Одан әрі жылына бір рет Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігінің келісімі бойынша ЭДСМ анықтайтын
кредит бойынша қаржы ұйымдарының тиімді пайыздық ставкасы
нарықтық шекті ставкадан аса алмайды.
Субсидиялау мөлшері 2011 жылдан бастап банктің сыйақы
ставкасының 70 %-ын құрайтын болады.
Үшінші бағытты іске асыру тетігі
1.
Экспорттаушы
жекелеген
тауарлар
бөлінісінде
экспорттық
жеткізулердің көлемдері мен бағыттары бойынша ақпаратты қоса бере
отырып, банктің сыйақы ставкасын субсидиялауға үшін жергілікті
деңгейде Бағдарламаны үйлестірушіге өтініш береді.
2. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші субсидиялауға өтініш
берген экспорттаушылардың тізімін ӨҮК-нің қарауына шығарады.
3. ӨҮК Бағдарламаның шарттарына сәйкес экспорттаушы банктердің
кредиттері бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау мүмкіндігі (мүмкін
еместігі) жөнінде шешім қабылдайды және шешімді тиісті хаттамамен
ресімдейді.
4. ӨҮК-де қаралған барлық жобалар олар бойынша қабылданған
шешімдерді бар қоса бере отырып уәкілетті органға жіберіледі. Жоба
бағдарлама критерийілеріне сәйкес келмеген жағдайда уәкілетті
органның субсидиялау шарты жасалғанға дейін ӨҮК шешімін тоқтата
тұруға құқығы бар.
5. Субсидиялау бойынша ӨҮК-нің оң шешімі бар жобалар бойынша, банк,
экспорттаушы және қаржы агенті арасында субсидиялау шарты
жасалады, оның шеңберінде қаржы агенті мен экспорттаушы бойынша
сыйақы ставкасының тиісті бөліктерін банкке төлейді.
6. Экспорттаушы үш айда бір рет өнімнің экспорты бойынша есепті тиісті
растаушы құжаттарды қоса бере отырып қаржы агентіне жібереді.
7. Қаржы агенті экспорттаушылардың есептерін ұсынылған деректерге
растама алу үшін салық органдарына жібереді.
Бағдарламаға қатысушылардың өзара іс-қимылы және оны іске
асыру мониторингі
Бағдарламаның бірінші және үшінші бағыттарын іске асыру
шеңберінде уәкілетті орган, жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны
үйлестіруші Бағдарламаға қатысуға тілек білдірген банктер арасында 2
келісім (пайыздық ставканы субсидиялау және банктер кредиттері
бойынша кепілдендіру жөнінде) жасайды, онда:
бағдарламаға қатысушылар
арасында өзара іс-қимыл тәртібі
айқындалады;
пайыздық ставкаларды субсидиялау, сондай-ақ банктердің кредиттері
бойынша кепілдендіру шарттары мен тәртібі айқындалады;
банктердің кредиттері бойынша субсидиялау мен кепілдендірудің үлгі
шарттары, құжаттарды, есептілікті тапсыру нысандары мақұлданады;
қаржы агентінің функциялары айқындалады.
Бағдарламаның екінші бағытын іске асыру шеңберінде уәкілетті орган,
ҚҚҚ, Бағдарламаға қатысуға тілек білдірген банктер, қаржы агенті
арасында келісім жасалады, онда:
кредиттер бойынша өзара іс-қимыл тәртібі мен проценттік ставканы
субсидиялау тетігі айқындалады;
банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау
шарттары мен тәртібі айқындалады;
қаржы агентінің функциялары айқындалады.
Қаржы агентінің қызметіне ақы төлеуді уәкілетті орган жүргізеді.
Бағдарламаның барлық бағыттарында банктердің кредиттері
бойынша пайыздық ставканы субсидиялау және кепілдендіру тәртібін
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Қаржы агенті банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставканы
субсидиялау және кепілдендіру бөлігінде Бағдарламаны іске асыру
мониторингін жүзеге асырады және уәкілетті органға жоғарыда
көрсетілген Келісімнің мақұлданған нысаны бойынша есеп береді, оның
ақпараты жеткіліксіз болған жағдайда Бағдарламаға қатысушылардан
қосымша қажетті мәліметтерді сұратуға құқығы бар.
Жергілікті деңгейде Бағдарламаны үйлестіруші өңірлерде өндірістік
инфрақұрылымды дамыту, бизнесті жүргізуді сервистік қолдау, кадрлар
даярлау бөлігінде Бағдарламаны іске асыру мониторингін жүзеге
асырады
және уәкілетті органға жоғарыда көрсетілген Келісімнің
мақұлданған нысаны бойынша есеп береді.
4.4. Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері
Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде:
индустриялық-инновациялық
дамуға
бағытталған
жаңа
инвестициялық жобаларды іске асыруды жеке сектор кәсіпорындары
үшін қаржы ресурстарының қолжетімділігін арттыру;
экономиканың шикізат емес секторындағы инвестициялық жобаларды
іске асыру үшін жеке секторды, бірінші кезекте банктердің қаражатын
тарту;
жеке сектор кәсіпорындарының, бірінші кезекте, шағын және орта
бизнестің қаржылық-экономикалық тұрақтылығын арттыру көзделеді.
Бағдарламаның негізгі сапалық және сандық нәтижелері болатындар:
бірінші және екінші бағыттар бойынша: шикізат емес сектордың ЖІӨ
құрылымындағы үлесін 12,5%-ға дейін ұлғайту;
үшінші бағыт бойынша: шикізат емес экспорттың жалпы экспорт
көлеміндегі үлесін 40 %-ға дейін және шикізат емес экспорттың
көлемін өңдеу өнеркәсібіндегі жиынтық өндіріс көлемінің 43 %-ға
дейін ұлғайту.
5. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері
Бағдарламаны іске асыру екі кезеңде жүзеге асырылатын болады:
1-кезең - 2010 жылдан бастап 2014 жыл аралығында, бұл ретте 2010
жыл пилоттық жыл болып табылады.
2010 жылы Бағдарламада міндеттерді шешу үш бағыт бойынша іске
асырылатын болады: жаңа бизнес-бастамаларды қолдау (кадрлар
даярлауды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын
қоспағанда); кәсіпкерлік секторды сауықтыру; экспортқа бағдарланған
өндірістерді қолдау.
2010 - 2014 жылдары міндеттерді шешу екі бағыт бойынша іске
асырылатын болады: жаңа бизнес-бастамаларды және экспортқа
бағдарланған өндірістерді қолдау.
2-кезең - 2015 жылдан бастап 2020 жыл аралығы.
2015 - 2020 жылдары міндеттерді шешу екі бағыт бойынша іске
асырылатын болады: жаңа бизнес-бастамаларды және экспортқа
бағдарланған өндірістерді қолдау.
6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландырудың көздері
Бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен 2010 жылы 30
млрд. теңге көзделіп отыр, оның ішінде:
1) жаңа бизнес-бастамаларды қолдауға 12 млрд. теңге;
2) кәсіпкерлік секторды сауықтыруға 16 млрд. теңге;
3) экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдауға 2 млрд. теңге.
Бағдарламаны одан әрі қаржыландыру тиісті қаржы жылдарына арналған
республикалық бюджетте көзделген қаражат шеңберінде жүзеге
асырылатын болады.
http://www.myshared.ru/slide/632330/
- ссылка на саму Программу