
мен нормативтерін қолданудан алшақтау керек.
2) жоғары білікті мамандар мен күрделі технологиялық жабдықтарды қажет етпейтін
кейбір медициналық қызметтерді кӛрсетуді орталықсыздандыру. Пациенттің тұрғылықты
жеруне жақынырақ орналасқан денсаулық сақтау ұйымдарында сондай технологияларды
трансферттеу және тиісті медициналық кӛмек кӛрсету қажет.
3) ауданаралық, облыстық және республикалық деңгейлерде мамандандырылған
орталықтар құрумен, күрделі технологияларды және жоғары білікті арнайы мамандардың
құзыреттерін қажет ететін денсаулық сақтау қызметтерін орталықтандыру. Бұл ретте
жоғары мамандандырылған кӛмек кӛрсететін және бейіндік бағыттар бойынша денсаулық
сақтау ұйымдарының қызметін үйлестіретін ұйымдардың рӛлі мен жауапкершілігін
арттыру бойынша шаралар қабылданатын болады.
Осы мақсатпен клиникаларды медициналық кӛмектің белгілі бір түрлерін
(деңгейлерін) беруге аккредиттеу әдіснамасы пысықталып, енгізілетін болады.
Дайындалмаған ұйымдарда сапасыз қызмет кӛрсету қаупін, сондай-ақ тӛмен тұрған
деңгейдегі стационарда немесе күндізгі стационарда емдеуге болатын, күрделі емес
патологиясы
бар
пациенттердің
артық
санымен
жоғары
мамандандырылған
стационарлардың шамадан тыс жүктеме алуы қаупін тӛмендетеді. Пациенттер ағындарын
неғұрлым тиімді басқару үшін, стационарларды бірнеше мамандану деңгейі бойынша
аккредиттеу әдістемесі әзірленеді.
Бұл шараларды іске асыру ем қарқындылығына қарай тӛсек қорын саралау және
басқаруды және, тиісінше, амбулаториялық, стационарды алмастыратын, стационарлық
және жоғары мамандандырылған медициналық кӛмектің жұмыла дамуын қамтамасыз етуге
мүмкіндік береді.
Стратегиялық даму мақсаттарының, халықаралық денсаулық сақтау нысандарын
жоспарлау, жобалау, салу, жарақтандыру стандарттары мен медициналық қызмет сапасын
қамтамасыз етудің халықаралық стандарттарын бейімдеудің негізінде денсаулық сақтау
жүйесінің біртұтас инфрақұрылымын дамытуға қажеттілікті айқындау жӛніндегі жұмыс
жалғасатын болады.
Ӛңірлер мен медициналық кӛмек кӛрсету деңгейлерінің шегінде инфрақұрылымды
дамытудың бірыңғай перспективалы жоспары әзірленіп, бекітіледі (Мастер-жоспары).
Біртұтас құрылымға сай болатын, денсаулық сақтау ұйымдарының желісі, жоспарланып
отырған қайта құрылымдау (ашылу, бірігу, жабылу, қайта бейінделу) жӛніндегі ақпаратты,
нысандарға қажеттілікті (қосымша нысандар салу және айырбастау) кӛрсететін ӛңірлердің
жеке перспективалық жоспарлары денсаулық сақтауды ресурстық дамытудың негізіне
айналады. Олардың негізінде ӛңірлердің ерекшеліктері мен халықтың медициналық
кӛмектің нақты түрлеріне қажеттілігін ескеретін ұйымдар желісінің жаңартылған нормативі
жасақталатын болады.
27
Мастер-жоспардың негізінде, ең алдымен, жеке инвестицияларды ынталандыру және
тарту, МЖӘ басымдықпен дамыту негізінде денсаулық сақтау желісін инвестициялық
жоспарлау және дамыту жүзеге асырылатын болады.
Мемлекеттік инвестициялар концессия мен МЖӘ қолдану шектелген, МЖӘ-ті
дамытудың экономикалық тиімділігі жоқ салаларда, сондай-ақ саланың дамуы үшін
стратегиялық мәні бар секторларда (ана саулығы, туберкулез, АИТВ және т.с.с) денсаулық
сақтау желісін дамытуға жоспарланатын және бағытталатын болады.
МЖӘ тетіктері бойынша, соның ішінде мемлекеттік меншік нысандарын
сенмігерлікпен басқаруға беру, жекешелендіру, нысандарды концессия үлгісі бойынша салу
немесе жӛндеу негізінде, іске асыру үшін нысандардың анық тізбесі қалыптастырылады.
Бұл ретте тӛмендегілерді кӛздейтін МЖӘ-тің түрлі нысандары іске асырылатын
болады:
жеке меншік медицина ұйымдарының ТМККК және МӘМС қызметтерін, соның
ішінде жоғары мамандандырылған кӛмек кӛрсету бойынша қызметтерді, ұсынуға қатысуын
кеңейту, ол кезек күтуді қысқартуға, медициналық кӛмектің қолжетімділігі мен сапасын
кӛтеруге мүмкіндік береді. Бұл ретте, мемлекеттік қызмет берушілер үшін де, жекелер үшін
де тең экономикалық жағдай жасалатын болады;
медициналық және медициналық емес (зертханалар, радиологиялық қызмет, тазалау,
тамақтану, материалдық және материалдық емес құндылықтарды сатып алу, медициналық
техниканы күтіп ұстау және т.б) қызметтердің белгілі бір түрлерін аутсорсингке беру;
республикалық және жергілікті денсаулық сақтау ұйымдарын жеке меншік
компаниялардың, соның ішінде шетелдік компаниялардың, басқаруына беру;
мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын жекешелендіру. Кӛрсетілетін қызметтері
бәсекелес ортаға берілетін ұйымдардың тізбесі жаңартылатын болады;
денсаулық сақтау нысандарын салуға жеке инвестициялар тарту.
Бағдарлама шеңберінде МЖӘ келісім-шарттық түрлерін қолдану арқылы МСАК
желілерін кеңейту бойынша жоба әзірленетін болады (жеке инвестициялар тартумен МСАК
нысандарын салу, жӛндеу, жарақтандыру, пайдалану, МСАК нысандарын сенімгерлікпен
басқаруға беру, МСАК нысандарын ұйымдастыру үшін жеке меншік компанияларға және
жеке практикамен айналысатын дәрігерлерге мемлекеттік мүлікті жалға беру);
медициналық техниканың және зертханалық қызметтің тиімді жұмыс жасауын
қамтамасыз ету үшін жеке компанияларды тарту.
ЭЫДҰ стандарттарының (архитектуралық, инженерлік, технологиялық және тб.)
негізінде денсаулық сақтау инфрақұрылымы стандарттарының жаңа жүйесі, сондай-ақ
ресурсты үнемдеу, денсаулық сақтау нысандарының энергетикалық тиімділігі мен
экологиялығы (sustainability) саласындағы стандарттарды кешенді әзірлеу және енгізу
жүзеге асырылатын болады.
Медициналық индустрия нарықтарының жаһандануы, Қазақстанның ӛңірлік және
жаһандық экономикалық одақтарға (Кеден Одағы, ЕӘК, ШЫҰ және т.б) интеграциясы
жағдайында еліміз бен ӛңірдің денсаулық сақтау макроэкономикасын дамыту жӛніндегі
болжамдар мен ұсынымдар әзірленеді және сараптамалық зерттеулер жүргізіледі.
Еңбек нарықтарының бірігуі жағдайында саланың кадр персоналын нығайту
бойынша нақты ұсыныстар, медициналық қызметтердің импортын, атап айтқанда, еліміздің
шекаралас ӛңірлерінде шектеу шаралары жасалатын болады.
Отандық денсаулық сақтау ұйымдарымен медициналық туризмді және медициналық
қызметтердің экспортын дамыту бойынша мемлекеттік қолдау шаралары мен
бағдарламалар әзірленетін болады.
ҚР-дағы дәрілік препараттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық
жабдықтар ӛндірісін одан әрі мемлекеттік қолдау, ынталандыру және орналастыру
бойынша талдау жасалып, ұсынымдар әзірленеді.